«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет78/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

3) әдеби тіл нормаларын сақтау:

    • лексика-грамматикалық норма: әр стильге тән лексика-грамматикалық ерекшеліктерді анықтай отырып, сөйлемдерді фонологиялық-ырғақтық топтарға бөліп, айтылуы бойынша өрнектеп, ішіндегі дыбыстық өзгерістерді анықтау; мәтіннің стилін, жанрын, қолдану аясын, лексика-грамматикалық ерекшеліктерін көрсетіп, ондағы сөздерге толық лексикалық талдау жасау;

    • сөйлемдердің айтылу мақсатын, түрлерін, құрылысын, сөз ішіндегі байланысу түрлері мен тәсілдерін, сөйлем мүшелерін, құрмаластың құрамындағы сөйлемдердің байланысу тәсілдерін, тыныс белгілерін анықтай отырып, толық синтаксистік талдау жасау;

    • орфографиялық норма: қазақ тілінің орфографиялық ережелеріне сүйеніп бас әріптің игерілген/игерілмеген кірме сөздер мен бейімдеу сөздердің емлесін білу;

    • орфоэпиялық норма: айтылым кезінде сөзді сазына келтіріп, лебізді, ырғақты топтарға бөліп, сөз ішіндегі және сөз арасындағы өзгерістерді сақтап айту дағдыларын жетілдіру;

    • пунктуациялық норма: сөйлем соңында, сөйлем ішінде қабаттаса қойылатын тыныс белгілерді пунктуациялық ұстанымдарға (мағыналық, грамматикалық, интонациялық) сай қоя білу.

Оқыту мақсаттарының жүйесі
Бағдарламада «оқыту мақсаттары» сандардан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші, үшінші сандар бөлім мен бөлімше, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік санын көрсетеді. 10.1.2.1 кодында: «10» – сынып, «1.2» – бөлім мен бөлімше, «1» – оқыту мақсатының реттік саны.
Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген.
Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімшелер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
«Абай мектептері» желісіне арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.
«Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасының мақсаты – сөз өнерін мәдени мұра, ұлттық құндылық ретінде түсініп, бағалай алатын, интеллектуалдық эстетикалық деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің 10-11-сыныптардағы білім мазмұнына әдебиеттің тарихи кезеңдері, әдеби тектер мен жанрлардың даму сипаты, әдеби ағымдар мен бағыттар, әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдеби көркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және болмыс, ұлттық мәдениет, әдебиеттегі ұлттық рух мәселесі, әдебиет және ғаламның шындық бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму, көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi, авторлық ұстаным және оқырман танымы қарастырылып,сөз өнерінен бiртұтас ұғым қалыптастыру көзделді.
Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты құрайды.
10-11-сыныптарда «Қазақ әдебиетінің» тарихи курсы оқытылады.
10-сыныптың 1-тоқсанында «ХІХ ғасыр әдебиеті», 2-тоқсанында «ХХ ғасыр басындағы әдебиет», 3-тоқсанында «1920-1940 жылдардағы әдебиет», 4-тоқсанында «1950-1960 жылдар әдебиеті»;
11-сыныптың 1-тоқсанында «1960-1980 жылдар әдебиеті», 2-тоқсанында «1990 жылдар әдебиеті», 3-тоқсанында «Тәуелсіздік жылдар әдебиеті», 4-тоқсанында «ХХІ ғасыр әдебиеті» оқытылады.
«Абай мектептері» желісінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында оқытылатын шығармалар тізімінде: ХІХ ғасыр әдебиеті, соның ішінде сал-серілер поэзиясы, әнші ақындар шығармашылығы; ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің, тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттің өкілдері мен олардың туындылары және ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті және әдеби жанрлар (сатира, фантастика, детектив) қамтылды.
«Оқу және түсіну» бөлімінде: көркем шығармадағы поэтикалық қолданыстардың мәнін ашады, мәтіндегі қолданысын түсінеді; шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды; шығармадағы өзекті мәселе мен идеялық мазмұнын ашады және көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігін ажыратады; көркем шығарма желісі бойынша ауызша, жазбаша интерпретациялайды.
«Талдау және жинақтау» бөлімінде: көркем шығарманың образдар жүйесі мен типтік кейіпкерлерді ажыратады; көркем шығарманың тілі мен стилін талдайды; көркемдік тәсілдерді талдап, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтарды айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет