№21 (8233) жезқАЗҒан аймақТЫҚ газеті • 973 жылғЫ 13 СӘуірден шығады saryarqa maýsym



Pdf көрінісі
бет43/45
Дата02.11.2023
өлшемі4.02 Mb.
#482197
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
21-21

Диана ОРАЗАЛИНА
«БОЛАШАҚ –
БАҚЫТТЫ ҰРПАҚТА»
атты үздіктер шеруі өтті
Бұл күн балаларды шат-
тыққа бөліп, жүзін күлкіге 
толтыруды ғана мақсат тұт-
пайды. Балаларды қорғау күні 
мерекесінің түпкі міндеті ең 
алдымен ересектерге бала-
лардың өмір сүру құқықтарын 
сақтау қажеттілігін ескертеді, 
олардың бақытты балалық 
шағым қамтамасыз етуді, білім 
нәрімен сусындатып, сүйікті 
ісімен айналысуына барынша 
жағдай жасап, өз елінің лай-
ықты азаматы ретінде тәрбие-
леу керектігінде жатыр.
Қабден Шыңғысов атын-
дағы №5 жалпы білім беретін 
мектебінде балаларға ар-
налған түрлі іс-шаралар өтті. 
Атап айтқанда, концерттік 
бағдарлама, үстел ойындары, 
асфальтта сурет салу конкур-
стары ұйымдастырылды. 
Бүлдіршіндер тәтті бал-
мұздақсыз да қалмады. Ха-
лықаралық мерекемен құт-
тықтауға арнайы жеткен 
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 
директорының бөлшек бизнес 
жөніндегі орынбасары Рус-
лан Нұрахметов банк ұжымы 
ұсынған тәттілерді таратты. 
Мерекелік іс-шараны өз 
құттықтауымен ашқан мектеп 
директоры Бекзат Құланбаева 
демеушілерге алғысын біл-
діріп, ел болашағы санала-
тын бүгінгі ұрпақты қуантуға 
бағытталған оң бастамалары-
на сәттілік тіледі.
Жанар
ТЕҢЛЕСБАЕВА,
№5 орта мектептің
әлеуметтік педагогі
ШАТТЫҚ СЫЙЛАДЫ
Кәсібіне шын берілген, өз жұмысын 
шексіз сүйетін ұстаздың баласы оқу да 
озат, тәрбиелі әрі талапты болуы шарт. 
Жалпы еліміз бойынша білім жүйесі әйел 
ұстаздар еңбегі арқасынд дамып жатқаны 
жасырын емес. Қаламыздағы мектептердің 
басым бөлігінде нәзікжанды ұстаздар ең-
бек етеді. Жезқазған қаласының білім қы-
зметкерлерінің кәсіподағы қалалық білім 
бөлімімен бірлесе отырып «Менің анам – 
ұстаз» тақырыбында эссе байқауын өткізді. 
– Ұстаздың алдын көрмеген, тәлімін ал-
маған жан жоқ. Қай мамандықтың тізгінін 
ұстасаңыз да, сізді ұстаз оқытып шығара-
ды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден 
балаға» дегендей, мұғалім 
бар жанын салып, білгенін, 
көргенін, көңілге түйгенін 
шәкіртінің көңіл құдығына 
құюдан жалықпайды. Бір-
бір үйдің еркесіне әріп үй-
ретіп, оқытып, жаздырып, 
дүние есігін ашатын ұстаз 
еңбегі ерен ерлікпен па-
ра-пар. Балалар, сіздер тек ата-аналарыңыз, 
ұстаздарыңыз үшін ғана емес, баршамыз 
үшін қымбатсыздар. Ұстаздың баласының 
мойнына артылар жауапкершілік те мол. 
Сіздердің бүгінгі эссе байқауына белсене 
қатысқандарыңыз көңілімізді жадыратты. 
Сіздер өз эсселеріңіз арқылы аналарыңы-
здың мамандығына деген құрметтеріңізді 
көрсеттіңіздер, – деген кәсіподақ басшы-
сы Ләззат Күнеділова барша оқушыларға 
алғысын айтты.
Ұстаз анасының мамандығын дәріптеп, 
еңбегін, ұлағатты өмір жолын суреттеуді 
мақсат тұтқан байқауға мысты шаһардағы 
70 баладан эссе материалдары қабыл-
данған. 1 маусым – балаларды қорғау күні 
Ләззат Күнеділова мен Жезқазған қалалық 
білім бөлімі тәрбие секторының меңге-
рушісі Гауһар Жақыпбекова барлық бала-
ларды балалар мен жасөспірімдер шығар-
машылық орталығының жазғы алаңына 
жинап, Алғыс хаттар мен және 500-ге тарта 
тәтті сыйлықтармен марапаттады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет