2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет131/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

есептелінген жоқ») деген белгі жазылады». 
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. Оқу жетістіктерін бағалау кезінде 
критериалды бағалау қағидаттарын басшылыққа алу қажет. 
Сабақтың міндетті элементі мұғалімнің білім алушыны сүйемелдеуіне 
бағытталған, білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін кері байланыс 
негізінде ол өз іс-әрекетіне түзетулер енгізеді. Формативті бағалау кезінде 
мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін өз 
бетінше анықтайды. 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Музыка» оқу пәні 
бойынша сынақ талаптары» әдістемелік ұсынымды қолдануға болады. 


236 
«Музыка» оқу пәні бойынша педагогикалық үдерісті ұйымдастыру кезінде 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Оқу пәндері 
бойынша сынаққа қойылатын талаптар» әдістемелік ұсынымдарын педагог 
басшылыққа алуы қажет (
www.uba.edu.kz
). Әдістемелік ұсынымдар жиынтық 
бағалау критерийлерін қамтиды, аталған пән бойынша сынақ өткізуге арналған 
тапсырмалардың үлгілері ұсынылған
5. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні 
бойынша жүргізілетін элективтік курстар 
2022-2023 оқу жылында «Музыка» пәнінің шеңберінде ұлттық 
құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында домбыра тартып үйретуді жүргізу 
ұсынылады.  
Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың 2019 
жылдың 7 маусымындағы Жолдауында «Мектепте домбыра үйрену сабағын 
арнайы пән ретінде енгізу қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі, қазіргі жаппай 
жаһандану заманында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта 
беруіміз қажет. Төл мәдениетімізге деген қамқорлық әрқашан мемлекетіміздің 
айрықша назарында болады» - деп ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің 
ұрпақ келешегі үшін маңызы зор екендігін айқындалды.
Оқу бағдарламасы бойынша білім алушылар домбыра аспабын меңгерудің 
бастапқы қадамдары мен оны ұстау техникасымен танысады, басты назар 
домбыраны үйрену жаттығуларына арналған. Қазақ музыка тарихындағы халық 
композиторларының шығармашылығы жайлы, атадан ұрпаққа мұра болып 
жеткен күйшілік дәстүр мен жыраулар мектебі жайлы мағлұмат беріледі. 
Домбыра нота сауатынсыз үйретілетін болғандықтан, үйрету әдісін, ұстаз өз 
шеберлігіне қарай таңдайды.
«Музыка» пәні шеңберінде домбыра тартуды үйретудің мақсаты- жас 
ұрпақ санасына ұлттық құндылықтармен тәрбиелеу. Білім алушылар күй, жыр, 
дәстүрлі ән мәдениетінен хабардар болмай, ұлттық құндылықтар негізін сіңіре 
алмайды. Ал, оны қалыптастыруға апаратын бірден-бір жол-қасиетті 
домбырамен жақыннан танысу, оның күмбірлі үні арқылы атадан қалған асыл 
мұралармен танысу, тыңдау, домбыраны қолға алып, шерте білу. Жалпы білім 
алушыға аспапты шебер меңгеру басты мақсат емес. Ең негізгісі – қазақтың жан 
серігі, шежірелі көнекөз тарихы, киесі – домбырадан ұрпақ ажырамауы керек.
Жас ұрпаққа халқымыздың рухани мұралары арқылы өткен тарихымызды 
таныту арқылы баланың санасына ұлттық өнердің, тіл мен ділдің қадір-қасиетін 
сезіндіру, туған елін, отансүйгіштікке баулу мәселесі басты міндеттердің бірі. 
Сабақты 
мектеп 
әкімшілігінің 
бекітуімен 
әрбір 
ұстаз 
авторлық 
бағдарламаларымен өткізе алады. Сонымен бірге «Домбыра үйрену» сабағына 
арналған республика көлемінде таралған авторлық бағдарламаларды, 
әдістемелік оқыту құралдарын да пайдалану ұсынылады.
Атауы 
Авторлары
Шыққан 
жылы 
«Домбыра үйрену мектебі» 
Л.Хамиди, Б. Ғизатов 
1983 ж 


237 
«Домбыра үйрену мектебі» 
А. Жайымов, С. Бүркітова, Б. Ысқақов 
«Домбыра үйрену мектебі» 
1992 ж 
«Мұрагер» домбыра тартып үйрену 
әдістемелік бағдарламасы
А. Райымбергенов, С. Райымбергенова, 
Ұ.Байбосынова, М. Ержанов 
1985 ж 
«Домбыра үйрену әдістемесі» 
М. Ержанов 
2018 ж 
«Домбыра ойнау оңай ма? 
Ж. Нәжімеденов 
2013 ж 
«Домбыра»
Ж. Жүзбаев 
2020 ж 
6. 
«Музыка» 
пәні 
мұғалімдерінің 
әдістемелік 
бірлестігінде 
қарастырылатын әдістемелік тақырыптар 
Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын
әдістемелік тақырыптарды (білім алушылардың білім жетістіктерінің 
мониторингі, білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру, 
білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және т.б.) негіздеу 
және ұсыну.
«Музыка» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын 
әдістемелік тақырыптар: 
- Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Музыка» пәні мұғалімдерінің 
кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, 
педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) 
бойынша ұсынылатын тақырыптар: 
- «Музыка» пәнінде қазақ халқының ұлттық құндылықтары- күй мен жыр, 
тұрмыс-салт әндерін тереңінен таныстыру мақсатында театрландырылған 
сабақтар өткізу; 
- Қазақ музыка тарихының алтын қорындағы балалар әндерін жаңғыртып, 
Қазақстан композиторларының шығармашылығына арнап ашық сабақтар 
өткізіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Көрнекті тұлғалар А.Жұбанов, 
И.Нүсіпбаев, Б.Ғизатов, Л.Хамиди, Ө.Бәйділдәев т.б. композиторлар есімдерін 
дәріптеу;
- Біліктілік /вокалдық орындау, дәстүрлі орындау, аспапта ойнау, балалар 
әндері т.б/ шеберлік сабақтарын өткізу; 
- Өзара тәжірибе алмасу бағытында тақырыптық семинар-лекциялар 
ұйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет