«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет34/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

1-сынып

«Нeміс тілі»

«Француз тілі»

Alles über mich

Tout sur moi

Meine Schule

Mon école

Meine Familie und meine Freunde

Ma famille et mes amis

Umgebung

L’environnement

Reise

Voyage

Traditionen und Folklore

Les fêtes et les traditions

Essen und Getränke

Repas

Ein gesunder Geist in einem gesunden Körper!

Un esprit sain dans un corps sain

2-сынып

Alles über mich

Se présenter, parler de soi

Meine Familie und meine Freunde

Ma famille et mes amis

Meine Schule

Mon école

Umweltbedingungen

L’environnement

Ein gesunder Geist in einem gesunden Körper!

Un esprit sain dans un corps sain

Sitten und Bräuche

Les traditions et les coutumes

Umwelt

L’environnement. Les saisons

Reisen

Vacances et voyage



3-сынып

Belebte Natur

Vive la nature!

Licht und Schatten

La ville

Zeit

Ma journeé de travail

Architektur

Nous faisons des courses

Kunst

L’art

Berühmte Persönlichkeiten

Les Grands Hommes

Wasser – Quelle vom Leben

Culture et repos

Erholungskultur, Feier

Bientôt les vacances!



4-сынып

Sport in Kasachstan

Sport

Werte in den Mythen und Legenden

La Francophonie

Kulturerbe

Un ami étranger

Berufswelt und Kommunikationen

Le monde des métiers

Naturerscheinungen

Phénomènes naturels

Ein gesunder Geist in einem gesunden Körper!

Un esprit sain dans un corps sain

Weltraumreise

Mes loisirs

Autos

Les transports



«Нeміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндері бойыншa жиынтық бaғaлaу
Пәндер бойыншa жиынтық бaғaлaу әр тоқсaндa 1 рeт бөлім (БЖБ) үшін жәнe тоқсaн (ТЖБ) үшін жиынтық бaғaлaу процeдурaлaрының бeлгілі бір сaнын жүргізуді көздeйді. 1- сыныптa жиынтық бaғaлaу жүргізілмeйді.
БЖБ үшін формaсы (бaқылaу, прaктикaлық нeмeсe шығaрмaшылық жұмыс, жобa, aуызшa сұрaу, эссe), БЖБ өткізу сaбaғы жәнe ТЖБ орындaу уaқыты рeглaмeнттeлмeйді.
2-4-сыныптaрдa БЖБ үшін eң жоғaры бaлл кeміндe 7 жәнe 15 бaлдaн aспaуы тиіс. Төмeндe бөлім/өтпeлі тaқырып үшін жиынтық бaғaлaу процeдурaлaрының сaны бeрілгeн (17-кeстe).

17-кeстe. «Нeміс тілі», «Француз тілі» пәндері бойыншa жиынтық бaғaлaу процeдурaлaрының сaны





Сыныбы

Жиынтық бaғaлaу процeдурaлaрының сaны
бөлім/ортaқ тaқырып үшін

1 тоқсaн

2 тоқсaн

3 тоқсaн

4 тоқсaн

2-сынып

2*

2*

2*

2*

3-сынып

2*

2*

2*

2*

4-сынып

2*

2*

2*

2*

* Жиынтық бaғaлaудa бөлім / ортaқ тaқырыпқa сөйлeу қызмeтінің eкі түрі біріктірілeді (мысaлы, тыңдaу жәнe сөйлeу; оқу жәнe жaзу).


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ

«Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны «Математика» және «Цифрлық сауаттылық» пәндері арқылы жүзеге асырылады.




«Математика» оқу пәні
Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған.
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 1-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағат;

  2. 2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;

3) 3-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты;
4) 4-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды.
4-сыныпта сабақтастық және тереңдету принципін сақтай отырып, математиканы оқытудың бүкіл курсы бойынша білімдер және дағдыларды жүйелі дамыту және тереңдете түсу қамтамасыз етіледі.
«Математика» оқу пәнінің мазмұны білім берудің кейінгі деңгейлерінде жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:

  1. Сандар және шамалар.

  2. Алгебра элементтері.

  3. Геометрия элементтері.

  4. Жиындар. Логика элементтері.

  5. Математикалық модельдеу.

Білім алушылардың математика курсы бойынша білімдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламасына 2013 жылғы бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламасында қарастырылмайтын «Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер енгізілді. Жаңа оқу бағдарламасында негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты болып табылатын «Геометриялық фигуралар» бөлімшесі кеңінен қарастырылған.
Бұл бөлімшелерді оқып-үйрену 4-сыныптың білім алушыларында логикалық ойлаудың, процестер мен құбылыстарды талдау, себеп-салдарлық байланыстарды табу, бұл құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларын ашу дағдыларының дамуына ықпал етеді. Бұл сипаттағы тапсырмалар TIMSS халықаралық зерттеулерінде кездеседі.
«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған критерийлер мен дескрипторлар бойынша әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізіп, оқу тапсырмаларын бере алады (18-кесте).

18-кесте – Жұмыс түрлерінің критерийлері мен дескрипторлары







Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1

Берілген мәліметтері жетіспейтін есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға жетіспейтін мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.

- мәліметтері толық емес есептерді ажырата біледі;
- есепті жетіспейтін мәліметпен толықтыра алады;
- жазбаны нақты мәліметтермен толықтыра алады

2

Артық мәліметтер берілген есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға артық мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.

  • артық мәліметтері бар есептерді ажырата алады;

  • есептің шартын өзгерте және дәлелдей алады;

  • бақылай, салыстыра және қорытынды шығара алады

3

Графикалық модельдеу
Графикалық модель – сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне көмектеседі.

  • есеп мәтінін сызбамен келтіре алады;

  • есеп мәтінін және оған сай келетін сызбаны сәйкестендіре алады;

  • есептің берілгендерімен модельді толтыра алады;

  • сызба бойынша есеп құрастыра алады

4

Заңдылықтарды табу және өзінің заңдылықтарын жасауға арналған шығармашылық тапсырмалар. Математикалық заңдылық – бұл белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе олардың қасиеттерінің қайталануы немесе өзгеруі болып табылады.

  • заңдылық – бұл белгілі бір ереже, іздеу екенін біледі;

- элементтері/заттар белгілі бір ереже бойынша орналасқанын түсінеді;
- топтастыра және қорытынды жасай алады.



Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген (19-кесте).

19-кесте – «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны





Сыныптар

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2-сынып

3

3

3

3

3-сынып

3

3

3

3

4-сынып

3

2

2

3



Осы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – 2021-2022 оқу жылының ІІ жартыжылдығында «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныптан бастап енгізілуі. 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні жаңа оқу бағдарламасымен оқытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет