2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы)



бет15/37
Дата24.04.2016
өлшемі3.25 Mb.
#79697
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37

3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы)


Шығарылған стандарттар, бірақ әлі күшіне енбеген (жалғасы)

«ҚЕХС-ты жыл сайынғы жетілдіру, 2010-2012жж. аралығындағы кезең»

БЕХС (IAS) 16 «Негізгі құралдар» және БЕХС (IAS) 38 «Материалдық емес активтер»

Түзету ретроспективті түрде қолданылады және актив жалпы немесе таза баланстық құн бойынша қадағаланатын деректерге негізделе отырып, қайта бағаланатынын БЕХС (IAS) 16 және БЕХС (IAS) 38 шеңберінде түсіндіреді. Сонымен қатар, жинақталған амортизация активтің жалпы және баланстық құны арасындағы айырма болып табылады.



БЕХС (IAS) 24 «Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету»

Түзету ретроспективті түрде қолданылады және басқарушы ұйым (негізгі басқарушылық персонал қызмет көрсететін ұйым) байланысты тарап болып табылатыны және оған байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын талаптар қолдатанынын түсіндіреді. Сонымен қатар, басқарушы компанияның қызметін пайдаланатын ұйым басқару жөніндегі қызметтерді тұтынуға байланысты көтерген шығыстар туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.



«ҚЕХС-ты жыл сайынғы жетілдіру, 2011-2013жж. аралығындағы кезең»

Бұл түзетулер 2014 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және шамамен Топтың қаржылық есептемесіне айтарлықтай әсер етпейді. Құжат мынадай түзетулерді қамтиды:



ХҚЕС (IFRIC) 3 «Бизнесті біріктіру» стандартына түзету

Түзету перспективалы түрде қолданылады және ҚЕХС (IFRIC) 3 қолдану саласынан мынадай ерекшеліктерді түсіндіреді:



  • ҚЕХС (IFRIC) 3 стандартын қолдану саласына бірлескен кәсіпорындар ғана емес, бірлескен кәсіпкерлік туралы барлық келісімдер кірмейді;

  • Қолдану саласынан бұл ерекшелік тек бірлескен кәсіпкерлік туралы келісімнің қаржылық есептемесіндегі есепке алуға қатысты ғана қолданылады.

ҚЕХС (IFRIC) 13 «Әділ құнын бағалау»

Түзету перспективалы түрде қолданылады және ҚЕХС (IFRIC) 13 стандартындағы портфельге қатысты ерекшелік қаржылық активтерге және қаржылық міндеттемелерге ғана емес, сонымен қатар ХҚЕС (IFRIC) 9 (немесе БЕХС (IAS) 39, қолданылатын болса) қолдану саласына түсетін басқа шарттарға қатысты да қолданылады.



БЕХС (IAS) 40 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»

БЕХС (IAS) 40 қосалқы қызметтердің сипаттамасы инвестициялық жылжымайтын мүлікті және меншік иесі иеленетін (яғни, негізгі құралдар) жылдымайтын мүлікті межелейді. Түзету перспективалы түрде қолданылады және операция туралы анықтау үшін БЕХС (IAS) 40 стандарты емес, ХҚЕС (IFRIC) 3 стандарты қолданылатынын түсіндіреді.



«ҚЕХС-ны жыл сайынғы жетілдіру, 2012-2014жж. аралығындағы кезең»

Бұл түзетулер 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Топтың басшылығы бұл кезде түзетулер Топтың қаржылық есептемесіне айтарлықтай әсер ететінін бағалау процесінде болады. Құжат мынадай түзетулерді қамтиды:



МСФО 5 Есептен шығару әдістеріндегі өзгерістер

МСФО 7 Қызмет көрсетуге жасалған келісімшарттар

МСФО 7 Қысқартылған қаржылық есептемеге қолданылатын ҚЕХС 7 түзетулері

МСФО 19 Нарықтың өңірлік проблемалары

МСФО 34 Ақпаратты «қаржылық есептеменің қайсыбір жерінде» ашып көрсету.


  1. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


(жалғасы)

Шығарылған стандарттар, бірақ әлі күшіне енбеген (жалғасы)

Активтерді жіктеу және ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер

Топтың қаржылық жағдайы туралы есепте активтер мен міндеттемелерді оларды ағымдағы және ұзақ мерзімді етіп жіктеу негізінде көрсетеді. Активтер ағымдағы болып табылады, егер:



  • оны сату болжамдалған болса немесе ол әдеттегідей операциялық цикл шеңберінде сату немесе тұтыну үшін тағайындалса;

  • ол негізілген сауда-саттық мақсаты үшін тағайындалса;

  • немесе оны есепті кезең аяқталғаннан кейін кем дегенде он екі айдың ішінде міндеттемелерді өтеу үшін қолдануға немесе оны айырбастауға шектеулер болған жағдайды қоспағанда, ақшалай қаражатты немесе олардың баламаларын білдіреді.

Барлық басқа активтер ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Міндеттеме ағымдағы болып табылады, егер:



  • оны әдеттегідей операциялық цикл шеңберінде өтеу ұйғарылса;

  • ол негізінен сауда-саттық мақсаттары үшін ұсталып тұратын болса;

  • ол есептік кезең аяқталғаннан кейін жиырма айдың ішінде өтелуге жататын болса;

  • компанияда есептік кезең аяқталғаннан кейін кем дегенде жиырма айдың ішінде міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдырудың сөзсіз құқығы жоқ.

Топ барлық басқа да міндеттемелері ұзақ мерзімді ретінде жіктейді.

Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелер ретінде жіктеледі.



Әділ құнды бағалау

Топ сату үшін қолда бар қаржылық активтер сияқты қаржылық құралдарды әрбір есепті күнге әділ құны бойынша және қаржылық емес активтерді (ҰЭТ құрылыстары) олардың әділ құны бойынша, олардың әділ құны қалдық сомасынан айтарлықтай ерекшеленген жағдайда бағалайды. Амортизацялау құны бойынша бағаланатын қаржылық құралдардың әділ құны туралы ақпарат 28- ескертпеде ашылады.

Әділ құн активті сатқаны үшін алынған немесе бағалау күнгі нарық қатысушылары арасында әдеттегідей тәртіппен жасалатын мәмілелер шеңберінде міндетемелерді табыс ету үшін төленген баға болып табылады. Әділ құны бойынша бағалау активті сату немесе міндетемелерді табыс ету жөніндегі мәміле төмендегілерге байланысты өткізіледі деп болжамдайды:


  • аталған актив немесе міндеттеме үшін негізгі нарықта;

  • немесе аталған актив немесе міндеттеме үшін неғұрлым қолайлы нарықта негізгі нарықтың болмауы жағдайында.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет