2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты


Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы ахуалды талдау



бет2/14
Дата04.07.2016
өлшемі1.29 Mb.
#176304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы ахуалды талдау


ҚР АӨК жалпы өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімдерінің
2007 жылғы 1089,4 млрд. теңгеден 2011 жылғы 2286 млрд. теңгеге дейінгі және қайта өңдеу өнімдерінің 2007 жылғы 490,8 млрд. теңгеден 2011 жылғы
828 млрд. теңгеге дейінгі өсуімен орнықты үрдісті көрсетті. Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің орташа өсу қарқыны
20 %-ды, қайта өңдеу өнімдері 12,2 %-ды құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерін өндіру көлемі



Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі

Тамақ өнімдері өндірісінің көлемі

Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі

5 жылда шешуші қайта өңдеу өнімдері өндірісінің орташа жылдық жалпы көлемі 650 млрд.-тан астам теңгені құрады.

Қайта өңдеу өнімдерін өндіру, млрд.теңге



Көрсеткіш

2007

2008

2009

2010

2011

Тамақ өнімдерін өндіру

490,8

623,5

629,8

695,2

828,0

Етті қайта өңдеу мен консервілеу және ет өнімдерін өндіру

50,2

59,7

69,7

77,6

102,8

Балықты, шаян тәрізділерді және ұлуларды қайта өңдеу және консервілеу

6,3

6,9

7,3

8,1

9,6

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу мен консервілеу

68,2

60,8

69,6

68,3

87,6

Өсімдік және жануарлар майлары мен тоңмайларын өндіру

43,6

60,4

42,9

85,6

72,3

Сүт өнімдерін өндіру

89,4

101,5

103,5

117,3

132,8

Ұн тарту өнеркәсібінің өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін өндіру

79,3

133,2

128,0

119,6

168,2

Нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіру

89,8

110,8

115,3

120,1

133,6

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

57,0

82,5

86,2

90,9

109,0

Жануарларға арналған дайын жемшөп өндіру

6,9

7,6

7,4

7,8

12,1

Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі

ҚР ауыл шаруашылығы әлемдік азық-түлік нарықтарына ықпалдасты және сауда теңгерімін қалыптастыруға белсене қатысады.

Алайда, АӨК қайта өңдеу өнімдерінің көптеген түрлері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігі қалыптасты, жеміс-көкөніс өнімдері, етті және сүтті қайта өңдеу өнімдері бойынша импортқа тәуелділік деңгейі жоғары.

Қазақстанда 2009 – 2011 жылдары өнімдерді тұтынудағы импорттың үлесі, мың тонна



Өнім

Импорт

Тұтыну

Тұтынудағы импорт үлесі %

2009 – 2011 жылдарда орташа, мың тонна

Жемістер, жүзім және оларды қайта өңдеу өнімдері

573,6

678,3

84,57%

Балық және балық өнімдері

67,2

88,7

75,72%

Өсімдік майы және құрамында майы бар өнімдер

165,4

342,3

48,33%

Ет және ет өнімдері

209,2

1 122,2

18,64%

Сүт және сүт өнімдері

870,6

5 756,8

15,12%

Күнбағыс тұқымы

28,7

316,4

9,06%

Көкөністер, бау-бақша дақылдары және оларды қайта өңдеу өнімдері

193,2

3 169,0

6,10%

Картоп және оны қайта өңдеу өнімдері

145,3

2 518,7

5,77%

Астықты қайта өңдеу өнімдері

43,8

1 989,8

2,20%

Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, млн. дана

33,4

3 565,5

0,94%

Астық

110,0

11 973,7

0,92%

Дерек көзі: ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (өзара сауда-саттықты қоса алғанда); ҚР Статистика агенттігі; «АӨК экономикалық саясатты талдау орталығы»
ЖШС

2011 жылы ауыл шаруашылығында 2 196,1 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 26%-ы) жұмыс істеді, оның ішінде жалданғандар – 604,8 мың адам (секторда жұмыс істейтіндердің 27,5%-ы),


өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1591,3 мың адам (секторда жұмыс істейтіндердің 72,5%-ы).

ҚР-дағы егіс алаңдары 2011 жылы 21 083 мың гектарды құрады. Барлық егіс алаңдарының шамамен 65,7%-на (13 848,9 мың гектар) бидай егілді. Дәнді дақылдарға 2011 жылы барлық егіс алаңдарынан 76,9% (16 219,4 мың гектар) бөлінді. Мал басының саны 2012 жылдың басында 5,7 млн. бас ірі қара малды (бұдан әрі – ІҚМ), 18,1 млн. бас ұсақ малды (бұдан әрі – ҰМ), 1,6 млн бас жылқыны, 1,2 млн. бас шошқаны, 0,17 млн. бас түйені және 32,9 млн. бас құсты құрады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет