233
7) Спорт сайыстарын және эстафеталарды ұйымдастыра отырып, жастарды
«Жас сарбаз» республикалық және «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық
жиынына және әскерилендірілген кросстарға қатыстыруды тиімді жоспарлау.
8) Қашықтан оқыту жағдайында жалпы білім беретін мектептердің 10-
сынып жасөспірімдерімен далалық-оқу жиындарын
ұйымдастыру және өткізу
бойынша ұсынымдар.
21. «МУЗЫКА» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 1-6-СЫНЫПТАР
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
«Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны «Музыка»,
«Көркем еңбек» және оқу пәндері арқылы беріледі. 1 сыныпта «Бейнелеу
өнері», «Еңбекке баулу».
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 2-
қосымшаның 21-22-тармағына және Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту
министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген негізгі орта
білім берудің 3-қосымшасының 33-34-тармағына сәйкес 1-6-сыныптарда
«Музыка» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер
мен толықтырулар
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен
бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидаларына»
сәйкес білім беру ұйымдары, үлгілік оқу
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
3 Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар
Достарыңызбен бөлісу: