▐
БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДА
4
SARYARQA
2021 jylǵy 4 maýsym
№21 (8233)
AINA
Әлемде Тәуелсіз күнге жете
алмай жүрген жұрт көп. Ата-ба-
басынан қалған ұлтарақтай жері
болмағандықтан тоз-тозы шығып,
өзгенің босағасына телміргендер
де жетерлік.
Өз тілін ұмытқандар
да баршылық. Ұлт ретінде жойылу
алдында тұрғандарды да білеміз.
Міне, солардың мүсәпір жағдайына
көз тастай отырып, бүгінгі күніміз-
ге тәубе айтамыз. Біздің батыр ба-
баларымыз ұлан-ғайыр кең өлкені
мұра етіп қалдырды. Әлем бойынша
жерінің кеңдігі бойынша 9-орынға
жайғасады. Республика Еуразия құр-
лығының орталығында барлық мұ-
хиттардан бірдей қашықтықта орна-
ласқан. Республика батысында Еділ
өзені
алабынан шығысында Алтай
тауы шыңдарына дейін 3 мың км-
ге дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір
жазығынан (Солтүстік Қазақстан
жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм
шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне
1600 км-ге дейін созылып жатыр.
Дүние жүзіндегі
бай тілдердің қа-
тарына жататын шебер туған тіліміз
бар. Қазақ тілінің қадір-қасиетіне,
көркемдік шеберлігіне, сөздік қо-
рының молдығына таң қаламын.
Тілімізде бір сөздің бірнеше көр-
кем баламасын кезіктіруге балады.
Тіпті кейде
тіліміздегі ерекше көр-
кемдегіш құралдармен өрнектелген
сөздерді өзге тілге аудара алмай
жатады. Себебі ол сөздер бізге ғана
тән, біздің бітім-болмысымызға сай
жасалып, айрықша орамдалған.
Еліміздің пайдалы қазбаларға
әлеуеті де тым бай. Жер асты бай-
лығымызға
көздерін сығырайта
қарайтындар жетерлік. Расында,
еліміз Тәуелсіздігін мол минералда-
ры, жер асты байлықтары, оларды
экспортқа шығару арқылы тіктеді.
Менделеев кестесіндегі 105 эле-
менттің 99-ы Қазақстан қойнауында
табылған. 70-сінің қоры бар, өндірі-
сте 60 элементі пайдаланады.
Қазіргі таңда 493 кен оны бар.
Еліміз цинк, вольфрам және барит
қорын сақтауда бірінші орында,
күміс,
қорғасын, хром бойынша –
екінші орында, мыс пен флюорит
қорынан – үшінші, молибденнен –
төртінші, алтын қорынан – алтыншы
орынды иеленеді. Сондай-ақ ТМД
елдері арасында Қазақстан пайдалы
қазбалардың, яғни хром, кен, қорға-
сын қоры көлемі жағынан – бірінші
орында, мұнай, көмір, мыс, никель
мен фосфор өнімін өндіруден екін-
ші орынға тұрақтаса, газ, көмір, ал-
тын және қалайы бойынша – үшінші
орында тұр.
Айта берсек жер астындағы
пайдалы
қазба байлықтарымыз
жетерлік. Дегенмен, бұлардың да
сарқылар кезі келері ақиқат. Сол
тұста тоқырап қалмауымыз үшін
ғылым-білімді дамытуымыз қажет.
Осы мақсатта білім-ғылым саласы-
на түрлі гранттар бөлінуде. Болашақ
– жастардың қолында. ХХІ ғасыр –
білімділердің дәуірі. Мен еліміздің
талапты да талантты жастары алда-
рынан
қандай соқпақ пен қиындық
кездессе де қайсарлықпен еңсеріп,
әрдайым ел еңсесін тіктей беруі қа-
жет. Сонда ғана біз қолымызда бар
егемендігімізді нығайтып, Тәуелсіз
Қазақстанды дамудың жаңа жолына
шығарарымыз анық.
Достарыңызбен бөлісу: