2012 жылы істелген жұмыс туралы Средигорное селолық округінің әкімінің есебі



жүктеу 84.16 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі84.16 Kb.
2012 жылы істелген жұмыс

туралы Средигорное селолық

округінің әкімінің есебі
Средигорное селолық округі әкім аппаратының биылғы жұмысы Қазақстан Республикасы Конституциясының регламентіндегі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясаты негізінде құрылды және өткізілді, әкім аппараты « Мемлекеттің жаңа саяси курсын құрайтын; «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Ұлт лидері Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына , Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, заңдылық актілер, «Қазақстан Республикасындағы өзін- өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабын іске асыруға жауапты.

Жергілікке маңызды сұрақтарды шешу белгіленген заңдар тәртібін басшылыққа алып іске асырады.

Ұлт лидері өз Жолдауының кіріспесінде былай деді: «Бүгінгі күні біз өз ұстанымы мен ерекшелігі, өзінің жеке тұлғасы бар табысты мемлекет.

Мемлекет 20 жылдан аса саяси салмағы және егемендігін нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткенде бұл мақсатқа жетті. Даму кезеңі табысты аяқталды.

Қазақстан XXI ғасырда өзіне сенімді және тәуелсіз. Созылған жаһандық дағдарыс әсерінен өмірде өтіп жатқан өзгерістер бізге қорқынышты емес. Біз оған дайынбыз. Енді біздің міндетіміз егемндік жылдарында жеткен жетістіктердің барлығын сақтау, XXI ғасырда тұрақты дамуды жалғастыру.

Біздің басты мақсатымыз- мықты мемлекет негізінде 2050 жылға дейін берекелі қоғам құру, Жалпыға бірдей еңбектің мүмкіндіктері мен экономикасын дамыту.»

Біщдің еңбегіміз, біздің ісіміздің бір бөлігі мемлекеттің саяси құрамы мен экономикалық жалпы қорына енгізіледі.

2012 жылғы есеп беру кездесуіндегі айтылған ұсыныстар және ескертулер бойынша толық жауап берілді.

Және де 2012 жылғы көшеге жарық беруге мың теңге жұмсалды. Средигорное а. Центральная көшесі бойынша жарықты қалпына келтіруге мың теңге, Шірікқайың ,Средигорное, Александровка, Андреевка ауылдарын қыста ұстауға мың теңге.

Биылғы 2012 жылда «Средигорненский» ЖШС жетекшілері Крутишка көшесі жөндеуді жалғастыруда, шығын сомасы 500 мың теңгені құрайды, 2012 жылы ауыл аймақ ауылдарын қыста ұстауға 143 мың теңге жұмсалды.

Ауылда санитарлық тазартуға бюджет қорынан мың теңге жұмсалды. Апаттық қоқыстарды жоюға бюджет қорынан мың теңге және «Средигорненский» ЖШС мың теңге құрды.

Ауыл аймақ әкім аппараты лауазымы қызметінің бірі бюджет қоры және бюджеттік өтініштерді ұйымдастыру мен бюджетке міндетті түрде төленетін басқа да төлемдер және салық жинауға ықпал ету бойынша жұмыстар жүргізу.

Аймақ бойынша есепке алынған салық төлеушілер саны . Мүлікке салық бойынша есепке алынғаны теңге, түсім 100 процент құрды, жер салығы бойынша есепке алынғаны теңге, бюджетке түскені 100 процент.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша стандартқа сәйкес қолдағы жеке қосалқы шаруашылық туралы тұрғындарға 1055 анықтама берілді.

Ауыл аймақ аумағы бойынша республикалық маңыздағы жол 35 км созылған, аудандық маңыздағы жол 21 км созылған. Жергілікке маңызды жол және кіре беріс- 7,5 км. Қыс кезеңіндегі жол жағдайы- қанағаттанарлық. Жолды кіре берісті тазарту, тайғақ жолдарға құм себуді «Средигорненский» ЖШС атқарады. Бұл жұмыстарды жүргізуге әр жыл сайын келісім жасалады.

2012 жылы «Средигорненский» ЖШС жетекшілерімен 1 млн. 200 мың теңгеге меморандум бекітілген болатын, осыған сәйкес апатты қоқыстарды жою бойынша жұмыс жүргізілді, қосымша шамдар орнатылды, Александровка а. ғимарат бос уақыттарын өткізетін клуб ретінде берілді. Негізгі шаралар орындалды, жоспарланған жұмыстар келесі 2013 жылы жалғастырылатын болады.

Ел реформасында өткізетін маңызды жұмыстардың бірі 2012 жылы 28 қарашада №438 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін- өзі басқаруды дамыту Концепциясы» болып табылады. Осы концепцияның тиімді және ұсынған, күтетін шараларыбұл тұрғындар ролінің артуы, олардың жергілікке маңызды сұрақтарды сапалы шешуге қатысуы, әр тұрғын орныдарында тұрғын өмір деңгейлерінің көтерілуі, басқаруға қатысуға азаматтардың құқық алуы.

Негізгі принциптері- бұл жергілікке маңызды сұрақтарды шешу, бұл заңдылық, теідік құқы және тұрғын орындарындағы тұрғындардың қызығушылықтарын заңды түрде есепке алу. Осының барлығы жергілікке маңызды сұрақтарды шешуге, қатысуға, шешім қабылдау кезінде азаматтардың жауапкершілігі мен қызығышылығын ынталандыру, мемлекеттік органдарға сенімді нығайту.


Аймақтық экономикасы.

Средигорное ауыл аймағында екі шаруашылық қожалығы бар («Южаков» ШҚ, «Жамбурбаев» ШҚ) және «Средигорненский» ЖШС.

Шаруашылық қожалығы ауылшаруашылық азықтарын өндіреді, май және дән дақылдарын өсіреді. «Средигорненский» ЖШС (П.Ф.Дяглев) егіншілік және мал өсірумен айналысады.

2012 жылы өндірілді: күздік бидай- 684 тн, жаздық бидай- 1578 тн, арпа- 160 тн, сұлы- 319 тн, қарақұмық- 336 тн, бұршақ- 469 тн. Жалпы астық саны- 3546 тн, күнбағыс- 1346 тн, рапса- 84 тн.

Орташа өнім құрамы: күздік бидай- 10,8 ц/га, жаздық бидай- 8,4 ц/га, арпа- 10,5 ц/га, сұлы- 9,8 ц/га, қарақұмық-17 ц/га, бұршақ 10,4 ц/га дән өнімдері орташа есеппен- 9,8 ц/га, күнбағыс өнімі- 9,2 ц/га, рапса- 7,3 ц/га.

Өндірілген сүт цент, ет цент.

«Средигорненский» ЖШС көп салалы өндіріс болып табылады, мал және өсімдін азықтары өндіріледі, жеке мал соятын алаң, құрылыс- жөндеу цехы, электроцех, коммуналды бөлім, МТМ, автопарк, техника және құрал сақтайтын алаң, су жүйесі және жылу жүйесімен қамтамасыз ететін қазандық.

Аймақтағы 44 мың га жер ауылшаруашылыққа тағайындалған, оның ішінде егіндік 10,0 мың га, шабындық 33,0 мың га астам. Тастап кеткен және бос қалған жер ауыл аймақ аумағында жоқ.

Жеке қосалқы шаруашылықтағы жалпы аула сананың құрамы , Средигорное а. -258 , Шірікқайың а. -101, Андреевка а. -57, Александровка а. -42 .

Мал мен құсы бар аула саны: Средигорное а. -163 , Шірікқайың а.-89, Андреевка а.-48, Александровка а. -36 .

Мал басының құрамы:ІҚМ -715 , оның ішінде сиырлар -283 , КММ -1089 , шошқалар -1106 , жылқылар -275.

Ауыл аймақта екі бастауыш және орта мектеп, үш фельдшерлік орын, дәрігерлік амбулатория, екі демалыс клубы, «Средигорненский» ЖШС жататын өрт сөндіру орыны, почта бөлімі, дәріхана, АҚС, учәскелік полиция орыны жұмыс істейді. Ауылшаруашылық өндірісінде 400- ден астам адам жұмыс істейді, көктемгі- егенндік мерзімде 500 ге таяу адам.

Тұрғындарға тауарлық қызмет көрсетуді 10 дүкен жүзеге асырады, мұнда күнделікті сұраныс тауарлары сатылады. Барлық дүкендерді тауар түрлері мен азық түліктер жеткілікті. Бір кафе, «Средигорненский» ЖШС асханасы бар, егін себу кезеңінде жұмыс істейді. Әр апта сайын ең қажетті азық- түлік, нан бағалары қадағаланып отырылады.

Средигорное және Шірікқайың ауылдарынан жолаушыларды тасымалдауды «Чимичев» ЖК іске асырады. Автобустар қозғалысы күніне екі рет белгіленген уақытта іске асырылады. Бағыттың өзгерту тұрғындардан автобус қозғалысының уақытын өзгертуге жазғырулар бар. Жиі- жиі Шірікқайың а. автобус себепсіз бармай қалады, барлық бағыт бойынша шығу тоқтатылады.

Білім саласында он екі жылдық оқұға көшу жұмысы жалғасуда. Мектеп жанында екі шағын- орталық бар.

Средигорненский ОМ жанындағы шағын- орталық толық жұмыс күнімен. Шірікқайың а. орта мектебі жанындағы шағын орталық жарты жұмыс күнімен.

Средигорное орта мектебінде 119 оқушы оқытылуда, өткен жылмен салыстырғанда 2 оқушыға артық. Андреевка және Александровка ауылдарынан оқушыларды тасымалдау іске асырылуда.

Шірікқайың а. орта мектебінде 49 оқушы оқытылуда, 7 оқушы 0 сыныпта және 9 оқушы шағын- орталықта.

Александровка а. бастауыш мектепте- 12 бала, 0 сыныпта-2, Андреевка а. бастауыш мектепте 11 бала және 4 бала мектепке дайындық тобында.

Средигорное орта мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылған, оқушылар мен ата- аналар жағынан жазғылурар жоқ.

Барлық мектептерде интернет жүиесіне шығатын компьютерлік сыеыптар бар.

Средигорное және Шірікқайың орта мектептерінде спорт залдар бар, онда кешкі уақытта және демалыс күндері спорт секциялары жұмыс істейді, волейбол және спорттың басқа да түрлерінен спорттық жарыстар өтеді. Аудандық ауыл ойындары өтеді. Бірақ мектеп жұмысында бір жетіспеушілік бар, спорт түрінің қыстық жаттығулары ұйымдастрылмаған, мұз алаңдары, қалашық жоқ. Алайды осының барлығын, ұйымдастыруға бізде жағдай бар.

Аймақ ауылдары телефонмен қамтамасыз етілген, қосымша бос нөмірлер бар. Интернет байланысының жеткілік- сіздігіне көптеген сөгістер бар, себебі жылдамдық өте нашар. Болашақта оптико- волокон байланысы іске асады деп сенеміз.

ОТАU TV енгізілгеннен кейін республикалық теледидар каналдарының трансляциясы бойынша сұрақ шешілді. Облыстық телерадиокомпаниясының басқармасы Средигорное а. қабылдау- тарату антеннасын орнату бойынша сұрақты шешті.

Средигорное және Андреевка ауылдарында ұялы байланыс бар. Шірікқайың және Александровка ауылдарында таулы аймаққа байланысты ұялы байланыс жоқ. 2011 жылы облыс маслихатының депутаты Нурбаев осы сұрақты шеші бойынша халыққа уәде берген.

Средигорное ауылында пошта бөлімі бар, онда ауыл аймақ ауылдарының барлығына қызмет көрсетіледі. Уақытында хабарламалар жеткізіліп тұрады, төлемдер мен сәлемдемелер қабылданады, жәрдемақы және зейнетақы беріледі. Газеттер мен журналдар таратылады. Бірақ үйлесіндендіруге байланысты «Қазпочта» АҚ жетекшілері пайдасыз почта бөлімдерін жабу туралы бізді хабардар етті. Негізгі себеп- ауыл аймақ тұрғындарының адам саны 2000 нан төмен.

Барлық тұрғын орындары электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Сұйылтылған газды сату баллондарды айырбастау жолымен жылжитын орынмен іске асырылады.

Жоғарыда айтылғандай ауыл аймақта 4 дәрігерлік мекеме бар. Средигорное а. үш фельдшерлік орын және дәрігерлік амбулатория бар.

Барлық дәрігерлік орындар телефонмен қамтамасыз етілген. Дәрігерлік амбулаторияда автокөлік бар. Дәрігерлік жұмысшылармен толық қамтамасыз етілген.

Аймақта 2 клуб, Средигорное және Шірікқайың а. демалыс орталықтары, 3 кітапхана бар.

Мәдениет жұмысшылары мемлекеттік және ұлттық мейрамдарды мерекелеу бойынша шараларды өткізуге белсене қатысады. Көркем өнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді. Клубқа музыкалық аспаптарды меңгерген жұмысшылар қажет.

Мемлекеттік және ұлттық мейрамдарды өткізуге «Средигорненский» ЖШС, «Абрамов» ЖК, «Жамбурбаев» ЖК, «Акмулдинов» ЖК белсенді қатысады, олар сыйлық алуға демеушілік көмек көрсетеді, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуге, қарттар күнін өткізуге көмектеседі.

Аймақ бойынша әскери міндеттілер саны 320 дан асады, 70 тен аса адам әскерге шақырылу жасында. Әр 10 күн сайын қорғаныс істері бойынша бөлімге әскери міндеттілердің келгені кеткен бойынша мәлімет , ай сайын өзгерістер туралы мәлімет берілді.

Әскерге шақырылу комиссиясы 100 процент қамтамасыз етіледі. Әскерге шақырылғандарды «Чимичев» жеке кәсіпкерінің автобусы жеткізеді. Жылдық жоспарға сәйкес ауланы аралау, шаруашылық бойынша кітаппен әскери міндеттілердің деректерін осы өнеркәсіп және ұйыммен салыстыру жүргізіледі. Үнемі есепке алу карточкасы, әскерге шақырылғандардың міндетті түрде келуі және әскерге жіберуі бақыланады.

2013 ж. 01.01. Средигорное а. тұрғындарың құрамы 686 адам, Андреевка а. бойынша- 180 адам, Александровка а- 148 адам, Шірікқайың а- 304 адам.

Ұлттық құрам бойынша 61,0 процент орыстар тұрады, қазақтар-36,9, басқа ұлттар 2,1 процент (неміс, татарлар, удмурттар).

Қылмыспен күрес және құқықбұзушылықтың алдын алу бағдарламасы шегінде аймақта жоспарланған алдын алу жұмыстарын Зырян ҚАІІБ полиция майоры учәскелік инспекторы С.К.Наукин өткізеді.

Учәскелік полиция инспекторы аймақтағы оқу мекемелерінде, еңбек ұйымдарында құқық- бұзушылықтың алдын алу бойынша сухбат жүргізеді. Оның өкілеттілігіне қызмет бөлмесі, онда сейф, телефон, қызмет автокөлігі ,пәтер ұсынылған.

Әр сайын «Средигорненский» ЖШС саны 100 литр бензин лимиттин бөледі.

Учәскелік инспектор қарамағында қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Кеңес жиналысында тәртіп бұзушылармен алдын алу жұмыстары жүргізіледі, тәртіп бұзушылардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі.

Өзінің жұмысы туралы нақты түрде учәскелік полиция инспекторы С.К.Наукин баяндайды.

Жаңа 2013 жыл келді , қорытынды жасаймыз, алға міндеттер қоямыз, істер мен жұмыс жоспарын бекітеміз.

Не жоспарлаймыз?

Көшеге жарық беруді қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғастырылсын, Средигорное а. Заречная көшесін жарықтандыру бойынша жұмыс басталсын.

Қоқыстар жойылсын.

Бүгінгі күні Средигорное а. кіре берісіне стел орнату, балалардың спорттық алаң құрылысын, Заречная көшесі бойынша жолды жөндеу және көшеге жарық орнату жөніндегі ЖСҚ әзірленген.

Ауыл аймақ тұрғындарынан түскен ұсыныстар:



  1. Средигорное, Шірікқайың, Андреевка, Александровка ауылдарында көше жарық беру.

  2. Көше бойынша жол жөндеу: Средигорное а. Заречная, Андреевка а. Центральная көшесі.

  3. Мектептер спорт түрлері жаттығулары үшін спорттық құралдармен жабдықталсын.

  4. Андреевка ауылының кіре берісіндегі Березовка ө. Арқылы өтетін көпірді зерттеу бойынша комиссия құрылсын жөндеу жүргізілсін.

Ауыл аймақ азаматтармен сухбат және кездесу кезінде көтерілген барлық мәселелер шешілетін болады, оларды шешу бойынша шаралар әзірленген.

Назарларыңызға рахмет!



Средигорное селолық округінің әкімі В.Кайзер


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет