2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты


Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері



бет8/14
Дата04.07.2016
өлшемі1.29 Mb.
#176304
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері


Бағдарламаның негізгі мақсаты ҚР АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай төрт бағыт бойынша жұмыс жүргізілетін болады:



  1. Қаржылық сауықтыру.

  2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

  3. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту.

  4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру.

Бағдарламаның нысаналы индикаторлары:



  1. АӨК субъектілерін субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе арттыру;

  2. АӨК субъектілерінің қарыздық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен 300 млрд. теңге жалпы сомасына кемінде 8 жылға ұзарту;

  3. кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі
    2013 – 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін;

  4. карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88;

  5. мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесін 2020 жылға қарай 0,4 %;

  6. электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі
    2015 жылға қарай 62%.



    1. Қаржылық сауықтыру

АӨК субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, кредиттік жүктемесін төмендету және банкрот тәуекелдерін барынша азайту мақсатында қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қаржыландыру жолымен бір реттік қаржылық сауықтыру шараларын қабылдау қажет.


АӨК-ні қаржылық сауықтыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша төлем мерзімдері ұзартылған міндеттемелердің сомасы, млрд. теңге

150

150



















2.

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде қарыздар бойынша пайыздық ставканы субсидиялау көлемі, млрд. теңге

7,9

14,7

13,0

11,3

9,6

7,9

6,3

4,6

Қаржылық сауықтыру АӨК субъектілерінің меншік иелері, кредит берушілер мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының көлемдері бойынша бірлескен және тең өлшемді тепе-теңдік бастамада жүргізілуі тиіс.

Кредит берушілер: АӨК субъектілерінің қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауды (сыйақы ставкасын төмендету, кредиттерді қайтару мерзімдерін ұзарту, негізгі қарызын қайтару бойынша жеңілдік кезеңін ұсыну, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, мерзімі өткен сыйақыны есептен шығару, басқа шаралар арқылы), АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қайтаа қаржыландыруды және қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

АӨК субъектілерінің меншік иелері: кредит берушілер алдындағы міндеттемелерді толық өтегенге дейін пайданың бір бөлігін қатысушылар арасында бөлмеу, қосымша капиталдандыру, инвесторларды тарту, кредит берушілерге қаржылық сауықтыру шарттарын орындау бойынша толық жәрдем көрсету жолымен және басқа да шаралармен қолдау көрсетеді.

Мемлекет, кредит берушілер мен меншік иелерінің қатысуына қарай, негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдағы құралдарды толықтыруға қаржылық сауықтыруға жататын кредиттер және/немесе лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды жылына 7 %-ға дейін жеткізу мақсатында, ал ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша түпкілікті төлеуші – АӨК субъектісі үшін жылына 4 %-ға дейін жеткізу мақсатында оларды қаржылық агент арқылы ұсына отырып, қолдау көрсетеді. Қаржылық сауықтыруға жататын әрбір АӨК субъектісі бойынша шешім ҚР Үкіметі бекіткен АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін қаржылық институттардың кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидаларына сәйкес жеке тәртіппен қабылданады.

Сондай-ақ осы қағидаларда АӨК саласындағы шаруашылық субъектілері арасында пайда болған берешектер бойынша қаржылық сауықтыру мәселелері реттелетін болады.

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға арналған қаражатты қаржылық агент және/немесе екінші деңгейдегі банктер ұйымдастырылған капитал нарықтарынан тартады. Бұл ретте, қаржылық агент тартқан қаражат Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша басқа да кезек күттірмейтін міндеттерге пайдаланылуы мүмкін.



Қаражаттың (соның ішінде субсидиялардың) тиімді пайдаланылуын және қаржылық сауықтыру көрсеткіштері мен нәтижелеріне қол жеткізуді бақылау қаржылық агент және уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет