2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет42/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

Мектепке дейінгі даярлық сыныптары үшін каникул күндері мектептердің ішкі 
тәртіп ережелеріне сәйкес белгіленеді (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 
тамыздағы № 385 бұйрығы).
 
Тәрбиелеу-білім беру процесі: 
- перспективалық жоспарға; 
- тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингіне (аралық, қорытынды) 
сәйкес жүзеге асырылады. 
Перспективалық жоспар – әрбір айға білім беру ұйымының кестесіне 
сәйкес Үлгілік оқу жоспарында айқындалған ұйымдастырылған іс-әрекеттері 
бойынша тәрбиешімен, денешынықтыру нұсқаушысымен, қазақ тілі мұғалімі 
және 
музыка 
жетекшісімен 
құрылады. 
Перспективалық 
жоспарда 
ұйымдастырылған іс-әрекеттердің тақырыбы мен Үлгілік оқу бағдарламасы 
мазмұнына сәйкес міндеттері айқындалады. Ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің 
ұзақтығы 25-30 минутты құрайды. 
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес 
топтардың толықтырылуы:
1) мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) - 25 баладан 
артық емес. 
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының нормасына сәйкес 
мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың мектепалды сыныптарында 
кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу 
үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды. 
Осы жүктемеге сәйкес педагог келесі функцияларды атқарады:

перспективалық жоспарды және циклограмманы (балалардың 
мектепалды сыныбында болатын мерзімге) құрастырады; 

ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өткізеді; 

таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, балалар әрекетінің 
түрлері (ойын, шығармашылық, танымдық, эксперименттік, дербес және т. б.), 
серуен, жеке жұмыс ұйымдастырады; 


69 

балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг 
(бастапқы, аралық және қорытынды) жүргізеді; 

ата-аналармен жұмыс жүргізеді; 

білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға қатысады
(жиналыстар, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар және т. б.); 

ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды, спорттық іс- 
шараларды және т. б. ұйымдастырады және өткізеді. 
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттерінің бірі – болашақ бірінші 
сынып оқушысының мектепте оқуға қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру 
болып табылады.
Осы міндетті іске асыру мақсатында жалпы білім беретін мектептер 
жанынан жазғы кезеңде мектеп жасына жеткен, бірақ мектепке дейінгі 
ұйымдарға, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарына бармаған балалар 
үшін қысқа мерзімді (2 аптадан 1 айға дейін) мектепалды даярлық курстары 
өткізіледі. 
Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – бастауыш 
мектепте оқуға балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік 
дайындығына ықпал ететін және мектеп жағдайларына табысты бейімделуін 
қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру. 
Курстардың мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік 
бағдарламасының негізінде әзірленген (
www.irrd.kz
) және балалар әрекетінің 
түрлерін кіріктіру арқылы іске асырылады. 
Курс балаларда мектепке психологиялық дайындықтың қажетті деңгейін 
қалыптастыруға, құрдастарымен және педагогтермен қарым-қатынас жасауға 
бағытталған белгілі бір логикаға құрылған өзара байланысты кіріктірілген 
сабақтар жүйесін ұсынады. Әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі – ойын- 
сабақтар. Барлық сабақтар балаларға қызықты саяхат ретінде (мысалы, квест, 
логикалық ойындар, саяхат сабақ т. б.) өткізіледі, олардың барысында бала оқу 
міндеттерін қолжетімді тәсілдермен шешуге үйренеді. 
 
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет