«500кВ Алма ҚС-ны салу»
2010 жылы «Кернеуі 500, 220 кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500 кВ-тық Алма ҚС-ны салу» жобасын іске асыру үшін ХҚДБ 25 жыл мерзімге берген 78, 000 мың евро сомасындағы кредиттік желі ашылды, оның алғашқы бес жылы жеңілдік кезеңі болып табылады. Кредиттік желі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен қамтамасыз етілді. Қарыз бойынша пайыздар ЛИБОР плюс тіркелген спрэд банкаралық мөлшерлеме бойынша есептеледі және жылына екі рет өтеледі. 2014 жылғы 30 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйi бойынша қарыз бойынша берешек қалдығы 71.356 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 13.011.832 мың) және 59.869 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 9.196.545 мың) құрайды.
«220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ны қайта құру»
2011 жылы «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитiнiң 500 кВ екiншi электр жеткізу желiсiн салу» жобасының 1, 2 және 3- кезеңдері шеңберінде 2004-2005 жылдары алынған ЕҚДБ және ҚДБ қарыздарын қайта қаржыландыру үшін Топ «220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ны қайта құру» жобасы шеңберінде ЕҚДБ мынадай кредиттік желілерін ашты:
а) ЕҚДБ 15 жыл мерзімге берген 77,293 мың АҚШ долдары сомасы мен 44,942 мың АҚШ доллары сомасындағы екі кредиттік желі, қарыз бойынша пайыздар ЛИБОР плюс 3,95% маржа банкаралық алты айлық мөлшерлеме бойынша белгіленген және жылына екі рет өтеледі. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсанындағы жай-күйi бойынша қарыздар бойынша берешек қалдығы 95.026 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 17.328.082 мың) және 103.290 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 15.866.327 мың) құрайды.
(б) ЕҚДБ 12 жыл мерзімге берген 17.973 мың АҚШ долдары сомасындағы кредиттік желі. Қарыз бойынша пайыздар ЛИБОР плюс 3,70% банкаралық алты айлық мөлшерлемесі бойынша есептелген және жылына екі рет өтеледі. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсанындағы жай-күйi бойынша қарыз бойынша берешек қалдығы 12.956 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 2.362.458 мың) және 14.480 мың АҚШ долларын (теңгемен баламада 2.224.245 мың) құрайды.
2011 жылы «220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ны қайта құру» жобасын жүзеге асыру үшін ЕҚДБ 12 жылға берген 12.900 мың АҚШ доллары (А2, B1b) және 1.900 АҚШ доллары (B2b) сомасына кредиттік желі ашылды. Олардың үш жылы жеңілдікті болып табылады. Қарыз бойынша пайыздар банкаралық алты айлық ЛИБОР плюс 3,95% (А2, B1b) және 3,70% (B2b) мөлшерлемесі бойынша белгіленді және жылына екі рет өтеледі. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы және 2013 жылғы 31 желтоқсанындағы жай-күйi бойынша қарыз бойынша берешек қалдығы сәйкесінше 11.183 мың АҚШ долларын (теңгемен баламасы 2.039.310 мың) және 4.783 мың АҚШ долларын (теңгемен баламасы 734.803 мың) құрайды.
2014 жылғы мамырда ЕҚДБ кредиттік желісінің екінші траншының игерілмеген бөлігі 14.800 мың АҚШ долларынан 11.691 АҚШ долларына дейін азайтылды.
-
Самұрық-Қазына Басқарма мүшелерінің 2013 жылғы 28 қарашадағы шешіміне сәйкес Топ Астана қаласында балалар бақшасын салып, оны құрылысы аяқталғаннан кейін Астана қ. Әкімдігіне табыс етуге міндеттеніп отыр. 2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде Топ құрылысқа жұмсалатын шығындарды бағалап, құрылыс компаниясымен шарт жасады. Сәйкесінше, Топ 683.430 мың теңге жалпы сомасына құрылыс бойынша міндеттемелерді және акционерге тиісінше бөлуді таныды.
18.САУДА-САТТЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК
Мың теңгемен
|
2014 жылғы
31 желтоқсан
|
2013 жылғы 31 желтоқсан
|
Негізгі құралдар мен аяқталмаған құрылыс үшін кредиторлық берешек
|
5.980.443
|
10.978.705
|
Сатымдық электр энергиясы үшін кредиторлық берешек
|
4.427.471
|
2.005.930
|
Қорлар мен көрсетілген жұмыстар мен қызметтер үшін кредиторлық берешек
|
1.586.396
|
1.729.167
|
|
11.994.310
|
14.713.802
| 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша кредиттік берешек мынадай валюталарда берілді:
Мың теңгемен
|
2014 жылғы 31 желтоқсан
|
2013 жылғы 31 желтоқсан
|
Теңге
|
9.893.669
|
7.530.783
|
Еуро
|
1.245.601
|
4.951.818
|
Ресей рублі
|
826.099
|
1.579.960
|
АҚШ доллары
|
28.941
|
650.229
|
Британдық Фунт Стерлинг
|
−
|
1.012
|
|
11.994.310
|
14.713.802
|
Достарыңызбен бөлісу: |