2011 жылғы 1 мамырдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі122 Kb.
#4060


2011 жылғы 1 мамырдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2011 жылдың 1 мамыр айында облыс бюджетіне 50633,0 млн.теңге болжаммен 52203,9 млн.теңге түсті, соның ішінде 36371,4 млн.теңге сомасын республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттер құрады.



Меншік кірістер 112,6%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады.

Ағымдағы жылдың төрт айындағы болжам орманды пайдаланудан түскен түсімдер (74,9%), азаматтарға пәтерлер сатудан түскен түсімдерден (62,0%) басқа, барлық кіріс көздері бойынша жоспар орындалды.

Облыстық бюджетке 2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 4124,5 млн.теңге болжаммен 4850,4 млн.теңге меншік кірістері немесе 117,6%-ға орындалды.






Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді, субвенцияны, қарыздар мен бюджеттік кредиттерді ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 47133,4 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 39907,5 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 7225,9 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 15677,5 млн.теңге немесе 97,6% жұмсалды, оның ішінде:

мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 852,5 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 10619,4 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 9900,4 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге - 368,9 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге - 350,1 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 1353,6 млн.теңге.

2011 жылғы 4 айында білім беру жүйесін ақпараттандыруға 69,9 млн.теңге жұмсалды.

Облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 315,1 млн.теңге жұмсалды, ол 95,9%-ды құрады.

2011 жылға денсаулық сақтау бойынша түзетілген бюджет 31165,8 млн.теңгені құрады (оның ішінде медициналық колледждарда кәсіптік білім беруді қаржыландыру, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауға – 276,8 млн.теңге). Ағымдағы жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша облыстың денсаулық сақтау мекемелері бойынша атқарылу 9562,8 млн.теңгені құрады.

2011 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 74,5 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 140,5 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 130,6 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 194,5 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 189,1 млн.теңге көмек қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру 169,9 млн.теңгеге 99,9%-ды құрады.

2011 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 4830,4 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен Өскемен және Семей қалаларындағы, Жарма, Катонқарағай, Үржар аудандарындағы балабақша, Үржар, Глубокое, Күршім аудандары мен Семей қаласының орта мектебі құрылыстары жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, Зырян ауданы Зырян қаласында, Өскемен қаласы Сәтпаев даңғылы бойынша жаңа балабақша салу және Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі жаңа мектеп салу жалғастырылды. Есеп беру кезеңінде 1150,8 млн.теңгенің 1117,7 млн.теңгесі игерілді.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы Қан орталығы мен Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталықтары құрылысы жалғастырылатын болады, оған 2242,6 млн.теңге жоспарланды. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей қаласындағы көп бейінді қалалық аурухана құрылысы, Семей қаласының балалардаң туберкулез ауруханасының құрылысына, Семей қаласының облыстық онкологиялық диспасердің радиологиялық орталығының құрылысына және Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі балалардың емханасының құрылысына, «Семей қаласының паталоанатомиялық бюросы» КМҚК ғимаратына жапсаржайсалуға 130,3 млн.теңге жоспарланды.

Есеп беру жылы әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға 499,0 млн.теңге, оның ішінде Глубокое ауданы Зимовьев интернат-үйінің, Зимовьев психоневрлогиялық МӘМ құрылысы, Зырян ауданы Серебрянск медициналық-әлеуметтік мекемесіне изоляторды жалғай салу және Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы психоневрлогиялық МӘМ-дағы бұрынғы аурухананы қайта жаңарту, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы «УБА» шипажайына қосымша құрылыс салу, Серебрянск қаласының МӘМ изоляторына жапсаржай салу жоспарланды.

2010 жылы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Тарбағатай ауданы тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында мәдениет объектілерін дамыту бағдарламыс бойынша облыстық бюджетте Тарбағатай ауданы Жәнтікей және Көкжыра ауылдарындағы мәдениет үйлерінің құрылысына 235,9 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылды, сонымен қатар Өскемен қаласының қазақ драма театрының құрылысына және Семей қаласының Абай атындағы Әмбебап кітапханасының ғимаратын қайта жаңартуға 4,7 млн.теңге жоспарланды. Өскемен қаласындағы қазақ драма театрының құрылысына арналған ЖСҚ әзірлеу аяқталды.

Ішкі істер органдарының базаларын дамыту үшін 321,8 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен Семей және Зырян, Өскемен қалаларында уақытша ұстау изоляторлары салынатын болады.

Қаражаттардың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 4850,0 млн.теңге республикалық бюджеттен трансферттер жоспарланды, олардың есебінен Зайсан, Риддер және Өскемен қалаларындағы, Абай, Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай, Үржар және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен қатар, жоғарыда аталған аудандардың сумен жабдықтау объектілерін дамытуды қоса қаржыландыру облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 947,5 млн.теңге қарастырылған.

Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша және «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттер есебінен 6018,6 млн.теңге сомасында қаражат бөлу жоспарланды, оның есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын, сондай-ақ инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым үй салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға арналған республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 1643,7 млн.теңге қарастырылды.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым дамытуды қоса қаржыландыруға 995,5 млн.теңге қарастырылды.

Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2011 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Күршім ауданы Қарақаба өзені арқылы көпірдің құрылысын аяқтауды және «Семей-Қайнар» автожолдарын қайта жаңартуды, сонымен қатар Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын салуды жалғастыруды, «Шыңқожа-Мыңбұлақ-Акшауле» автожолын қайта жаңартуды, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, Өскемен қаласынан Зыряновск қаласына шығу автожолын салуды жоспарлап отыр.

Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 7164,0 млн.теңге сомасында транфсерттер бөлу қарастырылды, есеп беру кезеңінде жоспарланған қаражат толығымен игерілді (1524,3 млн.теңге).

Курчатов қаласының № 4 қазандығын қайта жаңартуға облыстық бюджет қаражаты есебінен 129,1 млн.теңге жоспарланды, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Жарма ауданы Солнечный кентінің қазандығын салуға 425,0 млн.теңге қарастырылды.

2011 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, 36 363,0 млн.теңге облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 24 қаңтардағы № 26/310-IV шешімімен облыстық бюджетте 36298,8 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 16 600,0 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 19 763,3 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 2 586,4 млн.теңге тұрғын кредит.

Облыстық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 11 наурыздағы №27/336- IV шешімен жол картасы бойынша трансферттер ескере отырып, республикалық трнасферттер көлеміне өзгертулер енгізілді, сонымен қатар республикалық трансферттер көлемі 48 813,0 млн.теңгені құрады.

2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 11 255,2 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамуға арналған трансферттер қарастырылды, нақты 11 112,5 млн.теңге түсті, оның 8 864,0 млн.теңгесі немесе 79,8% есеп беру кезеңінде игерілді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 241,4 млн.теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 90,7 млн.теңге, Көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстау, материалдық-техникалық жарақтандыру, оралмандарды құжаттандыруға, сондай-ақ оралмандарды уақытша орналастыру орталығын ұстауға – 3,9 млн.теңге, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға – 840,8 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 635,3 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 635,3 млн.теңге, әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге – 106,8 млн.теңге, медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз болу бөлімшелерінің желісін дамытуға – 19,2 млн.теңге, Семей қаласының жылумен жабдықтауды жаңғырту жүйесін жаңғырту және қайта жаңартуға 1524,3 млн.теңге, сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 1445,0 млн.теңге жұмсалды.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет