«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет44/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

Сынып
тар

Тыңдалым



Оқылым



Жазылым

Айтылым

тыңдалым ұзақтығы

мәтіндегі сөз саны

диалог

монолог

5

3-5 минут

200-300 сөз

300-400 сөз

150-200 сөз

6-8 сөйлем

8-10 сөйлем

6

3-7 минут

300-500 сөз

300-500 сөз

200-250 сөз

8-10 сөйлем

10-12 сөйлем

7

5-9 минут

300-700 сөз

500-700 сөз

250-300 сөз

10-12 сөйлем

12-14 сөйлем

8

5-11 минут

500-900 сөз

500-800 сөз

300-350 сөз

12-14 сөйлем

14-16 сөйлем

9

5-13 минут

500-1000 сөз

500-900 сөз

350-400 сөз

12-14 сөйлем

14-16 сөйлем

«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.


«Қазақ тілі» пәні бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 27-кестеде берілген.

27-кесте. 5-9 сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен өткізілетін БЖБ саны





Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

6

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

7

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

8

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2

9

Қазақ тілі

2

2

2

2

2

2

2

2



«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде)
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, жүзеге асыру көзделеді.




Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға бөлінген апталық оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (28-сурет).

28-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі



Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5

Қазақ әдебиеті

2

68

2

68

6

Қазақ әдебиеті

2

68

2

68

7

Қазақ әдебиеті

2

68

2

68

8

Қазақ әдебиеті

3

102

2

68

9

Қазақ әдебиеті

3

102

2

68




«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығымен 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында К.Гамсунның «Аштық» романының орнына Қажығали Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» романы енгізілген.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:

  1. түсіну және жауап беру;

  2. анализ және интерпретация;

  3. бағалау және салыстыру.

«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;
- әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;
- көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау;
- шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
«Анализ және интерпретация» бойынша:
- әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау;
- шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;
- көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау;
- көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
«Бағалау және салыстыру» бойынша:
- шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
- әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;
- әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.
Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Үлгілік бағдарламада көркем шығарма санының аз болуы ұлттық құндылықтарымыздың оқушы бойына сіңірілуіне еш кедергі келтірмейтінін, ғылыми таным мен түсінік, салт-дәстүр мен ұлттық сана әдеби туындыларды талдап, зерделеп және бағалап, зерттей оқу арқылы ғана көңілге тоқылатынын ескеру керек.
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының ерекшеліктер:
9-сыныпта оқытылатын көркем шығармалар тізімінен:
1. Сырым Датұлы «Балаби мен Сырым»;
2. Бұқар жырау «Асқар таудың өлгені»;
3. Махамбет Өтемісұлы «Бағаналы терек» өлеңі алынды.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарда төмендегі оқу мақсаттары қысқартылды:
8-сыныпта:
8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау;
8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;
8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану;
8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу;
8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу;
8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;
9-сыныпта
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;
9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сыни мақала жазу;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу;
9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сыни мақала жазу.
Төменде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны көрсетілген (29-кесте).

29-кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны





Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

9-сынып

2

2

2

2

Негізгі орта білім беру деңгейінің 6 және 7-сыныптарында «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктірілген.


Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:
- білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;
- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.
Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады.
Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:
Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
6-сыныпта «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға үйрету ұсынылады.
7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау;
2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.
3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;
4. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары;
5. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;
6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары;
7. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;
8. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;
9. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер;
10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;
11. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен сабақтастырудағы шеберлік;
12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;
13. «Эссе жазу стратегиясы туралы»;
14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.
Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, өз пікірін айтуға, өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы өмірлік ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.




«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2021-2022 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл;

  • Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;

  • Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;

  • Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;

  • Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл;

  • Қазақтың ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;

  • Ақын, жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадыровтың туғанына – 120 жыл;

  • Ақын, ҚР Халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың туғанына – 115 жыл;

  • Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына – 110 жыл;

  • Қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына – 105 жыл;

  • Ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтің туғанына – 105 жыл;

  • Көрнекті ғалым, ақын, жазушы – драматург, аудармашы, ұстаз, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына – 105 жыл;

  • Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;

  • Ақын, тілтанушы, саясаткер Олжас Сүлейменовтің туғанына – 85 жыл;

  • Қазақ жазушысы Сайын Мұратбековтің туғанына – 85 жыл;

  • Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің туғанына – 85 жыл;

  • «Айқап» журналының шыққанына – 110 жыл;

  • «Жас Алаш» газетінің шыққанына – 100 жыл;

  • Қазақ радиосына – 100 жыл;



Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
- мекемелерде, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.




  • «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушыларды кітап оқуға баулу, сөйлеу тілін дамыту мақсатында жазғы демалыс кезінде оқитын оқу бағдарламасына қосымша көркем шығармалардың тізімі ұсынылды (4-5-қосымшалар).

  • Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар тізімі ӘНХ-тың толық нұсқасында берілген.



«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушыларды кітап оқуға баулу, сөйлеу тілін дамыту мақсатында жазғы демалыс кезінде оқитын оқу бағдарламасына қосымша көркем шығармалардың тізімі ұсынылды (4-5-қосымшалар).
Көркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп жасалды. Жаңа оқу жылының басында жазда оқыған шығармалары бойынша «Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап» және т.б. тақырыптарда көрме өткізуге болады. Көрмеге әр оқушы өзі оқыған туынды бойынша шығармашылық жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама, сурет т.с.с. түрде жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы сарапшылар талдап, қорытындысын шығарады.
«Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған шығарманың мазмұнын:

    • сұрақ қою;

    • тірек сөздерді жазу;

    • оқиғаның түйінін жазу;

    • оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді.



Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:

  1. http://nao.kz - Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;

  2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;

  3. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;

  4. http://mugalimder.kz - республикалық сайт;

  5. http://bilimland.kz – ұстаздар мен білім алушыларға арналған сайт;

  6. http://abai.kz- ақпараттық-танымдық сайт;

  7. http://bilimger.kz- білім порталы;

  8. http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты;

  9. http://sabak- шығармашыл мұғалімдер сайты;

  10. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт;

  11. http://bilimsite.kz/ustaz - білімділер сайты;

  12. http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы;

  13. http://oqu-zaman.kz - ұстаздар мен білім алушыларға арналған қосалқы білімді сайт;

  14. http://tarbie.org - ұстаздар сайты;

http://kazbilim-edu.kz- оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет