«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет75/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

Пәні

Сыныбы

Барлық БЖБ




1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

1

Қазақ тілі

10

2

2

2

2

Жаратылыстану-математикалық бағыт
10-сынып

2

Қазақ тілі

10

-

2

2

2

11-сынып
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

3

Қазақ тілі

11

2

2

2

2

11-сынып
Жаратылыстану-математикалық бағыт

4

Қазақ тілі

11

-

2

2

2



Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
«Қазақ тілі» пәні бойынша (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) карантиндік және шектеу шаралары болған жағдайда барлық мектептерде (штаттық режимде, қашықтық форматта, кезекші сыныптарда) 1 БЖБ, 1 ТЖБ өткізіледі). 2021-2022 оқу жылының І тоқсанында ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына сәйкес аптасына 1 сағат жүргізілетін пәндер бойынша БЖБ өткізілмейді.


«Қазақ әдебиеті» оқу пәні
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (54-кесте).

54-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі



Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)




Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық







жаратылыстану-математика бағыты

10

Қазақ әдебиеті

2

68

2

68







11

Қазақ әдебиеті

2

68

2

68







қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10

Қазақ әдебиеті

3

102

2

68







11

Қазақ әдебиеті

3

102

2

68







10-11-сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:



  • жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

  • жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.




«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) 1-тармағында Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарда:
«Зобалаң заман шындығы» бөлімінің атауы «Заман шындығы» және сол бөлімде оқытылатын Лира Қоныстың «Тиын» әңгімесі Ерболат Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесімен ауыстырылды.
Аталған бұйрықтың 1-тармағында Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарда:
«Аңызбен өрілген көркем сөз» бөліміндегі Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романының орнына Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі;
М.Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасының орнына Т. Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» әңгімесі енгізілді.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар тізімі және күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты көрсетілді.
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) «Қазақ әдебиеті» бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
2) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
3) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
4) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстыру. Сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімшелері пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну, әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу, көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстыру, шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы, шығармадағы автор стилі мен көркемдегіш құралдардың қызметін ашу, көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу, әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру, шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында Блум таксономиясының толық меңгерту теориясы басшылыққа алынып, көркем шығарманы толық оқыту қағидаты сақталғандықтан көркем шығарма аз берілген. ХХІ ғасырдың жаңа адамының талғамын қанағаттандырып, толғандырар сұрақтарына жауап бере алатын толыққанды әдеби шығармалар енгізілген. Бұл ерекшеліктер оқушылардың шығармадағы автордың идеясын толық түсінуге, оны жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тоқсан ішінде көркем шығармаларды оқытуға бөлінетін сағат сандарын шығарманың көлеміне, оқу мақсаттарының жеңіл, күрделілігіне қарай мұғалім өзі анықтайды.

Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарда төмендегі оқу мақсаттары қысқартылды:


10-сыныпта:
10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру» деген оқу мақсаты «10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу» деген оқу мақсатымен алмастырылды;
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау;
10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;
11-сыныпта:
11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;
11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу;
11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану;
11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану;
11.3.2.1 көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру;
11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау.
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 55-кестеде берілген.


55-кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10

2

2

2

2

11

2

2

2

2

Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы оқушылар:


1) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
2) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
3) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
4) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.




«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2021-2022 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл

  • Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;

  • Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;

  • Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;

  • Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл;

  • Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;

  • Ақын, жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадыровтың туғанына – 120 жыл;

  • Ақын, ҚР-ның халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың туғанына – 115 жыл;

  • Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына – 110 жыл;

  • Қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына – 105 жыл;

  • Ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтің туғанына – 105 жыл;

  • Көрнекті ғалым, ақын, жазушы – драматург, аудармашы, ұстаз, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына – 105 жыл;

  • Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;

  • Ақын, тілтанушы, саясаткер Олжас Сүлейменовтің туғанына – 85 жыл;

  • Қазақ жазушысы Сайын Мұратбековтің туғанына – 85 жыл;

  • Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің туғанына – 85 жыл;

  • «Айқап» журналының шыққанына – 110 жыл;

  • «Жас Алаш» газетінің шыққанына – 100 жыл;

  • Қазақ радиосына – 100 жыл;

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.


«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушылардың оқырмандық қабілетін, сөйлеу тілін дамыту мақсатында оқу бағдарламасына қосымша жазғы демалыс кезінде оқитын көркем шығармалардың тізімі қосымшада берілген.

Көркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп жасалды. Көрмеге әр оқушы өзі оқыған туынды бойынша шығармашылық жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама, сурет т.с.с. түрде жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы сарапшылар талдап, қорытындысын шығарады.


«Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған шығарманың мазмұнын:

    • сұрақ қою;

    • тірек сөздерді жазу;

    • оқиғаның түйінін жазу;

    • оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет