«Бекітемін»
_______________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы ___________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20__ жылғы «__» ____________
Мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығына, қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытына, етті құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымды репродукторға 20__жылғы ___________ айы үшін тиесілі бюджеттік субсидиялар туралы
(ай)
жиынтық ведомость
Шығындардың
баптары
|
Бюджет қаражатын бөлу сметасында көзделген сома,
мың теңге
|
Сатып алынған тауарлардың (жануарлардың), орындалған қызметтер мен жұмыстардың нақты көлемі
|
Жыл басынан бері тиесілі сома, мың теңге
|
Жылдың басынан бастап төленген,
мың теңге
|
Тиесілі соманың қалдығы,
мың теңге
|
Төленуге тиіс,
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
ЖИЫНЫ
|
|
|
|
|
|
|
Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) _____________________ (Т.А.Ә., қолы)
Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (Т.А.Ә., қолы)
Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 25 қаңтардағы №36 қаулысы
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 25 қаңтардағы №36 қаулысымен бекітілген
Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) мал шаруашылығы өнiмiн өндiрудi ұлғайту, оның сапасын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) беру тәртiбiн айқындайды.
2. Субсидиялауға жататын бағыттар:
1) сиыр етiн, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi мен күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа) өндiру үшiн пайдаланылатын құрама жемнiң және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрi – маңыздандырылған азық) құнын iшiнара (45%-ға дейiн) арзандату, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнi (бұдан әрi – биязы жүн), қой етi, жылқы етi, қымыз және шұбат өндiрiсiне жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеу;
2) iрi қара малдың аналық басын (бұдан әрi – сиырларды) азықтандыру үшiн пайдаланылатын шырынды және кесек азықтың (бұдан әрi – азықтың) құнын iшiнара (50%-ға дейiн) арзандату.
3. Субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмiнiң 1 (бiр) килограммына, 1 (бiр) данасына, сондай-ақ 1 (бiр) бас сиырға арналған бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес белгiленедi.
4. Әрбір бағытқа және өңірлер бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
Субсидияларды төлеу шарттары
5. Тауар өндiрушiлердің субсидиялар алуы үшін міндетті және қажетті шарт осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тиісті бағыттар бойынша өлшемдерге және талаптарға толық сәйкес келуі болып табылады.
6. Субсидиялар тауар өндiрушiлерге есептік нөмірлері бар қайта өңдеу кәсіпорындарында (цехтарында) жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларында және сою алаңдарында (пункттерінде) сатылған немесе қайта өңделген өнімнің тек іс жүзіндегі нақты көлеміне төленеді.
7. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
1) тауар өндiрушiлер одан әрi қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшiн басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған өнiм;
2) тауар өндірушілер айырбас бойынша,өзара есеп айырысу есебіне сатқан немесе бұрын субсидияланған өнім;
3) жеке аулада сойылған сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi,сондай-ақ қайта өңдеу кәсiпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;
4) жануарларды мәжбүрлi санитариялық сою нәтижесiнде, сондай-ақ жіті жұқпалы аурулар бойынша карантиндiк және шектеу iс-шараларының әрекет ету кезеңiнде тауар өндiрушiлер алған өнiм;
5) етті құс шаруашылығы өнімдері – аяқтары, бастары, сондай-ақ ішкі органдары;
6) жұмыртқа ұнтағын өндіру үшін сатылған және (немесе) берілген тағамдық жұмыртқа;
7) тауар өндiрушiлер кейіннен сою мақсатында бордақылауда тұрған сиырларды азықтандыру үшiн пайдаланатын азық.
8. Тауар өндiрушiлердің жоғарыда көрсетілген шарттарды сақтамауы тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) төленген субсидияларды заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алуына негіз болып табылады.
9. Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында субсидиялау көлемін айқындау тұқым мен өнiмдiлiк бағытына байланысты өнiм шығуының зоотехникалық нормаларын есепке ала отырып, бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға облысқа жеткiзiлген қаражат шеңберiнде жүзеге асырылады. Асыл тұқымды емес мал үшiн негiз ретiнде өнiмдiлiктiң орташа аудандық статистикалық көрсеткiшi алынады.
10. Тауар өндірушілер өтінім берген субсидия көлемдері осы айда бөлінген субсидия көлемінен артқан жағдайда, тауар өндірушілердің нормативте көрсетілген неғұрлым жоғары деңгей санатына жататын өтінімдері басым тәртіппен қанағаттандырылады. Қаражат қалдығы берілген өтінімдерге сәйкес барабар бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айда (айларда) көзделген қаражаттан төленеді.
3. Министрліктің және облыстар әкімдіктерінің жұмыс тәртібі
11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бұйрықпен мынадай құжаттарды бекітеді:
1) субсидиялар алуға өтiнiмдер нысандары;
2) аудан/облыс бойынша мал шаруашылығы өнiмiн сату, сондай-ақ сиыр саны туралы жиынтық актiнiң нысаны;
3) облыстар бойынша қаражатты игеру және мал шаруашылығы өнімдерін сату көлемі жөнiндегі есеп (ақпарат) нысаны.
12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі және облыстар әкімдері жыл сайын 30 қаңтарға дейінгі мерзімде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмділігін және сапасын арттыруға арналған облыстық жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қояды.
13. Министрлiк мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыс әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасында қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмге сәйкес облыстық бюджеттерге ай сайын аударады.
14. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде облыс әкімі өзінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары төрағалық ететін, облыстық мәслихат шешімімен бекітілетінмал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыру мақсатында субсидиялау мәселелері бойынша облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссия осы Қағидалардың қолданылуының барлық уақытында тұрақты негізде жұмыс істейді. Комиссия құрамына облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық инспекцияларының мамандары, сондай-ақ бейінді қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің құрамы облыс әкімінің шешімімен өзгертілуі мүмкін. Комиссияның жұмыс органы басқарма болып табылады.
15. Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілердің өтінімдері бойынша айлар бойынша және бағыттар басымдылығына сәйкес белгіленген қаржыландыру жоспары лимиттерінің шегінде тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындау, Министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық ведомость қалыптастыру және ақы төлеу шоттарының тізілімін келісу кіреді.
16. Комиссия отырыстары айына кемінде 1 рет жүзеге асырылады. Кезекті отырыста Комиссия бірінші кезекте бұрын мақұлданған, бірақ қаржыландырылмаған немесе ішінара қаржыландырылған басым бағыттағы өтінімдерді, кейіннен келесі айдың өтінімдерін қанағаттандырады.
17. Бөлінген қаражат толығымен игерілмеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
4. Тауар өндірушілердің субсидиялар алуға өтінімдерін қарау және қанағаттандыру тәртібі
18. Бөлім осы Қағидалар ресми жарияланғанынан кейін бес жұмыс күні ішінде субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсына және ауданның ресми баспа басылымдарында орналастырады.
19. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімінің арасында мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруға арналған мақсатында облыстың жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қойылғаннан кейін жыл сайын бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бөлім оны аудан әкімдігінің интернет-ресурсына, басқарма – облыс әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырады.
20. Тауар өндірушілер тиісті негіздермелердің пайда болуына қарай бөлімге субсидиялауға жататын нақты көлемдеріне өтінімдер (осы Қағидалардың 32 – 35-тармақтарына сәйкес құжаттардың толық пакетін) ұсынады.
Бұл ретте, құс фабрикалары бюджеттік субсидияларды алуға арналған өтінімдерін «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен келіседі және одан кейін бөлімге ұсынады.
21. Бөлім тауар өндірушілердің өтінімдерін тиісті өтінімдер тіркеу журналында тіркейді.
22. Бөлім субсидиялар алуға негіздемелер пайда болған сәттен бастап үш айдан астам уақыт өткен өтініштерді қабылдауға міндетті.
23. Бөлім өтінім түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін осы Қағидаларға сәйкестігіне және тауар өндірушілердің осы Қағидалардың 5 – 7-тармақтарында көрсетілген өлшемдер мен талаптарға сәйкестігіне тексереді. Ұсынылған құжаттар пакеті толық емес немесе көрсетілген өлшемдер мен талаптарға сәйкес болмаған жағдайда бөлім тауар өндірушілер ұсынған құжаттарды қайтару себептерін көрсете отырып дереу қайтарады.
Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта енгізуге құқылы.
24. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған және осы Қағидаларда көзделген өтінімдерді қайтаруға негіздер болмаған жағдайда бөлім тауар өндірушінің өтінімде ұсынған деректерін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми сайтындағы заңды тұлғалардың дерекқорын тексереді.
25. Бөлім аудан әкімі бекітетін бюджеттік субсидия алушылардың жиынтық актісін жасайды. Тауар өндірушілердің толық құжаттар пакетімен өтінімдері және бекітілген жиынтық акт басқармаға екі аптада кемінде 1 рет ұсынылады. Бұл ретте ол бөлім Басқармаға ұсынылатын құжаттардың дәйектілігін қамтамасыз етеді, ол бөлімнің жиынтық өтінімін тиісті тіркеу журналына тіркейді.
26. Басқарма үш жұмыс күні ішінде бөлімдер ұсынған өтінімдерді осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды. Ұсынылған өтінімдер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, басқарма өтінімдерді тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кері қайтару себептерін көрсете отырып, пысықтауға қайтарады.
27. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, басқарма екі жұмыс күні ішінде өтінімдерді Комиссияның қарауына жолдайды, ол отырыс қорытындысы тауар өндірушілердің жиынтық тізімін және субсидиялау бағдарламасына қатысушыларға тиесілі субсидия көлемін жасайды.
28. Комиссияның ұсынымы бойынша облыс әкімі Комиссия ұсынған тізімді үш жұмыс күні ішінде бекітеді.
29. Тиесілі бюджеттік субсидияларды тауар өндірушілердің банктік шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарын қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.
30. Басқарма ай сайын бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюджет ақшасының көлемі туралы ақпаратты жолдап отырады.
31. Басқарма ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 30 желтоқсаннан кешiктiрмей Министрлікке төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі, тиімділігі және құны туралы есепті ұсынады.
4. Субсидиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
32. Тауар өндірушілер бөлімге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемдерге өтінімдер ұсынады.
33. Тауар өндірушілер іс жүзінде өткізілген өнім үшін субсидиялар алу үшін өтінімдермен бірге бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өнімнің сатылғанын және сатып алушының өнімді 100% төлеуін жөніндегі растайтын құжаттардың көшірмелері: шарт, шот-фактура, кіріс-кассалық ордер немесе банкінің төлем тапсырмасы;
2) сиыр етін сатқан кезде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қорынан сатылған немесе сойылған малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме;
3) тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорындар қызметтерін пайдаланған кезде малдарды сою және бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (шарт, шот –фактура, төлем құжаты);
4) өнімді сатуға арналған тауар-көліктік жүк құжаттар тізілімі, өнімді жеке меншік қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе өңдеуге берген жағдайда өнімнің жүк құжат көшірмелері.
34. Тауар өндірушілер азық құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алу үшін бөлімге:
1) селекциялық және асыл тұқымды жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасынан үзінді көшірмені;
2) заңды тұлғалар нысанындағы тауар өндірушілер үшін 24 а.ш. статистикалық есептілік нысанынан – есеп көшірмесін немесе үзінді көшірмені, ал шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін – сиыр басы санын растау үшін шаруашылық кітабынан үзінді көшірме ұсынады.
35. Тауар өндіруші банктен банк шотының болуы туралы анықтаманы қосымша қоса береді.
____________________
Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларына 1-қосымша
1. Бюджеттік субсидиялар нормативтері
Р/с
№
|
Өнiмнiң түрi
|
Меншікті өндірісінің өткізілген өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берiлетiн бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге
|
1.
|
Сиыр етi – I деңгей
|
220
|
2.
|
Сиыр етi – II деңгей
|
170
|
3.
|
Сиыр етi – III деңгей
|
120
|
4.
|
Қой етi
|
100
|
5.
|
Жылқы етi
|
92
|
6.
|
Шошқа еті – I деңгей
|
98
|
7.
|
Шошқа еті – II деңгей
|
60
|
8.
|
Құс етi – I деңгей
|
70
|
9.
|
Құс етi – II деңгей
|
66
|
10.
|
Құс етi – III деңгей
|
50
|
11.
|
Күрке тауық етi
|
105
|
12.
|
Жұмыртқа – I деңгей
|
3,0
|
13.
|
Жұмыртқа – II деңгей
|
2,6
|
14.
|
Жұмыртқа – III деңгей
|
2
|
15.
|
Сүт – I деңгей
|
25
|
16.
|
Сүт – II деңгей
|
15
|
17.
|
Сүт – III деңгей
|
10
|
18.
|
Қымыз
|
60
|
19.
|
Шұбат
|
55
|
20.
|
Жүн (биязы)
|
130
|
2. Шырынды және кесек азықтың құнын арзандатуға арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi
Р/с №
|
Өнiмнiң түрi
|
Сиырдың 1 басына бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге
|
21.
|
Iрi қара мал
|
4500
|
Достарыңызбен бөлісу: |