Ғылыми зерттеу бағытын таңдау
•Жалпы ұғымдар
•Ғылыми бағыттардың құрылымдық бірліктері
Жалпы ұғымдар
Ғылыми зерттеудің мақсаты — жан-жақты, объектіні тиімді зерттеп білу, процесстер мен құбылыстарды, олардың құрылымдарын, байланыстары мен қатынастарын ғылымда жасалған қағидалар мен таным әдістері негізіндеүйрену, сондай-ақ адамдарға пайдалы нәтижелерді өндіріске (тәжірибеге) енгізу және алу кез-келген ғылыми зерттеудің өз объектісі мен пәні бар.
Ғылыми зерттеудің объектісі - материалды немесе идеалды жүйе болып табылады.
Пәні – жүйе құрылымы, жүйе ішіндегі элементтердің өзара әрекет заңдылықтары, даму заңдылықтары, әр түрлі қасиеттер мен салалары т.б.
Кез-келген ғылыми-зерттеу жұмысын нақты бағытталған жұмысқа жатқызуға болады. Ғылыми бағыт астарынан зерттеу жүргізіліп жатқан саладағы ғылыми кешен немесе ғылымды түсінеміз. Осыған байланысты техникалық, биологиялық, элеуметтік, физикалық-техникалық, тарихи т.б. бағыттарды ажыратады. Техникалық бағытқа мұнай мен газ көздері бар іскерлерді эксплуатациялау мен өңдеу саласындағы зерттеулерді жатқызуға болады.
Ғылыми бағыттың негізі бір ғылым саласына кіретін арнайы ғылымдар тізбегі, сондай-ақ зерттеудің арнайы әдістері мен техникалық жабдықтар болып табылады. (Мысалы, жерасты гидромеханикасы, мұнай орындарын өңдеу, газ көзі бар жерлерді өңдеу т.б.)
Бағытты таңдау, мәселелер, ғылыми зерттеулердің тақырыптары мен ғылыми мәселелерді алдыға қою шамадан тыс жауапты міндеттер болып табылады.
Дәріс 7. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері
• Техникалық-экономикалық негіздеу (ТЭО)
• Зерттеуге дайындау
• Жұмыс жоспары және зерттеуді өткізу
• Зерттеу нәтижелерін енгізу
Техникалық-экономикалық негіздеу
Алғашында проблемамен жалпы танысу нәтижесінде тақырыптың өзі қалыптасады, яғни зерттеуді орындау шеңберінде және негізгі қүжат-техникалық-экономикалық негіздеу жасалады. Тек осындай негіздеу жасалғанда ғана әрі қарай жоспарлау мен қаржыландыру мүмкін болады. Бірінші бөлімде тақырыпты техникалық-экономикалық негіздеу жұмыстың себептері көрсетіледі, ертеректе алынған нәтижелер мен зерттеудің жеткен деңгейі бейнеленетін қысқаша әдеби шолу келтіріледі. Бұл зерттеудің кезеңдері мен міндеттерін, шешу әдістерін белгілеуге, тақырыпты орындаудың түпкілікті мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Мұнда тақырыпты патентті жасап шығару және лицензияны сатып алудың мақсаттылығын анықтау кіреді. Техникалық-экономикалық негіздеуді құру кезеңінде ҒЗЖ-дан күтілген нәтижелердің қолдану саласы белгіленеді олардың аталған салада тәжірибе жүзінде жүзеге асу мүмкіндіктері бекітіледі, жаңа техниканы қолдану кезеңіндегі экономикалық әсер анықталады.
Экономикалық әсерден басқа техникадық - экономикалық негіздеуде болжанған әлеуметтік нәтижелер көрсетіледі (еңбек өнімділігінің өсімі, өнім сапасы, өндірістік санитария мен қауіпсіздік деңгейнің жоғарылауы, қоршаған орта мен табиғатты қорғауды қамтамасыз ету).
Нәтижесінде техникалық-экономикалық негіздеу құру дегенде НИР мен ОКР-ді орындаудың қажеттілігі мен мақсаттылығы туралы қорытынды жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |