түту машинасының жағдайын және механизмдерінің өзара әрекетін қарау;
түту процесін бақылау, бақылау талонын толтыру;
келіп түскен иірімжіптің, патрондар мен белдектердің сапасын тексеру;
белдекке жіпті орау тығыздығын реттеу;
қалдықтарды жинау және тапсыру;
қызмет көрсететін қондырғыларды жөндеуден қабылдап алуға қатысу, оны тазалау.
305. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғылардың құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау, механизмдерінің өзара әрекет ережесін;
өңделетін иірімжіптер мен жіптердің түрлері мен қасиеттерін;
қалдықтардың түрлері мен нормаларын.
Резеңке техникалық қалдықтардан арқан түткен кезде – 2-разряд.
62. Түйіндегіш машинасының операторы
Параграф 1. Түйіндегіш машинасының операторы, 3-разряд
306. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті түйіндегіш машинасы операторының басшылығымен түйіндегіш машинада желіжіптің жібін, тігіс жібін байлау процесін жүргізу;
желіжіпті байлауға дайындаудың дұрыс орындалуын тексеру;
түйіндегіш машинаны орнату және іске қосу;
түйіндегіш каретка механизмдерінің жұмысын, кезекті жіпті дұрыс алуды және түйінді байлауды қарау;
байлау ақауларын жөндеу;
қалдықтарды жинау және тапсыру;
түйіндегіш машинаны күтіп-ұстау.
307. Білуге тиіс:
түйіндегіш машинаның, тоқыма станоктарының, мата емес өндіріс машиналары мен агрегаттарының құрылысын;
өңделетін өнімдердің ассортиментін;
өткізу мен өрімдердің түрлерін.
308. Жұмыстың мысалдары:
1) түйіндегіш машиналарда байлауға желіжіп жіптерін дайындау;
2) жылжымалы түйіндегіш машинаның кареткасын тоқыма станогына орнату;
-
ілгек ілу машинасының жұмысы кезінде: желіжіптің жібіне ілгекті кигізу, желіжіп жібінің үзілуін жалғау, бағалар бойынша желіжіп жібін іріктеу.
Параграф 2. Түйіндегіш машинасының операторы, 4-разряд
309. Жұмыс сипаттамасы:
түйіндегіш машинасында (агрегат) иірімжіп жібін, тігу жібін байлау процесін жүргізу;
желіжіпті тоқыма станогына және мата емес өндірісінің қондырғысына сабақтау, матаның жолақтарын атқару;
жұмыс істеп тұрған тоқыма станогын, түйіндегіш машинаны (агрегат) тапсыру;
түйіндерді байлауды бақылау.
310. Білуге тиіс:
түйіндегіш машинаның, тоқыма станоктарының, мата емес өндіріс қондырғыларының құрылысын, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;
өндірілетін матаның;
мата емес жайманың сабақтау есебін;
иірімжіптің желіжіп сапасына қойылатын талаптарды;
иірімжіптің желілік тығыздығына байланысты инелерді нөмірлеуді.
63. Тарау қондырғысының операторы
Параграф 1. Тарау қондырғысының операторы, 2-разряд
311. Жұмыс сипаттамасы:
өзінен біліктілігі жоғары тарау қондырғысы операторының басшылығымен технологиялық режимге сәйкес әртүрлі түрдегі тарау қондырғыларында талшықтардың әртүрлі түрлерін, түтілген мақтаны, қыл-қыбырдан таралған талшықтың төменгі нөмірлерінен өңделгенді, өндірістің қайтарылған қалдықтарын тарау процесін жүргізу;
тарау қондырғысына талшық қосындысын жеткізу, қондырғының бункеріне талшықтың қоспасын салу;
қолмен салған кезде- қоспадағы талшықтарды түстері бойынша іріктеумен әр қоспа үшін белгіленген биіктікке дейін талшықты сілку;
қоректендіру торына, жаймаға талшық боп жүнді төсеу және биіктігін реттеу;
талшықтарды араластыру;
бункерді толтырудың белгіленген деңгейін сақтау;
нөмірлері бойынша қыл-қыбырды сұрыптау, оларды жекелеп ыдысқа салу, өлшеу, ыдысқа қыл-қыбырдың түрін, нөмірін салмағын көрсетумен биркалар мен жапсырма қағаздар салу;
тарау процесін қарау;
таспаның, мақтаның, талшықтың сапасын бақылау;
пневможүйенің көмегімен немесе қолмен тарау қондырғысы барабанының астындағы қалдықтарды жүйелі түрде алып тастау;
таспаны эмульсиялау;
жұмысталған мақта мен талшықты алу, ыдысқа салу және белгіленген жерге тасымалдау;
тарау қондырғысын жөндеуден қабылдап алуға қатысу, оны тазалау;
бумалы механизммен жұмыс істегенде – буманы түсіру және жапсырма қағазды салу.
312. Білуге тиіс:
тарау қондырғысының құрылысын, оның жұмыс және жекелеген механизмдерінің өзара әсер принциптерін;
пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;
талшықтың түрлері мен нөмірлерін, қалдықтың түрлерін, қоректендіру торына, жаймаға төсем тәртібі мен нормаларын;
қоспаның құрамын, тарау қондырғысын сабақтаудың технологиялық параметрін, бункерді толтыру нормасын, мақтаны, талшық пен таспаны тарау сапасына қойылатын талаптарды, қыл-қыбыр сапасын бақылау әдістерін.
Параграф 2. Тарау қондырғысының операторы, 3-разряд
313. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық режимге сәйкес әртүрлі түрдегі тарау қондырғысында (жоғары өнімділіктен басқасы) әртүрлі түрдегі талшықтарды, таспа өндіру үшін қыл-қыбыр мен талшық қоспасын, таралған мақтаны, киіз бұйымдарының желіжіптерін тарау, шыны талшығын тарау және желімдеу процесін жүргізу;
қанықтыру үшін шыны талшығын, лакты жеткізу, бакты толтыру, шығарылатын жапқыштың маркасына сәйкес суырылып тасталған шыны талшықтарын өлшеу;
тарау қондырғысын сабақтау;
шикізатты үнемді пайдаланумен тиісті сапада таспаны, таралған мақтаны, киіз бұйымдарының желіжібін шығаруды қамтамасыз ету;
тарақтарда үзілуді, өткізуді, оралуды, үйілуді болдырмау және олардың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстарды орындау;
жұмысталған таспасы бар тазды, мақта тақтайшасын, барабандағы мақта сүзгішті ауыстыру, жұмысталған куфтаны, белдекті алу және оларды тасымалдау;
тарау, эмульсия жағу, барабанға мақта орау процесін, температураны, механизмдердің жағдайы мен жұмысын қарау;
талшықты біркелкі қанықтыру немесе тарау машинасы арқылы құлақ талшықты өткізу;
тарау машинасының барабанына қаныққан немесе құрғақ шыны мақтаны орау, белгіленген ұзындықтағы кесекке бөлу, барабаннан түсіру;
қанықтырылған шыны талшығын қысқаштың қысқышына орнату немесе таспалы кептіру машинасының торына оны салу;
талшық бумасын аршу барысында шөкім құрастыру және кендір тарау машинасының қысым қалыбына салу;
таралған кендір талшығын қорапқа байлау;
таралған талшықтың шөкімін қысу қалыбынан түсіріп алу;
көлденең тарау машинасының қоректендіру жаймасына төсем кезінде шөкімді жабудың белгіленген ережесін сақтау, шөкімнің сапасын бақылау;
ақаулы қысымды білікшені, тазды ауыстыру;
қалдықтарды жинау және тапсыру;
тарау қондырғысын қайта сабақтау және кестеге сәйкес оны күтіп-ұстау;
шыны талшығынан жабылғыны жасаған кезде қызмет көрсететін машинаны және шығыс багын тазалау, оны өлшеу, алаңын, көлемдік салмағын және маркасын анықтау;
бумаға орау, байлау, маркалау және ыдысқа салу;
тарау қондырғысын жөндеуден қабылдап алуға қатысу.
314. Білуге тиіс:
тарау қондырғысының құрылысын, оны пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;
жайғақтың және таралған таспаның желілік қалыңдығын, өңделетін талшықтың түрлерін, нөмірлерін, талшықтың, таспаның, таралған мақтаның, киіз бұйымдарының желіжібіне және шығарылатын кенептің сапасына қойылатын талаптарды;
тарау қондырғысын сабақтаудың технологиялық параметрлерін және әртүрлі талшықтарды өңдеудің режимдерін, эмульсиялау режимін;
лактың қасиеттерін, шығарылатын кептің маркаларын, қалпына келтірілген жүннің, түсі бойынша оның топтарының шартты белгілерін, өндірілетін бұйымдардың желілік өлшемі мен салмағын, талшықты араластыру ережесін, қоспаның құрамын, қалдықтардың түрлері мен нормаларын, кенептің сапасын бақылауға арналған аспаптар мен құрал-жабдықтардың мақсатын, тарау қондырғысын күтіп-ұстау ережесін.
Параграф 3. Тарау қондырғысының операторы, 4-разряд
315. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық режимге сәйкес жоғары өнімді және ағынды желілерді қоса есептегенде әртүрлі түрдегі тарау қондырғыларында созбаны, таспаны, киізді өндіру үшін әртүрлі түрдегі талшықты, қыл-қыбыр мен талшық қоспасын тарау процесін жүргізу;
кардотарау аппараттарында және мамықбау машиналарында асбест, мақта мен қыл-қыбыр қоспасынан тауарлы өнім немесе жартылай фабрикат (созба, тарау таспасының мамықбауы) дайындау;
бас киімдердің желіжібін орау;
тарау қондырғысын талшықпен үздіксіз қоректендіруді қамтамасыз ету;
бас киімнің желіжібін дайындау кезінде қажетті мөлшердегі патронды орнату;
ораудың аяқталу сәтін анықтау;
патроннан бас киімнің желіжібін түсіру;
созбаның, таспаның, тарамның, мамықбау мен таспашаның үзілуін жалғау, төсемнің көтерілуін болдырмау;
пневмосымға немесе шарғыға жіптің шетін, белдекті сабақтау;
жапсырма қағазды салу;
созбаның, тарамның, бас киім желіжібінің және киіздің сапасын бақылау;
ширататын тармақтың, бөлетін белдікшенің, эластикалық білікшенің, сору аспабы реттегішінің, алынбалы барабандардың және басқа да механизмдердің жұмысы мен жағдайын, бункердегі өзі өлшегіштегі қоспа деңгейін немесе қоспа аппаратын автоматты қоректендіретін аспаптардың жұмысын қарау;
жұмысталған таспасы бар тазды ауыстыру, жұмысталған белдекті түсіру және оларды тасымалдау;
өндірілген созбаны түсіру, қалыптау және жәшіктерге салу, мамықтар мен таспаны қойнауға қолмен орау;
қойманы қайта байлау және салу;
талшықты эмульсиялауды бақылау;
таздағы таспаның берілген ұзындығы мен салмағын сақтау;
қалдықтарды түрлері бойынша іріктеу және оларды тапсыру;
тарау қондырғысын жөндеуден қабылдап алуға қатысу, оны күтіп-ұстау.
316. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғының құрылысын және оның негізгі механизмдерінің өзара әрекетін;
пайдалану ережесін және оны күтіп-ұстау кестесін,
технологиялық процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін машинаның жұмысын автоматты және қолмен реттеу принциптерін, өңделетін талшықтың атауларын және сұрыптауын, әртүрлі рецептурада қоспаны өңдеу ерекшеліктерін, мақтаның желілік өлшемі мен массасын, өңделетін өнімдердің ассортиментін, қоспаның түрлерін;
созбаның желілік тығыздығын, созбаны, төсемнің, таралған таспаның, бас киім желіжібінің, киіздің сапасына қойылатын талаптарды, сынама алу ережесін, қалдықтардың түрлерін, нормалары мен сұрыптарын, оларды өндірісте пайдалану ережесін;
созбаның үзілу себептерін, олардың алдын алу тәсілдерін, өңделетін талшықтың түрлері мен нөмірлерін, қоректендіру жаймасына талшықты төсеу немесе тербелмелі механизмге буманы орналастыру ережесін;
қоспаның құрамын, тарамның сапасын анықтау әдістерін.
317. Жұмыс үлгілері:
ВУЧ қосымшасы бар қондырғыда таспаны шығару.
64. Кеңейту қондырғысының операторы
Параграф 1. Кеңейту қондырғысының операторы, 2-разряд
318. Жұмыс сипаттамасы:
өзінен біліктілігі жоғары кеңейту қондырғысы операторының басшылығымен кеңейту немесе дәлдеу-тегістеу машиналарында арқау жіп бойынша матаны кеңейту және қисықтығын түзеу процесін жүргізу;
матаның қызмет көрсететін машинаның қысқышынан кеңейту алаңына өтуін қарау;
матаның енін және оның арқау жібінің дұрыс жағдайын бақылау;
матаны инеде қыздыру;
кеңейту кезінде ақаулардың болуының алдын алу;
қызмет көрсететін машинаны тазалау және оның үйкелетін бөлшектерін майлау;
матаның соңдарын тігу және тігісті жазу;
матаны қызмет көрсететін машинаға жеткізу.
319. Білуге тиіс:
кеңейту қондырғысының құрылысын, оны пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;
өңделетін матаның ассортиментін және мемлекеттік стандарт бойынша оның енін.
Параграф 2. Кеңейту қондырғысының операторы, 3-разряд
320. Жұмыс сипаттамасы:
кеңейту және дәлдеу-тегістеу машиналарында матаны кеңейту және қисықтығын түзеу процесін жүргізу;
матаның белгіленген енін сақтаумен матаны қызмет көрсететін машинаға сабақтау;
матаны дұрыс сулау, булауды, кеңейтуді қарау;
матаның қисықтығын болдырмау;
матаны кеңейтудің технологиялық режимінің, бұзылуынан ақаулардың алдын алу;
матаның соңын таңбалау;
матаны белгіленген жерге тасымалдау.
321. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғының құрылысын;
оны пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;
өңделетін матаның ассортиментін және мемлекеттік стандарт бойынша оның енін.
65. Шлихталау қондырғысының операторы
Параграф 1. Шлихталау қондырғысының операторы, 3-разряд
322. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық режимге сәйкес жібек орамасын шлихталау процесін жүргізу;
берілген рецепт бойынша шлихта әзірлеу;
ораманы шлихтасы бар ваннаға салу;
шлихталау және кептіру процесін қарау;
ваннадан жібек орамасын алу, сығу және аспалы кептіргішке оларды ілу, жібекті кептіргіштен тасымалдау.
323. Білуге тиіс:
шлихтаның рецептурасын, шлихталаумен кептіру режимін;
шлихталауға жататын жібектің сапасына және шлихталанған жібек орамасының сапасына қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Шлихталау қондырғысының операторы, 4-разряд
324. Жұмыс сипаттамасы:
өзінен біліктілігі жоғары шлихталау қондырғысы операторының басшылығымен шлихталау, тізіп орау-шлихталау машиналарында желіжіп жібін шлихталау және эмульсиялау процесін жүргізу;
кесектің белгіленген ұзындығына есептегішті және маркалау аспабын орнату;
бақылау және реттеу аспаптарының жұмысын байқау;
тізбе ораушының ені бойынша тарақ айырмасын, кептіру барабандарындағы температура мен будың қысымын реттеу;
тоқыма тізбе ораушысының арқаушыбық білікшелерін орнату және сабақтау;
тежегіш жүктерін орнату;
баушалар мен бағалы таяқшалар салу;
алдыңғы қатар тісіне және жілікше тісіне жіптерді салу, желіжіпті ажырату;
белдектен желіжіп жібінің дұрыс түсуін байқау және белдекті ауыстыру;
жіптің үзілуін болдырмау;
жиекше белдегін ауыстыру;
желіжіптің шиеленіскен, байланысқан және желімделген жіптерін тарқату;
ауыртпалық пен қиғаштық болудың алдын алу;
эмульсия деңгейін желіжіптің тартылуы мен орау сапасын қарау;
жұмысталған тоқыма орамасын түсіру және жаңасын орнату;
қалдықтарды жинау және тасымалдау;
қызмет көрсететін машинаны тазалау, сығу биігінің шұғасын жуу.
325. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін машинаның құрылысын, шлихталау процесін автоматты реттеу аспаптарын қолдану, оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін, желіжіп белдегін партияға іріктеу ережесін;
белдектің сапасына қойылатын талаптарды, иірімжіптің түрлері мен желілік тығыздығын, матаның өндірілетін артикулдері үшін жіптер санын есептеуді;
шлихтаның рецептурасы мен қасиеттерін, шлихталатын, эмульсияланатын желіжіп жіптерінің сапасына, шлихталанған желіжіптің сапасына қойылатын негізгі талаптарды;
желіжіп жібінің жаңа партиясын сабақтау ережесін;
қалдықтардың түрлері мен нормаларын.
Параграф 3. Шлихталау қондырғысының операторы, 5-разряд
326. Жұмыс сипаттамасы:
белгіленген технологиялық режимге сәйкес шлихталау, тізіп орау-шлихталау және ажырату-эмульсиялау машиналарында желіжіп жібін шлихталау және эмульсиялау процесін жүргізу;
желім үшін ыдыста шлихта мен эмульсияның қажетті температурасын және қалыпты деңгейін сақтау;
желіжіп жібінің ылғалдылық деңгейіне байланысты шлихталау немесе эмульсиялау жылдамдығын реттеу;
желіжіпті сығу деңгейін белгілеу;
сығу атқарушы механизмдерінің пневможүйесіне, пневмокамерасына берілетін ауаның қажетті қысымын сақтау;
желіжіп жібін шлихталау және эмульсиялау сапасын және оларды тоқыма орамасына дұрыс орауды бақылау;
шлихталау қондырғысын жөндеуден кейін қабылдап алуға қатысу;
шлихталау қондырғысын күтіп-ұстау.
327. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін машинаның құрылысын, шлихталау қондырғысын пайдалану және оларды күтіп-ұстау ережесін;
қолданылатын аспаптарды пайдалану ережесін;
иірімжіптің сапасына қойылатын негізгі талаптарды;
желіжіп жібін шлихталаудың және эмульсиялаудың технологиялық режимін, желіжіп жібінің ылғалдылығын, орау мен сығу тығыздығын реттеу тәсілдерін;
орау біліктерін және тоқыма тізбе орауышын партияға іріктеу ережесін.
66. Ағартушы
Параграф 1. Ағартушы, 3-разряд
328. Жұмыс сипаттамасы:
өзінен біліктілігі жоғары ағартушының басшылығымен белгіленген технологиялық режимге сәйкес үздіксіз ағарту агрегаттарында, аппараттарында, баркаларда, кеспекте, қайнату қазанында матаны, иірімжіпті, созбаны, көрпені қайта шлихталау, ағарту, қайнату процестерін жүргізу, жуу-материалдық машиналарда, баркаларда, аппараттарда, қайнату қазанында иірімжіпті, матаны, трикотажды, беймата тігілген жайманы, шұлық-ұйық және басқа да бұйымдарды ағарту, қайнату, қанықтыру процесін жүргізу;
қызмет көрсететін қондырғыларды жұмысқа дайындау;
қызмет көрсететін машинаға матаны сабақтау, аппараттың шығыршығына орамадағы иірімжіпті біркелкі ілу;
жұмыс ерітіндісін әзірлеу;
көрпені қазанға салу, оған қайнату ерітіндісін құю;
жұмыс ыдысындағы ерітінді мен судың қажетті деңгейін қамтамасыз ету;
ерітіндінің қоюлануын тексеру үшін сынама алу;
ағартылған иірімжіпті шығыршықтан түсіру, иірімжіп орамасын куфтаға орау;
ерітіндіні ағызу;
ағартудан кейін өнімді шаю және оны кеспектен, ваннадан алу;
жуу – материалдық машинаға сабақтау үшін ағартылған көрпенің соңын салу;
ағартылған өнімнің сапасын тексеру;
өнімді тасымалдау;
қызмет көрсететін қондырғыны күтіп-ұстау.
329. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғының құрылысын және жұмыс принциптерін, оны пайдалану мен күтіп-ұстау ережесін;
ағартатын ерітінділер мен химикаттардың қасиеттерін;
қолданылатын ерітінділердің рецептурасы мен қоюлануын, өңдеудің технологиялық режимін;
көрпені шлихталау, қайнату және ағарту режимін;
өңделетін өнімнің ассортиментін.
Параграф 2. Ағартушы, 4- разряд
330. Жұмыс сипаттамасы:
мынандай процестерді жүргізу: белгіленген технологиялық режимге сәйкес баркаларда, кеспектерде, қайнату қазанында, әртүрлі жүйедегі аппараттарда мақтаны, иірімжіпті, созбаны, көрпені, трикотаж және мата емес жаймаларды, сондай-ақ қайнату қазанында, агрегатталған жуу – материалдық машинасында перделі – тюлдік, шілтері және перделі – тоқымалы жаймаларды қайта шлихталау, ағарту және қайнату, үздіксіз ағарту агрегаттарында матаны ағарту, аппараттарда иірімжіпті, ағарту және бояу, үздіксіз ағарту агрегаттарында жазылған матаны ағарту мен бояу ;
қазанның, вентильдің, насостың, кранның жұмысқа жарамдылығын тексеру;
жұмыс ерітіндісінің қажетті дозасы мен қоюлануын қамтамасыз ету;
жұмыс ерітіндісін әзірлеу және құю;
өнімді салу және алу;
технологиялық процесті және өңделетін өнімнің сапасын, жұмыс ерітіндісін жасаудың белгіленген ережесінің сақталуын бақылау;
бақылау-өлшеу аспаптары бойынша технологиялық процесті реттеу;
белгіленген режимге сәйкес ақталған өнімді шаю;
ағарту және қайнату режимін жазу;
арнаулы құрамды әзірлеу және металдың мүжілуінің алдын алу мақсатында қазанның ішкі бөлігін өңдеу.
331. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғының, реттеуші құрылғының, қолданылатын бақылау-есептеу аспаптарының және әртүрлі жүйедегі қорғаныс тетіктерінің құрылысы мен пайдалану ережесін;
оларды күтіп-ұстау ережесін, химиялық материалдардың түрлерін және олардың талшықтың әртүрлі түрлерімен өзара әрекетін, өңделетін өнімнің ассортиментін, қайтадан шлихталаудың;
ағарту және қайнатудың технологиялық режимін;
өнімнің сапасына қойылатын талаптарды;
сынама алу тәртібін.
67. Қайнатушы
Параграф 1. Қайнатушы, 3-разряд
332. Жұмыс сипаттамасы:
технологиялық режимге сәйкес қайнату аппараттарында, қазандарда, баркаларда, кеспектерде, машиналар мен құрылғыларда трикотаж өндірісіндегі иірімжіпті, трикотаж жаймасын, шұлық-ұйық бұйымдарын қайнату процесін жүргізу;
технологиялық режимге сәйкес өзінен біліктілігі жоғары қайнатушының басшылығымен өтпелі қайнату аппараттарында, қазандарда, баркаларда, оның ішінде механикалық ширақжіп баркаларында, әртүрлі жүйедегі қайнату агрегаттарында мақтаны, иірімжіпті, матаны, жібек орамасын қайнату процесін жүргізу;
қызмет көрсететін қондырғыны өнімді қайнатуға дайындауға қатысу;
өнімдер мен химиялық материалдарды белгіленген жерге тасымалдау;
қайнату үшін ерітінді әзірлеу, өнімді салу;
қызмет көрсететін машинаға матаны салу, қайнатудың технологиялық режимі талап ететін деңгейге дейін ерітіндіні жеткізу және оны қайнату процесі барысында реттеу;
матаның тартылуын қарау және қайнату процесін бақылау;
мата ілгегінің немесе иірімжіп орамасының шатасуын болдырмау;
иірімжіп пен матаны шаю;
жұмыс ерітіндісінің қоюлануын тексеру үшін сынама алу;
қайнатудан кейін өнімді алу;
қызмет көрсететін қондырғының жұмысқа жарамдылығын тексеру, оны тазалау мен майлау.
333. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғылардың және реттейтін құрылғылардың;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын;
оларды пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;
өңделетін өнімнің ассортиментін, өнімнің әрбір түрін өңдеудің технологиялық режимін, қайнатылатын өнімді сабақтау, салу, орналастыру және алу нормалары мен ережесін;
қолданылатын ерітіндінің рецептурасы мен қоюлануын, химиялық материалдардың шығыс нормаларын, қайнатылған матаның, иірімжіптің, матаның, жібек орамасының сапасына қойылатын талаптарды;
ерітіндінің қоюлануын анықтау әдістерін, көтеру механизмдерін басқару ережесін.
Параграф 2. Қайнатушы, 4-разряд
334. Жұмыс сипаттамасы:
қайнатудың технологиялық режиміне сәйкес қайнату аппараттарында, қазандарда, баркаларда, кеспектерде, механикалық ширақжіп баркаларында, қайнату агрегаттарында, өтпелі қайнату аппараттарында және бояу-шығырлы машиналарда иірімжіпті, матаны, жібек орамасын, мақтаны қайнату процесін жүргізу;
матаны тігу;
берілген рецептураға сәйкес қайнату ерітіндісін әзірлеу;
қайнату ваннасында температураны, ерітіндінің қоюлануы мен деңгейін қамтамасыз ету;
технология талаптарына сәйкес аппаратқа, қазанға қайнатылатын материалды салу, сабақтау;
қазанға (баркаға) қайнатылатын материалдың дұрыс салынуын қамтамасыз ету;
қайнау процесін байқау;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша технологиялық процесті және талдау нәтижесін реттеу;
ерітінді айналымының бағытын жүйелі түрде ауыстырып отыруды қамтамасыз ету;
тиісті журналға қайнату процесінің жүргізілуін жазу;
айналым бағытын қайта қосу немесе жұмысталған ерітіндіні ағызу;
көтеру механизмдерін басқару;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының реттейтін құрылғылардың және ағызу тесігінің жұмысқа жарамдылығын тексеру;
иірімжіпті, матаны, бұйымды шаю;
баркадан өнімді қолмен түсіру және оларды қатарлап салу, жолдама құжаттарын тексеру;
қызмет көрсететін қондырғысын күтіп-ұстау.
335. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін қондырғының, қолданылатын реттеу құрылғыларының, бақылау-өлшеу аспаптарының және көтеру механизмдерінің құрылысын, пайдалану және күтіп-ұстау ережесін;
қазанға, баркаға иірімжіпті салу және оларды алу ережесін;
қайнатылатын матаның ассортиментін, иірімжіптің, жібектің желілік тығыздығын, химиялық материалдардың түрлері мен қасиеттерін, өнімді қайнатудың технологиялық режимін;
жұмыс ерітіндісінің рецептурасын, химиялық материалдардың шығыс нормаларын, қайнату процесін жазуды жүргізу тәртібін.
68. Матаны өңдеуші
Параграф 1. Матаны өңдеуші, 3-разряд
336. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары білікті өңдеушінің басшылығымен өңдеу агрегаттарында матаны өңдеу, кеңейту, қатпарлау, өлшеу, матаны апшусыз өңдеу үшін өңдеу таптаушында, агрегаттарда матаны өңдеу, қозыелтірі суретін жасау үшін түкті матаны қолмен бедер салу процесін жүргізу;
Достарыңызбен бөлісу: |