Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы «9» желтоқсандағы
№ 256 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
2014 – 2018 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымы
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларынын (аяларының) даму үрдiстерiн талдау
3.Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер, нысаналы индикаторлар, iс-шаралар мен нәтижелер көрсеткiштерi
4. Функционалдық мүмкiндiктердi дамыту
5. Ведомствоаралық өзара iс-қимыл
6. Тәуекелдердi басқару
7. Бюджеттiк бағдарламалар
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы:
Жайлы инвестициялық климат, жаңа, жоғары технологиялық, бәсекеге қабiлеттi және қауіпсіз өндiрiстердi, көлік-коммуникация кешенін, ғарыш саласын және ақпараттық кеңістікті дамытуға ықпал ететiн, индустриялық-инновациялық даму үшін және туризмге жағдайлар жасау.
Пайымы:
-
бәсекеге қабiлеттi ғылымды көп қажет ететін өнiм әзiрлеудi және өндiрудi қамтамасыз етуге қабiлеттi тиiмдi ұлттық инновациялық жүйе;
-
әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ететiн техникалық реттеудiң ұлттық жүйесi;
-
отандық және шетелдiк капиталды тартуға ықпал ететiн қолайлы инвестициялық климат;
-
отандық және шетелдік тұтынушылардың өнеркәсіптің өңдеуші салаларының қазақстандық өнімдеріне сұранысының едәуір ұлғаюымен сипатталатын экономиканы тиімді әртараптандыру;
-
Қазақстанның Орталық Азия өңiрi туризмiнiң көшбасшысы ретiнде халықаралық туристiк қоғамдастыққа кiрiгуi;
-
жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану;
-
экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені;
-
ғарыш саласы Қазақстаның әлемнің ең бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіруіне ықпал ететін экономиканың ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық секторы;
-
қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін және әлемдік ақпараттық кеңістікке толық ықпалдасуын қамтамасыз ететін дамыған, қолжетімді инфокоммуникациялық инфрақұрылым және қазіргі заманғы жалпы ұлттық ақпараттық орта;
-
қауіпті өндiрiстердiң өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтiң тиiстi салаларының (аяларының) даму үрдiстерi
Ескерту. 2-бөлімге ҚР Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30.12. № 337; 2015 жылғы 10.04. № 438 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
1-стратегиялық бағыт.
Индустриялық-инновациялық даму үшiн жағдайлар жасау
Елдiң инновациялық және ғылыми-технологиялық дамуы
Мемлекет тарапынан жүйелi күш-жiгердiң нәтижесiнде инновацияларды дамыту Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық маңызды бағыты ретiнде айқындалды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың басталуы инновацияларды дамыту үшiн жаңа серпiн бердi. Инновацияларды ынталандыру шаралары «Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Заңда, 15 iлеспе заңда және 35 заңға тәуелдi актiлерде бекiтiлген болатын.
Қазақстанның инновациялық саясаттың келесі кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi инновациялық даму тұжырымдамасында көрініс тапты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2013 жылы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 8% құрады (1 774 кәсіпорын), ал 2012 жылы – 7,6% (1 622), 2011 жылы – 7,1% (762) құрады.
Сонымен бірге, 2013 жылы үдерістік және өнімділік инновациясы бойынша белсенділігі 2012 жылы 5,7%-дан (1 062 кәсіпорын) 4,8% кеміді
(1 215), 2011 жылы осы көрсеткіш – 5,7% (614) құрады. Өз кезегінде, маркетингтік және ұйымдастырушылық инновациясы бойынша белсенділігі 2012 жылы 407 кәсіпорыннан 682 кәсіпорынға дейін ұлғайды, 2011 жылы осы көрсеткіш -148 кәсіпорынды құрады.
2013 жылы 2012 жылмен салыстырғандағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-ұйымдастырушылық жұмыстарына кеткен іщкі шығындар
20,3%-ға ұлғайды және 61 672,7 млн. теңгені құрады (2012 жылы – 51 253,1 млн. теңге, 2011 жылы – 44 513,3 млн. теңге). Сонымен қатар ЖІӨ 0,18% ұлғайды (2012 жылы – 0,17, 2011 жылы – 0,16%).
Талдайтын кезең бойынша өнімді және процестік инновациялар (технологиялық инновацияларға шығындар) өткен жылмен салыстырғанда 32,7% ұлғайды және 431 993,8 млн. теңгені құрады (2012 жылы – 325 639,3 млн теңге, 2011 жылы – 194 990,9 млн. теңге).
Инновациялық өнімділік көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 52,6% ұлғайды және 578 263,1 млн. теңгені құрады (2012 жылы – 379 005,6 млн. теңге, 2011 жылы – 235 962,7 млн. теңге). Инновациялық өнімнің ЖІӨ –дегі үлесі 1,69% ұлғайды, 2012 жылы ол 1,25% тең болды, 2011 жылы – 0,85%.
Негізгі проблемаларды талдау
Соңғы 20 жылда Қазақстан индустриялық саясат нәтижесінде күштi экономикалық дамуды бастан кешірді, олар елдің табиғи ресурстарын тиiмдi қолдануға, өндiрiстiң тез дамуына және тікелей шетелдiк инвестициялар ағынының ұлғаюына ықпал етті.
Сонымен бірге, ендігі проблемалар бар:
– инновациялар түрлерін, өнеркәсіпте, университеттерде және мемлекеттік секторда инновацияларды қалай дамыту қажеттігін жеткiлiкті түсiнбеу;
– үдемелі индустрияландырудың сын-қатерлеріне және экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту жөніндегі міндеттерді орындауға отандық білім беру жүйесінің дайын болмауы;
– инновацияларға сұранысты қамтамасыз етудің тиімді тетіктерінің болмауы, жеке сектордың инновациялық қызметте әлсіз қатысуы, сондай-ақ инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін венчурлік капитал нарығының дамытылмауы;
– инновациялар жолындағы әкімшілік кедергілер;
– инновациялық саясаттың өңірлік дамудан оқшаулануы.
Осының барлығы жиынтығында экономиканы дамытуға инновациялардың үлесін айтарлықтай шектейді.
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Инновацияны дамытудың сыртқы факторларына жаңа технологиялық шақырылымдар жатқызылады.
Дүние жүзінде оларды төртінші өндірістік революция деп атайды, жаңа технологияларды, жаңа заман логистикасын, энергетикада жаңа технологияларды, интеллектуалды өнімділік жүйелерін қосқанда өндірісті автоматизациялаудағы алдыңғы қатарлы технологиялары болып табылады.
Төртінші өндірістік революция ретінде болашақ өндіріс немесе «білімді кәсіпорын», онда жаңа технологияларды қолдану тапсырыс берушінің жеке қажеттілігіне бағытталған икемді өндіріс.
Инновацияның дамуын тежелейтін ішкі факторларға, аймақтық инновациялық жүйелердің дамуының жетіспеушілігі, кадрмен қамтамасыз ету құзыретінің төмендігі, ғылым, өндіріс және университеттердегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-ұйымдастырушылық зерттемелер және инновациялық жобалардың арасындағы қатынастардың жетіспеушілігі жатқызылады.
Сонымен бірге, экономикадағы дәстүрлі салалардың технологиялық төменділігі жаңа заманғы технологиялар трансферінің қажеттілігі, өндірісті жаңғырту, еңбек өнімділігінің өсуімен және олардың бәсекеге қабілеттілігін жаңа кезеңге шығарумен сүйемелденеді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгі инновациялық дамыту тұжырымдамасында белгіленген сын-қатерлерді ескере отырып, тиiстi iс-шаралар көзделді және нақты индикаторлар айқындалды.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі
Қазіргі уақытта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында «Энергия унемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» жаңа Заң қабылданды, нормативтік құқықтық база әзірленді, «Энергия үнемдеу - 2020» бағдарламасы қабылданып, іске асырылуда.
Кешенді жоспарға сәйкес, 16 өңірлік және 5 салалық, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» бағдарламасы және ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының энергия үнемдеу жоспарлары іске асырылуда.
Энергия үнемдеуді дамыту институты, энергия тиімділігінің
3 демонстрациялық орталықтары - институтционалдық негіз құрылды. Мемлекеттің 5 жоғары оқу орындарында энергия тиімділігі бойынша мамандықтар ашылды. Дүниежүзілік банкімен, Еуропалық қайта құру және жаңғырту банкімен бірігіп энергия тиімділігі бойынша жобалардың іске асыруы басталды.
Еліміздің ірі энергия тұтынушыларының Мемлекеттік энергетикалық тізілімін құру Заңның негізгі нормасы болып табылады. Тізілімнің негізін еліміздің 70 % астам электр энергиясын тұтынатын өнеркәсіп секторы құрайды (мысалы, халық – 12 %, көлік секторы – 5 %). Өнеркәсіп секорынының 50 ірі кәсіпорындары еліміздің жалпы энергия тұтынудың 40 % тұтынады. (ENRC корпорациясы, «Қазақмыс» ЖШС, «Қазцинк» АҚ және «Арселор Миттал» АҚ тұтас алғанда жалпы тұтынудан 26 % құрайтын 26 млрд.кВт*сағ. электр энергиясын тұтынады).
Заңнамаға сәйкес, бүгінгі күнде 4000 астам заңды тұлғалар энергетикалық аудит жүргізуде және қорытындылары бойынша бесжылдық энергия үнемдеу жоспарын әзірлеп, іске асыруға тиісті.
Жалпы, индустрияландырудың бірінші бесжылдығының кезеңінде еліміздің жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы 13,5 % төмендеді.
Негізгі проблемаларды талдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2013 жылы еліміздің электр энергиясын жалпы 79 091 712,5 мың кВт/сағ құрады. 1-кестенің көрсеткіштері бойынша, өнеркәсіп секторы электр энергияның негізгі тұтынушысы болып табылады.
1-кесте
№
|
Атауы
|
Электр энергияны тұтынуы 2011 жыл
|
Электр энергияны тұтынуы 2012 жыл
|
Электр энергияны тұтынуы
2013 жыл
|
|
Жалпы тұтынылды
|
мың кВт*сағ
|
81 684 461,3
|
82 990 093,3
|
79 091 712,5
|
%
|
100
|
100
|
100
|
1
|
Өнеркәсіп
|
мың кВт*сағ
|
56 956 033,4
|
57 656 162,3
|
54 466 817,9
|
%
|
69,7
|
69,5
|
68,8
|
2
|
Халық
|
мың кВт*сағ
|
9 436 740,3
|
10 085 385,0
|
10 549 649,9
|
%
|
11,5
|
12,1
|
13,3
|
3
|
Қалған салалар (құрылыс, сауда, көлік саласы және т.б.)
|
мың кВт*сағ
|
15 291 687,6
|
15 248 546
|
14 075244,7
|
%
|
18,8
|
18,6
|
17,8
|
Өнеркәсіп секторымен электр энергиясын тұтыну бөлігі 68,8% құрайды, алайда Еуропалық одақ елдерінің бұл көрсеткіші – орташа 24%.
Республиканың өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарының көпшілігі ескірген технологияларды және тозу дәрежесі елеулі жабдықты пайдаланатыны, энергия шығынының көздерінің бірі болып табылатын елеулі тозу дәрежесімен жабдықтарды (жабдықтардың физикалық тозуы – 45-60%) пайдалануы өнеркәсіп секторы электр энергияны тұтынудың жоғары көрсеткішінің маңызды себебі болып табылады.
Экономиканың электрге және жылу энергиясына мұқтаждығы экономиканың барлық секторларында энергия үнемдеуді насихаттау және дәріптеудің жеткіліксіз деңгейінен, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру мәселелерінен жеткіліксіз хабардар болуы салдарынан халықтың электр мен жылу энергиясын тиімсіз және ұтымсыз пайдалануы Қазақстанның энергия тұтынуының өсуіне әкеледі.
Жоғарыда көрсетілген проблемалар еліміздің жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы көрсеткішіне әсер етеді. Қазақстан Республикасы осы көрсеткіш бойынша әлемнің дамыған елдерінен ғана емес, сонымен қатар экономикаларының құрылымы Қазақстанға өте жақын Ресей, Белоруссия сияқты елдерден айтарлықтай артта қалуда (тиісінше 1,3 және 1,5). Осы көрсеткіш энергия тиімділігін арттыруына кедергі келтіреді, елдің энергетикалық қауіпсіздігінің төмендеуіне және экономикалық өсудің тежелуіне әкелуі мүмкін. Аталған проблеманы шешу мақсатында Қазақстан Президентінің Жолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасын үдемелі Индустриялдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 2015 жылға дейін 10 %-ға және 2020 жылға дейін 25 %-ға төмендету жөнінде міндет қойылды.
Сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Көмірсутек шикізатына бағаның ауытқуы, әлемдік экономиканың күйі сияқты сыртқы экономикалық факторлар жалпы алғанда ел экономикасының энергия тиімділігі көрсеткіштеріне мәнді әсерін тигізеді. Осылайша, 2009 жылы әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің энергияны көп қажет етуі 8 %-ға төмендеді, яғни энергияны көп қажет ететін өнімдердің өндірісі төмендеді, бұл тиісінше бастапқы энергетикалық ресурстарды тұтынуға елеулі әсер етті.
Қазіргі сәтте өнеркәсіптің барлық салаларында жабдықтарды жаңғыртуға үлкен қажеттілік бар. Еліміздің өнеркәсіп секторы энергияны қажет етуі бойынша көрсеткіші ЕО елдерінің ұқсас көрсеткішінен бес есеге артық. Мемлекеттік мекемелердің (мектеп, ауруханалар және т.б.) елеулі үлесі, сондай-ақ тұрғын-үй ғимараттары тиімсіз энергия жүйелерімен жабдықталған және жаңартуды талап етеді.
Инвестицияларды қолдау және арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі
Индустриялық дамытуды инвестициялық қамтамасыз ету де сондай-ақ елдің индустриялық-инновациялық дамуына елеулі әсер етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық деректеріне сәйкес 2005 жылдан бастап 2014 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 190 млрд. АҚШ долларына жуық жалпы тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, оның ішінде, атап айтқанда 57 %-ға жуығы немесе шамамен 108 млрд. АҚШ доллары ҮИИДМБ-ны іске асыру жылдарында тартылды. Бұл ретте, 2005 - 2013 жылдары жалпы ТШИ-дің жылдық орташа өсу қарқыны 17,4%-ды құрады.
ҮИИДМБ-ны сәтті іске асыру арқасында тартылатын инвестициялардың құрылымы өзгеруде. Осылайша, 2005 жылдан бастап барлық өңдеуші өнеркәсіпке тартылған (20,8 млрд. АҚШ доллары) барлық инвестицияның
71 % (14,8 млрд. АҚШ доллары) ҮИИДМБ іске асыру жылдарына сәйкес келді. Өңдеуші өнеркәсіпке жалпы ТШИ-дің жылдық орташа өсу қарқыны 2005 - 2013 жылдары 45%-ды құрады.
2014 жылдың бірінші тоқсанын қоса алғанда 2005 жылдан бастап негізгі инвесторлардың бестігіне Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Қытай және Франция кіреді.
2005 жылдан бастап 2014 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде Қазақстаннан шетелге ТШИ-дің жалпы кету ағынының көлемі 45,8 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде 2014 жылдың бірінші тоқсанында 232 млн. АҚШ долларын құрады.
Негізгі проблемаларды талдау
Инвестициялық тартымдылыққа теріс әсер ететін ірі нарықтардан алшақтық, ел заңнамасының тұрақсыздығы, ішкі нарықтың төмен сыйымдылығы, жоғары білікті кадрлардың тапшылығы, кедендік және визалық режимдер сияқты бірқатар проблемалар бар.
Сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына оң әсер ететін факторларға мынадай сәттерді жатқызуға болады:
1) Қазақстанның Орталық және Орта Азияның, Pесейдің, Үндістанның және Қытайдың ірі тұтынушы нарықтарына қолайлы географиялық орналасуы;
2) бай табиғи және минералды ресурстардың болуына байланысты елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы;
3) экономикалық және саяси тұрақтылық жасап тұрған елдің қолайлы бизнес-климаты;
4) мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдылығын түсіну.
Қазақстан Республикасының индустрияландыру картасы
Қазіргі уақытта, Индустрияландыру картасы 234 мыңнан астам жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 196 мың жұмыс орнын құра отырып, 12,1 трлн. теңгеден астам сомаға927 жоба еніп отыр.
4,5 жыл ішінде Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы 2,5 трлн. теңге сомасынан астам барлығы 672 жоба іске қосылды, 69 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
Іске қосылған жобалармен шамамен 3,76 трлн. теңге сомасына өнім өндірілген, оның ішінде 2014 жылғы 9 айда – 1 трлн. теңге немесе жалпы өнеркәсіп көлемінің 7,4 %-ы (2013 жылы – 1,2 трлн. тг.).
Бұдан басқа, Картаның 2014 жылғы 9 айда іске қосылған жобаларының есебінен өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 12%-ы өндірілген (4,26 трлн. теңгеден 511,9 млрд. теңге).
Карта жобаларының ЖІӨ өсіміне қосқан үлесі 2013 жыл ішінде 6%-дың 0,8 пайыздық тармақты құрады. (2010 жылы – 7,3% -дан 0,5 п.т., 2011 жылы – 7,3% -дан 1,7 п.т., 2012 жылы – 5% -дан 1,3 п.т.).
Индустриализация картасы жобаларының 4 жыл ішіндегі экспорт көлемі 133 млрд. тг. құрап, Карта жобаларының дайын тауарлардың экспортына қосан үлесі 8% құрады.
Жалпы Картаның іске қосылған жобаларымен Қазақстанда бұрын өндірілмеген, 325 өнімнің жаңа түрі игерілді: жүк және жолаушы вагондар, электровоздар, жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар, светодиодты шамдар, титан құймалар және слябтар, дәрі-дәрмек, сүт өнімдері және т.б.
2014 жылы 700 млрд. теңге сомаға, 10 тұрақты жұмыс орнын құру арқылы 120-ға жуық жоба іске қосу жоспарланып отыр.
Негізгі проблемаларды талдау
Жобалардың бір қатарында шығарылатын өнім көлемі бойынша жоспарланған көрсеткіштерді орындамау күтілуде, бұл дұрыс емес жоспарлау, сондай-ақ, дүниежүзілік нарықтағы жағдайдың нашарлауымен байланысты.
Сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Жобалық офис нақты уақыт режиминде жұмыс істеп, жобалардың қазіргі жағдайын үнемі бақылау жүргізуге, Индустриаландыру картасы жобалары көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының мақсаттық көрсеткіштеріне әсерінің талдамасын жасауға мүмкіндік береді. Жобалық офиста жұмыс істеу үшін жобының бастамшыларына, жауапты мемлекеттік органдарға логиндар мен парольдар жасау арқылы жүйеге рұқсат ашылған.
Жобалық офисқа енгізілген аналатикалық аппарат есепті автоматты түрде жинақтау жүргізіп, қажетті бөлікте оны беруді жүзеге асырады. Жүйе аясында жоба бастамшылары пайда болған мәселелер туралы белгі беріп, мәселені шешу үрдісін бақылай алады, бұл Жобалық офистың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Карта жобаларын басқару жүйесінің толыққанды құрылуын аяқтайтын және олардың Қазақстан экономикасының дамуына әсерін талдайтын, Карта жобаларының тиімділігін есептейтін міндеттер атқару бойынша жұмыс жалғастырылады.
Арнайы экономикалық аймақтар
Арнайы экономикалық аймақтар экономикалық өсім нүктесі болып табылады және өздерінің орналасқан жерине ғана емес жалпы ел экономикасына жағымды әлеуметтік-экономикалық әсер береді.
2001 - 2013 жылдар аралығында Қазақстанда он арнайы экономикалық аймақ құрылды, олардың әрбірінің өз мамандануы бар.
Инвестиция тартудың бірден бір негізгі құралы ретінде АЭА қызметінің нәтижесі келесі нәтижелерді көрсетті:
2011 жылы «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгеннен кейін АЭА аумағындағы инвесторларға бірқатар қосымша жеңілдіктер ұсынылды.
Осылайша, АЭА қатысушысы корпоративтік табыс салығын, мүлік салығын, жер салығын және жер учаскесін пайдалануға төленетін төлемді төлеуден оны ұсынған күннен бастап 10 жылға дейін босатылады. Сонымен қатар, осындай АЭА құру мақсатына сай келетін, қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды АЭА аумағында жүзеге асыруға ҚҚС салу, нөлдік ставка бойынша жүзеге асады.
«ИТП» АЭА қатысушылары үшін қосымша жеңілдіктер қарастырылған: әлеуметтік салықты 100 % төмендету; бағдарламалық қамтамасыз етуге қатысты салық салу мақсатында қолданылатын амортизацияның шекті нормасын 15 %-дан 40 %-ға ұлғайту. Сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушылары үшін 2015 жылға дейін экстерриториалдық қағидасы қарастырылған.
Кеденді жеңілдіктерге қатысты, АЭА қатысушысымен АЭА аумағына шетелдік тауарларды кіргізу кезінде, тауар аталған аумақ ішінде кедендік баж және салықтар төлеусіз орналасып, пайдаланылады.
Жалпы, 10 АЭА аумақтарында 516 қатысушы тіркелген.
АЭА қызмет ету кезеңінде 253 млрд. теңге сомаға инвестиция салынды, сондай-ақ, республикалық бюджеттен 94,3 млрд. теңге. осылайша, бюджеттен салынған қаржының 1 теңгесіне 2,7 млрд. теңге жеке инвестиция тартылды.
АЭА аумақтарында шамамен 6 000 жұмыс орындары құрылған.
Қолданыстағы АЭА алаңдарында 188 жоба жүзеге асырылуда, олардың ішінде 115 қолданысқа енгізілді. Жобалық күшіне шыққан кезде 34 мың тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.
5 АЭА аумағындағы кәсіпорындармен (Астана – жаңа қала, (Индустриалды кіші аймақ), Ақтау теңіз порты, Оңтүстік, Павлодар, ИТП) жалпы құны 300 млрд. теңгеге өнім өндірілді.
Жалпы кезеңдегі АЭА қатысушыларының салықтық төлемдері 46,8 млрд. теңгені құрады.
Негізгі мәселелерді талдау
Нақты бір нәтижелерге жеткенге қарамастан, келесі мәселелерді жою бойынша арнайы экономикалық аймақ тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет:
- АЭА әркелкі институционалды дамыту;
- АЭА басқару органы болып табылатын, әртүрлі органдармен жүзеге асырылатын инфрақұрылым объектілерінің құрылысын уақытылы аяқтамау және қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
- АЭА қызметі реттеуші, оның ішінде АЭА қызмет етуін, сондай-ақ, АЭА аумағында жеңілдікпен салық салуда заңнамадағы олқылықтардың және мәселелердің болуы.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен әрбір АЭА бойынша мақсатты индикаторларға жетпеудің шекті деңгейі және қызмет етуінің мақсатты индикаторлары анықталған. Негізгі индикаторлар деп инвестицияның жалпы көлемін, АЭА аумағындағы тауарларды және қызметтер (жұмыс) өндірісінің көлемін, қатысушылар санын және жұмыс орындарының санын атауға болады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді есепке ала отырып, бұдан әрі АЭА аумағында тауар және қызмет (жұмыс) өндірісі көлемі және инвестицияның жалпы көлемі бойынша АЭА қызмет етуінің мақсатты индикаторларына жетпеу қаупі бар.
Мақсатты индикаторларға жетпеудің деңгейінің қауіпті жағдайында, АЭА ҚР Үкіметінің ұсынуымен ҚР Президенті мерзімінен бұрын жұмысын тоқтатады.
Сыртқы және ішкі факторларды бағалау
АЭА дамуына жағымды әсер ететін ішкі факторларға жеңілдіктердің және преференциялардың болуы, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту бойынша өткізіліп жатқан жұмыстар әсер етеді.
Сондай-ақ әлемдік нарықтағы тұрақсыздық және елдердің дамуындағы кризистік құбылыс сияқты кері сыртқы фактор бар.
Жергілікті қамтуды дамыту
ҮИИДМБ іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша жергілікті қамту мониторингінің барлық субъектілерінің сатып алуында жергілікті қамту үлесінің азаюы байқалады. Бұл бірқатар себептермен түсіндіріледі, оның ішінде «СТ-KZ» нысанындағы сертификатта көрсетілген жергілікті қамту үлесін ескеретін қолданыстағы мониторинг жүйесі жергілікті қамтуды есептеу әдістемесінің ағымдағы нұсқасына негізделеді, ал қазақстандық қамтуды есептеудің бастапқы қағидасы «СТ-KZ» сертификатындағы жергілікті қамту үлесін ескермеген болатын. Нәтижесінде, индикаторларды жоспарлау процесінде және одан әрі мониторингілеуде әртүрлі әдістемелер қолданылды.
2011 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 540,9 млрд. теңге соманы құрады, қазақстандық қамту 383,3 млрд. теңгені немесе 70,9 %-ды құрады, 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жергілікті қамту үлесі 4,9 %-ға төмендегені байқалады.
Ұлттық компаниялар мен холдингтердің 2011 жылы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жалпы көлемі
3 333,6 млрд. теңгені құрады, қазақстандық қамту 1 967 млрд. теңге сомасына 59 %, 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жергілікті қамту үлесі 9,2 %-ға артты.
Жүйе құраушы кәсіпорындар есептіліктерінің деректеріне сәйкес
2011 жылы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 948,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде отандық жеткізушілерден 239,9 млрд. теңге сомасында, қарастырылып отырған компаниялар бойынша жергілікті қамту үлесі 25,3 %-ды құрады, 2010 жылмен салыстырғанда 2 %-ға қысқарды.
Тау-кен және мұнай-газ кешенінің жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жалпы көлемі 2011 жылдың 12 айы ішінде 2 395,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде қазақстандық өндірушілерден 1398,1 млрд. теңге сомасына сатып алынды, қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үлесі 58,4 %-ды, 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,2 %-ға ұлғайды.
Жалпы, 2011 жылы сатып алудың жиынтық көлемі 7 218,5 млрд. теңгені құрады, 2010 жылмен салыстырғанда 5,1 %-ға артты (353,8 млрд. теңге), оның ішінде қазақстандық компаниялардан 3 988,3 млрд. теңге сомасына сатып алынды, 2010 жылмен салыстырғанда 678,2 млрд. теңгеге ұлғайды (20,5 %).
2012 жылдың барлық кезеңі ішінде мониторинг субъектілерінің сатып алуындағы жергілікті қамту мониторингі бойынша ақпаратқа жүргізілген талдау нәтижесінде мынадай қорытындылар жасалды:
-
мемлекеттік сатып алуда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі ақшалай баламада 1 132,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жергілікті қамтуы 818,9 млрд. теңгені құрады (72,3 %).
2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі 1,4 %-ға артты.
ҚР «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» Заңына және ұлттық басқарушы холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялармен қызмет жасайтын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу үлгілік ережелеріне сәйкес технологиялық меморандум негізінде нақты тапсырыс сияқты мемлекеттік қолдау шарасы көзделген. Алайда, нақты тапсырыс тетігі тәжірибе жүзінде жұмыс істемейді. Нақты тапсырыс тетігін заң жүзінде бекітуді қажет. Атап айтқанда, мемлекеттік нақты тапсырыс сатып алудың бір түрі ретінде бекіту керек, болашақ жеткізушіні оңай таңдау және шарт жасасу рәсімімен.
-
ұлттық холдингтер мен компаниялардың сатып алуындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі ақшалай баламада 3 567 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жергілікті қамтуы 2 217,2 млрд. теңге (62,2 %). 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алуының жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесінің 3,2 %-ға ұлғаюы орын алды.
-
жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі ақшалай баламада 1016,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жергілікті қамтуы 479,5 млрд. теңге (47,2 %). 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алуының жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесінің 21,9 %-ға артуы байқалды.
-
жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жалпы көлемі ақшалай баламада 2 987,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жергілікті қамтуы 1 496,2 млрд. теңге (50,1 %). 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алуының жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесі 8,3 %-ға төмендеді.
Негізгі проблемаларды талдау
Бүгінгі күні «жергілікті қамту» саласында бірқатар проблемалық мәселелер бар, оларды шешу жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға ықпал етеді:
1) нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша нақты тетіктер мен іс-шаралардың жеткіліксіздігі. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жергілікті қамту саласындағы уәкілетті орган бола отырып, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын айқындау жөніндегі саясатты әзірлейді, алайда бүгінгі күні жергілікті қамтуды дамыту бойынша мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын құралдарға іс жүзінде ие болмай отыр. Осылайша, Министрліктің отандық өнім өндірушілерге артықшылық берілуі үшін мониторинг субъектілерінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдеріне ықпал ету тетіктері жоқ;
2) өндірістік цикл процесінде ірі компаниялар арасында жекелеген тауарлық топтарды сатып алуға мәжбүр болатын жағдайлар жиі кездеседі, атап айтқанда жоғары технологиялық өнімдерді шетелдік өнім берушілерден сатып алуға мәжбүр болады, себебі тиісті ұқсастарды өндіру қазақстандық нарықта жоқ;
3) интеграциялық процестерді жандандыруға байланысты мемлекеттік қолдау шараларын ішінара немесе толықтай жоғалту (Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) және Бірыңғай экономикалық кеңістікке (бұдан әрі – БЭК) кіруі);
4) «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысында көзделген нормалардың жеткілікті түрде тиімді іске аспауы;
5) жекелеген тауарларды мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік мұқтаждық үшін тауарларды орталықтандырылған сатып алуды жүзеге асыратын бірыңғай оператор көмегімен өткізу қажеттілігі;
6) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде жүзеге асырылатын жұмыстарды жобалау сатысында жергілікті қамту үлесін арттыру қажеттілігі;
7) ӨБК операторларының жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша міндеттемелерінің болмауы;
8) мониторинг субъектілері ұсынатын есептілік рәсімдері мен нысандарын жеңілдету мақсатында жергілікті қамту бойынша мониторинг субъектісін жетілдіру қажеттілігі.
Сұранысқа ие өнімге тапсырыс беру құрылымында ұзақ мерзімді шарттар жасаудың тұрақты тәжірибесінің жоқтығы.
Жергілікті қамтуды дамытуды қолдауға нақты коммуникациялық жоспардың және отандық өндірушілерді сервистік қолдау саясатының жоқтығы.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Бүгінгі күні Қазақстанның жергілікті үлесін арттыру негізі ҮИИДМБ-ні жүзеге асыру болып табылады. ҮИИДМБ негізгі іс-шараларын іске асыру мақсатында әзірленген салалалық бағдарламалар арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1135 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) ерекше орын алады. Бағдарлама бәсекеге қабілетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін тұрақты дамыту үшін жағдай жасауға, сондай-ақ ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған.
Жергілікті қамтуды дамыту бойынша жұмыстар шеңберінде сатып алу процесінің ашықтығын және жергілікті қамтуда шынайы мониторингті қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай тізілімі «Қазақстандық қамту» интернет-порталы ақпараттық жүйелері жасалды.
Алайда, 2010 – 2012 жылдары жасалған жұмыстардың нәтижесі қабылданған шаралардың жеткіліксіздігін көрсетеді және жинақталған тәжірибе негізінде жаңа тәсілдерді талап етеді. Жергілікті қамту саясатын жүзеге асырудың жаңа тәсілі Қазақстанның ДСҰ-ға және БЭК-ке интеграциялануын талап етеді. Олардың барлығы түпкілікті нәтижесінде Бағдарламаны уақыттың жаңа ағымына сәйкес өзектендіруді талап етеді, бұл ДСҰ және БЭК келісімдеріне қайшы келмейтін отандық өнеркәсіпті қолдаудың жаңа құралдарын әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында қосымша шараларды енгізу үшін қажет.
Қазіргі уақытта мемлекеттік саясат ішкі нарықтың қолда бар әлеуетін пайдалану есебінен жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған. Осы мақсаттарға сәйкес Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында қолдаудың преференциялық режимі көзделген, сондай-ақ отандық өндірісті мемлекеттік қолдаудың шаралары айқындалған.
Қазіргі кезде олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейіне қарамастан отандық тауар өндірушілердің барлығы мемлекеттік қолдауға жатады, бұл ретте бүгінгі күні мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде қолданыстағы преференциялар жүйесін халықаралық ұйымдармен интеграциялық процестер ықпалынан төтеп бере алатын кәсіпорындарға ғана бағыттау қажеттілігі бар, бұл қолайлы бәсекелес орта құруға ықпал етеді.
Бұдан басқа, Қазақстан аумағында географиялық орналасуы және шикізаттық базасының болуы есебінен жүзеге асыруға болатын өндіріс түрлері бар, алайда ішкі нарықтың елеусіз көлемі осындай өндірістер құруға мүмкіндік бермейді. Осы уақытқа дейін біздің мемлекетіміз импортты алмастыру саясаты шеңберінде дамып келеді. Өзімізге белгілі, интеграциялану кезінде Қазақстан ішкі нарықта кейбір артықшылықтарын жоғалтады, бұл сыртқы нарықта тауашаларды іздеуге алып келеді, сондықтан қазірдің өзінде мемлекет пен бизнес алдында импортты алмастыру саясатынан экспортқа бағытталу жағына қарай кезең-кезеңмен ауысудың маңызды міндеті тұр.
Техникалық реттеу және метрология
Индустриялық-инновациялық дамыту үшін жағдайлар жасау техникалық реттеу және метрология жүйесін дамытудан туындаған.
Қазіргі күні Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында 67 353 стандарттау жөніндегі нормативтік құжат бар, олардың қатарына ұлттық, халықаралық және өңірлік стандарттар, сондай-ақ нұсқаулық құжаттар, сілтемелер, каталогтар және басқалары кіреді.
Экономиканың басым салаларын дамыту үшін Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын 500-ден кем емес, ал 2015 жылдан бастап 1000-нан кем емес стандарттау жөніндегі нормативтік құжатты әзірлеу көзделген.
Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының жалпы саны
4 627 бірлікті құрайды, олардың ішінде халықаралық талаптармен үйлестірілген стандарттар – 3 323 бірлік, бұл 72 % үйлесімдендірудің жалпы пайызын құрайды.
Бұл ретте халықаралық стандарттармен үйлестіру көрсеткіштері бойынша ең үлкен деңгей мынадай салаларға тиесілі: мұнай және газ - 414 (79,9 % немесе 331 – абсолюттік мәнде) және тамақ өнеркәсібі 405 (64,6 % немесе 262 – абсолюттік мәнде). Үйлестірілген стандарттардың ең азы мынадай салаларда: химиялық технология және лак-бояу өнеркәсібі – 113 (70,7 % немесе 80 абсолюттік мәнде), жеңіл өнеркәсіп – 151 (58,2 % немесе 88 абсолюттік мәнде).
Жыл сайын менеджмент жүйелерін сертификаттаған және енгізген, оның ішінде ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 22000 және SA 8000 халықаралық стандарттары негізінде экспортқа бағытталған кәсіпорындардың саны ұлғаюда. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша менеджмент жүйелерін енгізген кәсіпорындардың саны - 5409, олардың ішінде экспортқа бағдарланғандары – 238, бұл менеджмент жүйелерін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындардың жалпы санының (5409) 4,4 %-ын құрайды.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың эталон базасы эталондардың және эталон жабдықтарының 101 бірлігінен тұрады, оның ішінде 58 мемлекеттік эталон бірлігі, жұмыс эталонының 23 бірлігі және жабдық эталонының 20 бірлігі бар.
Ұлттық аккредиттеу органы 2010 жылдан бастап ILAC (Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастық) толық құқылы мүшесі және ILAC MRA өзара тану туралы келісімге қол қоюшы болып табылады. 2012 жылдан бастап өнімді сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу нәтижелерін өзара тану туралы РАС MLA (Азия-Тынық мұхит аккредиттеу ынтымақтастығы) Көпжақты келісіміне қол қоюшы, осыдан кейін 2012 жылғы тамызда IAF-ке (Халықаралық аккредиттеу форумы) толық құқылы мүшелік үшін өтінім жіберілді.
Өнімге сәйкестік туралы бірыңғай сертификаттар мен декларациялар беруді Кеден одағының Сертификаттау органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау органдары жүзеге асырады.
Сертификаттау органдары (бұдан әрі – СО) және сынақ зертханалары (бұдан әрі – СЗ) Кеден одағының СО және СЗ бірыңғай тізіліміне енгізу тәртібі туралы қағидаға сәйкес Бірыңғай тізілімнің өзектілендірілген қазақстандық бөлігіне 105 СО және 479 СЗ енгізілді.
2013 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша Кеден одағының техникалық регламенттеріне (бұдан әрі – КО ТР) сәйкес СО және СЗ бірыңғай тізілімінің өзектендірілген қазақстандық бөлігіне КО ТР сәйкестігіне өзектендірілген 51 СО және 103 СЗ енгізілді.
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган мемлекет мүддесін және тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғауды қамтамасыз етудегі өзінің негізгі міндетін орындай отырып, барлық меншік нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда белгіленген өнімді өткізу сатысында олардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Негізгі проблемаларды талдау
Нормативтік техникалық құжаттардың (бұдан әрі – НТҚ) Бірыңғай мемлекеттік қорында оң серпілістермен қатар, мынадай проблемалар бар:
-
мемлекеттік органдардың қағаз жеткізгіште сақталған НТҚ-ның бірыңғай форматының болмауы;
-
мемлекеттік органдарда барлық НТҚ-ны бірыңғай базасының болмауы.
Жыл сайын қор НТҚ-ның көп санымен толықтырылады, осыған байланысты қолданыстағы ақпараттық жүйелерді ақпараттық қорғауды, жаңартуды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету қажет.
Сонымен бірге кәсіпорындардың менеджмент жүйесін енгізуге қызығушылықтың төмендігі, менеджмент жүйелерінің жаңа бағыттары бойынша сарапшы-аудиторлардың жеткіліксіздігі және формальды қарау сияқты проблемалар бар.
Экономиканың, сонымен бірге ғылым мен техниканың дамуы өлшем құралдарының қолданылатын паркін үнемі жаңартуға байланысты болады. Бұл ретте жаңарту өлшеу ауқымдарын кеңейту және дәлдігін арттыру жағына қарай болады. Осыған байланысты заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне тиесілі бірқатар бастапқы эталондар, сондай-ақ жұмыс өлшем құралдары тиісті мемлекеттік эталондардың жоқтығы себебінен жыл сайын республикадан тыс тексеруге шығарылады. Осындай жағдай отандық өнімнің әлемдік нарыққа шығуын тежейді, республиканың өзінің бастапқы эталондары мен жұмыс өлшем құралдарын тексертуге мәжбүр болған басқа елдерге техникалық және экономикалық тәуелділігін қалыптастырады.
Бұдан басқа, нормативтік құқықтық құжаттаманы ұлттық заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Кеден одағының техникалық регламенттерін мемлекеттік тілге аудару проблемасы бар.
Саудадағы техникалық кедергілер/санитариялық фитосанитариялық (бұдан әрі – СТК/СФС) кедергілер жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуі шеңберінде мынадай проблемалар бар:
-
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының барлық ДСҰ-ға мүше елдер қабылдаған қағидалар мен техникалық нормаларды зерделеп оқуға мүдделі еместігі;
-
мүдделі мемлекеттік органдардан және кәсіпорындардан хабарламаларда көрсетілген толық мәтінді құжаттарды ұсыну туралы сұраулардың төмен деңгейде екені байқалады.
Кеден одағының бірыңғай нарығын құрудың және оның жұмыс істеуінің іргетасы тауарлардың еркін орын ауыстыруы болып табылатынын атап өту қажет. Халықаралық саудада техникалық кедергілердің болуы Кеден одағына қатысушы елдер өнімінің сыртқы нарықтарға шығуы үшін де, отандық тұтынушылардың шетел өнімдеріне қол жеткізуі үшін де кедергі жасайды. Саудада техникалық кедергілерді жою тетіктері сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға негізделеді.
Бұдан басқа, техникалық реттеу саласында тәжірибелі мамандардың жетіспеуі, техникалық регламенттерді бейімдеу мен енгізудің тиісті деңгейде жүргізілмеуі, Стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын қалыптастыру кезінде нормативтік құжаттарды әзірлеуге ұсынылатын жинақтардың болмауы (жалпы техникалық талаптар, сынау әдістері), техникалық регламенттерді әзірлеу кезіндегі нәтижелерін пайдалану үшін ғылыми негізделген статистикалық деректер мен сынақтардың болмауы, халықаралық деңгейде аккредиттеу және сәйкестікті бағалау нәтижелерін танудың болмауы сияқты өткір мәселелер тұрғанын атап өту қажет.
«Оларды өткізу саласында сапасы мен қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды іске асыру үшін тауар үлгілерін сатып алу және сынау» іс-шарасын жүзеге асыру шеңберінде сынақ зертханаларында өнім үлгілерін сатып алумен және сынаумен байланысты техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптардың сақталуын тексеру іске асырылады.
Азаматтардың өтініштерін талдау көрсеткендей, көп жағдайларда тамақ өнімдерінің, ойыншықтардың және жеңіл өнеркәсіп тауарларының сапасы мен қауіпсіздігіне наразылықтар болады. Бұл ретте нарықта жұмыс істейтін сынақ зертханалары көбіне аталған ақауларды анықтауға жарамсыз.
Қазіргі уақытта олардың құрамын анықтауға аккредиттелген сынақ зертханаларының болмауы салдарынан тұтынушыларға арналған таңбалауда (ақпарат) көрсетілген құрам бойынша көптеген тамақ өнімдерінің (сүт өнімі, шырындар, шұжық өнімдері және т.с.с.) түпнұсқалығын анықтау проблемасы туындап отыр. Аталған проблема, әсіресе болып жатқан интеграциялау процестері (КО, ЕЭК, алдағы ДСҰ-ға ену) шеңберінде аса маңызды.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Жоспарланатын кезеңде қабылданған және әзірленетін техникалық регламенттер бойынша жеткіліксіз ақпараттық-насихаттау жұмысына; әзірленетін техникалық регламенттердің төмен деңгейіне; техникалық регламенттерді әзірлеушілердің төмен кәсіби деңгейіне; өнімді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және жоспарлау, аумақтардың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту кезінде мемлекеттік органдардың қолданыстағы стандарттарды қолдану деңгейінің төмендігіне; ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттауда өнеркәсіптің және қоғамдық орталардың белсенділігінің төмендігіне; аккредиттеу жүйелерінің баламалығы, сәйкестік сертификаттарын және сынақ хаттамаларын, оның ішінде интеграфиялық бірлестіктер шеңберінде тану жөніндегі көпжақты және екіжақты келісімдердің толығымен іске асырылмайтынына назар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |