2ис фдо дәріс кіріспе. ҒЫлыми зерттеудің негіздеріне жалпылама түсінік.Ғылымның салалары


Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді



бет3/38
Дата09.11.2022
өлшемі92.5 Kb.
#464426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:
1) бастамалы
2) қолданбалы
3) өндірулер
Бастамалы зертеулер табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда болуына негізделеді. Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімінің артуына себепші болу. Мұндай зерттеулер белгілі және белгісіздік шекарасында жүргізіледі.
Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен және салаларда қолданысымен байланысты.
Мақсаты – адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми білімнің қолданылуы. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік пайда болады. Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі:
1) іздеу
2) ғылыми зерттеу
3) жобалы-құрастырушылық жұмыстар
Іздеу жұмыстары объектіге әсер ететін факторларды қалыптастыруға, жаңа технология мен техниканың пайда болуына бағытталған.Ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа технология, зерттеу құрал-жабдықтарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Жобалы-құрастырушылық жұмыстар логикалық жобаны сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды. 
Өндірулер
Қолданбалы және бастамалы зерттеулер нәтижесінде жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық ақпарат қалыптасады. Мұндай ақпаратты өндірісте пайдалануға бағытталған мақсатты үрдіс өндірулер деп аталады. Бұл – жаңа техника, материал, технология немесе олардың дамуына бағытталады. Өндірулердің соңғы мақсаты қолданбалы зерттеу материалдарының өндіріске енуін қадағалау.
Ғылыми кадрларды даярлау және пайдалану жүйесі
Магистратура
Аспирантура
 Докторантура
Диссертация қорғау
 Квалификация өсіру
 Стаждау
Магистратура
«Магистр» сөзі - латын сөзінен шыққа ол «тәрбиеші», «оқытушы», «жетекші» деген мағынаны береді. Орыс тіліндегі аудармасында ол «өз ісінің шебері» дегенді білдіреді. Ертеректе «магистр» — бұл батыс — еуропаунверситетінің философия факультеттеріндегі докторлық дәрежеден сәл төмен тұратын оқу дәрежесі. Қазіргі ағылшындық - американдық жоғарғы білім жүйесінде магистр дәрежесі бакалавр мен ғылым докторыаралығындағы орынды иемденеді.
Ресейде магистірлік оқу дәрежесі 1803 жылы кандидат және ғылым докторы дәрежесі қатарына енгізілді. Бұл дәрежеге ие болған тұлғалар кафедра басқаруға құқылы болған.
1884 жылы ғылым кандидаты алынып тасталынды. Осы уақыттан бастап Ресейде тек екі оқу дәрежесі — магистр және ғылым докторы ғана аталды. 1917 жылғы Ресейдегі төңкерістен кейін оқу дәрежелерінің барлығы дерлік жойылды. Алайда, 1934 жылы кандидат және ғылым докторы оқу дәрежелері қайта құрылды. Магистр дәрежесі болған жоқ. Ал, Қазақстан Республикасының жоғарғы білім құрылымында магистрдің академиялық дәрежесі 1994 жылы енгізілді және ғылыми деңгейі бойынша бакалавр дәрежесінен соң және ғылым кандидаты дәрежесінің алдында тұрады.
Бұл дәреже оқу емес академиялық болып табылады, ол жоғарғы оқу орнын бітірушінің білімін көрсету және оның ғылыми қызметкер ретіндегі икемі мен дағдысының қаншылықты бар екендігін куәландырады.
Магистр дәрежесі ғылыми–зерттеу немес ғылыми–педагогикалық әрекетке бағытталған.
Магистрлік жұмысы және таңдалған тақырыптың нәтижесін көрсетуші. Магистрлік жұмыста алынған нәтижелердің жиынтығы оның авторының таңдаулы кәсіптік әрекетінде бастапқы ғылыми дағдыларының бар екендігін көрсетуі қажет.
Магистірлік жұмыс кандидаттық және докторлық диссертациялармен бірнеше белгілеріне қарай ұқсас, бірақ толық мағынасында ғылыми туынды деп атауға келмейді, дегенмен магистірлік дайындық - бұл аспирантураға түсуге, ары қарай кандидаттық диссертацияға дайындауға апаратын ғылыми - зерттеу әркетенің бірінші баспалдағы.
Ол зерттеу жұмыстарын үлгілеу негізіндегі оқу — зертеу жұмысатарының қатарына жатқызылуы қажет. Магистрлік жұмысқа дайындау мен оны қорғау процедурасы барынша қарапайым. Мысалы, ғылыми басылымдарда алынған нәтижелердің жарық көруі, авторефераттардың дайындау міндетті түрде талап етілмейді, Мемлекеттік квалификациялық комиссияға құжат өткізуді қажет етеді.

Тапсырма:


Ғылым дегеніміз не??
Ғылыми зерттеу негіздері түсінігі?
Ғылымның жіктелуі және салалары? (реферат,ауызша қорғау)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет