«ММСҚ» КЕАҚ
Қарағанды облысы бойынша
филиалы
БЕРЕШЕК
ПАЙДА
БОЛМАСЫН
ДЕСЕҢІЗ...
Жазғы кезеңде балалардың
сауықтыру демалысын, бос уақытын
және жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік
саясатының ажырамас бөлігі және
балалардың шығармашылық дамуына,
олардың рухани әлемі мен интеллектін
байытуға мүмкіндік болып табылады.
Қарағанды облысының білім басқар-
масы тарапынан балалардың сауықтыру
демалысын, бос уақытын және жұмыспен
қамтылуын ұйымдастыру мүмкіндіктерін
кеңейту арқылы өскелең ұрпақты әлеумет-
тендіру мен дамытудың негізгі міндеттерін
шешуге бағытталған және 1989 жылғы 20
қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясының Ба-
ла құқықтары туралы Конвенциясында,
Қазақстан Республикасының Конституция-
сында, «Қазақстан Республикасындағы Ба-
ланың құқықтары туралы», «Білім туралы»,
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен ба-
лалардың қадағалаусыз және панасыз қалуы-
ның алдын алу туралы» Қазақстан Республи-
касының заңдарында белгіленген тәрбие сая-
сатының және 2020-2025 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасы Білім беруді дамы-
тудың мемлекеттік бағдарламасы негізінде
тұжырымдама ұсынылды.
Тұжырымдамаға сәйкес Жезқазған қа-
ласының білім бөлімі жоспар құрып, 2021
жылдың 26 мамырынан бастап балалардың
сауықтыру демалысын, бос уақытын және
жұмыспен қамтылуын іске асыруда.
Жезқазған қаласының 19 мектебінің 1-10
сыныптарында 14224 бала оқу жылын аяқ-
тады.
Демалыс кезінде балалардың сауықтыру
демалысын, бос уақытын және жұмыспен
қамтылуын ұйымдастыру үшін келесі іс-
шаралар жоспарлануда:
– Жезқазған қаласының жалпы орта
білім беретін 19 мектебінің 3 мектебінен
басқа (анықтама: күрделі жөндеу жұмыстары
жүретін №9 мектеп-интернаты, №133 негізгі
орта мектебі, №6 Теректі станциясындағы
жаңа мектеп ғимаратының салынуына бай-
ланысты) 1-ші аусымда 16 мектептердің 890
баласына, екінші аусымда 14 мектептердің –
810 баласына, барлығы 1700 балаға күндізгі
мезгілде мектеп жанындағы лагерьлердің
жұмысын ұйымдастырып, ашылуы;
– Жезқазған қаласы мектептерінің 103
оқушысы қала сыртындағы лагерьлерде
демалып, сауықтандырылуы ұйымдастыры-
лады.
2021 жылдың 26 мамыры мен 15 маусым
аралығында «Жазғы мектеп» жобасы бойын-
ша ата-ананың өтініші негізінде:
– 1-4-сыныптар арасында математи-
ка, қазақ тілі, жаратылыстану, дүниетану
пәндерінен және оқушылардың оқу сауат-
тылығын, сөйлеу мәдениетін дамыту мақ-
сатында «Жас оқырман» клубтары, көркем
жазуды жетілдіру үшін «Көркем жазу» мек-
тептері жұмыс істейді.
– 5-10-сыныптар арасында математика,
биология, география, химия, физика, инфор-
матика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен
әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы,
дүние жүзі тарихы пәндерінен оқушылардың
қиын және меңгерілмеген тақырыптар бой-
ынша жұмыстар жүргізіледі.
Балалар-жасөспірімдер шығармашылық
орталығы тарапынан:
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын
іске асыру барысында «Ұлы дала тарихы»
бағдарламасы аясында мектеп оқушыла-
рымен еліміздің рухани-тарихи құндылығы
бар жерлерге (Алматы, Шымкент, Түркістан,
Қарқаралы, Мерке, Ұлытау, Теректі әулие,
Алашахан, Домбауыл, Жошы хан, Едіге
тауы, Хан Орда) жорық-саяхаттар, спорт-
тық-туристік саяхаттарда палаткалар құрып,
құзға өрмелеу, жаяу жүру, тау техникасы мен
веложорықтар жасау жоспарлануда;
– жаз бойы жеке кесте және жоспар
бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға
арналған «Бәйшешек», «Развивашка» дамы-
тушы сабақтар, балалар мен ата-аналар қа-
умдастығына сәндік-қолданбалы және көр-
кем шығармашылық шеберлік сыныптары-
ның жұмысы, орталықтың бағыттары бой-
ынша үйірмелер жұмысы жалғасын табады.
Оқушылардың бос уақытын және жұ-
мыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша:
– жоғарғы сынып оқушылары арасында
еңбек отрядтарын құрып, өздерінің сынып-
тарында, мектеп ауласында көмек беруді ұй-
ымдастыру;
– қаланың тазалығы мен гүлденуі-
не үлес қосу мақсатында қала әкімдігінің
«Жастар орталығы» бағдарламасы аясында
3 ай мерзімінде ата-анасы (заңды өкілдері)
өтініштері бойынша жаөспірімдер арасында
ақылы еңбек ету;
– мектептерде еріктілер тобы макулату-
ра, шыны ыдыстарын, басқа да қолайлы нәр-
селерді жинап, өндеу арқылы пайдалы зат
жасап, түскен қаржыға аз қамтылған отба-
сыларға көмек беру жұмысын экологиялық
стартаптар арқылы жүргізу;
– әр оқушы еңбек заңы шеңберінде
өзінің отбасының жеке кәсіпкерліктерінде
және ата-анасының қолдауымен, келісімімен
басқа да жұмысқа жалдану мүмкіндігін қара-
стыру;
– мектептерде кәсіби лагерьлер жұмы-
сын ұйымдастырып, олимпиада резервтері,
дебат клубтары, тіл дамыту мектептері, үйір-
мелер, спорттық секциялар бағытында бала-
ны қамту жоспарлануда.
Жезқазған қаласы Қ.Сәтбаев атындағы
№7 мектеп-лицейінің жанындағы киіз үйдегі
әскери-патриоттық бағыттағы жоба бойын-
ша:
– 2021 жылдың маусым айының 2–21
маусым аралығында Жезқазған қаласы
Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің
жанында «Жас сарбаз» клубтарының штабы
ретінде жазғы каникул уақытында киіз үй
құрып, барлық мектептердің «Жас сарбаз»
мүшелеріне бір күндік әскери-патриоттық
жаттығулар ұйымдастыру арқылы практи-
калық тәжірибемен алмасу (автоматты жи-
нау, граната лақтыру, алғашқы медициналық
көмек көрсету т.б.).
Жасөспірімдер арасындағы бала қа-
уіпсіздігіне байланысты жергілікті құқық
қорғау, төтенше жағдайлар қызметкер-
лерімен бірлесіп «Жас полиция көмекшісі»,
«Жас құтқарушы», «Жас жол инспекторы»,
«Жас өрт сөндіруші»: мектептегі оқушылар-
дың белсенді өмірлік бағыт-бағдарларын қа-
лыптастыру барысында ерікті топтар ретінде
есепте тұрған, қолайсыз отбасының балала-
ры және белсенді оқушылар қатарынан 3 ай-
да атқаратын іс-шаралар:
– мектеп жанындағы көшелер мен жол-
дардағы қауіпсіздік ережелеріне байланысты
шараларды ұйымдастыру;
– жол-көлік оқиғаларынан (ЖКО) зардап
шеккендерге алғашқы көмек көрсету ісіне
машықтану;
– өрт және судағы қауіпсіздік, құқық
бұзушылықтың алдын алу бойынша жер-
гілікті инспектормен бірлесіп ерікті топтар
жұмысын ұйымдастыру (жол қауіпсізді-
гі, суға түсу ережесін сақтау, өрттің алдын
алу, жеке саяжайлардағы, қаладағы бала қа-
уіпсіздігі).
2020-2021 оқу жылының қорытындысы
бойынша мектепішілік есепте – 23 бала, юве-
налдық полиция есебінде – 5 бала, 32 бала 19
қолайсыз отбасында тұрады.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша
құқық бұзушылықтың алдын алу, бала қа-
уіпсіздігі шаралары бойынша бейнеролик-
тер дайындап, әлеуметтік желілерде тарату
жоспарда.
Сонымен қатар, оқушылардың жазғы
демалысын тиімді өткізу мақсатында шығар-
машылық жобаларды іске асыру көзделуде:
– Жаз бойы «Бір апта ауылда» жобасы
аясында балалар ауыл тіршілігімен танысып,
ата-әжелеріне көмек көрсетіп, бейнеролик-
тер арқылы әлеуметтік желіге салу;
– «Бір күн жұмыста» жобасы бойынша
ата-ана, бауырларымен барып бір күн жұ-
мысында кәсіптік бағдар алу және еңбекті
бағалау, дәріптеу тәрбиесін жалғастыруда
балалар бейнеролик даындап, әлеуметтік
желілерде жарнама түрінде көрсету;
– «Аналар», «Әкелер», «Аталар», «Әже-
лер», «Ағалар», «Әпкелер», «Жеңгелер»
кеңестері арқылы онлайн форматында 3 айда
тақырыптық кездесулер, тренингтер - ата-а-
на және оқушыларға ұйымдастырылып, тіке-
лей эфирлерді әлеуметтік желілерде орнала-
стыру;
– «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымының
мүшелері тарапынан қамтитын Тарихи жер-
лерге 1 күндік саяхаттарға шығу және оны
әлеуметтік желіге орналастыру болып табы-
лады.
Жазғы демалыс кезінде қызмет саласын
мектептен тыс білім беру ұйымдары кеңей-
теді. Қаладағы жазғы уақытта оқушылар
шығармашылық орталығы, кітапханалар,
мұражайлар, кинотеатрлар, театр жұмыс
істейді. Үйірмелерде, секцияларда, клуб
студияларында әр баланың жеке басын да-
мытуға, оның қабілеттерін ашуға, азаматтың
тәрбиесіне көңіл бөлінеді.
Елдегі және әлемдегі жағдайға байла-
нысты, балалар арасында коронавирустық
инфекцияның таралуына жол бермеу мақ-
сатында балалардың жазғы демалысын
ұйымдастыру, сауықтыру және жұмыспен
қамтылуын қамтамасыз ету кезінде сани-
тариялық эпидемиологиялық талаптарды
орындау жөніндегі шаралар көзделетін бо-
лады.
Балаларды сауықтыру лагерлерінің жұ-
мыс алгоритмі Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мем-
лекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен
бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |