2015 жылғы 31шілдедегі №647 бұйрығы (2015 жылғы 2 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №12007 болып тіркелді)



бет5/30
Дата25.04.2016
өлшемі2.99 Mb.
#89637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Медициналық мамандықтар

бойынша магистратураның

мемлекеттік жалпыға міндетті

білім беру стандартына


1-қосымша

6M11 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» топтың медициналық мамандықтары бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниет білдіруші тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар


Магистратураның мамандығы

Магистратураның бағдарламасын енгізу тұлғалар үшін білім беру қажетті деңгейі

6M110100 - «Медицина»

Жоғары кәсіптік білімі:

5B130100 - «Жалпы медицина» мамандығы,

5B130200 - «Стоматология» мамандығы,

5B110500 - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы



6M110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Жоғары кәсіптік білімі:

5B 110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы,

5B130100 - «Жалпы медицина» мамандығы,

5B130200 - «Стоматология» мамандығы,

5B110100 - «Мейіргер ісі» мамандығы,

5B110300 - «Фармация» мамандығы



6M110300 - «Мейіргер ісі»

Жоғары кәсіптік білім беру:

5B110100 - «Мейіргер ісі» мамандығы



6M110500 - «Медициналық-профилактикалық іс»

Жоғары кәсіптік білім беру:

5B110500 - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы,

5B130100 - «Жалпы медицина» мамандығы



Медициналық мамандықтар

бойынша магистратураның

мемлекеттік жалпыға міндетті

білім беру стандартына


2-қосымша

6М11 - «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» топтың медициналық мамандықтар бойынша бейіндік және ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны


Пән және қызмет түрлерінің атауы

Кредиттер көлемі *

1 жыл


1,5 жыл


2 жыл


Базалық пәндер (БП):




Міндетті компонент (МК):




Ғылым тарихы  мен философиясы

Философия және ғылым әдістемесі философиялық білімнің саласы ретінде. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми эволюция. Ғылыми тиімділігі. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде. Заманауи ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары. Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері.









2

Шет тілі (кәсіби)

Күнделікті және кәсіби қарым қатынаста шет тілін белсенді түрде сөйлеу-тұрмыстық сөзді және мамандық тілін практикада меңгеру үшін іскерлігі мен дағдыларын тереңдету және дамыту.

Лексика: күнделікті, жалпы ғылыми және кәсіби сипаттағы лексиканы меңгеру - кемінде 500 бірлік (бейінді мамандықтың 500 терминін қосаалғанда).

Граммматика: оның ауызша және жазбаша нысандарын ескере отырып ғылыми стильдің грамматикалық құбылысын меңгеру; Етістік формалары (инфинитив, герундий, есімше)олардың айналымдары, салаласа, сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлемдер, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасына қарай түрлері, шақтарды келісу.

Кәсіби қызметімен, күнделікті қарым қатынас және қоғамдық саяси сипаттағы қарым қатынас жағдайларымен байланысты варияциялық жағдайларда ауызша - диалог және монолог сөзді меңгеру.

Жазу дағдылары: реферат, аннотация жаза білу дағдыларын, шет тілінде тезистер, баяндамалар, резюме жаза білу дағдылары.

Тыңдалым: тұрмыстық, ақпараттық және кәсіби мазмұндағы хабарламаны есту арқылы қабылдау.

Аударма: түсіндірме және екі тілдегі терминологиялық сөздіктермен, сондай-ақ мамандықтары бойынша анықтама әдіебиеттерімен жұмыс істей білу: шетел тілінен ана тіліне және ана тілінен шетел тіліне жазбаша да, ауызша да аудару дағдыларын дамыту.



2

2

2

Менеджмент

Менеджментке кіріспе: негізгі ұғымдар. Басқару процесінің функциялары, принциптері және элементтері. Менеджмент эволюциясы: менеджменттің пайда болу шарттары мен алғышарттары, менеджмент мектептері. Қазақстандық менеджмент ерекшеліктері. Менеджменттегі интеграциялық процестер. Менеджмент жүйесі: функциялары мен ұйымдық құрылымы. Жоспарлау, SWOT-талдау және менеджменттегі болжам. Басқару процестері: мақсатты тұжырымдау және жағдайды бағалау, басқару шешімдерін қабылдау. Менеджмент механизмі: басқару тәсілдері мен әдістері. Менеджменте диверсификациясы, тиімді басқарудың баламасының типологиясы және таңдау. Адами ресурстарды басқару. Менеджердің жеке тұлғасы. Жетекшілік ету және басқару стилі. Топ динамикасы және дауларды шешу. Басқару ресурстары, сапасы және тиімділігі. Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі.



1


1




Педагогика

Педагогиканың жалпы негіздері: негізгі ұғымдар, әдіснама, объектілері және даму тарихы. Жоғары білім педагогикасы. Қазіргі таңдағы жоғары білімнің негізгі даму бағыттары мен үрдістері. Білім берудің жаңа үлгісі. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім: реформалаудың негізгі кезеңдері, әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану.

Педагогикалық қызметтің мәні және құрылымы. Оқытушы тұлғасы, кәсіби қабілеті және құзыреттілігі.

Жоғары мектепте оқыту теориясы (дидактика): кәсіптік оқытудың мәні мен құрылымы, оқытудың қозғаушы күштері мен принциптері, оқу процесінің мазмұны және оны ұйымдастыру. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысы: мәні және негізгі бағыттары. Жетекшілік. Білім берудің заманауи технологиялары. Оқудың белсенді формалары мен әдістері. Оқу процесін оқытудың кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру: СӨЖ-ді, педагогикалық бақылауды ұйымдастыру, оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру. Білім сапасының менеджмент жүйесі.









2

Психология

Жоғары мектеп психологиясының мәні мен міндеттері. Білім беру және ақпараттық ортаның психологиясы. Әлеуметтік психология. Психологиялық әдістер және заманауи жағдайларда оқыту тиімділігі мен сапасын арттыру құралдары. ЖОО оқытушысының кәсібилігі және психологиясы. Қазіргі студенттің психологиялық портреті. Оқыту процесінің психологиялық құрылымының динамикалық сипаттамасы. Оқыту процесінде студенттің танымдық қызметінің психологиясы. Даулы жағдайларда оқу процесін басқарудың интеллектуалдықфункцияларын дамыту. Педагогикалық қарым қатынас және педагогикалық әсер ету психологиясы. Ғылыми-педагогикалық ұжымды қалыптастыру мен дамытудың психологиялық ерекшеліктері. ЖОО психологиялық қызметі. Жеке тұлғаның психологиялық диагностикасы. Педагогикалық қызметтің психологиялық профилактикасы.



2


2

2

Биостатистика

Биостатистикаға кіріспе. Ықтимал теориясының негізгі ұғымдары. Жиынтық параметрлерін бағалау. Статистикалық жиынтықты салыстыру əдістері. Сапалық және сандық белгілері арасындағы өзара байланысты зерделеу. Дисперсиялық талдау негіздері. Параметрлік және параметрлік емес критерийлер. Стандарттау əдісі, оның мəні жəне қолдану. Корреляциялық талдау. Статистикалық зерттеулердегі графикалық бейнелеу. Статистикалық материалды өңдеуде компьютерлік технологияларды пайдалану. Медициналық-биологиялық экспериментте өлшем шәкілдерін қолдану. Агрегирленген бағалау. Кешенді бағалау. Мақалалар мен диссертациялық зерттеулерде статистикалық əдістердің қолданылуын талдау. Стандарттау әдістеру, оның мәні мен қолданылуы. Халық денсаулығының статистикасы. Денсаулық сақтау жүйесінің статистикасы. Медицина-биологиялық зерттеулер статистикасы.



1


1

2

Биоэтика негіздері

Биоэтикаға кіріспе. Адамның қатысумен жүргізілетін биомедициналық зерттеулерді этикалық тұрғыдан және құқықтық қамтамасыз ету. Адамның қатысуымен жүргізілетін биомедициналық зерттеулердің этикалық нормаларын реттейтін құжаттар. Халықаралық нормативтік актілер. Этика жөніндегі Комитетті құру және оның қызметі. Стандартты операциялық емшаралар. Дәрілік препараттарға клиникалық зерттеу жүргізу фазалары. Зерттеу дизайны және биомедициналық зерттеу жүргізу әдістемесін этикалық тұрғыдан бағалау. Этикалық сараптамны құжатпен ресімдеу. Клиникалық сынақ жүргізудің негізгі принциптері. Хабардар етілген келісім. Биомедициналық зерттеулерге қатысушыларды сақтандыру арқылы қорғау мәселелері. Халықтың ерекше осал топтары. Биомодельдерде және зертханалық жануарларда зерттеу жүргізу.



1




2

МК барлығы

6


7

12

Таңдау компоненті

2


3

8

БП барлығы

8


10

20

Бейіндеуші пәндер (БП):

Міндетті компонент (МК):

Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару

Денсаулық сақтау органдарының қызметі және оларды бақылау. Денсаулық сақтау саласындағы міндеттердің басқару деңгейіне қарай бөлінуі. Қоғамдық денсаулық сақтаудың міндеттері. Денсаулық сақтаудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі. Медицинадағы жеке меншік және мемлекеттік секторлар. Халық денсаулығының жай-күйінің мониторингі. Денсаулық сақтаудағы қазіргі ақпараттық технологиялар. Денсаулық сақтау саясаты және жоспарлау мәселелері. Басқару теориясы. Басқару жүйесі. Денсаулық сақтаудағы сапа менеджменті жүйесі. Аккредиттеу медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау жүйесін стратегиялық басқару. Медициналық мекемені ұйымдастыру үлгілері.



1


2


2

Клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина**

Клиникалық эпидемиология ғылым ретінде. Негізгі терминдер мен ұғымдар. Эпидемиологиялықзерттеулер деректерін өңдеу және талдау. Эпидемиологияға себеп-салдар байланыс. Инфекциялық ауруларды зерделеу мен бақылау. Эпидемиологиялық зерттеп-қарау. Инфекциялық және инфекциялы емес аурулармен күрес. Тәуекел және этиология факторлары мен созылмалы аурулардың әлеуметтік-экономикалық салдары. Созылмалы аурулар және жаңа қоғамдық денсаулық сақтау. Дәлелді медицина терминологиясы, құралдары мен әдістері. Дәйекті көздер мен ресурстардың медициналық ақпаратын іздеу әдіснамасы. Дәлелді медицина тұрғысынан медициналық жриялымдарды талдау. Дәлелді медицинадағы сапалық және сандық зерттеулер әдістері. Дәлелді медицинадағы зерттеулердің сатысы. Медициналық клиникалық зерттеу дизайны. Жүйелі шолулар мен мета-талдауларды сыни бағалау. Клиникалық шешімді қабылдау процесі. Клиникалық нұсқауларды және зерттеулерді әзірлеу және бағалау. Дәлелдену деңгейі.



1


2

(1***)


2

(1***)


Денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы

Денсаулықты нығайту қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі бағыты ретінде. Денсаулығын анықтау. Денсаулық критерийлері. Денсаулықты айқындайтын этиологиялық факторлары. Өмір сүру бейнелерінің мәні, өмір сүру ортасы, экологиялық ерекшеліктері, денсаулықты қалыптастыруда тұқым қуалаушылық факторлары. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері қоршаған орта сапасын интегралды бағалау ретінде. Бастапқы және қайталама деңгейлі профилактика. Жеке және қоғамдық денсаулық, денсаулықты нығайту және сақтауда профилактикалық қарап-тексеру мәні. Инфекциялық және инфекциялық емес аурулардыңпрофилактикасы. Әлеуметтік мәні бар аурулардың бастапқы, екіншілік, үшіншілік профилактикасы. Денсаулықты нығайту және сақтау саласында ДДСҰ бағдарламасы. Қазіргі кезеңде денсаулықты нығайту саласындағы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саясаты. Денсаулықты нығайту қызметтерін ұйымдастыру және басқару.

1 ***


1 ***

1 ***

Мейіргер процесін және мейіргер ісі құжаттарын ұйымдастыру

Мейіргер практикасының стандарттары. Мейіргер процесін сипаттау. Мейіргер үдерісінің кезеңдері. Мейіргер үдерісінің құжаттамасы. Деректерді жинау. Деректерді жинау әдістері. Мейіргердің диагнозы қою. Мейіргер диагнозының ерекешелігі. Мейіргер іс- шарасының күтімі мен таңдауын жоспарлау. Басымдылығын белгілеу. Мейіргер іс-шарасын таңдау. Мейіргердің тағайындауы. Мейіргер күтімінің жоспарын жүзеге асыру. Мейіргер араласуының түрлері. Хаттамалар мен тағайындаулар. Күтім бойынша жоспарды орындауға әсер ететін факторлар. Мейіргер үйлестіруші ретінде. Қарым қатынас ортасы. Медициналық карточкадағы мейіргер жазбалары. Мейіргердің қарап-тексеруі. Өзін-өзі бағалау.



1 ****


2 ****

2 ****

Мейіргер практикасындағы

дәлелді медицина

Дәлелденген мейіргер ісінің тарихы. Дəлелді медицинаның терминологиясы, құралдары жəне əдістері. Медициналық практикаға мейіргерлік ғылыми зерттеудің әсер етуі. Пациенттерге мейіргерлік практикасының дәлелділігі оңды әсер етуі. Мейіргерлік практикада ғылыми дәлелді қолдану қадамдары. Қолданған шешім негізінде мейіргерлік араласуды жүзеге асыру нәтижелерінің сыни бағалау. Ғылыми әдістерін зерттеу және мейіргерлік үдерісін салыстыру. Медициналық ақпаратты іздеу əдіснамасы және дәйекті дереккөздер мен ресурстар. Ғылыми жариялымдар мен ғылыми зерттеулер есебін талдау және оқу. Дəлелді медицина сүзгілерін пайдаланып ғаламторда ақпарат іздеу. Дәлелді мейіргер практикасын дамыту кедергілері.


1 ****


2 ****

2 ****

Санитариялық-эпидемиологиялық

қызметті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің міндеттері жəне оны ұйымдастыру. Мемсанэпидқызмет ұйымдарының, ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің халықтың санитария-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі рөлі. Мемлекеттік саясаттың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыты. Қазақстан Республикасындағы қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай. Өмір сүру ортасының факторлары, олардың халық денсаулығына əсері. Мемсанэпидқызмет жұмысының сапасын бақылау жүйесі. Саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында халық арасында жəне медицина қызметкерлерінің арасында санитариялық-ағартушылық жұмыстарын жүргізу. Халықтың денсаулық жағдайына жəне адамның өмір сүру ортасын диагностикалау. Клиникалық, гигиеналық жəне эпидемиологиялық диагноздарды қою алгоритмін меңгеру. Халықтың денсаулығы мен өмір сүру ортасы жағдайының əлеуметтік-гигиеналық мониторингілеу жүйесіндегі көрсеткіштері. Адамның өмір сүру ортасының химиялық, физикалық жəне биологиялық факторларын нормалау принциптері.


1 *****


2

*****


2 *****

Сабақ беру әдіснамасының негіздері

Медициналық білім беру міндеттері. Бұрынғы алған білімін жандандыру тəсілдері. Оқыту стильдері. Оқыту əдістері. Жеке білім беру траекториясын əзірлеу. Шағын топтармен жұмыс тəртібі мен əдістері. Топтың проблемалы мүшелері. Проблемаға бағытталған оқыту. Жобаға бағытталған оқыту. Командаға бағытталған оқыту. Зерттеуден негізделген оқыту. Кері байланыс əдістері. Білімді, машықты, қарым-қатынасты, біліктілікті жəне практикалық жұмысты бағалау əдістері. Негізгі жəне клиникалық пəндер бойынша жазбаша тест сұрақтарын құру. Клиникалық пəндерден сабақ беру ерекшелігі. Объективті құрылымды клиникалық емтихан (ОҚКЕ). Стандартталған пациент. Дəрігерлердің дипломнан кейінгі жəне үздіксіз кəсіптік дамуын ұйымдастыру принциптері. Ересектерді оқыту ерекшелігі. Өздігінен білім алу.









2

Ғылыми зерттеулер әдістерінің негіздері

Ғылыми зерттеу саласында ұлттық халықаралық құқық негіздері: QPBR, GLR, GLR, GCLP және басқалары. Медицинадағы ғылыми зерттеулер. Қаржыладыру көзі бойынша ғылыми және зерттеулер бағдарламалары. Гранттарды тарту мен іздеу. Ғылыми жобалар мен грант өтінімдерін жазу. Зерттеу әдінамасы. Сипаттау және талдау зерттеуі. Жүйелі шолу. Мета-талдау. Ақпарат жинау. Деректерді өңдеу. Зерттеу талдау және тұжырымдар мен қсыныстарды қалыптастыру. ҒЗЖ нәтижелерін енгізу. Зияткерлік құқықты қорғау (патент беру). Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ресімдеудің жалпы талаптар мен қағидалары. Ғылыми-зерттеу жұмысын рецензиялау. Басылымдарда жариялануға ғылыми материалдарды дайындау. Рецензиясыбар журналдарда жариялану. Мақала жазудың жалпы қағидалары. Әдістемелік сапасын бағалау. Ғылыми зерттеу қателерінің негізгі түрлері. Ғылыми зерттеу нәтижелерін практикаға және денсаулық сақтау саясатына енгізу механизмдері.









2

МК барлығы

2

4

8

Таңдау компоненті

8

22

14

БП барлығы

10

26

22

Теориялық оқыту бойынша барлығы

18

36

42

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ):

Практика (өндірістік) ******

кемінде 2

кемінде 4




Практика (педагогикалық, зерттеу) ******







кемінде 6

Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың экспериментті- зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

кемінде 4


кемінде 4




Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)







кемінде 7

ОҚТ барлығы

кемінде 6

кемінде 8

кемінде 13

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

Кешенді емтихан (КЕ)

1

1

1

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)

3

3

3

ҚА барлығы

4

4

4

Жиыны

кемінде 28

кемінде 48

кемінде 59

Ескертпе: 
*Оқу ұзақтығы мамандықтар мен магистранттардың алдыңғы дайындық деңгейіне байланысты осы Стандарт бойынша анықталады.

** Бұл бейіндеуші пән 6М110100 - «Медицина» мамандығы бойынша міндетті пәндер санына кіреді.

*** Бұл бейіндеуші пән 6М110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша міндетті пәндер санына кіреді.

**** Бұл бейіндеуші пән 6М110300 - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша міндетті пәндер санына кіреді.

***** Бұл бейіндеуші пән 6М110500 - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша міндетті пәндер санына кіреді.

****** Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын ұлғайтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет