2023ж 2023ж «Қаралды» Энергетика және автоматтандыру



бет2/4
Дата17.09.2023
өлшемі166.14 Kb.
#477782
1   2   3   4
Ашық сабақ

4. Қажетті ресурстар: интерактивті тақта, компьютер, көрінекілік құралдар, слайдтар,
видеороликтер
1. Туғанбаев Ы. Т. Электротехниканың теориялық негіздірі: Оқулық. /Ы. Т. Туғанбаев Алматы: Экономика. 2012. 500 бет.
2.Барсов И.Н. Электротехниканың теориялық негізі. М. Энергоатомбаспа,1992 ж.;
3.Алиференко Б.В., Яшный В.Г. Электротехника.Зертханалық-машықтандыру жұмыстары. Астана. Фолиант баспасы, 2010ж.;


5. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (3-5 мин.)
1. Оқушылардың сабаққа қатысы
2. Оқушылардың құралдарының түгелділігі
II. Үй жұмысын тексеру (15-20 мин.)
1.Айнымалы ток дегеніміз не? - Анықталу формуласы- Өлшеу бірлігі
2. Айнымалы токты өндіруші құрылғы не? Оның негізгі бөліктеріне нелер жатады?
3. Генератор дегеніміз не? Оның жұмыс істеу принципі қандай құбылысқа негізделген
4. Айнымалы токты сипаттаушы негізгі шамаларды атаңыз
5. Айнымалы токтың стандарт жиілігі қандай? Айнымалы тоқ тізбегіндегі кедергілер түрлерін атандар
Өтілген тақырыптарды - «Кім тапқыр» ойын элементі арқылы ой қозғау стратегиясы бойынша қайталау:
1-Сұрақ:
-Айнымалы ток дегеніміз не?
- Анықталу формуласы
- Өлшем бірлігі
Жауабы:
- Бағыты мен шамасын белгілі бір уақыт аралығында өзгертуші тоқ түрі
- мұндағы: i- тоқ күші
dq-электр зарядының шамасы
dt- электр зарядтарын тасымалдау уақыты
- Ампер
2-Сұрақ:
Айнымалы токты өндіруші құрылғы не?
Оның негізгі бөліктеріне нелер жатады?
Жауабы:
Генератор
Қөзғалмайтын бөлігі-статор
Қозғалмалы бөлігі -ротор
III. Жаңа сабақ (30-40 мин.)
а) Үш фазалы электр тізбегі туралы түсінік:
б) артықшылығы, қолдану саласы
Электр тізбегінің көп фазалы жүйесі деп жиіліктері бірдей, ал фаза бойынша бір-бірінен 120 градусқа ығысқан бірнеше айнымалы э.қ.к-тер әсер етуші тізбектердің жиынтығын айтады.
Көбінесе практикада амплитудалары тең және фазалары бойынша 2π/т немесе –120 бұрышқа ығысқан ( мұндағы т-фаза саны) бірнеше э.қ.к.-терден тұратын көп фазалық симметриялық жүйелер қолданылады
Қазіргі кезде осы көп фазалық жүйелердің ішінде ең көп тарағаны -үш фазалы жүйелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет