Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет 2014 жылы 12 отырыс өткізді, онда 24 мәселе қаралып, Директорлар кеңесіне 22 мәселе бойынша ұсыным берілді, соның ішінде:
-
«KEGOC» АҚ-ның Даму жоспарын бекіту туралы
-
«KEGOC» АҚ-ның корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы;
-
«KEGOC» АҚ-ның Ұзақ мерзімді даму стратегиясын өзектендіру туралы;
-
«KEGOC» АҚ-ның Даму жоспарын түзету жөнінде;
-
«KEGOC» АҚ-ның 2019 жылға дейінгі Ақпараттық-телекоммуникациялық кешеннің даму стратегиясын бекіту туралы;
-
2022 жылға дейінгі Ұзақ мерзімді инновациялық шеберлік даму жоспарын бекіту бойынша;
-
«KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістерді мақұлдау туралы.
Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет мүшелері
|
Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет мүшелерінің 2014 жылғы күндізгі отырысқа қатысуы
|
22.01.2014
|
28.02.. 2014
|
03.04..2014
|
22.04.2014
|
22.05.2014
|
04.06.2014
|
28.08.2014
|
26.09.2014
|
02.10.2014
|
30.10.2014
|
13.11.2014
|
%
|
Спицын А.Е.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
100
|
Дәукеев Ғ.Ж.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
100
|
Лука Сутера
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
100
|
Аудит жөніндегі комитет 2014 жылы 14 күндізгі отырыс өткізді, онда 52 мәселе қаралды, соның ішінде:
-
Ішкі аудит қызметінің жұмыс нәтижелері бойынша;
-
қаржылық есептілік жөнінде;
-
ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жөніндегі;
-
ішкі аудит бойынша, соның ішінде Ішкі аудит қызметінің кадр мәселелері қаралды, Ішкі аудит қызметінің жұмысын реттейтін құжаттарға енгізілген өзгерістер алдын ала мақұлданды;
-
ішкі аудит бойынша, соның ішінде «2013-2015жж. қаржылық есептеме аудиті» қызметтерін сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жобасы алдын ала мақұлданды.
Бұдан басқа, Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің 2014 жылғы қаржылық есептілік аудитін жүргізу үшін таңдалған «Эрнст энд Янг» компаниясының өкілдерімен МСФО-ға сәйкес, «KEGOC» АҚ-ның шоғырландырылған қаржылық есептілігіне алдын ала аудит қорытындыларны талқылау мәселесі жөнінде, сондай-ақ 2014 жылғы І тоқсан мен -жартыжылдық ішіндегі қаржылық мәселелеріне шолу нәтижелерін талқылау мәселелері жөнінде 3 кездесуі өткізілді.
2014 жылы Комитеттің отырыстарында Ішкі аудит қызметі өткізген «қызу желінің» жұмысы арқылы Аудит жөніндегі комитеттің атына келіп түскен өтініштер бойынша (Аудит жөніндегі комитетке түскен шағымның электрондық кітабы) тексеру нәтижелері қаралды және «KEGOC» АҚ Басқармасына тиісті ұсынымдар берілді.
Аудит жөніндегі комитеттің мүшелері
|
2014 жылғы Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің күндізгі отырыстарға қатысуы
|
24.01
|
28.02
|
03.04
|
22.04
|
22.05
|
26.05
|
03.07
|
28.08
|
26.09
|
02.10
|
30.10
|
13.11
|
27.11
|
15.12
|
%
|
Лука Сутера
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
100
|
Спицын А.Т.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
100
|
Дәукеев Ғ.Ж
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
100
|
Тәуелсіз Директорлар кеңесі мүшелеріне өз міндетін атқару мезгілінде сыйақы төленеді және олардың Компания Директорлар кеңесі мүшелігі функцияларын атқаруына байланысты шығындары өтеледі. «KEGOC» АҚ Тәуелсіз Директорлар кеңесі мүшелерін сыйақылау мынадай түрде жүзеге асырылады:
-
жылдық кесімді сыйақы;
-
қосымша сыйақы.
Жылдық кесімді сыйақы тәуелсіз директорға «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталатын мөлшерде төленеді. 01.01.2014 жыл мен 31.12.2014 жыл аралығында KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелеріне жылдық кесімді сыйақы жалпы сомасы 15,680 млн.теңгеде төленді, соның ішінде: Ғ.Ж. Дәукеевке. – 2,550 млн.теңге, А.Т. Спицынға және Л. Сутераға – 6,565 млн.теңгеден.
Тәуелсіз Директорлар кеңесі мүшелеріне қосымша сыйақы Директорлар кеңесі комитеттерінің күндізгі отырыстарына қатысқаны үшін төленеді. Мәселен, Директорлар кеңесі комитеттерінің күндізгі отырыстарына қатысқаны үшін тәуелсіз директорларға жалпы сомасы 21,896 млн.теңге төленді, соның ішінде: Ғ.Ж. Дәукеевке. – 5,580 млн.теңге, А.Т. Спицынға – 9,074 млн.теңге және Л. Сутераға – 7,242 млн.теңге.
Тәуелсіз директорға Компания Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және/немесе «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы төрағасы бастамалаған, тәуелсіз директор тұрған жерден тыс өткізілетін мәжілістерге сапарға шығуына байланысты шығындары өтеледі.
Директорлар кеңесі мүшесінің уәкілеттктерін мерзімінен бұрын доғарған жағдайында жұмыс қорытындылары бойынша жылдық кесімді сыйақы Директорлар кеңесі мүшелерінің міндеттерін орындаудың нақты күн саны бойынша пропорционалды түзетіледі.
Директорлар кеңесі мүшелеріне – акционерлер өкілдеріне және «KEGOC» АҚ Басқармасы төрағасына «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі Комитеттерінде мүшелігі үшін сыйақы төленбейді.
Басқарма
«KEGOC» АҚ ағымдағы қызметін басқаруды алқалық атқарушы орган – басқа органдардың құзыретіне жатқызылмаған «KEGOC» АҚ қызметінің мәселелері бойынша шешім қабылдайтын Басқарма жүзеге асырады.
Басқарма «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Жарғыға, Корпоративтік басқару кодексіне және "KEGOC" АҚ Басқармасы туралы ережеге сәйкес жұмыс істейді.
«KEGOC» АҚ: Басқармасының құрамы:
|
Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы, 1964 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі: Алматы энергетикалық институты – мамандығы «Электр тораптары мен жүйелері», Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті – мамандығы «Экономика»
Саладағы жұмыс өтілі 28 жыл.
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
Жазықбаев Бақытхан Медеғалиұлы, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, 1968 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі: Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясы – мамандығы «Маркетинг және коммерция», С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – «Электр энергетикалық жүйелер мен тораптар».
Саладағы жұмыс өтілі 14 жыл.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: қаржы-экономиикалық мәселелер, баға белгілеу, қаржы институттарымен ынтымақтастық, шарттар мен міндеттемелердің орындалу мониторингі, жүйелік қызметтер, шектес мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен және энергетикалық кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл, сатып алулар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жедел диспетчерлік және технологиялық басқару, халықаралық ынтымақтастық, жобаларды басқару.
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
Ақмурзин Абат Аманұлы, Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, 1958 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы
Білімі: Қазақ ауыл шаруашылығы институты – мамандығы «электрлендіру», Рудный мемлекеттік индустриалды институты – мамандығы «Кәсіпорындар экономикасы және басқару».
Саладағы жұмыс өтілі 34 жыл.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: өндірістік активтерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, релелік қорғау құралдарын пайдалану және жаңғырту, инвестициялық бағдарлама, техникалық саясат, филиалдармен жұмыс, күрделі құрылыс.
«Батыс транзит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
Бексары Жаңабай Мұратбекұлы, Басқарма төрағасының Корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары, 1965 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі: Воронеж политехникалық институты – мамандығы «Электр машиналары», Қазақ гуманитарлық заң университеті – мамандығы «Заңтану».
Саладағы жұмыс өтілі 14 жыл.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: «KEGOC» АҚ дамыту стратегиясы, корпоративтік басқару, рейтинг агенттіктермен өзара іс-қимыл, тәуекелдерді басқару жүйесі, біріктірілген менеджмент жүйесі, «KEGOC» АҚ акцияларын Қор нарығына шығару (IPO), еңбекақы төлеу және қызметті бағалау жүйесі, әлеуметтік қолдау, кәсіби оқыту және қызметкерлерді дамыту, кадр саясаты, PR және қоғамдық байланыс, Өкілдікпен жұмыс.
«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
Бекенов Мұқтар Оңғарбайұлы, Филиалдармен және ЕБҰ-мен жұмыс жөніндегі басқарушы директор, 1958 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі: Алматы энергетикалық институты – мамандығы «Электр тораптары мен жүйелері».
Саладағы жұмыс өтілі 34 жыл.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: филиалдармен және еншілес бағынысты ұйымдармен жұмыс, өндірістік активтерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, инвестициялық бағдарлама, телекоммуникациялық және ақпараттық кешенді дамыту.
«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
Ботабеков Айбек Төлеубекұлы, Экономика жөніндегі басқарушы директор, 1976 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – мамандығы «Халықаралық экономикалық қатынастар».
Саладағы жұмыс өтілі 17 жыл.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: қаржы-экономикалық мәселелер, баға белгілеу, қаржы институттарымен және аудиторлық компаниялармен ынтымақтастық, басқарушылық есептілік жүйесі, акционерлермен өзара қарым-қатынастар мәселелері.
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы, Құқықтық қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор, 1964 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі: С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті – мамандығы «Құқықтану».
Саладағы жұмыс өтілі 7 жыл.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: құқықтық мәселелер, экономикалық, техникалық және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, іс жүргізуді қамтамасыз ету.
«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
Қуанышбаев Әскербек Досайұлы, ҰЭТ-ты дамыту және жүйелік қызмет көрсетулер жөніндегі басқарушы директор, 1955 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі: Алматы энергетикалық институты – мамандығы «Өнеркәсіп кәсіпорындары мен қалаларды электрмен жабдықтау», экономика ғылымдарының кандидаты, экономика доценті.
Саладағы жұмыс өтілі 37 жыл.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: ҰЭТ дамыту, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, озық және тиімді технологияларды ендіру, жүйелік қызмет көрсету, жедел-диспетчерлік және технологиялық басқару, электр энергиясы ағындарын кедендік ресімдеу.
«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есептеу орталығы» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі.
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
Темірбеков Болат Жолболдыұлы, Техникалық бақылау және қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор, 1964 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі: Алматы энергетикалық институты – мамандығы «Электрмен жабдықтау», Қазақстан-Ресей университеті – мамандығы «Экономика».
Саладағы жұмыс өтілі 27 жыл.
«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: сатып алулар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шарттарды кедендік сүйемелдеу, өтімсіз тауар-материалдық құндылықтарды сату, сервистік қызмет көрсету және шаруашылық жағынан қамтамасыз ету.
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
Алқа шешімдерін алдын ала қарау, қабылдау және «KEGOC» АҚ Басқармасына жетекшілік ететін мәселелер бойынша ұсынымдар дайындау мақсатында Компанияда консультациялық-кеңесу органы құрылды:
Инвестициялық Комитет,
Тәуекелдер жөніндегі комитет,
Бюджет Комитеті,
Кадрлық даму жөніндегі комитет
Дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитет
Тауар-материалдық қорлармен жұмыс жөніндегі комитет.
2014 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының 25 отырысы өткізілді, онда 184 мәселе қаралды, атап айтқанда:
-
«KEGOC» АҚ ішкі нормативтік құжаттары (бұдан әрі – ІНҚ) бойынша:
- 17 ІНҚ бекітілді;
- 7 ІНҚ мақұлданып, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қарауына енгізілді;
- 16 ІНҚ-ға өзгерістер.
-
тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден тәсмілімен сатып алу туралы үш шешім қабылданды;
-
ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысына қатысты бірқатар мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. «KEGOC» АҚ Тәуекелдер картасы, Тізілімі, Негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары мақұлданды. Тоқсан сайын негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі қабылданған шаралар және жай-күйі туралы есептер қаралады.
Басқарма мына есептерді алдын ала қарады және Директорлар кеңесіне жіберді:
-
жасалған ірі мәмілелер мен жасалуына мүдделілік бар мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есептер;
-
«KEGOC» АҚ-ның 2013 жыл ішіндегі Басқарушылық есептілік жүйесін ендіру нәтижелері туралы есеп;
-
тәуекелдер бойынша есептер;
-
Тәуекелдер жөніндегі комитеттің 2013 жыл ішіндегі қызметі турал есеп;
-
«KEGOC» АҚ-да 2014 жылға арналған Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспаны орындау туралы есепті алдын ала қарау туралы;
-
ақпаратты ашу туралы есептер және «KEGOC» АҚ-ның Беделдік аудитін жүргізу нәтижелері жөніндегі есеп;
-
Кадрлық дамыту жөніндегі комитеттің 2013 жыл ішіндегі жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша есеп және Кадрлық дамыту жөніндегі комитеттің 2014 жылға арналған Жұмсы жоспарын бекіту;
-
«KEGOC» АҚ Даму жоспарының іске асырылуы туралы есептер;
-
«KEGOC» АҚ-ның жылдық және аралық қаржылық есептіктері;
-
еншілес, бағынысты және бірлесе бақыланатын ұйымдарды басқару, сондай-ақ еншілес, бағынысты және бірлесе бақыланатын ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерінің Компанияның қызмет көрсеткіштеріне әсері туралы есеп;
-
2013 жыл ішіндегі инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есептер, соның ішінде 2013 жыл ішіндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыру туралы есеп;
-
«KEGOC» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі мезгілге арналған Ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру және «KEGOC» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі Ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру жөніндегі кешенді жоспарының орындалуы туралы 2013 жыл ішіндегі есеп;
-
«KEGOC» АҚ-ның 2013 жыл ішіндегі жылдық есебі;
-
«Энергоинформ» АҚ-ның 2013 жыл ішіндегі қаржылық есептілігі;
-
«Энергоинформ» АҚ Даму жоспарының орындалуы туралы есептер;
«KEGOC» АҚ Басқармасы 2014 жылы «Энергоинформ» АҚ, «Жаңартылмалы энергия көздерін қолдау жөніндегі есептік-қаржылық орталық» ЖШС, «Батыс транзит» АҚ секілді еншілес және бағынысты компанияларға қатысты бірқатар мәселелерді қарастырды және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қарауына енгізді.
Бұдан басқа, Басқарма демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі мәселелерді қабылдады.
«KEGOC» АҚ Басқарма мүшелеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеу тәртібі «KEGOC» АҚ Басқармасы туралы ережеге, «KEGOC» АҚ Басқарушы қызметкерлеріне, Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне және корпоративтік хатшыға еңбекақы және сыйлықақы төлеу қағидаларында айқындалған. Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу жүйесі лауазымдық қызметақыны және жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақыны қамтиды. Мәселен, «KEGOC» АҚ Басқарма мүшелеріне 01.01.2014 жыл мен 31.12.2014 жыл аралығында 107,56 млн.теңге мөлшерінде жалпы жалақы сомасы есептелінді.
«KEGOC» АҚ Басқарушы қызметкерлеріне жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері бекітілген соң «KEGOC» АҚ-ның бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған ақша қаражаты шегінде төленеді. Сыйақы ұдайы сипатқа ие емес. Басқарушы қызметкерлердің қызметін бағалаған кезде уәждемелі ТҚК қолданылады, олар «KEGOC» АҚ-ның стратегиялық мақсаттарын нақты көрсеткіштерге «KEGOC» АҚ қызметінің бизнес-процестері/бағыттары бойынша ТҚК карталары түрінде каскадтау жолымен әзірленеді. Жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы алу құқығына есептік жыл ішінде бекітілген ТҚК-ны орындау нәтижелері жөнінде есептік мезгілде кемінде 5 (бес) ай нақты істеп шыққан басқарушы қызметкерлер ие болады. Басқарушы қызметкерлердің жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша шекті сыйақы мөлшерлері 3 еселік жылдық жалақы сомасынан (лауазымдық қызметақыдан) аса алмайды. Ұзақ мерзімді сыйақыны алу құқығы келген кезде қысқа мерзімді сыйақының шекті мөлшері бір жылдық лауазымдық қызметақыға дейін азаяды. Осы қағидаттарды есепке ала отырып, Басқарма мүшелерінің жұмыс қорытындылары бойынша жалпы сыйақы сомасы жыл ішінде 164,94 млн.теңгені құрады.
Дивиденд саясаты
«KEGOC» АҚ Дивиденд саясаты дивидендтік төлемдердің мөлшерлерін анықтаған кезде Компания мен Жалғыз акционердің мүдделерінің сақталуына, Компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыру мен оны капиталдандыруға, Жалғыз акционердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары қатаң сақтау мен құрметтеуге негізделеді. Дивидендтерді төлеу талаптары мыналар болып табылады: Компанияда есептік кезеңде таза табысының болуы; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дивидендтер төлеуге шектеудің болмауы; Жалғыз акционердің шешімі.
Акционерлерге дивидендтер төлеу көзі тиісті қаржылық жыл немесе жарты жыл ішіндегі таза табыс яки «KEGOC» АҚ-ның ҚЕХС-мен сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептемесі негізінде есептеліп таратылмаған пайда болып табылады. Компанияның Директорлар кеңесі қаржылық жыл немесе жарты жыл ішіндегі таза табысты тарату тәртібі туралы ұсынысты даярлау кезінде жылдағы дивидендтерді төлеуге жұмсалатын сома таза табыстың кем дегенде 40%-ын құрауы тиіс. «KEGOC» АҚ-ның жарты жыл қорытындылары бойынша жәй акциялары жөнінде дивидендтер төлеу туралы шешім Компанияның тиісті мезгіл ішіндегі Қаржылық есептілік аудитін жүргізген соң 3 ай ішінде акционерлерден кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданады.
Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің ұсыныстарын қарай келе, өз қарауынша «KEGOC» АҚ-ның жәй акциялары жөнінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды, «KEGOC» АҚ-ның бір жәй акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекітеді, сондай-ақ дивидендтер төлеу күнін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |