ЖКС сараптамасын жүргізу үшін Банктің Қаржы агентіне беретін
құжаттарының тізбесі
1. Банктен сұратылатын жалпы құжаттар:
1
|
2
|
3
|
1
|
Құжаттар тізбесіне ілеспе хат
|
Түпнұсқа
|
2
|
Құжаттар пакетінде бар құжаттардың барлығының тізімдемесі немесе құжаттардықабылдау-тапсыру актісі
|
Банктің уәкілетті қызметкері қол қойған және Банктің мөрімен/мөртабанымен расталған түпнұсқа
|
3
|
Банктен кредит алуға өтінім
|
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме
|
4
|
Банктің уәкілетті органының Қаржы агентінің Кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, Банктің кредит, кепілдік әрі заң басқармаларының және тәуекелдер басқармасының сараптамалық қорытындылары
|
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме
|
5
|
Соңғы есепті күнгі ЖСК қарыжылық құжаттары-балансы (кредиторлық және дебиторлық берешекті таратып жаза отырып, берешектің туындаған күнін, берешекті өтеудің жоспарлы күні мен нысанын көрсете отырып, негізгі құралдарды, ТМҚ таратып жаза отырып) соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке тұлғалар үшін)
|
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме
|
6
|
Жыылдың басындағы және соңғы есепті күнгі ағымдағы жылдың басына және соңғы есепті күнге кредиторлық және дебиторлық берешектің таратылып жазылуын ұсына отырып, берешек туындаған күн, берешекті болжамды өтеу күні мен нысаны, негізгі құралдардың, ТМҚ ЖСК мөрімен расталған (заңды тұлғалар үшін) таратылып жазылуы көрсетілген қаржылық есептілік (баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп)
|
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме
|
7
|
Кірістер мен шығыстар туралы есептің баптарын таратып жазу - сатудың түскен кіріс, өзіндік құн, кезең шығыстары, өзге де кірістер мен шығыстар, қарастырылған кезеңдегі сатылған өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі
|
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме
|
8
|
Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін қоса алғанда, құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша соңғы 12 айдағы ЖКС-нің қаржылық жағдайы туралы, несиелік берешектің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің бар (жоқ) екендігі, сондай-ақ деректемелерін қоса алғанда мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп құжаттары туралы анықтама
|
Түпнұсқа
|
9
|
Несиелік берешектің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің бар екендігі туралы басқа қаржы ұйымдарының анықтамасы (банктерден басқа кредиттер бар болса)
|
Түпнұсқа
|
10
|
Салықтар мен бюджетке өзге де төлемдер бойынша берешектің жоқтығы (барлығы), міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар туралы анықтама
|
Түпнұсқа
|
11
|
Екінші деңгейдегі банктерде бар барлық шоттар туралы мәліметтер
|
Түпнұсқа
|
12
|
Лицензиялар, патенттер, квоталар және т.б. (егер өтініш берушінің қызмет түрі лицензияланатын жағдайда немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын болса)
|
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме
|
13
|
Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса)
- келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстарды жүргізуге, қызметтерді көрсетуге арналған шарттар, орындалған жұмыстар актілері, ақы төлеуге арналған шоттар және т.б.;
- жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті рұқсат (егер кредит құрылыс, қайта жаңарту және т.с.с. саласында пайдалану үшін берілген жағдайда) және т.б..
- Банк шешім қабылдау үшін пайдаланатын кез келген басқа құжаттар
|
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме
|
14
|
Бизнес-жоспар
|
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме
|
15
|
Соңғы және ағымдағы жылы қолданыстағы және іске асырылып болған келісімшарттар (бар болса)
|
Көшірмелер
|
16
|
Кредиттік келісімдер (кредиттер болған кезде)
|
Көшірмелер
|
17
|
Банктік қарыз шартын жасасатын тұлғаның өкілеттіктерін, кепілі мен Банк атынан кепілдігін растайтын құжаттар
|
Банктің мөрімен расталған көшірмелер (Банк кепілдік шартын жасасқан сәтте ұсынуы мүмкін)
|
18
|
«Бизнес-Кеңесші»/Бизнес-Кеңесші-1» немесе «Жас кәсіпкер мектебі» (ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін) жобаларының шеңберінде оқығаны туралы Қаржы агенті берген сертификат
|
Көшірме
|
Ескертпе: 1)* 60 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша:
2) қаржылық есептің өту мерзімі Банк құжаттар пакетін ұсынған күнге 3 айдан аспауы тиіс.
2. ЖКС-ның құқықтық мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын, Банктен сұратылатын құжаттар
2.1. Егер ЖКС дара кәсіпкер болған жағдайда:
№
|
Құжаттың атауы
|
Нысаны
|
1
|
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі
|
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме
|
2
|
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда -патент
|
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме
|
3
|
Қолының және мөрінің бедері бар үлгілерімен құжат
|
нотариалды расталған көшірме
|
4
|
ЖКС-ның кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі
|
Түпнұсқа Қаржы агентінің атына ұсынылады
|
2.2 Егер ЖКС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болған жағдайда
1
|
2
|
3
|
1
|
Жарғы, оған өзгерістер мен толықтырулар
|
нотариалды расталған көшірме
|
2
|
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені /қайта тіркелгені туралы куәлік
|
нотариалды расталған көшірме
|
3
|
Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі
|
нотариалды расталған көшірме
|
3
|
ЖКС уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі
|
Түпнұсқа не Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген түпнұсқа немесе көшірме
|
4
|
ЖКС атынан Банкте және Қаржы агентінде құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттігін растайтын құжаттар
|
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме
|
5
|
Кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған ЖКС уәкілетті органының шешімі
|
Қаржы агенті бекіткен нысан бойынша түпнұсқа
|
6
|
Кредит тарту туралы шешім қабылдаған ЖКС уәкілетті органының шешімі
|
Банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа
|
7
|
Бірінші басшы, бас бухгалтер қолдарының және ЖКС мөрі бедерлерінің үлгісі бар құжат
|
нотариалды расталған көшірме
|
8
|
ЖКС-нің кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі
|
Түпнұсқа Қаржы агентінің атына ұсынылады
|
Қажет болған жағдайда Қаржы агенті жоба бойынша қосымша құжаттама мен ақпаратты сұрата алады.
Бірнеше беттен тұратын құжатты ұсынған жағдайда мұндай құжат түптеп тігілуі және нөмірленуі немесе құжаттың әрбір бетінде уәкілетті тұлғалардың қолымен және мөрімен/мөртабанымен бекітілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№1596 қаулысына 2-қосымша
Ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
5-қосымша
Алдын ала кепілдік хат
_______ жылғы «___» ______ № _____ Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыру шеңберінде осы хатпен мынаны хабарлаймыз, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі — Қаржы агенті):_______ «_________ » Жобасы бойынша Қаржы агентінің кепілдігін беру туралы «________» ДК/ЖШС/АҚ өтінімін қарады және мақұлдады. Қаржы агенті______: «____________ » жобасы бойынша мынадай шарттармен «________ » ДК/ЖШС/АҚ үшін кепілдік беруге дайын: - кепілдік сомасы:________ (__________ ) теңге, бұл кредит сомасының %-ын құрайды;
кепілдік мерзімі:__________;
кепілдік берудің өзге де жағдайлары Келісім талаптарына сәйкес
жасалуға тиіс Кепілдік шартымен реттеледі.
Осы алдын ала кепілдік хатының қолданылу мерзімі ол берілген күннен бастап _____ (_______) айды құрайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдіктер түріндегі мемлекеттік қолдау шарттарын реттейтін Қазақстан Республиасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда Қаржы агенті жоғарыда көрсетілген кепілдік беру шарттарын қайта қарауға және оларды толығынан немесе ішінара өзгртуге немесе жоюға құқылы, бұл туралы Банк Кепілдік шартына қол қойғанға дейін хабардар етілетін болады.
Құрметпен,
____________ _____________ _____________
(лауазымы) (қолы, м.о.) (Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы желтоқсандағы №1596 қаулысына 3-қосымша
Ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
6-қосымша
№ Кепілдік шарты
__________қаласы 20___ жылғы «___» _________
Бұдан әрі «Кепілгер» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан ___________негізінде әрекет ететін __________бір тараптан, бұдан әрі «Банк» деп аталатын «_________» акционерлік қоғамының атынан___________ негізінде әрекет ететін ___________________________ екінші тараптан және бұдан әрі «Қарыз алушы» деп аталатын, __________ атынан ____________ (Қарыз алушының толық атауы)негізінде әрекет ететін_________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп, ал жеке-жеке Тарап деп не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 ___ жылғы «__» ___ №_____ қаулысын іске асыру шеңберінде Кепілгер мен Банктің арасында жасалған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде, төмендегілер туралы осы Кепілдік шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Анықтамалар
Кредит шарты - Қарыз алушы мен Банк арасында жасалатын қалпына келтірілетін/келтірілмейтін кредит желісін беру туралы Банктік қарыз шарты/келісімі;
Кредит - Банк Кредит шартының талаптарымен Қарыз алушыға беретін қарыз;
«Кредитті мақсатты пайдалану» - Қарыз алушының Кредит қаражатын Банкке растайтын құжаттарды бере отырып, Кредит шартында белгіленген мақсаттарға пайдалануы;
Негізгі борыш - Қарыз алушының Кредит шарты бойынша міндеттемелерін орындамауынан және/немесе тиісінше орындамауынан туындаған, есептелген сыйақы сомасын, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын, өсімпұлды, айыппұл санкцияларын, борышты өндіріп алу бойыншасот шығындарын, Банктің басқа да шығындарын есепке алмағанда,
Кредит шарты бойынша негізгі борыштың сомасы;
Кепілдік — Кепілдік Сомасы шегінде осы Шарттан туындайтын Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуы үшін жауап беретін Кепілгердің Банк алдындағы міндеттемесі;
Кепілдік сомасы - шегінде Кепілгердің Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуы үшін жауап беруге міндеттенетін осы Шартта белгіленген сома;
Қамтамасыз ету - Қарыз алушының және/немесе үшінші тұлғаның Қарыз алушының Кредит шарты бойынша беретін кез келген мүлкі және/немесе мүліктік құқығы, сондай-ақ Кепілдікті қоспағанда, Қарыз алушының Кредит шарты бойынша Банк алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін берілген кепілдіктер, кепілгерліктер;
Талап - осы Шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған Кепілдік Сомасы шеңберінде Кепілдіктер бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы Банктің Кепілгерге талабы;
Жұмыс күні - екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асыруы үшін ашық күн (сенбіні немесе жексенбіні немесе ресми мерекелер мен демалыс күндерін қоспағанда);
Қатысу мөлшері - Кепілдік Сомасының Негізгі борыш сомасына пайыздық мәндегі қатынасы.
2. Шарттың нысаны
1. Осы Шарттың талаптары бойынша Кепілгер Қарыз алушының Кепілгер мен Банктің арасында жасалған Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауы үшін Банк алдында жауап беруге міндеттеме алады:
1) Кредит шартының атауы және нөмірі:___________________;
2) Кредит шартының жасалған күні:_______________________;
3) Кредит сомасы:_____________________;
4) Кредит бойынша сыйақы ставкасы:___________________;
5) Кредиттің мерзімі:___________________;
6) Кредиттің нысаналы бағыты:
______________;
Кредит шартының көшірмесі Шартқа қоса беріледі (Шартқа №1 қосымша).
Осы тармақтағы мәліметтер Кредит шартының талаптарына сәйкес көрсетіледі.
2. Осы Шарт бойынша Кепілгердің Банк алдындағы міндеттемесі ____________(____________) теңге ___________________________ тиын
мөлшеріндегі Кепілдік сомасымен шектелген, бұл Негізгі борыш
сомасының _________ %-ын құрайды.
3. Кепілідік бойынша Кепілгер міндеттемелерінің мөлшері Кепілгер орындаған Талаптардың сомасына азайтылады.
4. Кепілгер берілген кепілдіктің бастапқы мөлшерін азайтуға құқығы жоқ.
Бұл ретте, кредит желісінің қайта басталмайтын лимиті бойынша Негізгі қарызды өтеген/ішінара өтеген кезде Кепілдік Сомасы өтелетін Негізгі Қарыздың Қатысу үлесіне көбейтілген сомасына тең сомада азайтылады. Кредит желісінің қайта басталатын лимиті бойынша Кредит шартында көрсетілген қол жету кезеңі аяқталғаннан кейін жасалған Негізгі қарызды өтеу сомасына тең азайтылады.
5. Кепілдік Қарыз алушы Кредит шарты бойынша Негізгі қарыз сомасын қайтару міндеттемелерін орындамаған жағдайда ғана орындалуы тиіс. Талапты қою және Кепілдікті орындау тәртібі осы Шартта белгіленеді.
6. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Банкке Кепілгерге, Қарыз алушыға, Кредит шарты мен оның орындалуына қатысты кез келген ақпаратты, оның ішінде Кредит бойынша өтелген сомалар туралы, Кредит шарты бойынша несиелік берешектің қалдығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ банктік, коммерциялық және өзге де құпияны құрайтын өзге де мәліметтерді беру құқығын ұсынады;
7. Осы шартқа қол қоя отырып Қарыз алушы Кепілгердің Кепілгер акционері мен мемлекеттік органдарға мынадай мәліметтерді ұсынуына келісім береді: Қарыз алушының фирмалық атауы, Қарыз алушының «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарлдамасына қатысуы, Кредиттің Сомасы мен мерізімі, Кепілдік Мерзімі, Кредит бойынша сыйақы ставкасы, Кепілдік бойынша комиссия мөлшері. Қарыз алушы, сондай-ақ, Кепілгерге осы тармақта көрсетілген мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Кепілгердің веб-сайтында жариялауға құқық береді.
8. Кредит шарты бойынша Қамтамасыз ету болып Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз Қарыз алушының міндеттемелерін және/немесе Шартт орындауын Қамтамасыз ету ретінде Кредит шартында көрсетілмеген мүлік, құқық, кепілдік, кепілгерлік ретінде қатыса алмайды. Осы шартты орындамау Кепілдікті тоқтатуға алып келеді, ал Кепілгер Кепілдікті толығынан немесе ішінара орындалған жағдайда - Банктің міндеті Кепілдік бойынша алынған барлық соманы Кепілгерге Кепілгерден жазбаша талапты алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қайтару.
9. Қамтамасыз ету ретінде Кредит шарты бойынша қабылданған мүлік Кепіліік шартының қолданылу мерзімі ішінде Қарыз алушының және/немесе үшінші тұлғалардың басқа да міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету ретінде қатыса алмайды (Кепілгермен жазбаша келісілген жағдайларды қоспағанда).
10. Қарыз алушы Кепілдік бергені үшін Кепілгерге Кепілдік мөлшерінен ___ % (пайыз) ставканы ескере отырып комиссия төлейді, бұл ____________
( жазбаша ) теңгені құрайды.
11. Комиссияны Кепілгерге Қарыз алушы осы Шартта көрсетілген Кепілгердің шотына ақша аудару жолымен осы Шартқа қол қойылғанға дейін бір рет төлейді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Кепілгер:
1) Осы Шарттың талаптары бойынша Банктің Талаптарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Банкке төлем жүргізуге міндетті.
2. Кепілгер:
1) Банктен және Қарыз алушыдан осы Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалуын талап етуге;
2) Банктен Қарыз алушының Кредитті мақсатты пайдалануын бақылауды және Банк пен Қарыз алушының осы Шартты және/немесе Кредит шартын орындауын мониторингілеуді жүзеге асыру үшін қажетті толық және шынайы ақпаратты, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны сақтау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Кепілгердің өкілдерінің Банкке баруы жолымен де ақпарат алуға;
3) Кредит шарты бойынша қаржыландырылған Жобаның іске асырылу барысын тексеру мақсатында Қарыз алушының Жобасы іске асырылып жатқан жерге баруды жүзеге асыруға;
4) Егер Банк Талапты осы Шарттың талаптарын бұза отырып қойған болса, Банкке жазбаша дәлелді жауап жіберу жолымен Талапты орындаудан
бас тартуға;
5) Қарыз алушы беруі мүмкін, тіпті Қарыз алушы борышын таныған және/немесе Қарыз алушы Банкке қарсылығынан бас тартқан жағдайда да Банктің талаптарына қарсылық білдіруге;
6) Қарыз алушыдан және Банктен Кепілгердің сұранысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қарыз алушының Кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындауы, оның ішінде жасалған Кредит шарты талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпарат беруді талап етуге;
7) Банктен (Кепілгер Кепілдік шарты бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) Банктің Қарыз алушыға талаптарын растайтын құжаттар мен ақпаратты беруді және осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды Кепілгерге осы Шартта белгіленген көлемде беруді талап етуге;
8) Қарыз алушыдан (Кепілгер Кепілдік шарты бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) Кепілгерге Кепілдік бойынша жүргізілген төлемдердің сомасын толық көлемде өтеуді, оның ішінде Банкке Кепілдік бойынша төленген сомаға сыйақы төлеуді және Қарыз алушы үшін жауапкершілікке байланысты келген өзге де зияндарды өтеуді талап етуге; 9) Қарыз алушының кез келген шоттарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы Шарт бойынша туындаған берешек сомасын акцептсіз тәртіппен алуға (есептен шығаруға); 10) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
3. Қарыз алушы:
1) Кредитті оның Нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға; 2) Банктің және/немесе Кепілгердің бірінші талабы бойынша оның өкілдеріне Кредиттің мақсатты пайдалануын, оның қамтамасыз етілуін және Қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметін оның өндірістік (сауда) объектілерін тікелей қарау және/немесе Банкке және/немесе Кепілгерге қажетті шарттарда (мерзімі, көлемі) қаржы-шаруашылық қызметі туралы құжаттар мен ақпаратты тексеруге беру жолымен тексеруге мүмкіндік беруге; 3) Дереу, алайда Кредит шартының талаптары бұзылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей кез келген жағдайда Кепілгерді орын алған барлық бұзушылықтар туралы, оның ішінде Негізгі борышты және кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы сомасын төлеу (қайтару) мерзімі өткен туралы, сондай-ақ Қарыз алушының Кредит шарты бойынша өз міндеттерін орындауға әсер ететін басқа да барлық жағдайлар туралы жазбаша хабарлауға;
4) Банк Кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап қойған жағдайда, өз міндеттемелерін тиісінше орындау үшін қалыптасып отырған жағдайда ақылға қонымды және қолжетімді шаралардың бәрін қабылдауға;
5) Кепілгер Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда Кепілгерге Кепілдік бойынша Кепілгер жүргізген төлемдер сомасын толық көлемде өтеуге, оның ішінде Банкке Кепілдік бойынша төлеген сомасына Кредит шартында көрсетілген ставка бойынша сыйақы төлеуге (Кепілгердің тиісті талабы болған жағдайда) және Кепілгердің талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімде Кепілгердің Қарыз алушы үшін жауапкершілігіне байланысты келген өзге де зияндарын өтеуге; 6) Кепілгерден Кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған Кредит шарты талаптарының жол берілген бұзылуы туралы ақпаратты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерге сұрауда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда беруге;
7) банктік деректемелері және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы Банкті және Кепілгерді хабардар етуге;
8) осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгердің алдында өзінің бүкіл мүлкімен жауапты болуға міндетті.
4. Банк:
1) Кредит шартының талаптары өзгерген (Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға әкелетін) жағдайда дереу, алайда кез келген жағдайда Кредит шартына өзгерістер енгізілген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, Кепілгерге бұл туралы жазбаша хабарлауға.
Кредит шартына Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға әкелетін өзгерістер енгізілген жағдайда Банк Кепілгерден осындай өзгерістердің бәріне алдын ала жазбаша келісімін алуға тиіс.
Шарттың осы тармағының екінші абзацында көрсетілген өзгерістер Кредит шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген жағдайда, Кепілдік тоқтатылады;
2) Кепілгерден Кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған Кредит шарты талаптарының бұзылуына жол берілгені туралы жазбаша сұрау алған жағдайда, оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерге сұрауда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;
3) Қарыз алушының Кредит шарты бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде (оның ішінде міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындаған жағдайда) орындағаны туралы 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерді жазбаша хабардар етуге;
4) осы Шартта белгіленген жағдайларда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақшаны қайтаруды жүзеге асыруға;
5) Кепілгер Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерге Банктің Қарыз алушыға Талап ету құқықтарын растайтын құжаттар мен ақпаратты беруге және осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды Кепілгерге осы Шартта белгіленген көлемде беруге. Банктің құжаттары Кепілгерге түпнұсқада беріледі, ал мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда - нотариалды куәландырылған көшірмелер түрінде беріледі. Құжаттарды Банктен Кепілгерге беру құжаттарды қабылдау-тапсыру актілерін жасау арқылы жүзеге асырылады;
6) Кепілгерге Кредит берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қарыз алушының Кредит сомасын іс жүзінде алғанын растайтын құжаттың кешірмесін беруге. Егер Кредит Қарыз алушыға қалпына келтірілетін/қалпына келтірілмейтін кредит желісі нысанында берілген жағдайда, Банк Кепілгерге тиісті транш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қарыз алушының қалпына келтірілетін/қалпына келтірілмейтін кредит желісі шеңберінде әрбір траншты алғанын растайтын Банктің мөрімен расталған құжаттың көшірмесін беруге;
7) Кепілгердің Кепілдікті орындау нәтижесінде алған құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;
8) Қарыз алушының Кредит сомасын іс жүзінде алған күнінен бастап _____(___) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қарыз алушының Кредитті Мақсатты пайдалануын растайтын құжаттарды Кепілгерге беруге. Егер Кредит Қарыз алушыға қалпына келтірілетін/ қалпына келтірілмейтін кредит желісі нысаныңда берілген жағдайда Банк Кепілгерге тиісті транш берілген күннен бастап ______(___) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қарыз алушының қалпына келтірілетін/ қалпына келтірілмейтін кредит желісі шеңберінде әрбір траншты алғанын растайтын құжаттарды беруге;
9) осы Шартта белгіленген өзге де міндеттемелерді тиісінше орындауға міндетті.
5. Банк:
1) Қарыз алушы Кредит шарты бойынша Негізгі борышты төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде Талап қоюға;
2) Кепілгерден және Қарыз алушыдан осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы.
6. Осы Шартты орындаған кезде Банктің кепілгер алдындағы өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысықа қарсы бағдарламасын іске асыру шеңберінде кепілгер Банкке орналастырған қаражат есебінен төмендетуге құқығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |