2013 жылғы 26 ақпан №73-Ө-м астана қаласы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (44-шығарылым) бекіту туралы



бет7/17
Дата09.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#124311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
:

батандар, рапирлер түрлері мен конструкциясын, батандар бөлшектерінің сызбалары мен эскиздерін, батандарды, рапирлерді дайындау, жөндеу, орнату ережесін;

тоқыма станоктарындағы батандарды, қабырғадағы рапирлерді тексеру тәсілдерін;

батандарды, рапирлерді және олардың жеке бөлшектерін жөндеу сапасына қойылатын талаптарды;

әртүрлі ағаш түрлерінің қасиеттерін, батандардың және рапирлердің бұзылу себептерін;

рапирлерді, батандарды дайындау және қалпына келтіруге арналған құралдың мақсатын, оларды пайдалану ережесін.

459. Жұмыс үлгілері:

1) автоматты тоқыма станоктарына арналған иіру камераларын, кареталарын жөндеу.


90. Дайын өнімді жаңғыртушы

Параграф 1. Дайын өнімді жаңғыртушы, 2-разряд

460. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі емес тоқылған, бір түсті немесе күрделі емес екі-үш түсті суретпен маталарды, мата емес материалдарды, қатты және дайын тегіс шұлық-ұйық, биялай бұйымдарын (капроннан басқа) қолмен жаңғырту;

материалдарды түрлері мен түстері бойынша жаңғыртуға дайындау;

тоқыманы және суретті жаңғырту кезінде қалпына келтіру;

созылуларды, ілмектің босануын және бұзылуларды жою;

қажет болғанда жіптерді, ілмектерді, түйіндер мен қалыңдау жағын соңынан бастап тазалау;

жаңғыртылған маталарды және бұйымдарды тасымалдау.

461. Білуге тиіс:

жаңғыртылатын маталар мен бұйымдар ассортиментін;

тоқыма түрлерін, жаңғырту ережесін;

жаңғыртылған өнімнің сапасына қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Дайын өнімді жаңғыртушы, 3-разряд

462. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі тоқыма маталарды, ірі көп түсті суретпен маталарды, күрделі емес суретпен кілемдер мен кілем бұйымдарын, гарнитурлық және саржа тоқымасы техникалық шұғасын, тегіс трикотаж жаймасын және іш киім бұйымдарын, капрон шұлық-ұйық және биялай бұйымдарын қолмен жаңғырту;

раппортты жаңғырту кезінде тоқыманы немесе суретті қалпына келтіру;

түрлері мен түстері бойынша жаңғыртуға арналған иірімжіпті таңдау;

созылуларды, ілмектің босануын және бұзылуларды жою;

жуан және жіңішке жіптерді тоқыма суретін сақтаумен ауыстыру;

жаңғыртылған маталарды және бұйымдарды тасымалдау.

463. Білуге тиіс:

жаңғыртылатын маталар, кілемдер, трикотаж жаймалар, техникалық шұғалар, бұйымдар ассортиментін;

тоқыма түрлерін, тоқыма және сурет раппортын, жаңғырту ережесін;

жаңғыртылған өнімнің сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 3. Дайын өнімді жаңғыртушы, 4-разряд

464. Жұмыс сипаттамасы:

ұсақ мәнерлі және жаккарда маталарын, жаккарда тоқымалы күрделі көп түсті суретпен кілемдерді және кілем бұйымдарын, суретті және жаккарда трикотаж жаймасын, суретті іш киім және биялай бұйымдарын, купондарды және жоғары трикотаж бұйымдарының барлық түрлерін, жасанды теріні, ине өтетін техникалық шұғаларға арналған каркастық матаны қолмен жаңғырту;

тоқыма және сурет раппортын қалпына келтіру;

жаңғырту үшін жіптерді түрлері мен түстеріне қарай бөлу;

созылуларды, ілмектің босануын және бұзылуларды жою;

жаңғыртылған маталарды және бұйымдарды тасымалдау.

465. Білуге тиіс:

жаңғыртылатын маталардың, кілемдердің, кілем және трикотаж бұйымдарының ассортиментін;

ұсақ мәнерлі және жаккарда тоқымаларының түрлерін;

тоқыма және сурет раппортын;

иірімжіп түрлері мен түстерін, жаңғырту ережесін;

жаңғыртылған өнімнің сапасына қойылатын талаптарды.
91. Өнімді өткізуші

Параграф 1. Өнімді өткізуші, 3-разряд

466. Жұмыс сипаттамасы:

матаның, жартылай фабрикаттың және дайын өнімнің партиясын түрлеріне, артикулдеріне, суреттеріне, фактураларына қарай қоймаға тапсыру және қабылдау;

қағаз жазбалардың көшірмелерінің дұрыстығын бақылау;

ярлыкта бар барлық белгілерді фактураға толтыру;

кесінділердің, пашкелердің және бұйымдардың санын есептеу, қабылданған өнімге тиісті құжаттаманы ресімдеу;

бұйымдарды, түрлеріне, артикулдеріне және өлшемдеріне қарай пашкеге буып байлау;

фактураға белгі соғу;

есептілікті белгіленген қалыпта жүргізу;

дайын өнімді тасымалдау және орналастыру;

контейнерлерге тиеген кезде – контейнерлерді қағазбен, киізбен немесе басқа да материалдармен жабу және желімдеу;

дайын өнімді дайындалған контейнерлерге орналастыру;

тиелген контейнерлерге, теңдерге, кілем өнімдеріне пломбы салу;

материалдық рұқсат қағазын ресімдеу.

467. Білуге тиіс:

дайын өнімді қабылдау және тапсыру нұсқамасын, дайын өнімнің ассортиментін;

оның сұрыптары, түрлері және суреттері бойынша айырмашылықтарын, партиялық карталарды, нарядтарды, фактураларды және белгіленген формадағы есептілікті толтыру және ресімдеу ережесін;

матаны шығу базасына тапсыру нұсқамасын;

контейнерлерді дайындау және пломбы салу ережесін.


92. Салушы

Параграф 1. Салушы, 2-разряд

468. Жұмыс сипаттамасы:

матаны, мата емес жаймаларды және бұйымдарды мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес жөндеп салу;

дайын өнімді байлау, орап тігу және бандерольді орау, қағазға орау немесе артикулдері, өлшемдері, сұрыптарына қарай қорапқа салу, буманың тауарлық түрін қамтамасыз ету;

ярлықтарды толтыру, кесіндінің өлшемін немесе бұйымдардың санын тексеру, жазба қағаз тігу, пломбы салу және қажетті жазбаларды жүргізу; Дайын өнімді тасымалдау;

тоқыма дара бұйымдарды (орамалдарды, сүлгілерді, көрпелерді) салған кезде – белгіленген сұрыпсыз бұйымдарды кесіп алып алу, фасонды бүлісті, көйлекке арналған бархатты – арнайы рамкаға салу;

қосарлап тігілген шұлық-ұйық және биялай өнімдерін конвертке салу.

469. Білуге тиіс:

маталар, мата емес жаймалар, бұйымдар ассортиментін;

дайын өнімді салу;

орау және белгілеу ережесін.


Параграф 2. Салушы, 3-разряд

470. Жұмыс сипаттамасы:

мақта-қағаз, жібек және жүн матаны, пледтерді, көрпелерді салу және мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес жеке орау;

кесінділерге деректер толтыру, кесіндіге картон, жазба қағаз немесе ярлық салу, кесіндідегі матаның шеттерін жіппен қосып тігу;

мата кесінділерін шеті бойынша қосып тігу, ярлыкты бекіту, кесіндіге пломбы салу, ярлыкты толтыру, артикулдері, өлшемдері, сұрыптары бойынша байлау, қағазға орау, буманың тауарлық түрін қамтамасыз ету;

матаны тасымалдау;

қағаз жазба деректерінің матаның соңына сәйкестігін тексеру.

471. Білуге тиіс:

маталар ассортиментін, салу және орау ережесін;

арнайы мақсаттағы матаны ресімдеу;

матаны белгілеудің мемлекеттік стандарттарын.
93. Талшықты араластырушы

Параграф 1. Талшықты араластырушы, 2-разряд

472. Жұмыс сипаттамасы:

араластыру, таспа жасайтын агрегаттардың араластыру құрылғысында, механикаландырылған қоспа қондырғысында, машиналарында, қоректендіруші-араластырушыларда, теңді бөлушіде, лабаздарда және қолмен технологиялық режимге сәйкес табиғи немесе химиялық талшықтың бірнеше түрлерін араластыру;

тапсырылған қатынаста шикізатты өлшеу;

майланған механизмді эмульсиямен толтыру және оның деңгейін реттеу;

қопсытылған мақтаны қанықтыруға жіберу;

қоспа компоненттерін белгілі жүйедегі қабат-қабатпен аумақ бірлігіне салмақ бойынша біркелкі орналастырумен және эмульсияның шығын нормалары бойынша жаю;

қоспаны торға жаю;

қоспаны түту машинасында түту;

араластыру процесін, араластыру құрылғысының жағдайын және жұмысын бақылау;

эмульсияны беруді реттеу;

шикізат пен эмульсияны белгіленген орынға тасымалдау;

орау материалын тапсыру;

қызмет көрсететін қондырғыны және жұмыс орнын күтіп-ұстау және тазалау.

473. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын және оны күтіп-ұстау ережесін;

өңделетін талшықтың түрлері мен нөмірін, қоспалардың құрамын, қоспаларды араластыру және майлау ережесін;

майлайтын эмульсияның құрамын және шығын нормасын, талшықты араластыру торларына жаю ережесін.
Параграф 2. Талшықты араластырушы, 3-разряд

474. Жұмыс сипаттамасы:

қопсыту-түту, араластыру, таспа жасайтын агрегаттардың араластыру құрылғысында, механикаландырылған қондырғыларда, қоспа машиналарында, лабаздарда және қолмен технологиялық режимге сәйкес табиғи немесе химиялық талшықтың бірнеше түрлерін араластыру;

шикізатты қоспа рецептурасына сәйкес қабылдау;

талшықты, обратты араластыру торына беру және жаю;

қызмет көрсететін машиналарға талшықты біркелкі салу;

шикізаттың және рецепт бойынша дайындалған эмульсияның сапасын тексеру;

белгіленген мөлшерлерді және қоспа компоненттерін араластыру тәртібін сақтау;

қоспаны араластыру және майлау сапасын бақылау;

талшықты есепке алуды жүргізу;

қалдықтарды түрлеріне қарай жинау және бөлу және оларды тасымалдау;

қызмет көрсететін жабдықты күту, үйкелетін беттерін тазалау және майлау.

475. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын және пайдалану ережесін және оны күтіп-ұстау;

өңделетін талшықтың қасиеттерін, шикізаттың және қоспаның сапасына қойылатын талаптарды, шикізатты қабылдау және салу, араластыру және майлау ережесін;

қоспалардың құрамын, эмульсия шығыны нормаларын;

алғашқы есепке алу тәртібін.
94. Шикізатты, материалдар мен бұйымдарды сұрыптаушы

Параграф 1. Шикізатты, материалдар

мен бұйымдарды сұрыптаушы, 1-разряд

476. Жұмыс сипаттамасы:

өлшенетін қиындыны, шұлық өндірісінің қалдықтарын артикулдеріне, өлшемдеріне, талшық түрлеріне түстері мен дайындалу тәсілдеріне қарай сұрыптау, қалдықтарды түрлері бойынша, шөлмектерді, біліктерді, патрондарды, ыдыстарды түрлері мен өлшемдеріне қарай иірімжіптің қалдықтарынан тазалаумен және жарамсыздарды алып тастаумен бөлу, бөгде қоспаларды алып тастау;

қиындыны белгілі өлшемдегі бөліктерге кесу;

жуылған жүнді белгіленген белгілеріне байланысты бөлу;

қиындыны өлшеумен және белгілеумен қаптарға салу;

сұрыпталған қиындыны, материалдарды, шөлмектерді, біліктерді, патрондарды белгіленген орынға тасымалдау;

жүнді лабазда тегістеу және тығыздау;

трафареттерде жүннің сұрыбын жазу;

лабаздарды тазалау.

477. Білуге тиіс:

талшықтың ассортиментін, артикулін, өлшемін, түрін, қиындыны сұрыптау және бөлу, майлау және орау;

трафареттерде жазу тәртібі.
Параграф 2. Шикізатты, материалдар

мен бұйымдарды сұрыптаушы, 2-разряд

478. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті шикізаттарды, материалдарды және бұйымдарды сұрыптаушының басшылығымен мемлекеттік стандарттар мен эталондарға сәйкес иірімжіпті, матаны, тегіс шұлық-ұйық бұйымдарын, өлшенетін қиындыны, ине-платиналық бұйымдарды, мата емес және трикотаж жаймаларды, иірімжіппен металл шөлмектерді, терілерді, ыдыстардың барлық түрлерін артикулдері, түстері, түрлері, ұсақ бедерлеріне, реңктеріне, сұрыптарына, суреттеріне, позицияларына, сапасына және басқа да белгілеріне байланысты сұрыптау;

орау ақаулары бойынша сұрыптау және иірімжіппен иіршекті экспортқа шығару үшін және ішкі тұтынушылар үшін орау;

терілерді, жүннің қалдықтарын түрлеріне, түстеріне, кірлігіне, мақсатына қарай сұрыптау және партияларға бөлу;

таңдау машинасында аздап көтерумен қылмағандарды және мездраларды таңдау;

жүнді, түбітті қолмен жұлу, оларды таңдау машинасының бункеріне салу;

процесс барысын, таңдау режимін, пневматикалық жүйенің жұмысын бақылау;

жүнді жууға жіберуге қатысу;

сұрыпталған шикізатты, материалдар мен бұйымдарды бақылай тексеру;

ақаулармен собықты таңдау және қайта айналуға жіберу;

үйінділерді, қаптарды шешу;

сұрыпталған жүнді лабаздарға қабылдау;

жүннің сұрыбын жазу;

құралда шұлық-ұйық бұйымдарын айналдыру;

өнімді және шикізатты жұмыс орнына тасымалдау;

сұрыптау сапасын бақылау;

ярлыктарды толтыру, желімдеу немесе тігу;

сұрыпталған өнімді есепке алу, орау және тапсыру;

лабаздарды тазалау;

қызмет көрсететін қондырғыны күтіп-ұстау.

479. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының, тасымалдаудың пневматикалық жүйесінің құрылысын және пайдалану ережесін және оны реттеу тәсілдерін;

маталар, мата емес және трикотаж жаймаларының ассортиментін, түрлері, түстері, сұрыптары, суреттері, сериялары және мақсаттары бойынша сұрыптау белгілерін, өлшенетін қиындыны, терілерді кесінділерге салу ережесін;

жүн бетінің кірлену түрлерін;

ярлыктарды толтыру және сұрыптауды есепке алуды жүргізу ережесін, сұрыптау және ақауларын жою бойынша нұсқаманы, ақауы бар өнімді таңдап алу тәртібін;

шұлық-ұйық бұйымдарының артикулдерін және өлшемдерін, өнімнің сапасына қойылатын талаптарды;

ине-платиналық бұйымның позициясы және сапасын, қалдықтарды бөлу ережесін;

кластары және шөлмектің фланецтері арасындағы жары шамасы бойынша шөлмектерді.


Параграф 3. Шикізатты, материалдар

мен бұйымдарды сұрыптаушы, 3-разряд

480. Жұмыс сипаттамасы:

қысқа зығыр және кендір талшықты және қыл-қыбырды, қоян және үй қояны терілерін нөмірі, сапасы, сұрыбы, ұзындығы, түсі,артикулдері, өлшемдері және өзге де белгілері бойынша сұрыптау, пілләларды – қаттылығы және қабығының ақаулары бойынша, өзінен біліктілігі жоғары шикізаттарды, материалдар мен бұйымдарды сұрыптаушының басшылығымен мемлекеттік стандарттар мен эталондарға сәйкес суретті шұлық-ұйық және биялай бұйымдарын сұрыптау және қосарлап бөлу.

талшықпен үйінділерді шешу.

нөмірін, түсін, ұзындығын және өңдеу тазалығын анықтау үшін бумадан аздап талшық жұлып алу.

нашар бумаларды бекіту және сұрыптау процесінде жұлынған талшықтарды байлау.

сұрыпталған талшықты қатарлап салуға қатысу.

қатар үйінділеріне биркаларды бекіту.

талшықтың белгіленген босатуының сақталуын бақылау.

сұрыпталған өнімді тасымалдау, салу және оны бақылау тапсыру.

ақаулы пілләларды, бұйымдарды бөлу.

пілләлардың сұрыптарын эталон бойынша анықтау.

шикізатты, материалдар мен бұйымдарды сұрыптаудың алғашқы есепке алынуын белгіленген тәртіпте жүргізу.

481. Білуге тиіс:

шұлық-ақаулау машиналарының, қоспа конвейерінің құрылысын;

пайдалану ережесін және оларды күтіп-ұстау ережесін;

қысқа зығыр және кендір талшықтың және қыл-қыбырдың, терілердің ерекшеліктерін және әртүрлілігін, олардың мемлекеттік стандарттарын және эталондарын, бір уыс талшықтың белгіленген салмағын, жүн мен талшықтың сұрыбын, терілерді сұрыптау ережесін;

сұрыпталған талшықты қатар-қатарлап салу ережесін;

пілләларды сұрыптаудың технологиялық картасын, эталонға сәйкес сұрыпты, тұқымын, гибридті, калибрін, реңкін анықтау белгілерін, биялай және шұлық-ұйық бұйымдарының артикулдерін және өлшемдерін;

есепке алу құжаттамасын ресімдеу ережесін және жарнамалау құрастыру тәртібін.
Параграф 4. Шикізатты, материалдар

мен бұйымдарды сұрыптаушы, 4-разряд

482. Жұмыс сипаттамасы:

ұзын зығыр және кендір талшықты, жүнді мемлекеттік стандарттар мен эталондарға сәйкес белгіленген сұрыптау ережесі бойынша түсі, нөмірі, ұзындығы және жиілік дәрежесіне байланысты сұрыптау;

сұрыптауға берілген ұзын талшықтың бір түрін биркадағы жазулары бойынша бақылау;

нөмірін, түсін, ұзындығын және өңдеу тазалығын анықтау үшін бумадан бір уыс талшық жұлып алу;

ұзын талшықтың нөмірін анықтау;

нашар бумаларды бекіту және сұрыптау процесінде жұлынған талшықтарды байлау, тегістеу, оларды дұрыстау және айналдыру;

сұрыпталған ұзын жүнді қатарлап салуға қатысу және салуды бақылау;

қатар үйінділеріне биркаларды бекіту;

талшықтың белгіленген босатуының сақталуын бақылау;

жүнді сұрыптау тәртібін тағайындау;

мемлекеттік стандартқа сәйкес жүнді сұрыптаудың дұрыстығын таңдамалы бақылау;

шикізатты, материалдар мен бұйымдарды сұрыптаушының жұмысын алғашқы есепке алуды жүргізу.

483. Білуге тиіс:

талшықтың ерекшеліктері мен әртүрлілігі, талшықтың қолданыстағы мемлекеттік стандарттары мен эталондарын;

органолептикалық жолымен талшықты бағалау ережесін және талшықтың сапасын инструменталды бағалау әдісін;

сұрыпталған талшықты қатарлап үю ережесін және оған биркалар ресімдеу, бір уыс талшықтың белгіленген салмағы.


Параграф 5. Шикізатты, материалдар

мен бұйымдарды сұрыптаушы, 5-разряд

484. Жұмыс сипаттамасы:

талшықты мемлекеттік стандарттар мен эталондарға сәйкес белгіленген сұрыптау ережесі бойынша түсі, нөмірі, ұзындығы және жиілік дәрежесіне қарай сұрыптау;

талшықты нөмірі бойынша өздігінен бағалай отырып, сұрыптауға берілген (түтілген, таралған, синтетикалық) талшықтың барлық түрлерін бақылау;

түскен талшықтың сапасын органолептикалық жолымен тексеру;

нөмірін, түсін, ұзындығын және өңдеу тазалығын анықтау үшін бумадан бір уыс талшық жұлып алу;

нашар бумаларды бекіту және сұрыптау процесінде жұлынған талшықтарды байлау;

сұрыпталған ұзын жүнді қатарлап салуға қатысу және салуды бақылау;

қатар үйінділеріне биркаларды жазбаға сәйкес бекіту, талшықтың белгіленген босату тәртібінің сақталуын бақылау.

485. Білуге тиіс:

талшықтың ерекшеліктері мен әртүрлілігі, талшықтың қолданыстағы мемлекеттік стандарттары мен эталондарын;

органолептикалық жолымен талшықты бағалау ережесін және талшықтың сапасын инструменталды бағалау әдісін;

сұрыпталған талшықты қатарлап үю ережесін және оған биркалар ресімдеу;

бір уыс талшықтың белгіленген салмағы.
Параграф 6. Шикізатты, материалдар

мен бұйымдарды сұрыптаушы, 6-разряд

486. Жұмыс сипаттамасы:

өзінен біліктілігі төмен шикізаттарды, материалдарды және бұйымдарды сұрыптаушылармен талшықтың дұрыс сұрыпталуын бақылау;

талшықтың сұрыпталуын таңдап бақылау;

түскен талшықтың сапасын органолептикалық жолмен және инструменталды бағалау әдісімен тексеру;

сұрыпталған талшықтың қатарлап үйілуінің дұрыстығын тексеру және биркаларды ресімдеу;

талшықты қоймаларға үюді, сақтауды және босатуды бақылау;

талшықты жұмыс орнына уақытылы берілуін және сұрыпталған талшықтың жиналуын қамтамасыз ету;

ауысым тапсырмаларының орындалуын және жұмыс сапасын есепке алу;

экспортқа арналған талшықты сұрыптауға таңдау;

сынау үйінділеріндегі талшықтың сапасын анықтау;

жеткізушілерге жарнамалау ұсыну үшін құжаттама ресімдеу;

талшықты жеткізушілермен және тұтынушылармен жарнамалауды және шағымдарды қарастыруға қатысу;

талшықтың араласуын болдырмау.

487. Білуге тиіс:

талшықтың ерекшеліктерін және әртүрлілігін, талшықты қабылдау, сұрыптау, сақтау және есепке алу ережесін, өнеркәсіпте дайындалатын талшықтың барлық түрлеріне мемлекеттік стандарттар мен эталондарды, талшықтың нөмірленуін, талшық сапасын инструменталды бағалау әдістемесін;

шикізатты жеткізушілерге жарнамалауды ұсыну тәртібі туралы ережені, есепке алу құжаттарын ресімдеу тәртібін.

488. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
95. Қоюшы

Параграф 1. Қоюшы, 1-разряд

489. Жұмыс сипаттамасы:

иіру, айналдыру және тегістеу машиналарында пайдаланылған иіршіктер мен қайықтарды ауыстыру.

ішіндегілерді алып тастау.

жіптердің шеттерін байлау (созбаны есу) және оларды жіп өткізетін арматураға салу.

иіршіктерді және қайықтарды қоюдың алдында сұрыптау.

шарғыларды, конустарды, ішіне салатындарды тасымалдау.

шөлмек салатынды, камканы сілку және жабдықты тазалауға қатысу.

490. Білуге тиіс:

жабдықты сабақтауға сәйкес иіршіктер мен қайықтардың қойылуын, қолданылатын созба;

иіржіптің желілік тығыздығын, иіршіктер мен қайықтардың ақауларын.


Параграф 2. Қоюшы, 2-разряд

491. Жұмыс сипаттамасы:

тор тоқитын машиналарда пайдаланылған иіршіктер мен қайықтарды ауыстыру;

ішіндегілерді алып тастау;

жіптердің шеттерін байлау және оларды бақылау-жаю приборларына салу;

иіршіктерді және шарғыларды қоюдың алдында сұрыптау;

шөлмек салатыннан босаған қайықтарды, иіршіктерді алу және оларды толықтарымен ауыстыру;

шөлмек салатыннан негізгі жіптердің тор тоқитын машинаға айқасуын болдырмау;

қайықтарды немесе иіршіктерді, алынған ішіне салатындар мен конустарды тасымалдау.

492. Білуге тиіс:

жіптердің қасиеттерін және желілік тығыздығын және олардың сапасына қойылатын негізгі талаптарды;

арқаужіптің артикулін дайындауға байланысты тізбе ораудың салу деректерін;

түсті арқаужіпті тізіп орау кезінде шөлмек салатынға иіршікті (шарғыны) қою тәртібін;

түйіндерді байлау ережесін.


Параграф 3. Қоюшы, 3-разряд

493. Жұмыс сипаттамасы:

тізіп орайтын машиналарда, тоқу машиналарында, тұтас перде және тұтас перделі-тоқу машиналарының шөлмек салатындарында пайдаланылған иіршіктер мен қайықтарды ауыстыру;

қызмет көрсететін машиналарға иіржіппен иіршіктерді немесе қайықтарды тасымалдау;

қайықтарды орнатудың алдында сұрыптау;

салынған суретке сәйкес қайықтарды немесе иіршіктерді ауыстыру, жіптердің шеттерін байлау және оларды бақылау-жаю приборларына салу;

жіптердің үзілуін болдырмау;

бос ыдыстарды тасымалдау.

494. Білуге тиіс:

Тұтас перделі және тұтас перделі-тоқу машиналарының жапсырмаларының, шөлмектерінің және тарақтарының қозғалыс механизмдерінің құрылысын және өзара әрекетін;

иірімжіптің қасиеттерін және желілік тығыздығын және оның сапасына қойылатын талаптарды, тізіп ораудың салу деректерін;

қайықтар мен иіршіктердің салу тәртібін;

түйіндерді байлау тәртібін.
96. Кептіруші

Параграф 1. Кептіруші, 2-разряд

495. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті кептірушінің басшылығымен кептіру машиналарында боялған мақтаны, талшықты, иірімжіпті, матаны, трикотаж және беймата жайманы, таспаларды, ызбаларды, бауларды, кілем бұйымдарын, бас киімдерді, киіз аяқ киімді, киіз бұйымдарын, басытқыланған терілерді, орамалдарды, тұтас перделерді, шілтерлік, тюлдік, кестеленген және басқа да бұйымдарды кептіру процесін жүргізу;

боялған мақтаның кептіру камераларына немесе лабаздарға түсуін бақылау;

кептірудің біркелкілігін, кепкен мақтаның ылғалдылығын және боялған мақтаның сапасын бақылау;

матаның қиындыларын, жаймаларды, салу таспаларын қосып тігу;

ылғалды трикотаж жайманы кептірудің алдында сөгу;

кептіру машиналарын толтыру немесе камераларға салу;

өзі салғыштың жұмысын бақылау;

кептіру машинасында немесе камерасында қажетті температураны ұстау;

кептіру машиналарынан мақтаны, иірімжіпті, матаны және бұйымды түсіру және тасымалдау;

жібек жөргемдерін муфталау;

қызмет көрсететін жабдықты тазалау және үйкелетін беттерін майлау.

496. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін қондырғының құрылысын, оны күтіп-ұстау және пайдалану ережесін;

мақтаның сұрыбын, өңделетін өнімнің ассортиментін;

өнімді кептірудің технологиялық режимін;

кептіру сапасына қойылатын негізгі талаптарды.
Параграф 2. Кептіруші, 3-разряд

497. Жұмыс сипаттамасы:

кептіру және кеңейту-кептіру машиналарында, қалпына келтіру және кептіру агрегаттарында белгіленген технологиялық режимге сәйкес боялған мақтаны, талшықты, иірімжіпті, матаны, трикотаж және мата емес жайманы, таспаларды, ызбаларды, бауларды, кілем бұйымдарын, орамалдарды, желілерді, бас киімдерді, киіз аяқ киімді, киіздерді, киіз бұйымдарын, басытқыланған терілерді, тұтас перделерді, шілтерлік, тюлдік, кестеленген және басқа да бұйымдарды кептіру процесін жүргізу.

матаны машинаға салу және жөргемдерді өлшеу.

жылдамдықтарды, кептіргіштегі мата ілмегінің ұзындығын, температураны, бу қысымын, ылғалдылығын, жайылуын реттеу.

тізбекті матаның еніне сәйкес келтіру.

теріні кептіру кезінде жүнді бетін басытқылауды аяқтау дәрежесіне байланысты ауаны ауыстыруды реттеу.

өнімді кептіру сапасын, боялу түсін, біркелкілігін және ылғалдылықты бақылау.

дайын өнімді тасымалдау.

қызмет көрсететін қондырғыны тазалау және үйкелетін беттерін майлау.

498. Білуге тиіс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет