2023ж 2023ж «Қаралды» Энергетика және автоматтандыру


Фазалар кезектесуі деп э.қ.к.-тердің белгілі бір мәнге ие болу кезіндегі ретін айтады . Егер бұл рет



бет4/4
Дата17.09.2023
өлшемі166.14 Kb.
#477782
1   2   3   4
Ашық сабақ

Фазалар кезектесуі деп э.қ.к.-тердің белгілі бір мәнге ие болу кезіндегі ретін айтады . Егер бұл рет ЕА , ЕВ , ЕС болса, онда мұндай кезектесу тура кезектесу деп аталады.
Төменгі суретте генератор құрылысы көрсетілген:
Үш фазалы генератордың алғашқы жобасы көрсетілген




Үш фазалы генератордың жұмыс істеу принципі
Генератордың жұмыс істеу принципі электромагниттік индукция құбылысына негізделген,ягни роторды қандайда бір механикалық күш арқылы қозғағанда, осы роторға бекітілген тұрақты магнит (электромагнит) полюстері арқылы пайда болған магнит өрісінің күш сызықтары, статордағы орамаларды қиып өтіп,онда амплитудалары мен жиіліктері бірдей, бірақ фазасы бойынша 1200- қа ығысқан үш ЭҚК –терді туындатады,мысалы
А фазасында : еА=Emsinωt
В фазасында : еВ= Emsin(ωt - 2π/3)
С фазасында : еС= Emsin(ωt +2π/3
Генератордың орамаларын оның фазалары деп атайды
Олардың бастары А,В,С латын әріптері арқылы, ал аяқтары Х,У, Z деп белгілейді.
Фазалар кезектесуі деп э.қ.к.-тердің белгілі бір мәнге ие болу кезіндегі ретін айтады . Егер бұл рет ЕА , ЕВ , ЕС болса, онда мұндай кезектесу тура кезектесу деп аталады.
в) Генератор орамдарының жалғану тәсілдері:
- байланыспаған және байланысқан
- жұлдызша жалғануы
- үшбұрыштап жалғануы
Алғашқы үш фазалы тізбек байланыспаған немесе алты сым арқылы жалғану сұлбасы ретінде жасалды.
Бұл сұлба бойынша генератордың әр фазасы жүктеменің әр фазасымен екі сым арқылы жалғанады. Барлығы алты сым керек болады.Бұл сұлба экономикалық жағынан тиімсіз.
А - ZА
В – ZВ генератор орамаларының басқы ұштары;
С - ZС
x,y,z - орамалардың аяққы ұштары;
Сондықтан практикада ең тиімді сұлба ретінде генератордың фазаларын жұлдызша , ал қабылдағыштардың фазаларын жұлдызша және үшбұрыш тәсілдері арқылы жинау керектігі ескерілді.

Генератор мен тұтынушы (жүктеме) орамаларын үшбұрыштап қосу.
Фазаларды үшбұрыш сұлбасы бойынша қосу үшін бір фазаның аяқы ұшын екінші фазаның басқы ұшымен, екінші фазаның аяқы ұшын үшінші фазаның басқы ұшымен, ал үшінші фазаның аяқы ұшын бір фазаның басқы ұшымен қосады.
Сұлбада бейтарап сым болмайды.



IV.Бағалау (10-15 мин.)
V.Үй тапсырмасы (5-10 мин.)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет