Блум бойынша оқыту – бұл процесс және оқытушылар оқушылардың қойылған мақсатқа жетуге ықпал ететін сабақ пен тапсырмаларды дайындау әрекеті деп есептелінеді. Б.Блумның білім берудегі маңызды үлесі ойлау әрекеттерінің деңгейлерін ұсыну, яғни фактілерді қарапайым жаңғыртудан талдау және бағалау, яғни күрделі деңгейіне жеткізу болып табылады.
29.Сабақта АКТ-ны қолдану.
Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс – тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғни ақпараттық – коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсат ақпараттық – коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Сол кезде ғана сабақта теория мен практиканы ұштастыра аламыз. АКТ – ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Оқытуда білім технологияларын интеграциялау менің іс – тәжірибемнің дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын. АКТ – мен жұмыс жасауда кездескен кедергілер мектептің техникалық базасы болды. Балаларға АКТ – ны пайдалануда қажетті жерде ғана, орнымен пайдалана білу, қауіпсіздік ережесін есте сақтау керектігін айтып отыру қажет. Интернетте отырған кезде де өзі туралы, мекен – жайы, телефоны т. б. туралы мәліметтерді құпия ұстауды, яғни жеке ақпараттарды сақтауды үйрету қажет. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ – ның қосар үлесі мол. АКТ құралдары дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан – жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық – аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. Жаңа АКТ – ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл – ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс – әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан – жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ – ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс – әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан – жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ – ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ – ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ – ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |