271
Қазақстанның киелі жерлеріне саяхаттар мен экскурсиялар ұйымдастыру
ұсынылады.
Шағын жинақты мектептегі тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру»
бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
ШЖМ педагогі жұмысының басымдығы:
- балалардың саны аз болғандықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның
қызығушылығын артыруға, отбасын жақсы тануына мүмкіндігі жоғары;
- педагог жеке өздік жұмысқа арналған тапсырмаларын
толық іріктеуге
мүмкіндігі бар;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы төмен;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өздігінен жұмыс жасауға
бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан 3-4-сынып оқушылары
өздерінен төмен сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір білім алушының тәрбиелік деңгейін анықтап,
олардың қабілет
дағдыларын дамытуға мүмкіндігі жоғары;
- сыныптардағы ата-аналар жиналысы бірге өткізіледі;
- мектепішілік тәрбие шараларына 1-4-сынып оқушылары түгел қатысып
отырады;
- білім алушылардың бірін-бірі, өзін-өзі тексеруі, бағалауы жүзеге
асырылады;
- 3-4 бастауыш сынып оқушысы өздерінен төмен сыныптың жұмысын
тексеріп, көмектесу арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.
Тірек мектептері мен магниттік мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын
ұйымдастыру ерекшеліктері
Тірек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақты мектеп оқушыларының
сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді
сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін
базасында таяу маңдағы шағын жинақты мектептердің білім беру ресурстары
шоғырланатын жалпы орта білім беру ұйымы.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат – білім беру
ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және
қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса жақын орналасқан шағын
жинақты мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжеткізуді қамтамасыз
етеді.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) аудандық (қалалық)
әкімдіктің
қаулысымен материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік базалар мен
кадрлық ресурстар болған жағдайда жалпы білім беретін мектептің базасында
құрылады. Магнитті ШЖМ-лар аудандық (қалалық) білім бөлімінің бұйрығымен
тірек мектебіне (ресурстық орталыққа) бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: