«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет36/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Жаратылыстану» білім саласының мазмұнында «Жаратылыстану» пәні ұсынылады.


«Жаратылыстану» оқу пәні
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәні оқу бағдарламасының мақсаты әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан бейнесі туралы білім негіздерін қалыптастыру және білім алушылардың зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту болып табылады.
Оқу пәнінің бағдарламасы келесі міндеттерге жетуге бағытталған:
 1) зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негізін қалыптастыру;
 2) техника мен технологияның дамуына елеулі ықпал еткен жаратылыстанудың маңызды идеяларымен, жетістіктерімен танысу;
3) қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған жаратылыстану-ғылымдық тұрғысынан маңызды және өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қолдана білу біліктерін меңгеру;
 4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану-ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
5) табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
6) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарын білім алушы бойына сіңіруге негіз болып табылады.

Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты (жаңартылған мазмұн және оқу жүктемесі төмендетілген) 3-4-сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытуға бөлінген апталық оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (20-сурет).

20-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі





Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

1

Жаратылыстану

1

34

1

34

2

Жаратылыстану

1

34

1

34

3

Жаратылыстану

2

68

1

34

4

Жаратылыстану

2

68

1

34

2020 жылы төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша Үлгілік оқу бағдарламалары әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілді. Аталған оқу бағдарламаларын Академия сайтынан жүктеп алуға болады (www.nao.kz).


Ұзақ мерзімді жоспардың «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің әрқайсысының оқу мақсаттары «Мен – зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттарымен кіріктірілген, ол білім алушылардың зерттеушілік білік және дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген (21-кесте).

21-кесте – «Жаратылыстану» пәні бөлім бойынша жиынтық бағалау саны





Сыныптар

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2-сынып

1

1

1

1

3-сынып

1

1

1

1

4-сынып

1

1

1

1





Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспары бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 14-4-тармағына сәйкес төмендетілген жүктемемен Үлгілік оқу жоспары бойынша 1-4-сыныптарда «Жаратылыстану» пәні аптасына 1 сағат болғандықтан ТБЖ жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. Ал жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша «Жаратылыстану» пәні аптасына 2 сағат болғандықтан 3-4-сыныптарда ТБЖ жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет