2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер


«KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Қажиев



бет2/37
Дата24.04.2016
өлшемі3.25 Mb.
#79697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

«KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Қажиев

2014 ЖЫЛДЫҢ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРЫ


31 қаңтар

Кешенді жұмыстарды ұзақ мерзімді сатып алу бойынша ірі мәмілелерге қол қойылды, оның құрамына «500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ӘЖ» құрылысын «кілтпен тапсыру» да енді

27 наурыз

«KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Б.Қажиев Атқарушы дирекция ұжымының алдында Компанияның 2013 жылғы қызмет қорытындылары және алдағы жылдың міндеттері туралы баяндама жасады.

11 сәуір

«KEGOC» АҚ   «Сенiм 2014» байқауында «Ең озат ұлттық жұмыс беруші компания» болып танылды

29 сәуір

2013 жылдың қаржылық есептілігі және Жылдық есеп бекітілді.

25 сәуір

Баку қаласында ТМД Электр энергетикалық кеңесінің 45-ші отырысы өтті

21-23 мамыр

«KEGOC» АҚ   II Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференцияның VII Астаналық экономикалық форумына қатысты, Астана қ.

21-23 мамыр

VII Астаналық экономикалық форум аясында Бүкіләлемдік Энергетикалық Кеңестің «Энергетика көшбасшыларының бүкіләлемдік саммитіне» (WELS) қатысты

11 маусым

«KEGOC» АҚ «КӘЖ электр энергетикалық компаниялар үшін: бизнес тиімділігін арттырамыз» атты тұңғыш салалық бірегей бизнес-құралын әзірлеп, баспадан шығарды

19 маусым

Корея Республикасы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Ақордада өткен кездесуде, екі мемлекет басшысы: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің қатысуымен «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев және «Балқаш ЖЭС» АҚ Басқарма төрағасы Сук Вон Ким Балқаш ЖЭС өндіруші қондырғыларының электр қуатын даярлықта ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған ұзақ мерзімді шартқа қол қойды

2 шілде

Үкіметтің «Жаңа индустрияландыру: 2014 жылғы І жартыжылдық нәтижелері» ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары туралы есебі аясында өткен республикалық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ірі ауқымды жоба - «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транизитінің 500 кВ ӘЖ құрылысын» бастауға рұқсат етті

21 мамыр

«KEGOC» АҚ Әкімшілік ғимаратының құрылысы» нысаны бойынша жұмыстар аяқталды

18 қыркүйек

2014 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша операциялық қызмет пен қаржылық нәтижелердің қорытындысы жаряланды

21 қазан

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің Компанияның кадр резервіндегі қызметкерлерімен кездесуі өтті


28-30 қазан

«KEGOC» АҚ «Power Kazakhstan» 13-ші Қазақстандық Халықаралық көрмесіне және Энергетиктер форумына қатысты, Алматы қ.

24 қазан

ТМД Электр энергетикалық кеңесінің 46-шы отырысы өтті

3-4 тоқсан

«KEGOC» АҚ корпоративтік басқару деңгейіне тәуелсіз бағалау жүргізілді

29 қазан

«KEGOC» АҚ IX Евразиялық KAZENERGY форумына қатысты, Астана қ.

19-20 қараша

«KEGOC» АҚ КЭА энергетиктерінің IX республикалық кеңесіне қатысты, Астана қ.

НАРЫҚҚА ШОЛУ

Мемлекеттік реттеу және Қазақстан Республикасы электр энергетикасының құрылымы
Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi (БЭЖ) - республиканың тұтынушыларын сенiмдi және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететiн электр станцияларының, электр жеткізу желiлерi мен қосалқы станциялардың жиынтығы.

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейді және анықтайды.



Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік уәкілетті орган болып табылады.

Электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті.

Тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу, бақылау және мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті реттеу салаларында, сондай-ақ заңнамамен көзделген шегінде салааралық үйлестіруді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласында мен реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауды, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге арнайы атқарушылық, рұқсатнамалық және бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асыратын мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті болып табылады.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – энергетикалық саланы, телекоммуникацияларды, көлік пен ұлттық даму иниституттарын қоса алғанда, экономиканың әртүрлі салаларында ұлттық компанияларды басқаратын және оған иелік жасайтын мемлекеттік холдингтік компания. «KEGOC» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасына мынадай секторлар кіреді:


  • электр энергиясын өндіру;

  • электр энергиясын жеткізу;

  • электр энергиясымен жабдықтау;

  • электр энергиясын тұтыну;

  • электр энергетикасы саласындағы өзге қызмет.

Электр энергиясын өндіру секторы

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы 102 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 2015 жылғы 1 қаңтарға 20844,2 МВт; жобаланған қуаты – 16945 МВт құрайды.

Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өнеркәсіп кешендері құрамындағы электр станцияларр, өңірлік маңызы бар электр станциялары болып бөлінеді.

Ұлттық маңызы бар электр станцияларға Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында тұтынушыларға электр энергиясын өндіру мен сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының БЭЖ-і жүктемесінің кестесін реттеу үшін қосымша пайдаланылатын гидравликалық электр станциялар жатады.

Өнеркәсіптік маңыздағы электр станцияларына ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жақын маңдағы елді мекендерді электр-, жылумен қамтамасыз ету үшін электр және жылу энергиясын қосымша өндіретін ЖЭО жатады.

Өңірлік маңызы бар электр станциялар – бұл аумақтармен біріктірілген, өңірлік электр желілік компаниялар мен энергия жеткізуші ұйымдар, сондай-ақ жақын маңдағы қалаларды жылумен жабдықтау арқылы электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын ЖЭО.



Электр энергиясын жеткізу секторы

Қазақстан Республикасының электр желілері қосалқы станциялардың, тарату құрылғылары мен электр энергиясын жеткізу және (немесе) бөлуге арналған және олармен қосатын кернеуі 0,4–1150 кВ электр жеткізу желілерін білдіреді.



    Қазақстан Республикасының БЭЖ-де желілер жүйелерін құру міндетін ұлттық электр торабы (ҰЭТ) орындайды, ол республикамыздың өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы) арасында электр байланысын, сондай-ақ электр станцияларының электр энергиясын жеткізу мен оны көтерме сауда тұтынушыларына жеткізуді қамтамасыз етеді. ҰЭТ-тың теңгеріміне кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын қосалқы станциялар, тарату құрылғылары, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен электр жеткізу желілері «KЕGОС» АҚ теңгерімінде.

    Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлер ішінде электр байланысын, сондай-ақ бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді. Өңірлік деңгейдегі электр желілері өңірлік электржелілік компаниялардың (ӨЭК) теңгерімінде және пайдалануында болады.

    Энергия жеткізуші ұйымдар шарттар негізінде өздерінің немесе қолданыстағы (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және пайдаланудың өзгелей пайдалану түрі) электр желілері арқылы көтерме және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын жеткізуді жүзеге асырады.


Электр энергиясымен жабдықтау секторы

Қазақстан Республикасының электр энергиясымен жабдықтау нарығы секторы энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан (ЭЖҰ) тұрады, ол энергия өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған саудадан электр энергиясын сатып алуды және кейіннен оны соңғы бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асырады. ЭЖҰ-ның бір бөлігі электр энергиясының «кепілдікпен жеткізушілер» міндеттерін орындайды.



Электр энергетикасы саласындағы өзге қызмет

Электр энергетикалық нарықтың субъектілері үшн энергия объектілерін салу және жекелеген энергия қондырғыларын жөндеу қызметі мен мамандандырылған жөндеу жөніндегі қызметті көрсетуді құрылыс-монтаждау ұйымдары мен мамандандырылған жөндеу кәсіпорындары жүзеге асырады.

Энергетика саласындағы ғығыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық әзірленімдермен, маркетингтік зерттеулермен және болжаулармен, электр энергиясын өндіру және тұтынушыларды жабдықтау үшін жаңа тиімді энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды ендіру мәселелерін шешумен Қазэнергоөнеркәсіпғзи, «Энергия» ҚазАЭТИІҒЗИ, «Қазселэнергожоба» институты, Академик Ш.Ч.Чокин атындағы Қазэнергетика ҒЗИ» АҚ, «Қазақстан индустриясын дамыту институты» АҚ сияқты ғылыми зерттеу және жобалау-іздестіру институттары айналысады.


    «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар Бірлестігі. Қауымдастықтың мүшелері энергия өндіруші ұйымдар сияқты Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты көтерме сауда нарығына қатысушы – тұтынушылар болып табылады.

    Қауымдастықтың негізгі міндеттері:

    - қызметі тікелей және өзгелей түрде электр энергетикасы саласымен байланысты барлық ұйымдарға қолдау көрсету;

    - электр энергетикасына қатысы бар мемлекеттік бағдарламаларды, заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу;

    - саланың мүддесін үкіметтің, сот және басқа органдардың шешімдеріне байланысты мәселелерде өз мүшелерінің ұстанымдарын қолдау мен қорғау.


«KazEnergy» Қауымдастығы Қазақстанның мұнайгаз және энергетикалық кешенін серпінді және орнықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында құрылған ерікті коммерциялық емес бірлестік болып табылады.

Қауымдастықтың мақсаты:



  • Қауымдық мүшелерінің құқы мен мүдделерін мемлекеттік органдарда қорғау, заңнамалық базаны үйлестіру;

  • жер қойнауын пайдаланушылар, электр энергиясын өндірушілер, энергетика секторының өнімдері мен қызметін тасымалдаушылар мен тұтынушылар үшін біртұтас ақпараттық кеңістік құру;

  • ішкі салалық ынтымақтастық және жергілікті, өңірлік және халықаралық деңгейдегі кәсіпкерлік жобаларын қолдау мен дамыту;

  • өңірлік және ауқымды деңгейде Қауымдастықтың, оның мүшелері мен тұтастай алғанда саланың оң имиджін қалыптастыру;

  • қазақстандық қоғмның экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық белсенділігін ынталандыру.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің және «Атамекен» Одағы» ҚНЭП 2013 жылы 9 қыркүйектегі бірлескен шешімімен құрылған өзін-өзі басқаратын қазақстандық коммерциялық емес ұйым.

Қазақстан Республикасы ҰКП кәсіпкерлік субъектілер одағын білдіреді. Палата мүшелері Қазақстанда тіркелген коммерциялық заңды тұлғалар (соның ішінде банктер және банктік ұйымдар, ұлттық компаниялар мен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қаржы секторы саласындағы ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұйымдар); жеке кәсіпкерлер; шаруа (фермерлік) қожалықтары.

Қазақстан Республикасы ҰКП негізгі мақсаты кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру және бизнес-қоғамдастық пен Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет органдары арасында өзара пайдалы серіктестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер бірлестігінің және (немесе) қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қызметін қолдау және ынталандыру болып табылады.

Қазақстан электр қуаты резервтер ПУЛ (ЭҚРПУЛ) мекемесі Қазақстан Республикасы электр энергиясы нарығының субъектілерімен құрылды. Мекеме қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында өндіруші қуаттар мен электр жеткізу желілері күтпеген жағдайларда істен шыққан кезде тұтынушы-құрылтайшыларды электрмен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін шарттар негізінде қуат резервтерін жасау.

«KEGOC» «КЭА» ОЮЛ, «KazEnergy» Қауымдастығы мүшесі, Қазақстан Республикасы ҰКП мен ЭҚРПУЛ қатысушысы болып табылады.

Қолданыстағыларды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды іске қосу жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мақсатында құрылтайшылардың 18.04.2007ж жалпы жиналысының шешімімен «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы құрылды.

Қазақстан Республикасы электр энергиясының нарығы

Электр энергиясының нарығы екі деңгейдегі: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарынан тұрады.

Жүйелік оператор, өңірлік электр желілік компаниялар мен электр желілерін иеленетін өзге ұйымдар табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен барлық қатысушылардың электр энергиясы нарығына кемсіту жасалмастан кіруін қамтамасыз етеді.

Электр нмесе жылу энергиясы нарығында өндіру, жеткізу және тұтыну кезінде туындаған қатынастар электр энергетикасы саласындағы тиісті шарттармен реттеледі.

Қазақстан Республикасы электр энергиясы көтерме сауда нарығының функционалдық құрылымына:


  • электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығы (электр энергиясын сатып алу-сатудың екі жақты шарттары);

  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы, онда қысқа мерзімде (спот-сауда), орташа мерзімде (апта, ай) және ұзақ мерзімдік (тоқсан, жыл) негізде электр энергиясын сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асырады;

  • нақты уақыт режиміндегі теңгерімдеуші нарық, Жүйелiк оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесінде операциялық тәулiктерде Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiрудiң- тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимiнде туындайтын сағаттық теңгерiмсiздiктердi табиғи және бұдан кейiнгi қаржылық реттеуi мақсатында жұмыс істейді (қазіргі уақытта теңгерімдеуші нарық имитациялық режимде жұмыс істейді);

  • жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы, онда Қазақстан Республикасы БЭЖ-і жұмысының сенімділігін және электр энергиясының сапасын белгіленген мемлекеттік стандарттармен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы БЭЖ-і Жүйелік операторы жүйелік қызметтер көрсету мен Қазақстан Республикасы электр энергиясы нарығының субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

  • электр қуатының нарығы, электр энергиясына сұранысты қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде жаңа электр қуаттарын іске қосу үшін инвестициялар тарту және электр қуатының болжамдық теңгерімі негізінде анықталған Қазақстан Республикасы БЭЖ-де электр қуатының шамасын қолдау мақсатында жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы электр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі жағдайында теңгерімдеуші нарық субъектілерінің өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу, Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімсіздіктерінің нақты шамасын анықтау, реттеуші қуаттарға сұранысты нақтылау, теңгерімдеуші электр энергиясына бағалар диапазонын белгілеу имитациялық режимде, яғни қаржылық өзара есеп айырысу жүргізбей-ақ жұмыс істейді (2016 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2013ж. № 1417 қаулысы).

Теңгерімдеуші нарықта теңгерімсіздіктерді табиғи реттеуді Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің Жүйелік операторы, ал қаржылық реттеуді – Қаржы орталығы жүзеге асырады деген болжам жасалды. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында Қаржы орталығы болып «Энергоинформ» АҚ акционерлік қоғамы белгіленді.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және 04.07.2012ж. оған енгізілген өзгерістерге сай электр қуаты нарығының толық көлемінде жұмыс істеуі 2016 жылға көзделген.

Электр қуатының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді нарығында энергия өндіруші ұйымдар аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында қуатты қолдау жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Жүйелік оператор қуатты қамтамасыз ету жөніндегі қызметті электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында жаңадан пайдалануға берілетін өндіруші қондырғылардың электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметін сатып алу шарттарымен сатып алады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қуатты қамтамасыз ету жөніндегі қызметке арналған тарифті жүйелік операторға табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілейді. Тұтынушылар міндетті тәртіппен электр қуатының жеке өндіруші қуаттары бар тұтынушыларды қоспағанда, қуатты қамтамасыз ету жөніндегі қызметті сатып алушы ретінде электр қуатының нарығына қатысады.



Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері:

  • электр энергиясының көтерме сауда нарығына кемінде 1 МВт орташа тәуліктік (базалық) қуат көлемінде жеткізетін энергия өндіруші ұйымдар;

  • электр энергиясының көтерме сауда нарығында кемінде 1 МВт орташа тәуліктік (базалық) қуат көлемінде сатып алатын электр энергиясын тұтынушылар;

  • энергия жеткізуші ұйымдар;

  • жеке электр желілері жоқ және электр энергиясының көтерме сауда нарығында кемінде 1 МВт орташа тәуліктік (базалық) қуат көлемінде оны қайта сату мақсатында сатып алатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;

  • Жүйелік оператор, оның функциясын «КЕGОС» АҚ электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы жүзеге асырады;

  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда операторы, оның функциясын «КОРЭМ» АҚ орындайды.

    Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығында энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және көтерме сауда тұтынушыларына электр энергиясын сатуды жүзеге асырады. Көтерме сауда нарығына қатысу ұлттық және (немесе) өңірлік электр желісіне рұқсаты және Жүйелік операторға ақпаратты беруді қамтамасыз ететін автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйелері мен телекоммуникациялар жүйелері болған жағдайда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 11.10.2014ж. № 61 бұйрығымен «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы БЭЖ Жүйелік операторы етіп тағайындалды, ол мынадай функцияларды орындайды:

  • ҰЭТ бойынша электр энергиясын жеткізу жөнінде жүйелік қызметтер көрсетеді, техникалық қызмет көрсету мен пайдалану үшін дайындықта ұстауды қамтамасыз етеді;

  • электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн құру мен тәулiктiк кестесiн жасауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы БЭЖ-нiң жұмыс режимдерiн орталықтан жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;

  • Қазақстан Республикасы БЭЖ-і жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;

  • электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөнінде жүйелік қызметтер көрсетеді;

  • электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеуді жүзеге асырады;

  • Қазақстан Республикасының БЭЖ-де энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;

  • электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы қызметтер нарығының нақты уақыт режимiнде жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;

  • шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режимдерiн басқару мен олардың орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды;

  • электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң біртұтас ақпараттық жүйесін, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін, релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларын құру жөнінде техникалық және әдістемелік басшылық жасайды;

  • ұлттық электр торабына электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;

  • Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтымайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;

  • электр станцияларының, қосалқы станциялардың, электр жеткізу желiлерiнің негiзгi жабдықтарын, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;

  • гидроэлектр станцияларының жұмыс режимдерін әзірлеуге қатысады;

  • электр энергиясының болжамдалған теңгерiмдерiн әзiрлеудi жүзеге асырады;

  • электр қуаты нарығының жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы БЭЖ-ін орталықтан диспетчерлік басқаруды «KEGOC» АҚ «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы - ЖО ҰДО» филиалы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы БЭЖ-де орталықтандырылған диспетчерлік басқару «KEGOC» АҚ-ның «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын 9 өңірлік диспетчерлік орталықтың (ӨДО) ЖО ҰДО-ның қарамағына тікелей жедел бағынуы схемасы бойынша ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасы БЭЖ орталықтан жедел-диспетчерлік басқару мыналар болып табылады:



  • электр энергиясын сатып алу-сату, жеткізу, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу шарттарының талаптарын іске асыратын Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну режимдерін басқару;

  • электр энергиясының мемлекетаралық ағындары режимдерін басқару;

  • Қазақстан Республикасы БЭЖ-дегі технологиялық бұзылыстардың алдын алуды, оқушаулау мен жоюды қамтамасыз ету;

  • Қазақстан Республикасы БЭЖ-де қуат резервтерін жедел басқару;

  • Қазақстан Республикасы БЭЖ сенімді және орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің құрылымын, қағидаттарын, орналасатын жерін, көлемдері мен қондырғыларын анықтау;

  • Қазақстан Республикасы БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестелерін жасау және бекіту;

  • электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдерін жасау.


Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторы - «КОРЭМ» АҚ орталықтандырылған сауда-саттық нарығының жұмысын ұйымдастыруға жауапты. Орталықтандырылған сауда-саттық нарығы субъектілердің электр энергиясының нарығына ашық, қысымсыз енуін және электр энергиясының ағымдағы нарықтық бағасының объективті индикаторын қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді.

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылы «KEGOС» АҚ «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп айырысу орталығы» ЖШС («ЖЭК ҚЕО» ЖШС) құрды. «ЖЭК ҚЕО» ЖШС қызметінің негізгі түрі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне жеткізілген электр энергиясын орталықтан сатып алу мен сатуды жүзеге асыру болып табылады.

Электр энергиясының бөлшек сауда нарығында энергия өндіруші және энергиямен жабдықтайтын ұйымдар электр энергиясын бөлшек сауда тұтынушыларына сатуды жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда дербес заңды тұлғаларға – өңірлік электр станцияларына, өңірлік электр желілік компанияларға (ӨЭК), энергиямен жабдықтайтын ұйымдар мен жылу тораптары кәсіпорындарына бөлу арқылы өңірлік энергетикалық компанияларды қайта құрылымдау жүзеге асырылды. Өңірлік электр желілік компанияларды жекешелендіру аяқталды, өңірлік электр желілік компанияларда электр энергиясының сауда-саттығы фукнциясы қызметтің негізгі түрі – энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (ЭЖҰ) құру арқылы электр энергиясын жеткізу функциясынан бөлектенді.

Өңірлік электр желілік компаниялар мен энергия жеткізетін ұйымдар уәкілетті орган белгілеген тәртіпте нарықтың барлық қатысушыларының электр желілеріне еш қысымсыз қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бөлшек сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара қаржылық есеп айырысулар электрмен жабдықтау, сатып алу-сату, қызмет көрсету шарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр энергиясының көтерме сауда нарығы моделі



Электр энергиясының теңгерімі

Электр энергиясын өндіру

Қазақстан БЭЖ-де 2014 жылы 93 935,2 млн. кВт·сағ. электр энергиясы өндірілді, соның ішінде:

жылу электр станциялары (ЖЭС) 78 772,9 млн. кВт·сағ.,

гидроэлектростанциялары (ГЭС) 8 235,8 млн. кВт·сағ.,

газ турбиналық электр станциялары (ГТЭС) 6 915,9 млн. кВт·сағ.,

жел электр станциялары (ЖЭС) 9,4 млн. кВт·сағ.,

күн электр станциялары (КЭС) 1,2 млн. кВт·сағ.

2014 жылы тұтастай алғанда, электр энергиясын өндіру 2013 жылмен салыстырғанда 1 962,5 млн. кВт·с немесе 2,1 %-ға артты.

Қазақстанның бу турбиналық жылу электр станцияларында электр энергиясын өндіру 1150,9 млн. кВсағ. (1,5 %) көлеміне өсті, соның ішінде мынадай электр станцияларының барынша қарқынды жүктемесі есебінен болды:

«ЕЭК» АҚ - 1187,9 млн. кВт·сағ. немесе 7,8 %-ға;

«Жамбыл МАЭС» - 925,9 млн. кВт·сағ. немесе 58,1%-ға;

«Екібастұз МАЭС-1» - 604,4 млн. кВт·сағ. немесе 4,5 %-ға;

«СолтүстікҚазЭнерго» ЖШС - 129,6 млн. кВт·сағ. немесе 5,0 %-ға.

Қазақстанның Оңтүстік аймағында Жамбыл МАЭС электр энергиясын өндіру көлемі 2520,5 млн.кВт сағ. құрды. 2014 жылы станция тоқтатылмады, бір блоктан бастап төрт блокқа дейін жұмыс істеді.

Қазақстан ГЭС-де электр энергиясының өндірісі 2013 жылмен салыстырғанда 534,8 млн.кВтсағ. немесе 6,9 %-ға артты және 8235,8 млн. кВт·сағ. құрады. Қазақстан ГЭС жұмыс режимі су шаруашылығы балансымен және гидрологиялық жағдаймен айқындалды. Бұл ретте Солтүстік аймақ ГЭС-інің өндірісі 949,5 млн.кВтсағ. (19,1%) көлеміне, ал Оңтүстік өңірінің өндірісі 414,7 млн.кВтсағ. (15,2%) көлемін құрады.

Қазақстанның ГТЭС-те электр энергиясын өндіру 270,1 млн. кВт·сағатқа немесе 4,1 %-ға артты және 6915,9 млн. кВтсағ. құрады.

Электр энергиясын тұтыну

2014 жылы Қазақстанның электр энергиясын тұтынуы 2013 жылмен салыстырғанда 2020,1 млн. кВтсағ. немесе 2,3 %-ға артты және 91660,9 млн. кВт·сағ. құрады.



    Қазақстанның Батыс аймағында тұтыну көлемі 707,6 млн. кВт·сағ. (6,9%), Қазақстанның Оңтүстік аймағында 1233,5 млн.кВтсағ. (6,6 %) артты. Солтүстік аймақтың электр энергиясын тұтыну деңгейі өткен жылдың деңгейінде қалды деуге болады, 79,0 млн.кВтсағ. немесе 0,1 %-ға өсті.

    2013 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынуды арттырғандар:



«Қазфосфат» ЖШС 133,4 млн.кВт·сағ. немесе 6,7 %-ға;

«Қазхром ТҰК» Ақтөбе БФ 93,7 млн.кВт·сағ. немесе 6,4 %-ға;

Электр энергиясын тұтынуды азайтқандар:

Қазақстан электролиз зауыты 583,0 млн.кВт·сағ. немесе 16,1 %-ға;

«Корп. Қазақмыс» ЖШС (Жезқазғ. алаңы) 266,1 млн.кВт сағ. немесе 17,0 %-ға;

«Корп. Қазақмыс» ЖШС (Балқаш. алаңы) 307,5 млн.кВт сағ. немесе 48,8 %-ға;

«Қазақстан аллюминиі» АҚ 129,6 млн.кВт сағ. немесе 12,5 %-ға;

УКТМК 122,8 млн.кВт сағ. немесе 21,4 %-ға;

«Арселор Миталл Теміртау» АҚ 43,5 млн.кВт сағ. немесе 1,1 %-ға;

«Қазцинк» АҚ 23,4 млн.кВт·сағ. немесе 0,9 %-ға;

«Соколов-Сарыбай ГПО» АҚ 77,1 млн.кВт·сағ.немесе 3,2 %-ға;

«Қазхром ТҰК» АҚ Ақсу БФ 29,7 млн.кВт·сағ. немесе 0,5 %-ға.

Аймақтар бойынша тұтыну:


  • Қазақстан 91660,9 млн.кВт сағ. немесе 100,0 %;

  • Солтүстік аймақ 60864,9 млн. кВт·сағ. немесе 66,4 %;

  • Оңтүстік аймақ 19856,1 млн. кВт·сағ. немесе 21,7 %;

  • Батыс аймақ 10939,9 млн. кВт·сағ. немесе 11,9 %.

2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда Қазақстанның облыстары бойынша тұтыну көлемінің артқаны байқалады. Павлодар облысы бойынша 541,7 млн. кВт·сағ. (3,0 %-ға), Қостанай облысы бойынша 107,9 млн. кВт·сағ. (1,9 %-ға), Жезқазған облысы бойынша 193,8 млн. кВт·сағ. (3,0 %-ға) төмендегенін көруге болады.


Электр энергиясының ағындары

2014 жылы электр энергиясын өндіру тұтынудан 2274,3млн.кВтсағ. көлеміне артып кетті.

Ресейге сальдоланған электр энергиясы ағыны тұтастай алғанда Қазақстан бойынша 1503,6 млн.кВт·сағ. құрады, бұл 2013 жылға қарағанда 797,0 млн.кВт·сағ. (34,6 %) кем, бұл ретте Ресейден электр энергиясын сатып алу 560,7 млн.кВт·сағ. құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 50,7млн.кВт·сағ. немесе 9,9 %-ға жоғары. Ресейге электр энергиясын сату көлемі 2014 жылы 2064,3 млн.кВт·сағ. болды, бұл 2013 жылғы деңгейден 746,3 млн.кВт·сағ. немесе 26,6 %-ға аз.

2014 жылы Өзбек энергетикалық жүйесі қуат пен электр энергиясын жүйелі түрде жоспардан тыс алуы жалғастырды. Бұл «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік» транзиті бойынша шекті ұйғарынды ағындардың артуына, Қазақстан БЭЖ-Ресей БЭЖ шекарасында электр энергиясы ағындары сальдосының жоспарлы мәндері бойынша ауытқуларға әкеледі. «Узбекэнерго» МАК үшін «KEGOC» АҚ-дан жоспардан тыс электр энергиясын жеткізу 652,029 млн. кВт·сағ. (2013 жылы 405,5 млн.кВт·сағ.). «KEGOC» АҚ мен «Узбекэнерго» МАК арасындағы Қазақстан Республикасы БЭЖ-інен алынған электр энергиясының жоспардан тыс көлемін өзбек тарабының сатып алуына және 2014 жылы қуатты реттеу жөнінде қызмет көрсетуге негізделген өзара қарым-қатынастар тиісті шарттармен реттелді.

Орталық Азия мемлекетіне сальдоланған ағын 770,7 млн.кВт·сағ. құрады (2013 жылы Орталық Азияға сальдо 31,3 млн.кВт·сағ. болды).

Қырғыз Республикасының Кедендік Одаққа және БЭК-ке кіру мәселелері бойынша өткізілген (Бішкек қаласында 2014 жылғы 25-26 шілдеде болды) қазақстан-қырғыз келіссөздері хаттамасының электр энергиясының сыртқы сауда-саттығында тауар алмасуды жүзеге асыру туралы 10-тармағына сәйкес «Қазфосфат» ЖШС, «Жамбыл Жарық Сауда-2030» ЖШС мен «Теміржолэнерго» ЖШС айырбастау шарттары бойынша 2014 жылғы тамыздың 1-і мен 15-і аралығындағы суару кезеңінде Қырғызстанның «Электрические станции» ААҚ-дан электр энергиясын қабылдады. Бұл электр энергиясы тамыздың екінші жартысында және қыркүйекте толығымен қайтарылды (2013 жылы Қазақстанның оңтүстігіндегі суды тұтынушылардың мүдделеріне сай Тоқтоғұл ГЭС су қоймасынан суды қосымша жіберуге байланысты Қазақстан Қырғызстаннан 365,6 млн.кВт·сағ. көлемінде электроэнергиясы импорттады).

Қазақстанның оңтүстік өңірлерін электрмен жабдықтауда орнықсыз жұмыстың орын алу тәуекелдерін азайту үшін, сонымен қатар Тоқтоғұл ГЭС-те суды жинақтау үшін және Жоғары мемлекетаралық кеңестің 7 қарашадағы хаттамасына сәйкес «Жамбыл ГРЭС» АҚ мен қырғыздың «Электрические станции» ААҚ желтоқсанға электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі тиісті шартқа қол қойды, шарт бұдан кейінгі айларда ұзартылып отырады. Қырғызстанға электр энергиясын жеткізу «ҚазТрансГаз» АҚ-мен жасалған шарт бойынша электр энергиясын қосымша өндіру үшін газ беруге бара бар 1 желтоқсаннан басталды. Қырғызстанға электр энергиясын сату 118,7 млн.кВт·сағ. құрды.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 724 қаулысымен Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы бекітілді.

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы әлемдік энергетиканы дамытудың әлемдік озық тәжірибесі мен соңғы үрдістерін есепке ала отырып, мұнай-газ, көмір, атом және электр энергетикасы салаларын бір тұтас етіп байланыстырады.

Отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) дамыту тұжырымдамасын әзірлеген кезде мынадай міндеттер есепке алынды:



  • ОЭК ресурстармен және өнімдермен қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігін күшейту жолымен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • өңір экономикаларының энергияны тұтыну деңгейінің артуын қанағаттандыру жолымен өңірдегі геополитикалық әсерді күшейту;

  • еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру;

  • ғылыми әлеуетті дамыту;

  • электр жабдығы мен энергетикалық объектілердің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру;

  • ХХІ ғасыр технологияларын қолдану жолымен ОЭК салаларын қарқынды дамыту;

  • энергетикалық теңгерімге жаңартылатын энергия көздерін және баламалы энергия көздерін белсенді түрде тарту;

  • энергияны және ресурсты үнемдеу, энергетикалық тиімділікті арттыру.


«KEGOC» АҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

«KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді даму стратегиясы мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды есепке алумен әзірленген және «KEGOC» АҚ дамыту жөніндегі негізгі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді айқындайды.



Компанияның миссиясы – Қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесін тиімді дамытуды және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Болжам – 2025 жылы «KEGOC» АҚ электр энергетикасы саласындағы әлемдік деңгейдегі компания және өңірлік ауқымдағы электр энергетикасы саласындағы құзырет орталығына айналады.

Негізгі стратегиялық мақсат - «Ғаламдық экономикада бәсекеге қабілетті компания құру».

Негізгі стратегиялық мақсатқа жоғары деңгейдегі мақсаттарды іске асыру жолымен қол жеткізіледі:



1-МАҚСАТ Мемлекеттің қажеттілігіне сәйкес Қазақстан ҰЭТ сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету (ҰЭТ СЕНІМДІЛІГІ), яғни жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету, тозған активтерді жаңғырту және жұмыс істеп тұрған активтерге сапалы техникалық қызмет көрсету және пайдалану.

2-МАҚСАТ Экономиканың және халықтың артып келе жатқан сұраныстарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жаңа электр жеткізу желілері мен қосалқы станцияларды салу арқылы Компания бизнесін дамыту мүддесінде және Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес ҰЭТ-ты дамыту (ҰЭТ ДАМЫТУ).

3-МАҚСАТ Инновацияларды дамыту және ендіру, озық басқару әдістерін ендіру, электрмен жабдықтау жоспарларын іске асыру арқылы Компания қызметінің тиімділігін арттыру (ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ).

4-МАҚСАТ Тариф белгілеуге белсенді қатыса отырып, шығындарды оңтайландыру жолымен, сонымен қатар клиенттерге қызмет көрсету деңгейін арттыру жолымен Компанияның акционерлік құнын арттыруды қамтамасыз ету (ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ).

5-МАҚСАТ Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығын ұйымдастыру функцияларын орындау мақсатында құрылған компаниямен жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығын дамыту, электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асыра отырып, электр энергиясының теңгерімделген нарығын іске қосу және қуат нарығын іске қосу арқылы Қазақстан Республикасында электр энергетикасы нарығының тиімділігін жетілдіру және арттыру (НАРЫҚТЫ ДАМЫТУ).

6-МАҚСАТ Корпоративтік басқару тәжірибесін дамыту және орнықты дамуды қамтамасыз ету (КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ. ОРНЫҚТЫ ДАМУ), яғни акционерлердің құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, персоналдың кәсібилігін дамыту, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, экологияға әсерді азайту. БҰҰ Ғаламдық шартының қағидаттарын қолдап, мүше бола отырып, біздің Компания қоғам, қызметкерлері мен болашақ ұрпақ алдындағы өз жауапкершілігін түсінеді.

7-МАҚСАТ Шектес мемлекеттердің электр энергетикалық компанияларымен өзара орнықты серіктестік қарым-қатынастарға қол жеткізу (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ), яғни шектес елдердің электр энергетикалық кәсіпорындарымен ынтымақтастық, Қазақстан БЭЖ-нің шектес мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен өзара қарым-қатынастағы мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, болып жатқан ықпалдасу үдерістері, Кедендік Одақ, Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде ТМД елдерінің жалпы электр энергетикалық нарығын құруға көмектесу.

1-МАҚСАТ. ҰЭТ СЕНІМДІЛІГІ

Қызмет географиясы

Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің 1150-500-220-110 кВ электр желілерінің карта-схемасы

Компанияның негізгі активі ҰЭТ болып табылады, ол ұзындығы 24 893,53 км болатын 35-1150 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желілерінен және белгіленген жеткізу қуаты 36 244,55 МВА 77 қосалқы электр станциясынан тұрады. Олар электр энергиясының трансшекаралық ағындарын қамтамасыз етеді, электр станцияларынан электр энергиясын жеткізеді және өңірлік электр энергетикалық компаниялар мен ірі тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.



«KEGOC» АҚ







филиалдары




Ақмола ЖЭТ

10 ҚС

8137 МВА,

4225км ӘЖ

Ақтөбе ЖЭТ

7 ҚС,

2426 МВА,

960км ӘЖ

Алматы ЖЭТ

11 ҚС,

4229 МВА,

3507км ӘЖ

Шығыс ЖЭТ

5 ҚС,

3027 МВА,

1044км ӘЖ

Батыс ЖЭТ

5 ҚС,

950 МВА,

1681км ӘЖ

Сарыбай ЖЭТ

8 ҚС,

6820 МВА,

2418км ӘЖ

Солтүстік ЖЭТ

8 ҚС,

3521 МВА,

3379км ӘЖ

Орталық ЖЭТ

10 ҚС,

3733 МВА,

3478км ӘЖ

Оңтүстік ЖЭТ

13 ҚС,

3395 МВА, 4201км ӘЖ

ЖО ҰДО

9 ӨДО














































ЕБҰ




Алматы қ. Өкілдігі




«Энергоинформ» АҚ,

100%

«Батыс-Транзит» АҚ,

20%

«ЖЭҚ жөніндегі ҚЕО» ЖШС


































Электр желілік шаруашылықтың сипаттамасы

«KEGOC» АҚ қосалқы станцияларында мына жабдықтар пайдалануға берілген:

    • 271 күштік трансформаторлар мен 1150-10 кВ автотрансформаторлар (олардың 6 - «Батыс Транзит» АҚ-ның теңгерімінде, 1 - «Көкше-Цемент ӨБ» ЖШС теңгерімінде);

    • 171 шунттаушы реактор (олардың 9 - «Батыс Транзит» АҚ теңгерімінде, 1- «КТК» теңгерімінде);

    • кернеуі 1150-35 кВ 1 525 трансформатор фазалары (олардың 73 – тараптық ұйымдардың теңгерімінде);

    • 1150-35 кВ ток трансформаторларының 3 580 фазасы (олардың 217 – тысқары ұйымдардың теңгерімінде);

    • 58 967 РҚА және АҚА құрылғы бірліктері;

    • 30 870 өлшеу құралдары;

    • 111 аккумулятор батареясы (олардың 1 - «Батыс Транзит» АҚ теңгерімінде);

    • 66 сығымдауыш қондырғылар;

    • 1 540 ажыратқыштар (әуелік, майлы, элегазды, вакуумды) (олардың 91 – тысқары ұйымдардың теңгерімінде);

    • қатты оқшаулау мен трансформаторлық майды өңдеуге арналған 116 қондырғылар мен құралдар.

Барлығы жалпы ұзындығы 24 893,53 км (тізбектер бойынша) кернеуі 35-1150кВ 308 электр жеткізу желісі«KEGOC» АҚ теңгерімінде.
Диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру

Қазақстан БЭЖ-дегі жедел-диспетчерлік басқару «KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын және Қазақстан БЭЖ үздіксіз жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын тоғыз өңірлік диспетчерлік орталықты (ӨДО) ЖО ҰДО-ның тікелей жедел бағындыруы схемасы бойынша ұйымдастырылған:



Ақмола ӨДО

Ақтөбе ӨДО

Алматы ӨДО

Шығыс ӨДО

Батыс ӨДО

Қостанай ӨДО

Солтүстік ӨДО

Орталық ӨДО

Оңтүстік ӨДО
ЖО ҰДО-ға мыналар жүктеледі:

      • өңірлік диспетчерлік орталықтар арқылы электр станциялары мен желілерінің келісілген жұмысын тәулік бойы жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру;

      • электр станциялары жабдығы мен желі схемасының нақты жай-күйін есепке ала отырып, Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтынудың тәуліктік кестесін құру және техникалық сараптама жүргізу;

      • Қазақстан БЭЖ қуаты мен электр энергиясының болжамды айлық, тоқсандық және жылдық теңгерімдерін есептеу;

      • электр станцияларының, қосалқы станциялары мен жоғары вольттық желілердің (ӘЖ) жабдықтарын жылдық және айлық жөндеу кестесін әзірлеу, олардың орындалу барысын бақылау, жөндеуге берілген өтінімдерді қарау және рұқсат беру;

      • электр станциялары мен олардың тікелей тұтынушылары арасында қуат теңгерімінің сақталуын бақылау. Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы субъектілерінің берілген тәуліктік жүктеме кестесі мен мемлекетаралық және өңіраралық қуат ағындары кестелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      • электр қуатын және (немесе) энергиясын шартсыз, сонымен қатар шарттан тыс тұтынуды шектеу және болдырмау режимдерін енгізу жөніндегі ұйымдастыру мен техникалық іс-шараларды әзірлеу және қолдану;

      • энергия көздері қуатының азаюы/ысырабы, тұтынушылардың келісілген энергия көздерімен электрлік байланысы жоғалған кезде ЭҚР ПУЛ қуаты резервін қолданысқа енгізу;

      • Қазақстан БЭЖ аса сенімді схемасын қолдау, ЖО ҰДО диспетчерінің басқаруында немесе иелігінде тұрған желілер мен энергетикалық объектілердің пайдалану схемаларын бақылау;

      • Ресей БЭЖ, Орталық Азияның БЭЖ қатарлас жұмысы кезінде – берілген кестелерге сәйкес қуат ағындарын бақылау және реттеу. Оқшауланған жұмыс кезінде Қазақстан БЭЖ-дегі жиілікті реттеу.

ЖО ҰДО диспетчерлері Қазақстан БЭЖ электр станциялары және электр тораптарының жұмыс режимдері мен мемлекетаралық байланыстарын «БЭЖ СО» ААҚ (Сібір ЖДБ, Орал ЖДБ, Орта Волга ЖДБ, Оңтүстік ЖДБ) және «Энергия» ҮДО-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, реттейді.

Қазақстан БЭЖ-і жедел диспетчерлік басқарудың құрылымдық схемасы

2-МАҚСАТ. ҰЭТ-ты дамыту

Инвестициялық қызмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет