2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет11/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

 
Мектепішілік бақылау
Мектепішілік бақылау – білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің 
жағдайын бағалау жүйесі. 
Мектепішілік бақылау – білім беру ұйымының қызметін жетілдіру
сонымен қатар жалпы мемлекеттік талаптарға (нормативтерге), білім алушылар 
мен педагогтердің сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие процесін зерделеу және 
талдау негізінде мектептегі білім беру сапасын жақсарту мақсатында жүргізіледі. 
Оқу жылына арналған
мектепішілік бақылау жоспары «Орта, техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері 
жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту 
туралы» ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес 
дайындалады.
Білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды педагогикалық кеңес 
бекітетін Мектепішілік бақылау туралы ережеге сәйкес жоспарлы немесе жедел 
тексерулер, мониторинг, әкімшілік жұмыстар жүргізу түрінде жүзеге асыру 
ұсынылады. 
Оқу процесін ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге 
асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне келесі нормативтер 
ұсынылады (1-кесте).
1-кесте. Білім беру ұйымдарының әкімшілігіне арналған мектепішілік 
бақылау нормативтері 
№ 
Бақылау нысандары 
Нормалар 

Сабаққа қатысу, бақылау және талдау 
Айына кемінде 4 сабақ ( білім беру 
ұйымдарының басшылары үшін).
Айына кемінде 8 сабақ (білім беру 
ұйымдары 
басшыларының 
орынбасарлары үшін).
Сабаққа қатысу бақылау мақсатына 
байланысты  

Қысқа мерзімді және орта мерзімді 
жоспарларды тексеру 
Мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

Электронды сынып журналдарын тексеру 
Мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес


18 

БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін тексеру 
Мектептің бекітілген кестесі бойынша 

Оқыту процесінде педагогтердің 
қашықтан оқыту технологиялары мен 
ЦБР қолдануы 
Мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
Сабақтарға қатысу білім беру ұйымының басшысы бекіткен және 
педагогтерді аттестаттау, жас педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, оқыту 
мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік қолдауды жүзеге асыру, мектептің 
мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу мәселелері бойынша мектепішілік 
бақылауды жүзеге асыру үшін міндетті түрде ашық қолжетімділікте 
орналастырылған кесте бойынша жүзеге асырылады. 
Жоспарлы тексерулер шеңберінде сабақтарға қатысу кестесі оқу жылының 
басында (қыркүйек) мұғалімдердің назарына жеткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет