269
Қыркүйекте үш сабақ отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық бес минуттан
жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған
жаттығулар өткізіледі.
Бірінші сынып оқушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық каникул
көзделеді.
Бірінші сыныпта қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді.
1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді.
Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары
бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.
Шағын жинақты мектептердің 5-9-сыныптарына арналған пәндерді
оқыту процесін ұйымдастыру:
Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары білім алушылардың
ғылымдар жүйесінің
базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында
тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға,
жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталған.
ШЖМ-да оқу-тәрбие процесі біріктірілген немесе жеке сыныптарда білім
алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуға сәйкес қамтамасыз
етіледі.
Тірек мектебі мен магниттік ШЖМ-ның оқу қызметі тірек мектебі
(ресурстық орталық) мен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық
кеңесінде бекітілген бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.
ШЖМ-да оқу және тәрбие процесі үлгілік
оқу бағдарламаларына және
жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
ШЖМ-да оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының негізінде құрылады,
жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар кестесімен
регламенттеледі.
ШЖМ-да білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін,
сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін
қамтамасыз етеді.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі,
сабақ режимі
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, санитариялық
қағидалардың, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық
сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім
беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті
үзілістерді көздейді.
Шағын жинақты мектепте сабаққа жоспардан тыс қатысуға жол
берілмейді.
Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау
оқыту процесін жақсартудың,
педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын
арттырудың негізі болып есептеледі.
Мектеп педагогтеріне өзіндік дамуы мен тәжірибе алмасу мақсатында бір-
бірінің сабақтарына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады.
270
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12
қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 564 бұйрығы негізінде:
Мамандандырылған білім беру ұйымы «Мың бала»
ауыл мектептерінің
ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын
оқушылардың жалпы санының он пайызы мөлшерінде квотаны бекітеді.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығының 25-тармағына сәйкес
мамандандырылған білім беру ұйымдарына «Мың бала» ауыл мектептерінің
ұлттық зияткерлік олимпиаданың 500 жеңімпазына
мамандандырылған
мектептерге конкурстан тыс қабылдау мүмкіндігі беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: