43
✓
Білім күні салтанатты жиын өткізіледі. Өткізу форматын білім беру ұйымы
дербес айқындайды.
✓
1-11 сыныптарда 2022 жылдың 1 қыркүйегінде балалар жылына арналған
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында сынып сағаты,
ашық сабақ өткізіледі.
✓
Сынып сағаты аясында мұғалімдерге білімге деген ұмтылыс, патриотизм және
еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен
дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық қарым-қатынастың,
жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға кеңес беріледі.
2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы
Тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздері шеңберінде іске асырылады, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық
адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық
бейнесі болып танылады. «Толық адам» тұлғалық жеке қасиеттері білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттарында, Мемлекет басшысының
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан»
бағдарламалық мақалаларында және басқа да мемлекеттік тұжырымдамаларда
айқындалған құндылықтар мен басымдықтарды
жеке тұлғаны тәрбиелеудің
бірегей жүйелік тәсілімен қамтамасыз ету үшін біріктіреді.
2022-2023 оқу жылының басталуына арналған
1 қыркүйек Білім күнін
Достарыңызбен бөлісу: