2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер



бет5/37
Дата24.04.2016
өлшемі3.25 Mb.
#79697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

2014 жылы «KEGOC» АҚ-ның электр желілерінде жабдықтардың 279 авариялық өшірілуі орын алды, 164 жағдайда тораптың орнықты жұмысы автоматтық қайталап қосу (АҚҚ) құрылғыларының сәттілікті әрекеті арқасында сақталған, 115 жағдайда сәтсіз АҚҚ өшірілуінен болды. Жалпы авариялық өшірулер саны 2013 жылмен салыстырғанда 19%-ға азайды, сәтті АҚҚ құрылғыларының өшіру саны 18%-ға, сәтсіз АҚҚ-ның саны 21%-ға кеміді.


61 технологиялық бұзылыс есепке алынды – ІІ дәрежелі істен шығулар, I дәрежелі авариялар мен істен шығулар болған жоқ. Технологиялық бұзылыстардың жалпы саны 2012 жылмен салыстырғанда 14 жағдайға немесе 18 %-ға кеміді.

Электр энергиясының босатылмауының жиынтық саны 2013 жылы 28 %-ға азайды және 2013 жылдағы 436,3 млн.кВт·с-қа қарағанда 315,0 млн.кВт·с болды.

Технологиялық бұзылыстар туындау орны бойынша филиалдар арасында былайша бөлінді:

«Ақмола ЖЭТ» – 6 (9,8 %);

«Ақтөбе ЖЭТ» – 8 (13,1 %);

«Алматы ЖЭТ» – 8 (13,1 %);

«Шығыс ЖЭТ» – 5 (8,2 %);

«Батыс ЖЭТ» – 4 (6,5%);

«Сарыбай ЖЭТ» – 6 (9,8%);

«Солтүстік ЖЭТ» – 8 (13,1 %);

«Орталық ЖЭТ» – 6 (9,8 %);

«Оңтүстік ЖЭТ» –10 (16,6%).

Технологиялық бұзылыстар ұйымдық себептер бойынша былайша бөлінді:


  • пайдалануды мардымсыз ұйымдастыру – 3 (4,9 %);

  • жобалау ақаулары – 1 (1,6 %);

  • құрылма мен дайындаулардағы ақаулар – 8 (13,1 %);

  • құрастыру мен құрылыс ақаулары – 4 (6,5%);

  • зілзала құбылыстарының әсерінен – 28 (45,8 %);

  • бөгде адамдар мен ұйымдардың ықпалы – 10 (16,6 %);

  • жіктелмеген себептер – 7 (11,5 %).

Жабдықтардың табиғи және моральдық тозуы технологиялық бұзылыстардың, жазатайым оқиғалардың, сондай-ақ қолданымдық шығындардың өсу себебінен болуы мүмкін. Осыған байланысты Компания 2014 жылы «ҰЭТ жаңғырту, ІІ кезең» жобасын іске асыруға, яғни қосалқы станциялардың ескірген жабдықтарын алмастыруды аяқтады.

Компанияның энергияны тұтынуы екі құрамдас бөліктен қалыптасады: жеткізілетін электр энергиясының технологиялық шығыны (ысырабы), ол энергияны тұтынудың негізгі үлесін құрайды және шаруашылық мұқтаждықтарға тұтыну.

Энергияны үнемдеу тұрғысындағы ең жоғары нәтижеге электр энергиясын электр тораптары арқылы беруге технологиялық шығындарды төмендету жөніндегі іс-шаралары арқылы қол жеткізіледі.

Бұл ретте электр энергиясының технологиялық шығындары – бұл электр энергиясын электр тораптары арқылы жеткізу кезінде жүретін сымдар мен электр жабдықтарындағы физикалық үдерістерімен байланысты электр энергиясының шығындары екенін назарға алу керек және сәйкесінше, электр тораптарындағы электр энергия шығындарын азайту ша­раларын жоспарлау және енгізудің негізгі мақсаты электр энергиясының техникалық шығындарының нақты мәнін олардың оңтайлы деңгейіне дейін жеткізу болып табылады.

«KEGOC» АҚ торабында 2014 жыл ішіндегі электр энергиясының нақты шығындары 2 576,087 млн. кВтс немесе электр энергиясын торапқа босатуынан 6,02% құрады.

Шығынды азайту бойынша іс-шараларды орындау нәтижесінде электр энергиясы шығынының кемуі 2014 жылы 4,756 млн. кВтс құрады.




2014 жылғы энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар

Іс-шаралар тиімділігі,

млн. кВт·с

Шағын жүктеме режиміндегі желілерді өшіру

0,173

Шағын жүктеме режиміндегі күштік трансформаторларды өшіру

4,583

«KEGOC» АҚ бойынша жиыны

4,756


Электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі операциялар

Электр энергиясын сату

2014 жылы «KEGOC» АҚ мен «Өзбекэнерго» МАК арасында өзбек энергия жүйесінің Қазақстан БЭЖ-нен электр энергиясын жоспардан тыс алуына байланысты Өзбекстанға электр энергиясын жоспардан тыс сату операциялары жүргізілді. Өзбекстанға босатылған жоспардан тыс электр энергиясының көлемі 652,029 млн.кВт·с-ты құрады.

2014 жылы «KEGOC» АҚ мен «Интер РАО» ААҚ арасында электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында Ресей Федерациясына электр энергиясы сату жүргізілді. Ресей Федерациясына электр энергиясының сағаттық ауытқуына жасалған келісім-шарт шеңберінде берілген электр энергиясы 1 222,224 млн.кВт·с-ты құрады.

Компанияның ішкі қажеттіліктері үшін электр энергиясын сатып алу

2014 жылы Компания технологиялық шығыстарды (ысыраптарды) өтеу және ҰЭТ-тағы шаруашылық қажеттіліктер үшін электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдері деректеріне сай, технологиялық шығыстар үшін электр энергиясын сатып алудың нақты көлемі 2014 жылы млн.теңге 20 681,110 млн.теңге сомасына (ҚҚС-сыз) 2 576,940 млн.кВт·сағатты құрады.

2014 жылы ысыраптарды өтеу үшін электр энергиясын сатып алу көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 189,511 млн.кВт·с-қа ұлғайды. Электр энергиясының технологиялық ысыраптарын өтеу шығындары 2013 жылмен салыстырғанда (ҚҚС-сыз 17 597,543 млн.теңге сомасына 2 387,428 млн.кВт·с) 3 083,967 млн.теңгеге немесе 17,52%-ға ұлғайды. Шығындардың ұлғайтылуы «KEGOC» АҚ жеткізушілерінен сатып алынатын электр энергиясы тарифінің ұлғаюымен байланысты (орташа алғанда 8,9 %-ға). Нақты тарифтердің өсуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген энергия өндіруші кәсіпорындар топтары үшін шекті тарифтер деңгейінің жыл сайынғы өсуімен негізделген.

2014 жылы «KEGOC» АҚ мен «Интер РАО» ААҚ арасында электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо ағындарының жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында Ресей Федерациясынан электр энергиясы сатып алынды. Ресейден электр энергиясын қабылдау шарт шеңберінде 1 271,202 млн.кВт·с-ты құрды.

2014 жылы «KEGOC» АҚ мен «Интер РАО» ААҚ арасында Мыңкөл-Уәлихан энергия торабындағы технологиялық шығысты (ысырапты) өтеу үшін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына электр энергиясы жеткізілді. Электр энергиясын сатып алудың нақты көлемі 7,510 млн.кВт·с-ты құрды.

Бұдан басқа, 32,651 млн.кВт·с көлемінде ЖЭТ филиалдарының шаруашылық қажеттіліктеріне электр энергиясы сатып алынды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3,450 млн.кВт·с-қа аз. Шаруашылық қажеттіліктері үшін электр энергиясын сатып алу шығындары 2013 жылмен салыстырғанда ҚҚС-мен 48,240 млн.теңгеге ұлғайды. Шығыстардың артуы «KEGOC» АҚ жеткізушілерінен сатымдық электр энергиясы тарифының артуымен байланысты (солтүстік көздерден және «МАЭК – Казатомпром» ЖШС-дан).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет