№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
21-21

2011 жыл
• 28 сәуірде қоғам және мемлекет қайраткері, 
журналистика саласының майталманы, публицист 
Камал Смайылов атындағы көшеге пилон орна-
тылды. 
• Мамырда «Баян» ЖШС «Табиғи шырынды 
құю желісі» жобасы іске асырылып, тәулігіне 2-3 
тоннаға дейін табиғи шырын өндіру цехы салта-
натты түрде ашылды.
• 7 мамырда «Даңқ» аллеясында түрлі ау-
мақтық ұрыстарға қатысқан интернационалист-жа-
уынгерлердің құрметіне арнайы тас тұғырға жа-
уынгерлік әскери техника ескерткіші қойылды.
• 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбанда-
рын еске алу күні Кеңгір жағасында қаралы күн-
дердің өшпес белгісі ретінде жаңа ескерткіш орна-
тылды.
• Шілдеде Абай көшесі мен Алашахан 
даңғылын жалғастыратын айналма жолда «Шаңы-
рақ» стелласы ашылды. Қазақ елінде тұратын ұлт-
тардың татулығы мен ынтымағын көрсететін стел-
ланың авторы – мүсінші Шахибадин Сейткенов.
• Шілдеде Кеңгір өзенінің бойын абаттандыру 
мақсатында қаламыздың алтыншы ықшам ауда-
нындағы соңғы аялдама маңынан «Достар сұхбат 
жайы» деп аталатын демалыс орыны пайдалануға 
берілді.
• «Нұрлы-Ана» қоғамдық бірлестігі құрыл-
ды. Жетекшісі болып «ҚР білім беру ісінің үздігі» 
белгісінің иегері Рақыш Нәшкенқызы Ыдырысова 
тағайындалды.
• «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» мемле-
кеттік мекемесі құрылды. 
• Мыс алыбы Жезқазған мыс қорыту заводы-
ның 40 жылдық торқалы тойы дүбірлі думанмен 
атап өтілді.
• «Нұр Отан» халықтық-демократиядық пар-
тиясының ғимаратында «Жезқазған қаласы жастар 
бастамалары орталығының» тұсаукесері болды.
• С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыка-
лық-драма театрында Жезқазған қаласының, Ұлы-
тау ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет белгісі» 
орденінің иегері, Жезқазған өңіріндегі әлеуметтік 
саланың дамуында өзіндік қолтаңба қалдырған 
Сағындық Қожамсейітовтің 70 жасқа толуына ар-
налған «Туған жерім – тегім менің» атты кеш өтті.
• С.Қожамқұлов атындағы драма театрда ҚР-
ның Еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамединнің 
орындауындағы халық арасында сирек орындала-
тын 12 ән кірген, «Жезкиік» үнтаспасы жарыққа 
шығып, тұсаукесер концерті өтті.
• «Нұр Отан» ХДП ғимаратында дәстүрлі «IX 
Бүкіров оқулары» аясында өлкетанушы С.Бүкіро-
втің туғанына 90 жыл толуына арналған «Тұғырлы 
тәуелсіздік – ғұмырлы ұрпақ кепілі» атты респу-
бликалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
• Қаламыздағы №8 гимназия ұжымы дарын-
дыларды қолдау мақсатында ҚР Білім беру ісінің 
үздігі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы 
Нәписа Шенеуова атындағы арнайы жүлде тағай-
ындады.
• Сәкен Сейфуллин мен Қасым Аманжолов 
көшелерінің қиылысында ақиық ақын, қазақ поэ-
зиясының классигі Қасым Аманжоловтың бюсті 
салтанатты жағдайда ашылды.
• Қала әкімдігінің 2011 жылға арналған қала-
ны дамытудың 20 бағдарламасы негізінде көпса-
лалы ауруханаға қарсы Кеңгір су қоймасы жағала-
уынан «Ғашықтар көпірі» деп аталатын демалыс 
орыны пайдалануға берілді.
• «Мақпал» би ансамблінің жұлдыздары Гол-
ландиядан бас жүлдемен оралды.
Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы негізін-
де 240 балаға арналған «Балбөбек» балабақшасы 
ашылды.
• Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар 
одағының, Қазақстан Журналистер одағының, 
КСРО Журналистер одағының мүшесі, марқұм 
Сайлаухан Нәкенов тұрған Алашахан даңғылы 
бойындағы үйге ескерткіш тақта орнатылды.
• Қаланың көркіне көрік қосқан, төрт бағытта 
уақыт көрсететін гранит тастан соғылған, биіктігі 
8,5 метрді құрайтын көше сағаты М.Жәлел көшесі 
бойында тұғырына қонып, Алматыдан әкелінген ат 
мүсіндерінің ашылу салтанаты болды. 
• Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай об-
лыстық денсаулық сақтау басқармасының қолда-
уымен тұрғындарға 18 сала бойынша қызмет көр-
сететін мемлекеттік емхана ел игілігіне берілді. 
• Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 
мәдениет қайраткері, әнші-сазгер Жақсыкелді Сей-
іловтің өмірінің соңғы жылдарында тұрған үйге 
ескерткіш-тақта орнатылды.
«Сарыарқа» кинотеатрының алдына қазақтың 
атақты ақыны, жалынды жазушысы, мемлекет жә-
не қоғам қайраткері С.Сейфуллинге материалы та-
за қоладан құйылған, тұғыры мрамордан жасалған 
биіктігі 7,5 метр, ені 4 метрді құрайтын еңселі 
ақын ескерткіші орнатылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет