АӨК-ні дамытудың 2013 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы екі кезеңде іске асырылатын болады.
Бірінші кезең: 2013 – 2015 жылдар
Бірінші кезеңде АӨК-ні дамытудың берік іргетасын қалау қажет:
-
Бағдарламада көзделген мақсаттарға қол жеткізу, міндеттер мен іс-шараларды шешу үшін заңнамалық базаны қалыптастыру;
-
төлеу мерзімдерін ұлғайта және сыйақы ставкасын төмендете отырып, АӨК субъектілерін қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру,
сондай-ақ қаржыландыру арқылы АӨК-ні қаржылық сауықтыру бойынша шаралар қабылдау;
-
өсімдік шаруашылығындағы және мал шаруашылығындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
-
ауыл шаруашылығы жалпы өнімін арттырудың экстенсивті әдістерінен қарқынды әдістеріне көшу;
-
өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін жетілдіру;
-
қолдау құралдарының кең спектрін қолдану есебінен қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету және қолайлы инвестициялық климат жасау;
-
инвестициялық және пилоттық жобалар пулын, өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге енгізу үшін прогрессивті агротехнологиялар пулын қалыптастыру;
-
агралық ғылымда технологияларды трансферттеу, бейімдеу және коммерцияландыру пысықтау, білім тарату орталықтарының желісін кеңейту;
-
ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
-
ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
-
маркетингтік және сауда-саттық инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту арқылы нарықтық тәуекелдерді төмендету;
-
көліктік-логистикалық қуаттарды, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау жүйесін қажетті деңгейге дейін дамыту;
-
ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
-
АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту;
-
мемлекеттік қызмет көрсету және техникалық реттеу жүйесін дамыту;
-
АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
-
органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдай жасау.
Нәтижесінде саланы одан әрі дамыту үшін жағдайлар қалыптастырылады.
Екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар
Екінші кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін елеулі түрде өсіру, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігін қысқарту, экспорттық әлеуетті іске асыру, Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізу қажет.
Екінші кезеңде қойылған міндеттерді шешу нәтижелері:
өсімдік дақылдары түсімділігінің және малдар өнімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи агротехнологияларды қолдану есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту;
ҚР АӨК өндірістік және қайта өңдеу салаларының әлеуетін игеру.
Күтілетін нәтижелер
Мемлекеттік реттеудің тиімді шараларын пайдалану, ҚР АӨК бизнесін дамыту үшін қолайлы жүйелі жағдайлар жасау, қамтамасыз етуші инфрақұрылымды дамыту, секторға тартылатын орташа жылдық инвестицияларды екі есе арттыру, өнімділікті өсіру нәтижесінде Бағдарламаның мынадай негізгі нысаналы индикаторларына қол жеткізу күтіледі:
-
АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе арттыру;
-
АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қаржылық сауықтыру шаралары есебінен жалпы сомасы 300 млрд. теңгеге кемінде 8 жылға ұзарту;
-
кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі 2013 – 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін;
-
карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88;
-
мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесін 2020 жылға қарай 0,4 %;
-
электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызмет көрсету үлесі
2015 жылға қарай 62 % болады.
Қажетті ресурстар
АӨК-ні дамытудың 2013 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға қажетті жалпы шығыстар мынаны құрайды:
-
АӨК-ні дамыту бағдарламасын іске асыруға қажетті ресурстар, 2013 – 2020 жылдар, мың теңге
Жылдар
|
Барлығы бюджеттік қаржыландыру
|
Облигациялық қарыздар есебінен
|
«АКК» АҚ меншікті қаража
ты есебінен
|
«Қаз
Агро» ҰБХ» АҚ меншікті қаража
ты есебінен
|
ЖИЫНЫ
|
РБ есебінен
|
ЖБ есебінен
|
Барлығы
(РБ және ЖБ)
|
2013
|
156
295487
|
28 266
609
|
184 562
096
|
150 000 000
|
2 155
000
|
3 000
000
|
339 717
096
|
2014
|
282
765 241
|
28 205
879
|
310 971
120
|
150 000 000
|
|
5 000
000
|
465 971
120
|
2015
|
286
782 518
|
27 878
622
|
314 661
140
|
|
|
8 000
000
|
322 661
140
|
2016
|
301
342 632
|
27 389
139
|
328 731
771
|
|
|
12 000 000
|
340 731
771
|
2017
|
342
099 458
|
27 393
139
|
369 492
597
|
|
|
14 000 000
|
383 492
597
|
2018
|
363
503 877
|
27 395
139
|
390 899
016
|
|
|
16 000 000
|
406 899
016
|
2019
|
368
876 171
|
27 396
139
|
396 272
310
|
|
|
18 000 000
|
414 272
310
|
2020
|
401
028 243
|
27 396
639
|
428 424
882
|
|
|
20 000 000
|
448 424
882
|
Жиыны
|
2 502 693 627
|
221 321 305
|
2 724 074 932
|
300 000 000
|
2 155
000
|
96 000 000
|
3 122169
932
|
Бағдарламада көзделген іс-шараларды қаржыландыру көлемі ҚР-дың заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
АӨК дамытуға жалпы қаржыландырудың қажетті көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай 1,3 есе, ал облигациялық қарыздарды,
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ меншікті қаражатын есепке алмай бюджеттік қаржыландыру көлемі 2,3 есе өседі және 428 млрд. теңге құрайды. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралар облигациялық қарыздар және республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады, олардың көлемі 375,6 млрд. теңге құрайды.
АӨК субъектілері үшін тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер қолжетімділігінің артуы Бағдарламаның жалпы қаржыландыру көлемінде 2,9 есе өседі.
АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз етуді дамытуға бөлінген қаражат үлесі және мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыруға шығыстар үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 1,2 есе өседі.
-
Бағыттар бойынша қажетті қаржыландыру көлемі, мың теңге
Бағыт
|
2013 жыл
|
2020 жыл
|
Қаржыландыру көлемі, мың теңге
|
Қаржыландыру көлемі, мың теңге
|
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру
|
157 980 000
|
4 620 000
|
АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру
|
127 865830
|
378 476 512
|
АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз етуді дамыту
|
51 123 538
|
61 934 883
|
АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру
|
2 747 728
|
3 393 487
|
Барлығы
|
339 717096
|
448 424 882
|
-
Қаржыландыру көздері бөлінісіндегі қажетті бюджеттік қаржыландыру көлемі, мың теңге
Көз
|
2013 жыл
|
2020 жыл
|
Бюджеттік қаржыландыру көлемі, мың теңге
|
Мемлекеттік бюджеттегі бюджеттер үлесі, %
|
Бюджеттік қаржыландыру көлемі, мың теңге
|
Мемлекеттік бюджеттегі бюджеттер үлесі, %
|
Республикалық бюджет
|
156295487
|
85
|
401028243
|
94
|
Жергілікті бюджет
|
28 266609
|
15
|
27396639
|
6
|
Бюджеттік қаржыландыру жиыны
|
184562096
|
100
|
428 424 882
|
100
|
______________________________
Достарыңызбен бөлісу: |