2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ



бет18/37
Дата24.04.2016
өлшемі3.25 Mb.
#79697
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37

3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


(жалғасы)

Қауымдасқан компанияға инвестициялар

Қауымдасқан компания – бұл Топ соған айтарлықтай әсер тигізетін компания. Айтарлықтай әсер ету - бұл инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық саясатына қатысты шешімдер қабылдауға қатысуға арналған өкілеттік, бірақ осындай саясатқа қатысты бақылау немесе бірлескен бақылау емес.

Айтарлықтай әсер етудің немесе бірлескен бақылаудың болуын анықтау кезінде ескерілетін факторлар еншілес компанияларға бақылаудың болуын анықтау кезінде ескерілетін факторларға ұқсас.

Топтың өзінің қауымдасқан компанияға инвестициялары қатысу үлесі әдісі бойынша есепке алынады.

Қатысу үлесі әдісіне сәйкес қауымдасқан компанияға инвестициялар бастапқы құн бойынша танылады. Инвестицияның баланстық құны Топтың үлесі сатып алған күннен кейін туындайтын қауымдасқан компанияның таза активтеріндегі үлесін мойындау нәтижесінде көбейтіледі немесе азайтылады. Қауымдасқан компанияға жатқызылатын гудвил инвестицияның баланстық құнына енгізіледі және амортизацияланбайды, сондай-ақ құнсыздану тақырыбына бөлек тексеруге ұшырамайды.

Жиынтық кіріс туралы есеп Топтың Қауымдасқан компания қызметінің қаржылық нәтижелеріндегі үлесін көрсетеді. Егер де Қауымдасқан компанияның капиталында тікелей мойындалған өзгеріс орын алса, Топ осындай өзгерістің өз үлесін мойындайды және капиталдағы өзгерістер туралы есепте бұл қолданылатындай осы жәйтті ашады. Топтың Қауымдасқан компаниямен операциялары бойынша туындаған пайдалар мен залалдар Топ Қауымдасқан компанияда қатысу үлесіне ие дәрежеде алынып тасталды.

Қауымдасқан компанияның пайдасындағы Топтың үлесі жиынтық кіріс туралы тікелей есепте ұсынылған. Ол Қауымдасқан компанияның акционерлеріне келетін пайданы көрсетеді және сондықтан да Қауымдасқан компанияның еншілес компанияларындағы салық салу мен бақылаусыз қатысу бөлігін есепке алған соң пайда ретінде анықталады.

Қауымдасқан компанияның қаржылық есептемесі Топтың қаржылық есептемесі секілді сол есептік мезгіл үшін жасалады. Қажет жағдайда оған есепке алу саясатын Топтың есепке алу саясатымен сәйкестендіру мақсатында түзетулер енгізіледі.

Қатысу үлесін қолданған соң Топ Қауымдасқан компанияға өз инвестициясы бойынша құнсызданудан қосымша залалды мойындау қажеттігін айқындайды. Әрбір есептік күнге Топ Қауымдасқан компанияға инвестициялардың шынайы құнсыздану айғақтарының болуын белгілейді. Осындай айғақтар бар жағдайда Топ құнсыздану бағасын Қауымдасқан компанияның қайтарылатын құны мен оның баланстық құны арасындағы құнсыздану сомасын есептейді және осы соманы «Қауымдасқан компанияның пайдасындағы үлес» бабы бойынша пайдалар мен залалдар туралы есепте мойындайды.

Қауымдасқан компанияға айтарлықтай әсердің жоғалуы жағдайында Топ қалған инвестицияларды әділ құн бойынша бағалайды және мойындайды. Қауымдасқан компанияның елеулі әсерін жоғалтқан тұсындағы баланстық құны және қалған инвестициялар мен түсімдері арасындағы айырма пайда немесе залал құрамында мойындалады.



Қаржылық құралдар − бастапқы мойындау және кейінгі бағалау

Қаржылық активтер

Бастапқы мойындау мен бағалау

Топтың қаржылық активтеріне ақша қаражаты, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді депозиттер, саудалық және басқа да дебиторлық берешек, белгіленген және белгіленбеген қаржы құралдары кіреді.

Қаржылық активтер бастапқы танылған кезде тиісінше пайда немесе залал; займдар және дебиторлық берешек; жабылуға дейін ұсталатын инвестициялар; сату үшін қолда бар қаржылық активтер, тиімді хеджерлеу кезіндегі хеджерлеу құралдары ретінде анықталған туынды құралдар арқылы әділетті құн бойынша қайта бағаланған қаржылық активтер ретінде жіктеледі. Барлық қаржылық активтер пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша қайта бағаланатын қаржылық есептерді қоспағанда, бастапқыда солармен мәміле бойынша тікелей байланысқан пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланбаған инвестициялар жағдайында ұлғайтылған әділ құн бойынша мойындалады.

3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы)


Қаржылық құралдар – бастапқы мойындау және бұдан кейінгі бағалау (жалғасы)

Қаржылық активтер (жалғасы)

Заңнамамен немесе немесе белгілі бір нарықта қабылданған («стандарттық талаптардағы» сауда-саттық) қағидамен белгіленген мерзімде активтердің жеткізілуін қажет ететін қаржылық активтерді сатып алу немесе сату жөніндегі барлық мәмілелер мәміле жасалатын күнге, яғни Топ өзіне активті сатып алу немесе сату міндеттемесін қабылдайтын күнге мойындалады.



Кейінгі бағалау

Қаржылық активтерді кейін келесідегідей бағалау олардың жіктелуіне тәуелді:



Займдар мен дебиторлық берешек

Займдар мен дебиторлық берешек өздері белсенді нарықта белгіленбейтін тағайындалған немесе айқындалған төлемақылармен бірге туынды емес қаржылық активтерді көрсетеді. Бастапқы мойындаудан соң осы тектес қаржылық активтер тиімді пайыздық әдісті пайдалана отырып айқындалған, құнсызданудан залалдарды шегере отырып амортизацияланған құн бойынша бағаланады.

Амортизацияланған құн дисконттар немесе сатып алған кездегі сыйақылар, сондай-ақ комиссиялық немесе шығындар есепке алына отырып есептелінеді, олар тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлігі болып табылады. Тиімді пайыздық мөлшерлеменің негізінде амортизациялау жиынтық кіріс туралы есептемеде пайыздық кірістер құрамына енгізіледі. Құнсызданудан болған шығыстар жиынтық кіріс туралы есепте қаржылық шығыстар құрамында қарыз қаражаттары мен дебиторлық берешектер болған жағдайда операциялық шығыстар құрамында мойындалады.

Өтелгенге дейінгі ұсталатын инвестициялар

Тіркелген немесе төлемдермен анықталған және тіркелген өтеу мерзімі бар туынды емес қаржылық активтерді Топ өтеу мерзіміне дейін сенімді түрде және ұстап тұруға қабілетті болғанда, өтелгенге дейін ұсталатын инвестициялар ретінде жіктейді. Бастапқы бағалаудан кейін өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар құнсыздану залалдарын шегеріп тастағанда, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдана отырып анықталатын амортизацияланған құн бойынша бағаланады.

Амортизацияланған құн дисконттар немесе сатып алған кездегі сыйлықақылар, сондай-ақ комиссиялық немесе шығындар есепке алына отырып есептелінеді, олар тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлігі болып табылады. Тиімді пайыздық мөлшерлеменің негізінде амортизациялау жиынтық кіріс туралы есептемеде пайыздық кірістер құрамына енгізіледі. Құнсызданудан болған шығыстар жиынтық кіріс туралы есепте қаржылық шығыстар құрамында мойындалады.

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестицияларға үлестік және борыштық бағалы қағаздар кіреді. Сату үшін қолда бар ретінде жіктелген үлестік инвестициялар – олар сауда үшін арналғандар ретінде де, пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланатындар ретінде де жіктелмеген инвестициялар. Осы санаттағы борыштық бағалы қағаздар – бұл компанияның белгісіз уақыт мезгілі ішінде ұстап тұруды көздейтін және өтіміділікті қамтамасыз ету мақсаттары үшін немесе нарықтық талаптардың өзгеруіне жауап ретінде сатылуы мүмкін бағалы қағаздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет