3- дәріс. Операциялық жүйелер мен желілердің негіздері (2 сағат) Мақсаты


Операциялық жүйенің файлдық құрылымы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата15.02.2024
өлшемі448.06 Kb.
#491729
түріПрограмма
1   2   3   4
Операциялық жүйенің файлдық құрылымы 
Файлдық жүйе – ОЖ берілгендерді дискіге сақтап, оларға қатынасты қамтамасыз 
ететін ОЖ-нің функционалды бөлімі. Файлдық жүйені ұйымдастыру принципі – 
таблицалық. Диск беті өлшемдері беттің, цилиндрдің, сектордың нөмірлері болатын 
үшөлшемдік матрица сияқты пайдаланылады. Берілгендердің дисктің қай жерінде 
жазылғандығы туралы мәлімет дисктің жүйелік облысында, арнайы файлдар сақталатын 
таблицаларда (FAT-таблицалар) орналасады. Файлдық жүйе файлдар құрылымын 
ұйымдастырып, оларға қызмет етеді. Яғни FAT-таблицаларды иерархиялық құрылымға 
айналдырып, пайдаланушыға қолдануға, файлдарға қатынас жасауға қолайлы мүмкіндік 
туғызады. ОЖ-дің файлдар құрылымына қызмет етуге орындайтын операциялары: 

Каталог жасап, ат қою; 

Файлдар жасап, ат қою; 

Каталог пен файл аттарын өзгерту; 

Каталогтарды көшіру, орын ауыстыру

Каталог пен файлдарды өшіру; 

Файл атрибуттарын басқару; 
Файлдарға тез қатынас жасау үшін файлдық жүйе оларды каталогтарға біріктіреді.
Каталог аттары файл аттарымен бірдей, тек қана кеңейтілуі болмайды. Каталогтар бірінің 
ішіне бірі салынады. Ең жоғары деңгейдегі каталог түпкі каталог болып есептелінеді.
Операциялық Жүйе - компьютер мен адам арасындағы байланысты жүзеге асыратын 
басты программа аталады. Операциялық жүйе төмендегідей бөліктерден тұрады:


Еңгізу-шығарудың негізгі жүйесі (BIOS) - компьютердің тұрақты жадында (тұрақты есте 
сақтау құрылғысы ПЗУ) орналасады. Оның міндеті - еңгізу-шығаруды қамтамасыз 
етумен байланысты ОЖ-нің неғұрлым қарапайым, әрі әмбебап қызметтерін орындауда.
Еңгізу-шығарудың негізгі жүйесі құрамында сондай-ақ компьютерді электр желісіне 
қосқанда оның құрылғыларының және жадтың жұмысын тексеретін тест бар. Сонымен 
қоса, еңгізу-шығарудың негізгі жүйесіне операциялық жүйені жүктейтін программа 
енген. 
Операциялық жүйені жүктеуші - DOS операциялық жүйесі бар әрбір дискетаның 
бірінші секторында орналасатын өте қысқа программа. DOS жүктемесін аяқтайтын 
операциялық жүйенің тағы екі модульды жадыға енгізу - осы программаның міндеті 
болып табылады.
IO.SYS және MSDOS.SYS дискілік файлдар - жүйелік дискінің түбірлі (корневой католог) 
каталогында орналасқан екі жасырын файл. Олар файлдық жүйенің, түрлі аппараттық 
құрылғылардың: пернетақтаның, жинақтауыштардың және т.б. жұмысын қамтамасыз 
етеді. 
COMMAND.COM командалық процессор- қолданушы еңгізген командаларды өңдейді. 
DOS-тың сыртқы командалары - бұл жеке файлдар түрінде ОЖ-мен бірге жеткізілетін 
программалар. Бұл программалар қызмет көрсету мазмұнды жұмыстарды орындайды. 
Мысалы, дисктерді форматтау, дискті тексеру және т.б. 
Құрылғылар драйверлері - бұл DOS-ты еңгізу-шығару жүйесін толықтыратын және жаңа 
құралдарға қызмет көрсетуді немесе бар құралдарды қалыпты емес қолдануды 
қамтамасыз ететін арнайы программалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет