№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
21-21

Жезқазған қаласының
мемлекеттік архиві
Тәуелсіздік
жылнамасы
▐ АЙШЫҚ
(Соңы. Басы 1-бетте).
Салтанатты марапаттау рәсімін мысты өлкенің өркен-
деуіне сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері, қоғам белсен-
ділері мен қалалық мәслихаттың депутаттары, қаламы қа-
рымды қаламгерлер жүргізді. Олар тапсырған Әлихан Бө-
кейхан атындағы шәкіртақыны Айдана Ыбыкен мен Жанна 
Желібаева, Әлімхан Ермеков атындағы шәкіртақыны Сара 
Алакаева мен Жансая Омарғали, Жақып Ақбаев атындағы 
шәкіртақыны Айдана Кәрімхан, Нұркен Әбдіров атындағы 
шәкіртақыны Абзал Егінбаев, Баубек Бұлқышев атындағы 
шәкіртақыны Арай Мыңбаева, Қабден Шыңғысов атындағы 
шәкіртақыны Назым Қасымова иеленсе, Шабал Бейсембеко-
ва атындағы шәкіртақы Әлібек Сембетовке, Сәбит Қоңтаев 
атындағы шәкіртақы Әмина Жанайдароваға, Зекен Рахимов 
атындағы шәкіртақы Аймира Саятқа, Сүтемген Бүкіров 
атындағы шәкіртақы Адель Садвокасоваға, Қамар Жана-
сылова атындағы шәкіртақы Айбек Әбсадық пен Мәулида 
Жошина атындағы шәкіртақы Томирис Нүркеноваға, Нәпи-
са Шенеуова атындағы шәкіртақы Ұлжан Зейдінге, Жанұзақ 
Кәукербеков атындағы шәкіртақы Асылайым Тілеуқабылға, 
Хакима Жомартбаева атындағы шәкіртақы Нарғыз Кәмен-
ге, Шабат Қошан атындағы шәкіртақы Әдемі Хасенге, Майя 
Дакаримова атындағы шәкіртақы Мақсат Дүкенбайға, Бибі-
гүл Әбдірахманова атындағы шәкіртақы Айбота Қызылбай-
ға, Светлана Жумкина атындағы шәкіртақы Айжан Нурки-
наға бұйырды.
Марапат кешінде ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен 
тұлғалардың есімін ардақтап, олардың өнегелі өмір жолын 
өскелең ұрпаққа үлгі ету парыз екенін тілге тиек еткен Бек-
зат Алтынбеков:
– Өскелең ұрпақ жеке қабілеті мен біліміне сай қоға-
мымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-эконо-
микалық даму жолындағы қарқынымыз, Сіздердің қоғам-
дық-саяси өмірдегі ұстанымдарыңызға, ертеңгі күнге деген 
сенім мен белсенділіктеріңізге тікелей байланысты. Сіздер 
дүниетанымы толық қалыптасқан, мәдениеті жоғары, ұлт-
тық құндылықтарды дәріптеген, жаңа заманға жаңа көзқа-
распен қарайтын, еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қа-
тысып, ел болашағы жолында аянбай еңбек ететін жалынды 
жас болып ержетулеріңіз керек. Ол үшін әрине білім қажет. 
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» 
демекші, ұлттық келешегі кейінгі ұрпақ, Сіздердің қолда-
рыңызда, – деп үздіктерге ағалық тілегін білдіріп, оларды ел 
сенімі мен үмітін ақтауға үндеді.
Дарынды шәкірттерге ақ жол тілегендердің қатарын-
да ұйымдастырушы меценаттың ұстазы Қазақ ССР Халық 
ағарту ісінің үздігі Жанұзақ Хасенқызы, Қарағанды политех-
никалық колледждің директоры Жанар Рахимовалар болды. 
Олар жастарға қамқорлық танытудың озық үлгісін көрсет-
кен Бекзат Қомарұлының бастамасы өзге өңірлерде де қол-
дау тапса деген тілегін білдірді.
«Болашақ – бақытты ұрпақта» атты үздіктер шеруінің 
басты кейіпкері болғандардың арасында жезқазғандық Ұл-
жан Зейдін, Нарғыз Кәмен мен Әдемі Хасен бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет