2015 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданы әкімінің есебінің тезистері 2014 жылы атқарушы билік органдарының жұмысы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»



Дата09.07.2016
өлшемі88.29 Kb.
#188149
2015 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданы әкімінің есебінің тезистері
2014 жылы атқарушы билік органдарының жұмысы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында, стратегиялық құжаттарда, Мемлекет басшысы және облыс әкімі берген тапсырмаларда көрсетілген мемлекеттік саясаттың басымды тапсырмаларын орындауға бағытталды.

Облыс бойынша біздің ауданның өнеркәсібінің үлес салмағы 5,0% құрайды.
2015 жылы қолданыстағы бағаларда өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 44,8 млрд.теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне 102,3%. Табиғи көлем индексі 92,8%.

Тау-кен саласында 33,9 млрд.теңге сомасына өнім өндірілді (барлық көлемнің 75,6%), өткен жылға 107,2%. Қолданыстағы бағаларда табиғи көлем индексі -93,6%.

Тау кен –метталургиялық саладағы өнімді шығару көлеміне әсер ететін негізгі факторлардың бірі әлемдік нарықтағы металл бағасы болып табылады.

Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнің 21,5% алады. Салада 9,6 млрд.теңгеге өнім өндірілді, ол 2014 жылдың деңгейіне 85,2% құрайды. Сала бойынша ТКИ - 91,8%.

Өндіріс көлемінің төмендеуінің негізгі факторы тазартылған және тазартылмаған өсімдік майын, сүт өнімдері, тоқыма бұйымдарын, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндірудің қысқаруы болып табылады.

Индустрияландыру картасы бағдарламасы аясында «Автокөлік құралдарына арналған тіркемелер мен жартылай тіркемелерді шығару бойынша цехты ұйымдастыру». Жобаның бастамашысы «Восток-Автопром» ЖШС өндірістік-коммерциялық фирмасы болып табылады.



Негізгі капиталған инвестициялардың көлемі 8,4 млрд. теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 88,21%.

Жеке инвестициялардың табиғи көлем индексі 107,6%, облыс бойынша 6 орын.

Ауданда 239 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2014 жылдың деңгейіне 100%

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны – 165 (жалпы санының 69%), 2014 жылдың деңгейіне - 100,6% (164 бірлік.). олардың белсенді жұмыс істеп тұрғандары -138 бірлік (2014 жылдың деңгейіне 90,8%).

Өндірілген өнімнің және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен көрсетілген қызметтердің көлемі 6338,7 млн. теңгені құрады.

«Бизнестің жол картасы-2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды, моноқалалардың, шағын қалалардың және ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін қолдау» бірінші бағыты аясында 196,0 млн. теңге сомасындағы қаржылай қолдауды 4 жоба алды.

Кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін 8 жер учаскесі бөлінді.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 10,6 млрд. теңгені құрады, 2014 жылдың деңгейіне 110,4%. Табиғи көлем индексі - 106,2%.

Облыс ауқымындағы ауданның ауыл шаруашылығының көрсеткіші 5,3% құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 15,4 млрд. теңге. Табиғи көлем индексі 90,2%.

Тірідей салмақта ет өндіру көлемі 4,9 мың тонна (88,9%), сүт -42,4 мың тонна (102,7%), жұмыртқа 8310 дана (100,5%).

Мал басы: ІҚМ – 100,1% (25,7 мың бас), оның ішінде сиырлар – 99,4% (9,7 мың бас), қой және ешкі – 99,7 (13,6 мың бас), шошқалар – 100,4% (11,5 мың бас), жылқылар – 100,2% (3,3 мың бас), құстар – 97,7% (63,6 мың бас).

ІҚМ аналық мал басының үлес салмағы 37,7%.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 248 аналық мал басы сатып алынды.

Дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының жалпы жиыны (2014 жылға 81,0%), 12,5 ц/га орташа өнімділікте 103,1 мың тонанны құрады (2014 жылға 79,0%); 14,4 ц/га ( 2014 жылға 99,0%) өнімділікте күнбағыстың жалпы жиыны 52,05 мың тонна (2014 жылға 97,0%); 170,5 ц/га (2014 жылға 93,0%) өнімділікте картоптың жалпы жиыны 27,6 мың тонанны құрады (2014 жылға 100,0%).

Ауданның АӨК 6 инвестициялық жоба іске асырылды.

Шаруашылықтар 1 070,1 млн. теңге субсидия алды (өткен жылдың деңгейіне 121,0%), оның ішінде:

Өсімдік шаруашылығын дамытуға -493,9 млн. теңге, тыңайтқыштардың құнын арзандатуға 93,8 млн. теңге сомасына, ауыл шаруашылық дақылдарын гербицидтермен өңдеуге 91,0 млн. теңге; ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуге шығындарды, әлеуетті дақылдарды өндіруді субсидиялау жолымен өтеу үшін 300,9 млн. теңге, бірінші репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуға 8,2 млн.теңге.

Мал шаруашылығы өнімінің өніміділігі мен сапасын арттыруға – 576,2 млн. теңге: іске асырылған мал шаруашылығы өнімі үшін 478,3 млн. теңге, асыл тұқымды мал басын сатып алуға 1,1 млн. теңге, селекциялық асыл тұқымды жұмыстарға 74,4 млн. теңге, жемшөп құнын арзандатуға 19,9 млн. теңге, жемшөп құнын арзандатуға- омарта шаруашылығын дамытуға - 2,5 млн. теңге.

Жер телімдерін рәсімдеуге 225 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 5 ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы бекітілді.

Жер учаскелерін іске асыру үшін аталған учаскелердің шекаралары мен алаңдарын белгілеу бойынша жұмыс жүргізілді. Ауылшаруашылық өнідірісін жүргізу үшін ауылшаруашылық маңызы бар жерлерді жалға беруге 2 конкурс өткізілді, алаңы 834,4 га 8 учаске ұсынылды, жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша 3 конкурс - 9 учаске сатылды және кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелерін сату бойынша 4 аукцион өткізілді, 15 учаске сатылды.

6,9 мың шаршы метр тұрғын үй қосылды. Құрылыс жұмысының көлемі 3,1 млрд. теңге.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 48,2 млн. теңге сомасына Верх-Уба және Зевакино ауылдарында су құбыры желілерінің ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.

ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша Усть-Таловка кентінде көпқабатты 2 үй жөнделді.

Электр желілерінде ағымдағы жөндеу бойынша 92,96 км және 11 ТП және КТП; күрделі жөндеу бойынша: ЛЭП 0,4-6/10 кВ саны 41,235 км; 20 ТП және КТП орындалды.

Ауданішілік жолдар және елді мекендер көшелерін жөндеу және ұстау бойынша жол-жөндеу жұмысын жалпы қаржыландыру көлемі 94,8 млн. теңгені құрады.

Өз табыстары бойынша аудан бюджеті 2015 жыл қорытындысы бойынша 96,0% орындалды, жоспар бойынша 1 386,7 млн. теңге, түскені 1 331,3 млн. теңге, өткен жыл деңгейіне 104,1%. Бюджет қаражатын 2015 жылы игеру 97,8% құрады, 2014 жылғы ұқсас кезеңге игеру 99,9% құрады.

2015 жыл бойы аз қамтылған азаматтар саны 18 адамға азайды және 698 адамды құрады (2014 жылғы ұқсас кезеңге 96,5%.)

271 жұмыс орны құрылды, 622 жұмыссыз адамдар жұмысқа орналастырылды, жұмысқа орналастыру деңгейі аудан бойынша 70,9% құрады.

Жұмыспен қамту белсенді шараларымен 521 адам қамтылды, оның ішінде қоғамдық төленетін жұмысқа 366 адам тартылды, оқуға жіберілгені -56, жастар тәжірибесіне - 53 адам, әлеуметтік жұмыс орнына - 46 адам.

Күнкөрісі төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қабылданған шаралар атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 2 есе азайтуға мүмкіндік берді, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алушылар саны 40 адамға.

«Өрлеу» жобасының шартты ақшалай көмегі 116 өтініш берушіге 5,6 млн. теңгеге төленді.

Үстіміздегі жылы мал шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы үшін арнайы техника сатып алуға, сүт жинау пунктін ашу үшін 36 қарыз алушыларға 93,7 млн. теңге сомасында микрокредиттер берілді.

Ауданда 28 білім беру ұйымдары жұмыс істейді, оның ішінде 23 күндіз білім беру мектептері, 2 кешкі білім беру мектептері, 3 қосымша білім беретін ұйым, «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» 6 кешені, 3 балабақша және 15 шағын орталықтарда 21 топ. Мектепке дейінгі 3-тен 6 жасқа дейін білім берумен қамту 100 % құрады (1459 бала). Өткен жылы Шемонаиха қаласында 280 орынға балабақша құрылысы аяқталды.

2015 жылы 177 мектеп бітірушілерден жоғары оқу орындарына 105 бітіруші (59,3 %) түсті, бұл 2014 жыл деңгейінен 2,9 % жоғары.

Педагогтардың сапалық құрамы мынадай: жоғары және бірінші санатпен – 311 педагог, бұл жалпы саннан 55%. 2014-2015 оқу жылында қысқа мерзімді курстарда біліктіліктерін 229 педагог арттырды, педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламалар шеңберіндегі курстарда - 43 педагог.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы біртіндеп артуда. Үстіміздегі жылы 76,4 құрады, өткен жылғы көрсеткіштен 4,5 балға артық.

Михайловский орта мектебінің шатыры мен терезелеріне жөндеу жүргізілді, №3 Ю.А.Гагарин атындағы және Зевакинский орта мектептерінің шатырлары жөнделді.

Ауданда қосымша білім беру жүйесі 3 қосымша білім беру ұйыдарымен жүзеге асырылады, 1466 оқушы қамтылған, жалпы білім беретін орта мектептер негізінде қызығушылықтары бойынша 69 үйірме жұмыс істейді (680 оқушы), 81 спорттық секциялар (1970 оқушы). Қосымша білім берумен жалпы қамту 4116 (79,6 %)баланы құрайды.


Жыл қорытындысы бойынша туберкулез ауруы 100 мың тұрғынға 30,5 құрады, 2014 жылғы деңгейге 35,9 %-ға түсумен.

Нәрестенің шетінеуі 2 есеге өсті.

Ана өлімі жағдайы тіркелген жоқ.

Қатерлі өскіндер ауруы 7,6 % төмендеді.


Мәдениет мекемелері жүйесі 37 бірлікті құрады, оның ішінде: 16 клуб мекемелері, 19 кітапхана, 1 тарихи-өлкетану мұражайы, 1 Досық үйі. Өнерпаз шығармашылық ұжымдар саны – 73.

Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы - өткен жылдың ең көрнекті және атаулы оқиғасы болды. 2015 жылғы есеп беру кезеңінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы айтулы оқиғалардың қатарына енді.



Ауданда 158 мың адам қатысуымен 2348 мәдени іс-шаралар өткізілді.

Жыл қорытындысы бойынша 15 193 адам кітапхана оқырмандары атанды. Кітапханаға баратын балалар саны өсуде. Оқырмандардың жалпы санынан 15 жасқа дейінгі балалар саны 7 198 адам. Есеп беру кезеңінде кітапхана талап етілуі 105 667 келуді құрады. Ақпараттық ресурстарды пайдалану 337 744 кітап беру данасын құрады.

Есеп беру жылы 13 мыңнан астам адам немесе аудан тұрғындарының 30 пайызы жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысты.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өз жұмысын дене шынықтырудың 67 ұжымы жұмыстарын жалғастыруда. Дене тәрбиесі бойынша оқу сабақтарын өткізу үшін, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және өткізу үшін ауданда 100 спорттық құрылғылар бар, оның ішінде: 3 стадион, 28 спорттық зал, 2 спорттық кешен, 4 шаңғы базасы, 3 атыс тирі, 22 футбол және шағын футбол алаңдары, 3 хоккей коробкалары (қосымша).

Халықтың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында ауданда жалпы саны 240 лекторлары бар 39 ақпараттық топтар жұмыс жасайды.



Ауданда серіктестік нысандарының бірі – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі белсенді дамуда. Сомасы 142,8 млн. теңгеге 49 жоба іске асырылды.

Жастар қоғамдық бірлестіктер және «Шемонаиха ауданы әкімдігінің Жастар орталығы» КММ жастардың белсенді қатысуымен 99 бірлескен қоғамдық-саяси және әлеуметтік маңызы бар аудандық іс-шара өткізілді.



Әлеуметтік саланың 10 жас маманына 1,4 млн. теңге көтерме ақы төленді. 5,9 млн. теңгеге 2 маманға бюджеттік несие берілді.

Ауданда 605 қылмыс тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17,2 пайызға жоғары. Қылмыстарды ашу 1,4 пайыздық пунктке жақсарды: 2014 жыл – 69,4%, 2014 жыл – 70,8 %.

2016 жылы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауының басты бағытттары, облыс әкімі берген тапсырмалар аясында аудан алдына келесі міндеттер жүктелді:

- негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің серпінді өсуін қамтамасыз ету,

- ауданның экономиканың нақты секторының дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға максималды қатысуы («Өнімділік 2020», «Экспортер 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», «Агробизнес 2020»),

- аудан инфрақұрылымы жағдайының жақсаруына бағытталған жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету (тұрғын үй құрылысы, жылумен, сумен қамтамасыз ету, су тарту жүйесі, көп қабатты үйлердің жөндеуі),

- қала және ауылдық жер инфрақұрылымында кедергісіз ортаны құру,

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру,

- аз қамтылған тұрғындарды қолдау және азаматтардың иек артушылық көңілдерін минималдауды қамтамасыз ету үшін «Өрлеу» жобасын іске асыру,

- алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту,

- онкологиялық ауруларды және туберкулездің ерте диагностикасына және алдын алуына бағытталған іс-шараларды өткізу,



- медициналық кадрлар дефицитын төмендету,

- сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет