4. Кепілдікті орындау тәртібі
1. Қарыз алушы Негізгі борыш сомасын және /немесе Кредит шарты бойынша сыйақы сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Банк (бұл туралы Кепілгерді Қарыз алушының Банк алдындағы берешегінің бар екендігі туралы анықтаманы және Банктің Қарыз алушыға жіберген мерзімі өткен берешегін өтеу туралы жазбаша талабының көшірмесін қоса беріп хабардар етеді.
2. Қарыз алушы Кредит шарты бойынша Негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде Банк Қарыз алушыдан және Қамтамасыз етуді берген тұлғалардан мерзімі еткен берешекті алу мақсатында ақылға қонымды және қалыптасып отырған жағдайда барлық қолжетімді шараларды қабылдауға құқылы (оның ішінде өндіріп алуды Қамтамасыз етуге айналдыру, банктік кепілдік, үшінші тұлғалардың кепілдіктер/кепілгерліктері (Кепілдікті қоспағанда) бойынша талаптар қою, Қарыз алушының шоттарына төлем талап-тапсырмалар қою және т.б. жолмен).
3. Берешекті өндіріп алу жөнінде қабылданған шаралардың нәтижесінде Банк Қарыз алушыдан алған сомалар Кепілгерге Талап қойылғанға дейін төмендегідей кезектілікпен Қарыз алушының берешегін өтеуге жіберіледі:
1) Кредит шарты бойынша сыйақыны және тұрақсыздық айыбын өтеу;
2) Кредит шарты бойынша мерзімі өткен Негізгі борышты өтеу;
3) Кредит шарты бойынша Негізгі борышты өтеу;
4) Кредит шарты бойынша өзге де берешектерді өтеу.
Қарыз алушының берешегін өтеуді Банк ақшаны алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізуі тиіс. Бұл ретте Кепілдік Сомасы Негізгі борышты өтеудің Қатысу мөлшеріне көбейтілген сомасына (оның ішінде мерзімі өткен) тең сомаға азаяды.
4. Қарыз алушы Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді 90 (тоқсан) күн ішінде орындамаған жағдайда Банк Кепілгерге талап қоюға құқылы.
5. Талапта мыналар көрсетілуге тиіс:
1) Кепілдік шартының деректемелері;
2) Кредит шартының деректемелері;
3) Қарыз алушының атауы;
4) Кепілгердің Кепілдік бойынша төлемінің есептеулері;
5) ақша қаражаты есепке алынуға жатқызылатын Банк шотының деректемелері.
6. Талапқа:
1) Қарыз алушының Банк алдындағы берешегінің бар екендігі туралы анықтама;
2) Қарыз алушының Банк алдындағы берешегін (бар болса) растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) Банктің Қарыз алушыға жолдаған талабының (қарсылығы) көшірмесі;
4) Қарыз алушының Банктің талабына (шағымына) жауабының көшірмесі (бар болса);
5) Банктің Кредит шарты бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі қолданған шаралары және растайтын құжаттарды қоса бере отырып (бар болса), қабылданған шаралардың нәтижесінде алынған сомалар туралы ақпарат;
6) берешекті өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмелері (болған жағдайда),
7) орындау парақтарының көшірмелері (болған жағдайда),
8) Кредит шартына қосымша келісімдер көшірмелері (болған жағдайда),
9) Қарыз алушының Банк алдындағы берешегін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) қоса беріледі.
7. Талапта көрсетілген сома Кепілдік шартының талаптарына сәйкес болуы тиіс, алайда ол кез келген жағдайда осы Шарттың 2.2-тармағында белгіленген Кепілдіктің шекті Сомасынан аспауы тиіс.
8. Банк Талапты Кепілгерге осы Шартта көрсетілген мекенжай бойынша тапсырысты хат жіберу жолымен жібереді немесе қолма-қол береді.
9. Кепілгерге Талапты ағымдағы жұмыс күні Алматы уақыты бойынша 16.00-ге дейін қоюға болады. Алматы уақыты бойынша сағат 16-00-ден кейін қойылған Талап келесі Жұмыс күні қойылған деп саналады.
10. Банктің Талабын алғаннан кейін, алайда кез келген жағдайда, ол қанағаттандырылғанға дейін Кепілгер Қарыз алушыны Банк қойған Талаптар туралы осы Шартта көрсетілген қарыз алушының мекенжайы бойынша тапсырысты хатпен хабар жіберу жолымен немесе Қарыз алушының қолын қойғызып қолма-қол беру жолымен жазбаша нысанда хабардар етеді. Хабарлама тапсырысты хатпен жіберілген кезде почта мекемесі берген құжатта көрсетілген күннен кейін 3 (үшінші) күні хабарлама алынды деп саналады.
11. Кепілгер Банктің Талаптарын және осы Шартта көзделген барлық құжаттарды алған сәттен бастап, сондай-ақ Талаптарға және ұсынылған құжаттарға қарсылығы болмаған кезде 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Талапта көрсетілген сомалар мөлшерінде төлем жүргізеді не Банкке барлық қарсылықтарын көрсетіп хат жібереді.
12. Кепілдік бойынша міндеттемесін орындаған Кепілгерге Кредит шарты бойынша Банктің барлық құқықтары және Банкке қамтамасыз ету шарттары бойынша кепіл ұстаушы ретінде тиесілі құқықтары Кепілгер Банктің Талаптарын қанағаттандыру көлемінде етеді. Кепілгер Талапты орындағаннан кейін Банк Кепілгерге 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша келесі құжаттарды беруге міндетті:
1) қосымша келісімдерімен бірге Кредит шартының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі;
2) қосымша келісімдерімен бірге қамтамасыз ету шарттарының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмелері;
3) Кепілгердің талабы бойынша Кепілгердің құқығын растайтын өзге де құжаттар.
13. Кепілгер Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындағаннан кейін Банк Қарыз алушыдан өндіріп алу бойынша шаралардың, оның ішінде қамтамасыз етуді іске асыру жолымен алған барлық сомалар Кепілгер мен Банк арасында мынадай кезектілікпен бөлінеді:
1) Кредит шарты бойынша Банктің алдында сыйақылар мен тұрақсыздық айыбын өтеу;
2) Қарыз алушының Банк алдындағы Негізгі борышы қалдығының сомасын өтеу;
3) Қарыз алушының Кепілгердің алдындағы берешекті өтеуі;
4) Қарыз алушының Банк алдындағы Кредит шарты бойынша өзге де берешектерін өтеу.
Бұл ретте, аақшаны бөлу оны Банк алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс.
5. Кепілдіктің қолданылу мерзімі
1. Кепілдік _____ жылғы « » қоса алғанға дейінгі мерзімге беріледі. 5.2. Мынадай мән-жайлардың кез келгені басталған кезде Кепілдіктің қолданысы тоқтатылады:
1) Кредит шарты бойынша Кепілдікпен қамтамасыз етілген Негізгі борыштың сомасын толық өтеу;
2) осы Шартта көрсетілген Кепілдік мерзімі өткен соң;
3) егер Кепілгер жаңа борышкер үшін жауапты болуға келісімін бермесе, Кредит шартының Кепілдікпен қамтамасыз етілуі бойынша борышының басқа тұлғаға ауысуы;
4) егер Кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалу мерзімі басталғаннан кейін Банк Қарыз алушы немесе Кепілгер ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан бас тартса;
5) Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз Кредит шартының кез келген талаптарының Кепілгер үшін жауапкершілікті ұлғайтуға немесе басқа да қолайсыз салдарларға әкеліп соғатын өзгеруі;
6) шынайы емес мәліметтер (ақпарат) және /немесе құжаттардың берілуі Қарыз алушының тарапынан алаяқтық әрекеттерден туындаған жағдайларды қоспағанда, Банктің Кепілгерге шынайы емес мәліметтер (ақпарат) және /немесе Кепілгердің Кепілдік беру туралы шешім қабылдауы үшін қажетті құжаттар берген жағдайда;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Келісімде және/немесе осы Шартта көзделген өзге де негіздер бойынша.
6. Жауапкершілік
1. Кепілгер Банкке Талапта көрсетілген соманы уақтылы төлемеген жағдайда, Кепілгер Банкке мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
2. Банк Кепілгерге осы Шарттың талаптарына сәйкес Кепілгерге тиесілі кез келген соманы уақтылы қайтармаған жағдайда Банк Кепілгерге мерзімі өткен әр күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
3. Банк осы Шарттың 3.4.1., 3.4.2., 3.4.З., 3.4.5., 3.4.6., 3.4.8-тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, Банк Кепілгерге мерзімі өткен әр күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
4. Қарыз алушы осы Шарттың 3.3.3., 3.3.5., 3.3.6., 3.3.7-тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, Қарыз алушы Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
5. Тұрақсыздық айыбын төлеу талабы кінәлі Тарап құқығын бұзған
Тараптың құқығы болып табылады. Тұрақсыздық айыбын төлеу кінәлі Тарапты осы Шарттың талаптарын тиісінше орындаудан босатпайды.
7. Қорытынды ережелер
1. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда ресімделуі, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылуы және Тараптардың мөрлерінің бедерлерімен бекітілуі тиіс.
2. Осы Шартты өзгертуге, бұзуға және орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер және талқылаулар жолымен шешетін болады, егер келіссөздер нәтижесінде Тараптар келісімге келмеген жағдайда, онда мұндай дау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралатын болады.
3. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар үш данада жасалды.
4. Осы Шартта көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
5. Кредит шартының көшірмесі осы Шартқа № 1 қосымша болып табылады.
6. Тараптардың келісімі бойынга Кепілгер осы Шарт бойынша өз міндеттемелеріне Кепілгердің жеке қаражаты/мүлкі шегінде ғана жауап береді, оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулылары шеңберінде іске асырылатын дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыру үшін Кепілгерге берілген қаражат қосылмайды.
8. Тараптардың орналасқан жері, деректемелері және қолдары
Қарыз алушы:
|
Кепілгер:
|
Банк:
|
|
|
|
______/________/
|
______/________/
|
_______/_________/
|
_______________________________
Достарыңызбен бөлісу: |