2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді)


Фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты



бет8/30
Дата25.04.2016
өлшемі2.99 Mb.
#89637
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

Фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты




  1. Жалпы ережелер



1. Осы фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектің Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, магистранттардың даярлық деңгейін және 6M11 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» мамандықтары бойынша академиялық дәрежелерін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.


Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

  1. дескрипторлар (descriptors) - студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы, дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;

  2. кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;

  3. құзыреттер - студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;

  4. магистратура - тиісті мамандығы бойынша "магистр" академиялық дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;

  5. магистрант - магистратурада білім алаушы адам;

  6. магистрлік диссертация - магистранттың ғылымның тиісті саласында нақты мамандықтың өзекті проблемаларының бірін өзіндік ғылыми зертеудің нәтижелер тұжырымынан тұратын шығарылым жұмысы;

  7. постреквизиттер - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;

  8. пререквизиттер - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;

  9. эдвайзер - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы.

2. 6M11 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтың фармацевтикалық мамандықтары бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) іске асырады.

3. Қазақстан Республикасының ЖОО-лары:

1) осы Стандартқа және магистратураның мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;

2) оқу жұмыс жоспарларына;

3) академиялық күнтізбеге;

4) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;

5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;

6) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес магистрлерді даярлауды жүзеге асырады.


4. Магистратурада ғылыми және педагогикалық және басқарушылық кадрларды даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:


1) 2 жыл оқу мерзіммен ғылыми және педагогикалық;

2) оқу мерзімі кемінде 1 жыл бейінді.

Магистратурада оқу мерзімін алдыңғы даярлық деңгейінің білім беру бағдарламасы бейінінің сәйкестігіне және пререквизиттерінің болуына қарай ЖОО-лар өз бетінше түзетеді.

5. Магистратурада білім алу тек күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.

6. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған тұлғаға «денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған тұлғаға «Медицина ғылымының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

7. 6M11 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтың фармацевтикалық мамандықтары бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниет білдіруші тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар осы Стандартқа 1-қосымшада келтірілген.

8. Магистратура мамандықтары шеңберінде ЖОО-лар 2007 жылдың 15 мамырындағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес кәсіби стандарттарына сәйкес әртүрлі білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.

Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарланған.

2. Білім алушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
9. Оқыту нәтижелері дескрипторлардың үшінші деңгейі (магистратура) негізінде айқындалады және құзыреттер арқылы көрсетіледі. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке пәннің, модульдің деңгейінде де қалыптасады.

Екінші деңгейдегі дескрипторлар:

1) жоғары бiлiм деңгейінде меңгерген, ғылыми зерттеулер контексiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн негiз немесе мүмкiндiк болып табылатын, дамытылып отыратын бiлiмі мен түсiнігін көрсете білу;
      2) зерттеп отырған саламен байланысты контекстер мен одан да кеңірек (немесе пәнаралық) салаларда жаңа немесе белгісіз жағдайлардағы проблемаларды шешуде бiлiмін, түсінігін және қабілетін қолдана алу;
      3) бiлiмдi интеграциялау, қиындықтарды жеңе білу және толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде тұжырымдамалар жасау, осы тұжырымдамалар мен білімін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып қолдана білу;

4) білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

10. Бейінді магистратураны бiтiрушiлердің негізгі құзыреттіліктері:



1)мынадай:

ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;

денсаулық сақтаудың әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары және оларды шешудің заманауи әдістері туралы;

жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы;

әлемдік бизнес серіктестiктің экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық ортасының қазiргi жай-күйі туралы;

кәсiпорынды стратегиялық басқаруды ұйымдастыру, инновациялық менеджмент, көшбасшылық теориялары туралы;

денсаулық сақтау ұйымының жұмыс істеуінің негiзгi қаржылық-шаруашылық проблемалары туралы;

Деректерді статистикалық талдаудың заманауи әдістері туралы түсінігі болуы тиіс.

2) мыналарды:

ғылыми танымның әдiснамасын;

денсаулық сақтауды өзгертетін негiзгi қозғаушы күштерді;
      денсаулық сақтаудыдамыту үрдістері мен әлемдегі және Қазақстан Респбликасында медициналық ғылымның заманауи жағдайын;

инвестициялық ынтымақтастықтың ерекшелiктері мен ережелерiн;

денсаулық сақтау саласында зерттеу қызметінің негізгі қағидаттары;

ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкiндiк беретін кемінде бір шет тiлiн кәсiптік деңгейде білуі қажет;

3) мыналарды:

кәсiптік қызметте танымның ғылыми әдiстерiн қолдана білуі;

процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен әдістерін сын-көзбен талдай білуі;

әртүрлi пәндер бойынша меңгерген бiлiмді интеграциялауы, оларды жаңа белгісіз жағдайларда аналитикалық және басқарушылық мәселелерді шешуде қолдана білуі;

кәсiпорынның шаруашылық жұмысына микроэкономикалық талдау жүргiзе алуы және оның нәтижелерiн денсаулық сақтау ұйымын басқаруда қолдана білуі;

маркетинг пен менеджменттi ұйымдастырудың жаңа әдістерін практикада қолдана алуы;

денсаулық сақтау ұйымының шаруашылық жұмысын ұйымдастыру мен басқарудағы қиын және қалыптан тыс жағдайларда шешiм қабылдай білуі;

денсаулық сақтау саласындағы экономикалық қатынастарды реттеудегi Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын практикада қолдана білуі;

жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарауы;

ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық технологияларды қолданып жүргізуі;

кәсіптік қызмет саласында кешенді кешенді пәнаралық, сектораралық проблемаларды шешу;

диссертация, мақала, есеп, аналитикалық жазбалар және т.б. түрінде эксперименталды-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін жалпылай білуі тиіс;


  1. мынадай:

қалыпты ғылыми және кәсiптік міндеттерді шешу;

ұйымдар мен денсаулықсақтау ұйымдарында экономикалық қызметiн ұйымдастыруда және басқаруда ғылыми талдау және практикалық мәселелерді шешу;

менеджмент және маркетинг саласында проблемаларды зерттеу және алынған нәтижелерді денсаулық сақтау ұйымдарын басқару әдiстерiн жетiлдiру үшiн қолдану;

кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;

шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық ресiмдеу;

күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін қажет бiлiмін кеңейту және тереңдету;

кәсiптік қызмет саласында ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану дағдысының болуы тиіс;

5) мынадай:

мамандық бойынша зерттеу әдіснамасы саласында;

жаһандық және ұлттық денсаулық сақтаудың заманауи проблемалары саласында;

денсаулық сақтау ұйымының қызметiн ұйымдастыру мен басқаруда;

әртүрлi ұйымдармен, оның ішінде мемлекеттiк қызмет органдарымен өндiрiстiк байланыстарды жүзеге асыруда;

бiлiмнің үнемі жаңаруын қамтамасыз ету, кәсiптік дағдыны және біліктілікті тереңдету тәсілдерінде құзыретті болуы қажет.

11. Ғылыми және педагогикалық магистратура бiтiрушiлерінің негізгі құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:

1) мынадай:

денсаулық сақтау саласын дамытуда ғылым және бiлiмнiң рөлі туралы;

ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;

денсаулық сақтау және медициналық ғылымның әдіснамалық және философиялық өзекті проблемалары туралы;

медициналық ЖОО-ларда пәндерді оқытудың кәсiби құзыреттілігі туралы;

жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі туралы;

жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы түсінігі болуы керек;

2)мыналарды:

ғылыми танымның әдiснамасын;

ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен құрылымын;

оқыту процесінде студенттердің танымдық қызметінің психологиясын:

азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заңнаманы және медицина қызметкерлерінің қызметініңқұқықтық негіздерін;

медициналық және биологиялық зерттеулерде сандық және сапалық талдау әдістерін;

оқыту тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын білуі тиіс;

3)мыналарды:

алған білімін ғылыми зерттеулер контекстiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн қолдана білуі;

процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен әдістерін сын-көзбен талдай алуы;

әртүрлі пәндер аясында алған білімін жаңа таныс емес жағдайларда зерттеу мәселелерін шешуде интеграциялауы;

бiлiмді интеграциялау жолымен, толық емес немесе шектеулі ақпараттар негiзiнде тұжырымдама жасап, шешiм қабылдай алуы;

жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған бiлiмін өз педагогикалық қызметiнде қолдана білуі;

оқытудың интерактивті әдiстерін қолдана білуі;

ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық технологияларды қолданып жүргізуі;

жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарауы;

ғылыми зерттеулер жүргізуге және ЖОО-да арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгеруі;

диссертация, ғылыми мақала, есеп, аналитикалық жазбалар және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыс нәтижелерін жалпылай білуі тиіс;

4)мынадай:

ғылыми-зерттеу әрекеттері, қалыпты ғылыми мәселерді шешу;

кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру;

кәсiптік пәндердi оқыту әдiстемесі;

білім беру процесінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;

кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;

шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан ресiмдеу;

күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту және тереңдету дағдысының болуы қажет;

5)мына:


денсаулық сақтау аясында ғылыми зерттеулердің әдіснамасы саласында;

ЖОО-дағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;

қазiргi бiлiм беру технологияларына қатысты мәселелерде;

кәсiптік салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;

бiлiмдi үнемі жаңартуды, кәсiптік дағды мен білікті кеңейтуді қамтамасыз ету әдістерінде құзыретті болуы тиіс.

12. Магистратураның әр мамандығы бойынша арнайы құзыреттер жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып анықталады.

13. Міндетті ең төмен мен ЖОО ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған білім деңгейі әртүрлі бақылау түрлері арқылы қамтамасыз етіледі.

14. Магистранттардың білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүргізіледі.

15. Магистранттарды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған мерзімде кешендi емтихан тапсыру және магистрлiк диссертацияны қорғау нысанында өткізіледі.

16. Кешенді емтихан диссертация қорғауға дейін 1 ай қалғаннан кешіктірмей өткізіледі. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратураның білім беру бағдарламасындағы бейіндеуші пәндер циклдерінің пәндері кіреді.

17. Магистрлік диссертацияны қорғау рәсімін ЖОО-дағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес ЖОО-ның өзі анықтайды.

18. Магистратураның оқу бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға «магистр» академиялық дәрежесі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.

ЖОО бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере алады.

3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
19. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыстардың түрлерінен тұрады және олардың ара қатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.

20. Магистратураның білім беру бағдарламасы:

1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруді қамтитын теориялық оқыту;

2) магистранттардың практикалық даярлығы: практика, кәсіптік тағылымдама түрлері;

3) ғылыми және педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы;

4) бейіндік магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын эксперименталды-зерттеу жұмысы;

5) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.

21. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің негізінде жүзеге асырылады. Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысаны, құрылымы және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы өзі анықтайды.

22. Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдың көлемі бойынша жүзеге асады және оқудың нақты нәтижесіне жетуге қажетті магистранттар мен оқытушылардың еңбек шығындарының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.

Бұл ретте алдыңғы білім деңгейлерінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік жүйе қолданылады.

23. Магистранттың магистратураға түсер алдында магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін ЖОО өзі анықтайды.

24. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 2 немесе 3 кредит көлемімен бағаланады.

25. Магистратураның оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.

26. Әрбiр оқу пәнінің қайталанбайтын бір атауы болуы тиіс. Ол бiр

академиялық кезеңде меңгеріліп, аяқталған соң магистрант емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар), магистранттардың ғылыми-зерттеу (эксперименталдық-зерттеу) жұмыстары бойынша дифференциалды сынақ тапсырады.

27. Магистратураның білім беру бағдарламалары пәндерді оқудың модульді жүйесі негізінде жобаланады.

28. Базалық пәндер циклі (бұдан әрі - БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті пәндерінен тұрады.

29. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 48%-ын құрайды, оның ішінде 60% міндетті компонент пәндеріне, ал 40% таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.

Бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 44%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және 28%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 75% және 80% міндетті компонент пәндеріне, ал 25% және 20% таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.

30. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 52%-ын құрайды, оның ішінде 36%-ы міндетті компонент пәндеріне және 64%-ы таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.

Бейіндік бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 56%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және 72%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 20% және 18% міндетті компонент пәндеріне, ал 80% және 82% тиісінше таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.

31. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі осы бұйрыққа 7-қосымша медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасының 8-қосымшада келтірілген үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартуға жол берілмейді.

32. Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін ЖОО өзі анықтайды. Бұл ретте жұмыс берушілердің талаптары мен еңбек нарығының сұранысы ескеріледі.

33. 6М11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» топтың фармацевтикалық мамандықтар бойынша бейіндік және ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

34. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық қызметке кәсіптік педагогикалық бейіндегі бағдарламаларды қосымша меңгеріп, негізгі дипломға қосымша тиісті куәлік берілгеннен кейін ғана жіберіледі.

35. Бейінді магистратураны бітірген және педагогикалық қызметке рұқсат алуға ниет білдірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

36. Магистратурада оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқу тілін магистранттың өзі таңдайды.

37. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, магистранттың өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асады.

38. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.

39. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады.

Оқу жоспарлары үлгілік (бұдан әрі - ҮОЖ), жеке (бұдан әрі - ЖОЖ) және жұмыстық (бұдан әрі - ОЖЖ) болып бөлінеді.

40. ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы бұдан әрі - (МҒЗЖ) (магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың экспериментті- зерттеу жұмысы (бұдан әрі - МЭЗЖ)), кешендi емтихан, магистрлік диссертацияны жазу және қорғау) кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.

41. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын ЖОО таңдау компонентіндегі барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізімі болып табылатын элективті пәндер каталогын (бұдан әрі - ЭПК) жасайды.

ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК магистранттарға элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

42. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде магистрант эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір магистранттың жеке білім алу траекториясын анықтайды.

ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері мен оқу әрекетінің түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау компоненті пәндері кіреді.

43. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен магистранттардың ЖОЖ-ы негізінде жасалады және оны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) айқындалады.

ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады.

44. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту ретін ЖОО өзі анықтайды.

45. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары үлгілік, жұмыс және силлабус болып бөлінеді.

46. Үлгілік кәсіптік оқу бағдарламалары (бұдан әрі - ҮКОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

47. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустар (магистранттарға арналған пән бағдарламалары) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және оларды ЖОО бекітеді. Бұл ретте, оларды әзірлеу міндетті компонент пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады, ал таңдау компонентінің пәндері бойынша ЖОО өзі әзірлейді. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустардың формасын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін ЖОО -ның өзі анықтайды.

48. Магистрант ғылыми жетекшісінің көмегімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.

49. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);

2) ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);

3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);

4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертация тақырыбы;

5) магистрлік диссертацияны орындау жоспары;

6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.

50. Магистратурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.

51. Оқу процесін жоспарлау кезінде ЖОО білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормаларын осы стандартқа 4-қосымшаға (ғылыми және педагогикалық бағыттар үшін), 5-қосымшаларға (бейіндік магистратура үшін, оқу мерзімі 1 жыл) және 6-қосымшаларға (бейіндік магистратура үшін, оқу мерзімі 1,5 жыл) сәйкес басшылыққа алады.

4. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

52. Магистранттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенеді.

53. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының магистранттармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.

54. Магистранттардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады.

Магистранттардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті МӨЖ сағаттарымен толығады, осылайша бір кредитке магистранттың семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.

Практиканың әр академиялық сағаты магистранттың қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен (50 минуттан) толықтырылады: педагогикалық практика үшін - 1 сағат, өндірістік практика үшін - 4 сағат және зерттеу практикасы үшін - 7 сағат.

Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының, магистранттың магистрлiк диссертацияны орындауын қоса алғанда, әрбiр академиялық сағаты 7 сағаттық МӨЖ-бен толықтырылады.

Магистрантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты магистрлік диссертацияны жазу және қорғау немесе кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша магистранттың оқытушымен байланыс жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Магистрантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты 6 сағаттық МӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.

55. Студиялық және зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа және зертханалық сабақтар үшін 100 минутқа тең.

Магистрант практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының және қорытынды аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.

56. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:

1) семестр түріндегі академиялық кезең бойындағы магистранттың аудиториялық жұмысының;

2) кәсiби практика кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының;

3) ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының;

4) магистранттың магистрлiк диссертацияны жазу және қорғау бойынша жұмысының;

5) магистранттың кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру кезіндегі жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.

57. Кредиттік оқыту технологиясында магистранттардың өздігінен орындайтын жұмысының көлемі артады, ол екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (ОМӨЖ) және магистранттың өзі орындайтын жұмысы (МӨЖ).

58. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын магистранттың аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады және жалпы оқу кестесіне енбейді. ОМӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша консультациялар өткізіледі, МӨЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізіледі.

59. ОМӨЖ бен МӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын ЖОО өзі анықтайды.

60. Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат МӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.

Студиялық және зертханалық сабақтар, магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмыстары, қорытынды аттестаттау сияқты оқу жұмысының түрлері үшін МОӨЖ сағаттарын жоспарлау қажеттілігін және оның көлемін ЖОО өзі белгілейді (мысалы, магистрлік диссертацияны орындау барысын бақылау үшін).

61. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практикалардан, демалыстардан, магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысынан және соңғы курста қорытынды аттестаттаудан тұрады.

62. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден тұрады.

63. Әр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың ұзақтығы кемінде 2 аптаны құрайды.

64. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау жүргізіледі және ағымдағы үлгерім бағаларын (ағымдағы және межелік бақылаулар бойынша бағалардың арифметикалық ортасы) ескере отырып, пәндердің қорытынды бағалары шығарылады.

Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.

65. Оқу жылы ішіндегі демалыс ұзақтығы соңғы курсты қоспағанда, курстарда 7 аптадан кем болмауы тиіс.

66. Магистранттардың кәсіби практикасы бекітілген академиялық күнтізбе мен магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес осы стандартпен және мамандық бойынша ҮОЖ-бен белгіленген көлемде жүргізіледі.

67. Практикалардың ұзақтығы магистранттың практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмыс уақытын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика түрінің байланыс сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына көбейту керек және оны магистранттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.

Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан), зерттеу практикасы үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке сәйкес келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны, зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды.

68. Магистранттарды қорытынды аттестаттау және МҒЗЖ (МЭЗЖ) аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең магистранттардың апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде МӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып анықталады.

МҒЗЖ, МЭЗЖ бір кредитіне магистрант жұмысының 120 (15х8) сағаты, яғни 2,2 апта сәйкес келеді.

Қорытынды аттестаттаудың бір кредитіне 105 (15х7) сағат, яғни 2 апта сәйкес келеді. Оның ішінде 15 байланыс сағаты магистранттың оқытушымен жұмысына, 90 сағаты МӨЖ-ге бөлінеді.

Кешенді емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.

Магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 3 кредит, яғни тиісінше 6 апта беріледі. Магистрлік диссертацияны орындау процесінің өзі алдын ала магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы барысында жүргізіледі.

69. Магистранттардың қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттері өз ЖОО-да міндетті түрде қайта есепке алынатын жағдайда басқа ЖОО-да оқу пәндерін оқып-үйрену үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр (бітіруші курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін.

70. Магистрлер даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі:

1) ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша - 59-дан кем емес кредитті, оның ішінде теориялық оқытудың 42-ден кем емес кредитін, практиканың 6-дан кем емес кредитін, ғылыми-зерттеу жұмысының 7-ден кем емес кредитін игеруі;

2) бейіндік дайындық бойынша - кемінде 28 кредитті (оқу мерзімі - 1 жыл) және кемінде 48 кредитті (оқу мерзімі - 1,5 жыл), оның ішінде теориялық оқытудың тиісінше кемінде 18 және 36 кредитін, практиканың тиісінше кемінде 2 және 4 кредитін, эксперименталды-зерттеу жұмысының тиісінше кемінде 4 және 4 кредитін игеруі болып табылады.

Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда магистрантқа оқу мерзіміне қарамастан «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.

71. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық бейіндегі пәндер циклін меңгеріп, педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық қызмет атқара алады. Осы пәндер циклі және педагогикалық практика қосымша академиялық кезең ішінде меңгеріледі, оны аяқтаған соң негізгі дипломға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік қоса беріледі.

72. Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқудың толық курсын меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған магистрантқа келесі оқу жылында ақылы негізде ғылыми-зерттеу компонентінің кредиттерін қайта игеруге және диссертацияны қорғауға мүмкіндік беріледі.

73. Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытуының толық курсын меңгерген, бірақ белгіленген мерзімде магистрлік диссертациясын қорғамаған магистрантқа магистратурада оқу мерзімі ақылы негізде ұзартылады.

74. Оқу процесін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету магистранттардың магистратураның білім беру бағдарламасын сапалы меңгеруіне кепілдік беруі тиіс.

Білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, электронды деректер қорларына, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге еркін қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Кітапхана қоры мен электронды және магнитті тасымалдаушылардағы оқу әдебиеттерімен қамтамасыздандыру білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

75. Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасына практиканың екі түрі кіреді:

1) білім беру ұйымдарында өткізілетін педагогикалық практика;

2) диссертацияны орындау орны бойынша өткізілетін зерттеу практикасы.

Педагогикалық практика оқытудың практикалық дағдылары мен әдістемесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей өткізіледі. Осы ретте магистранттар бакалавриатта сабақ жүргізуге тартылуы мүмкін.

Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, эксперименталды деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың қазіргі әдістерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.

Бейінді магистратураның білім беру бағдарламасы өндірістік практиканы қамтуы тиіс.

Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімін бекіту, оқып жатқан мамандығы бойынша кәсіптік қызмет дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін жинақтау, сондай-ақ озық тәжірибені игеру мақсатында өткізіледі.

Зерттеу (өндірістік) практиканың мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.

76. Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:

1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығының болуы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік, технологиялық жетістіктеріне сүйенуі;

4) ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін қолдану арқылы орындалуы;

5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;

6) тиісті білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі тиіс.

77. Бейіндік магистратурадағы эксперименталдық-зерттеу жұмысы:

1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

2) ғылым мен техниканың, өндірістің қазіргі жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсынымдарды, басқарушылық міндеттердің өзіндік шешімдерін қамтуы;

3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименталды-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс.

78. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өтілуіне қарай әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде ресімделеді.

МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі қарастырылады.

79. Магистранттың МҒЗЖ (МЭЗЖ) ең соңғы қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады.

80. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда немесе ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.

81. Магистрлік диссертацияның мазмұны мен ресімделуіне, оның дайындалуы мен қорғалуына қойылатын талаптарды ЖОО өзі анықтайды.

82. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін ЖОО-ның өзі анықтайды.

83. ЖОО-ның кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалған.

ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын ұстанған жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің әдіс-тәсілдері мен нысандарын, оқытудың әдістерін еркін таңдауға құқылы.

84. Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейінгі екі айдың ішінде магистрлік диссертацияға жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес шешімінің негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесінің болуы және ғылымның осы саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде шұғылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.

85. ЖОО магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауға көмек көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет