2014 жылдың 9 айында Ырғыз ауданы жергілікті бюджетінің атқарылуы



жүктеу 83.37 Kb.
Дата03.03.2016
өлшемі83.37 Kb.
2014 жылдың 9 айында Ырғыз ауданы жергілікті бюджетінің

атқарылуы
2014 жылға жергілікті бюджеттің кірісі 3 838 083,0 мың теңге, шығысы 3 838 083,0 мың теңге болып бекітілді. Есепті кезеңге 4 рет нақтыланып, кірісі 4 074 536,0 мың теңге, шығысы 4 102 224,2 мың теңге болды. Жыл басындағы бюджет қалдығы 28 147,3 мың теңге бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға бағытталды. Есепті уақыт ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферт 297 301,0 мың теңгеге, облыстық бюджеттен бөлінген трансферт 111 374,0 мың теңгеге көбейтілді.

2014 жылдың 9 айында жергілікті бюджеттің кірісі 3 196 057,4 мың теңге болып жоспарланып, 3 238 140,0 мың теңге болып немесе 101,3 пайызға орындалды. Оның ішінде салықтық түсімдер 155 819,0 мың теңге болып жоспарланып, 196 827,2 мың теңге болып немесе 126,3 пайызға, салықтық емес түсімдер 2 340,0 мың теңге болып жоспарланып, 3 076,7 мың теңге болып немесе 131,5 пайызға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 735,0 мың теңге болып жоспарланып, 1 072,8 мың теңге болып немесе 146,0 пайызға орындалды.

2014 жылдың 9 айында жергілікті бюджеттің шығысы 3 233 949,0 мың теңге болып жоспарланып, 3 233 575,6 мың теңге болып 100 пайызға орындалды.

Атқарылған шығысты функционалдық топ бойынша талдағанда жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету тобының шығыны 157 471,9 мың теңге болып жоспарланып, 157 420,1 мың теңге болып, қорғаныс функционалдық тобы 6 900,6 мың теңге болып жоспарланып, 6 899,3 мың теңге болып, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметі тобының шығысы 770,0 мың теңңге болып жоспарланып, 770,0 мың теңге болып, білім беру тобы 1 436 914,6 мың теңге болып жоспарланып, 1 436 825,9 мың теңге болып, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру тобы 112 240,5 мың теңге болып жоспарланып, 112 168,4 мың теңге болып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тобы 1 137 393,0 мың теңге болып жоспарланып, 1 137 342,0 мың теңге болып, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік тобы 109 907,5 мың теңге болып жоспарланып, 109 872,3 мың теңге болып, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары тобы 55 163,7 мың теңге болып жоспарланып, 55 158,1 мың теңге болып, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі тобы 7 016,3 мың теңге болып жоспарланып, 7 015,9 мың теңге болып, көлік және коммуникация тобы 81 519,8 мың теңге болып жоспарланып, 81 519,8 мың теңге болып, басқалай функционалдық тобы 22 773,0 мың теңге болып жоспарланып, 22 769,1 мың теңге болып, трансферттер тобы 93 377,0 мың теңге болып жоспарланып, 93 377,0 мың теңге болып орындалды.

Жалпы шығыстың ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферт есепті уақытқа 1 140 678,0 мың теңге болып жоспарланып, 1 140 604,8 мың теңге болып атқарылды. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 28 585,0 мың теңге, үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге 6 493,0 мың теңге, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге 144 248,1 мың теңге, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жастар практикасына қатысушыларға 4 543,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 6 004,0 мың теңге, қайта даярлауға 99,4 мың теңге, жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 7 773,5 мың теңге, инженерлік-инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру немесе сатып алуға 83 434,0 мың теңге, Жайсаңбай, Қалыбай, Құмтоғай және Құйлыс ауылдарында селоішілік сумен жабдықтау құрылысын салуға 789 129,0 мың теңге, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік-инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға 760,0 мың теңге, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алуға 10 000,0 мың теңге, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық жалақыларына 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақы төлемдерге 47 098,3 мың теңге, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредитке 12 437,5 мың теңгенің шығысы атқарылды.

Сонымен қатар облыстық бюджеттен бөлінген трансферт есепті уақытқа 347 831,4 мың теңге болып жоспарланып, 347 782,5 мың теңге болып атқарылды. Оның ішінде мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алуға 1 014,0 мың теңге, Жайсаңбай аулында 60 орындық мектеп құрылысына 29 149,9 мың теңге, Ырғыз ауылының Оңтүстік-Батыс ауданындағы бақылау сорғы станциясы торабы және жеке құрылыс аумақтарының инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысын салуға 8 198,0 мың теңге, инженерлік-инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру немесе сатып алуға 2 089,0 мың теңге, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алуға 4 517,0 мың теңге, Жайсаңбай, Қалыбай, Құмтоғай және Құйлыс ауылдарында селоішілік сумен жабдықтау құрылысын салуға 202 794,6 мың теңге, Ырғыз ауылында әкімшілік ғимарат құрылысын салудың ЖСҚ әзірлеуге 6 769,0 мың теңге, «Мәні» мәдениет үйін күрделі жөндеудің ЖСҚ әзірлеуге 553,9 мың теңге, «Балдырған» және «Аққайың» балабақшаларын күрделі жөндеудің ЖСҚ әзірлеуге 1 701,6 мың теңге, Ақши ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жарақтандырудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 3044,3 мың теңге, Нұра, Мамыр тораптық су құбыры құрылысының ЖСҚ әзірлеуге 6 000,0 мың теңге, Белшер ауылына су құбыры құрылысын салудың ЖСҚ әзірлеуге 4 000,0 мың теңге, Құтикөл автожолының 11 шақырымындағы Қараарық көпірін қайта жарақтандырудың ЖСҚ әзірлеуге 4 190,2 мың теңге, аудандық және елді-мекендердің көшелерін маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуден өткізуге 60 000,0 мың теңге, Ырғыз ауылындағы Әбілқайырхан көшесін күрделі жөндеудің ЖСҚ дайындауға 2 288,6 мың теңге, Құйлыс ауылына кіре беріске дейінгі 6 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеудің ЖСҚ дайындауға 5 187,0 мың теңге, автомобиль жолдарын құжаттандыруға 4 500,0 мың теңге, «Жасыл ел» жастар жұмысшы топтарының жұмысын ұйымдастыруға 2 800,0 мың теңге жұмсалынды.




АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

ЫРҒЫЗ АУДАНЫ

ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ





ПОСТАНОВЛЕНИЕ
АКИМАТА

ИРГИЗСКОГО РАЙОНА АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ




2014 жылғы «___»_________ №____ «___»_________2014 года

Ырғыз селосы село Иргиз



2014 жылдың І-жартыжылдығында жергілікті бюджеттің

атқарылуы туралы
2014 жылға жергілікті бюджеттің кірісі 3 838 083,0 мың теңге, шығысы 3 838 083,0 мың теңге болып бекітілген. Есепті кезеңге 3 рет нақтыланып, кірісі 4 075 635,0 мың теңге, шығысы 4 103 323,2 мың теңге болған. Жыл басындағы бюджет қалдығы 28 147,3 мың теңге бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға бағытталған. Есепті уақыт ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферт 97911,0 мың теңгеге, облыстық бюджеттен бөлінген трансферт 93 453,0 мың теңгеге көбейтілген.

2014 жылдың І-жартыжылдығында жергілікті бюджеттің кірісі 1 823 456,0 мың теңге болып жоспарланып, 1 848 238,0 мың теңге болып немесе 101,4 пайызға орындалған. Оның ішінде салықтық түсімдер 109 306,0 мың теңге болып жоспарланып, 133 317,3 мың теңге болып немесе 122,0 пайызға, салықтық емес түсімдер 1 140,0 мың теңге болып жоспарланып, 1 502,7 мың теңге болып немесе 131,8 пайызға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 285,0 мың теңге болып жоспарланып, 693,1 мың теңге болып немесе 243,2 пайызға орындалған.

2014 жылдың І-жартыжылдығында жергілікті бюджеттің шығысы 1 845 099,5 мың теңге болып жоспарланып, 1 844 887,2 мың теңге болып 100 пайызға орындалған.

Атқарылған шығысты функционалдық топ бойынша талдағанда жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету тобының шығыны 103 699,3 мың теңге болып жоспарланып, 103 576,6 мың теңге болып, қорғаныс функционалдық тобы 5 820,6 мың теңге болып жоспарланып, 5 819,8 мың теңге болып, білім беру тобы 1 004 068,2 мың теңге болып жоспарланып, 1 004 058,1 мың теңге болып, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру тобы 68 276,9 мың теңге болып жоспарланып, 68 275,6 мың теңге болып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тобы 478 574,6 мың


2

теңге болып жоспарланып, 478 573,1 мың теңге болып, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік тобы 64 075,7 мың теңге болып жоспарланып, 64 003,2 мың теңге болып, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары тобы 30 021,5 мың теңге болып жоспарланып, 30 020,8 мың теңге болып, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі тобы 4 076,9 мың теңге болып жоспарланып, 4 076,8 мың теңге болып, көлік және коммуникация тобы 7 202,0 мың теңге болып жоспарланып, 7 202,0 мың теңге болып, басқалай функционалдық тобы 10 082,8 мың теңге болып жоспарланып, 10 080,1 мың теңге болып, трансферттер тобы 68 431,0 мың теңге болып жоспарланып, 68 431,0 мың теңге болып орындалған.



Жалпы шығыстың ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферт есепті уақытқа 491 125,0 мың теңге болып жоспарланып, 491 093,5 мың теңге болып атқарылған. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 21 373,0 мың теңге, үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге 4 330,0 мың теңге, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге 90 403,3 мың теңге, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жастар практикасына қатысушыларға 1 548,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 2 904,0 мың теңге, жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 4 705,4 мың теңге, инженерлік-инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру немесе сатып алуға 59 000,0 мың теңге, Жайсаңбай, Қалыбай, Құмтоғай және Құйлыс ауылдарында селоішілік сумен жабдықтау құрылысын салуға 283 129,0 мың теңге, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық жалақыларына 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемақы төлемдерге 23700,8 мың теңгенің шығысы атқарылған.

Сонымен қатар облыстық бюджеттен бөлінген трансферт есепті уақытқа 152 499,0 мың теңге болып жоспарланып, 152 429,3 мың теңге болып атқарылған. Оның ішінде мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алуға 1 014,0 мың теңге, Жайсаңбай аулында 60 орындық мектеп құрылысына 25 000,0 мың теңге, Ырғыз ауылының Оңтүстік-Батыс ауданындағы бақылау сорғы станциясы торабы және жеке құрылыс аумақтарының инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысын салуға 2 500,0 мың теңге, инженерлік-инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру немесе сатып алуға 1 451,0 мың теңге, Жайсаңбай, Қалыбай, Құмтоғай және Құйлыс ауылдарында селоішілік сумен жабдықтау құрылысын салуға 115 282,0 мың теңге, «Мәні» мәдениет үйін күрделі жөндеудің ЖСҚ әзірлеуге 450,0 мың теңге, Ақши ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жарақтандырудың жобалық-сметалық құжат-


3
тамасын әзірлеуге 3044,3 мың теңге, Құтикөл автожолының 11 шақырымындағы Қараарық көпірін қайта жарақтандырудың ЖСҚ әзірлеуге 180,0 мың теңге, Ырғыз ауылындағы Әбілқайырхан көшесін күрделі жөндеудің ЖСҚ дайындауға 400,0 мың теңге, Құйлыс ауылына кіре беріске дейінгі 6 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеудің ЖСҚ дайындауға 100,0 мың теңге, автомобиль жолдарын құжаттандыруға 2532,0 мың теңге, «Жасыл ел» жастар жұмысшы топтарының жұмысын ұйымдастыруға 476,0мың теңге жұмсалынған.

Аудандық қаржы бөлімінің (Ә.Аяпберген) 2014 жылдың І-жартыжылдығында жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін тыңдап және талқылап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына және Қазақстан Республикасы бюджет Кодексінің 127-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандық қаржы бөлімінің 2014 жылдың І-жартыжылдығында жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебі еске алынсын.

2. Бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне ағымдағы жылға қарастырылған бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін бюджеттік қаражаттардың уақытылы және ай сайын толық атқарылуын қамтамасыз ету міндеттелсін.



3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қызбергеновке жүктелсін.

Аудан әкімі М.ДУАНБЕКОВ

Жобаны ұсынған:

Ырғыз аудандық қаржы

бөлімінің басшысы Ә.АЯПБЕРГЕН


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет