25 doi 10. 48371/phils



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата22.04.2024
өлшемі292.93 Kb.
#499461
1   2   3   4
34-Текст статьи-193-1-10-20210520

тәртіпсіздік, әділетсіздік туралы дабыл қағып, шу көтеретін адамға қатысты 
айтылады. Келесі саяси метонимияны ‘boots on the ground’ қазақ тіліне 
аударатын болсақ, «жердегі бәтеңкелер» деп тура аударылатын еді, алайда 
бұл метонимияның ағылшын тіліндегі мағынасына келер болсақ, белгілі бір 
аймақта орналасқан жауынгерлік әскерді білдіреді, яғни, бұл жердегі 
«бәтеңке» жәй аяқ-киім емес, жауынгерлердің киетін аяқ киімін айтып тұр. 
Қазақ тілінде бұл метонимияның баламасы болмаған соң оны адекватты 
түрде аударып, немесе түсіндірмесін беру қажет. Кей кезде фольклорлық, 
библиялық, антикварлық метафоралар да саясаткерлердің сөз сөйлеулерінде 
қолданылады. Мысалы, «Achilles' heel» метафорасының аудармасы «Ахиллес 
өкшесі» болып қалады, себебі бұл метафора барлық тілдерде бір мағына 
береді, және оның тарихи орны болған соң барлығына бірдей түсінікті болып 
табылады. Ал егер белгілі бір қоғам мүшесіне мағынасы жат болып түсініксіз 
болса, оның түсіндірмесін берген абзал.
1. Democrats call for publication of Trump whistle blower complaint
Қазақ тіліне аудармасы: Демократтар Трампқа шағымдану туралы 
ақпарат берушіні жариялауға шақырады. 
2. The candidate for prime minister in the newly formed interim Ukrainian 
government, Arseniy Yatsenyuk, has called on Russia not to place "boots on the 
ground". 


Қазақ тіліне аудармасы: 
Украинада "Батькивщина" партиясының 
жетекшісі Арсений Яценюк 
Ресейге Украинаның ішкі ісіне араласпауды 
ескертті. 
3. Labour’s Achilles heel is that they have been in power for 12 years and 
presided over a spend spend spend policy with no tangible benefits. 
Қазақ тіліне аудармасы: Лейбористік партияның Ахиллес өкшесі - 12 
жыл бойы билікте болған және «жұмсау, жұмсау және қайтадан жұмсау» 
саясатын жүргізген.
Осы тарапта, «Ахиллес өкшесі» метфорасын аудармада түсіріп тастап, 
оған түсіндірмесін беруге де болады. Сонда аударма былайша өзгереді:
Лейбористік партияның осал тұсы - 12 жыл бойы билікте болған және 
«жұмсау, жұмсау және қайтадан жұмсау» саясатын жүргізген.
«Ахиллес өкшесі» метафорасының мағынасы қазіргі заманғы 
мәдениетте бір нәрсенің немесе біреудің әлсіздігін, осал тұсын білдіреді. Сол 
себепті аудармада оның баламасын да, түсіндірме мағынасын да 
қолдануымызға болады. 
4. The argument boiled over into open war. 
Бұл сөйлемде «boil over» фразалық етістігінің мағынасы қиын жағдайда 
эмоциясын ұстай алмай, немесе белгілі бір жағдай бақылаудан шығып кеткен 
жағдайда арты жағымсыз әсерлерге алып келетін жайттарды айтамыз. 
Негізінен «boil» етістігі суға қатысты қолданылады, яғни қайнау дегенді 
білдіреді. Сол себепті, аудармашы фразалық етістіктерге ерекше назар 
аударғаны да жөн, өйткені бұл сөйлем қайнап кеткен, тасыған сияқты 
аудармалар мүлдем сәйкес келмейді. Қазақ тіліне аудармасы: Дау ашық 
соғысқа ұласты 
Саясат тілінде қолданылатын түрлі лингвомәдени тілдік бірліктерді 
аударуда аудармашы мынадай ең негізгі әдіс-тәсілдерді қолданады: 
баламасын табу, түсіріп тастау, түсіндірмесін беру, калькалау (егер танымал 
тілдік бірлік болып табылса) және т.б. Осы әдістер ішінде ең тиімдісі 
берілген сөздің аударма тіліндегі баламасын табу болып табылады. Екі 
тілдегі лингвомәдени тілдік бірліктердің барлығын есте сақтау аудармашыға 
оңай шаруа емес, сол себепті аудармашының алдында үлкен жауапкершілік 
тұр.
АҚШ саяси дискурсы әдет-ғұрыптық аллюзиялардың жоғары 
мазмұнымен ерекшеленеді. Аудармашы осындай жағдайларға дайын болуы 
үшін, осы салада жоғары дәрежеде эрудициялы болуы қажет. Ол үшін 
аудармашы екі ел мәдениетімен жете таныс болып, түпнұсқа тілі мен аударма 
тілінде кездесетін дәйексөздерді түсініп, қолдана білуі ең негізгі талаптардың 
бірі болып табылады.
Саяси тіл – мемлекеттік басқарудың ресми тілі, қоғамға ықпал ету мен 
бақылауда ұстаудың ерекше құралы болып табылады. Саяси мәтіндердің 
дұрыс аударылмауы саясаткердің имиджіне нұқсан келтіріп қана қоймай, 
келіссөздердің нәтижелеріне кері әсер етуі және тіпті саяси қақтығыстар 
сияқты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін .


Аудармашының 
саяси 
саладағы 
басты 
міндеті 
– 
қажетті 
коммуникативті әсерді сақтап қалу, өз тарапынан пікір білдірмеу. Бұл 
мақсатта аудармашы саяси дискурстың функцияларын, стилистикалық 
ерекшеліктерін, тілдің қолдану ережелерін, лексикалық, морфологиялық, 
синтаксистік құралдардың қолданыстағы сипаттамаларын жан-жақты 
зерттеуі қажет. 
Саяси аударма саласындағы аудармашының экстралингвистикалық, 
елдің ішкі және сыртқы саясаты туралы, саясаттың сол әлеуметтік қоғамдағы 
рөлі туралы білімі болуы маңызды. Сондай-ақ аудармашының сөздік қоры 
байлығы жетерліктей болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет