3- дәріс. Операциялық жүйелер мен желілердің негіздері (2 сағат) Мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата15.02.2024
өлшемі448.06 Kb.
#491729
түріПрограмма
  1   2   3   4


3- дәріс. Операциялық жүйелер мен желілердің негіздері (2 сағат) 
МақсатыОперациялық жүйелер, операциялық жүйе ұғымы, қызметі, топтамасы. 
Windows операциялық жүйесі, концепциясы, объектілері, қасиеттері туралы ұғымдарын 
қалыптастыру.  
 
 Қазіргі қолданбалы программамен қамтамасыз етуге шолу.
 Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары.
 Операциялық жүйелердің даму тарихы.
 Типтік операциялық жүйелердің жұмыс істеуі.
 Операциялық жүйелердің декомпозициялау әдістері: монолитті, көп деңгейлі, 
модульді микроядролық модельдер.
 Процесстерді басқару.
 Жоспарлау және диспетчеризациялау.
 Файлдық жүйелер.
 Утилиттер.
 Драйверлер. 
 Желілер мен телекоммуникациялар.
 Желілік қауіпсіздік.
 Web –клиент –сервер архитектурасының мысалы
 
Операциялық жүйе 
Қазіргі компьютерлерде қолданбалы программаларды бірден орнатпайды, себебі 
әрбір пайдаланушы өзіне қажет қолданбалы программаларды өзі орнатады.
Ең төменгі деңгейдегі программаны орнатудың қажеті жоқ – олар компьютердің 
тұрақты есте сақтау құрылғысына (ПЗУ) бірден жазылып, компьютермен бірге келеді. Олар 
жүйелік және қызметтік программаларды орнату үшін жеткілікті. Ал жүйелік және 
қызметтік программалар көп болғандықтан оларды бір пакетке жинап, операциялық жүйе 
деп атаған. Сонымен, операциялық жүйе – жүйелік және қызметтік құралдар комплексі. 
Операциялық жүйе бір жағынан BIOS жүйесіне енетін компьютердің базалық 
қамсыздануына сүйенеді, екінші жағынан өзінен жоғары деңгейдегі қолданбалы 
программаларға тірек болады. Операциялық жүйе қосымшалары осы жүйенің басқаруымен 
жұмыс істеуге арналған программалар. ОЖ-нің негізгі функциялары: 
1 Пайдаланушы мен компьютердің программалық-аппараттық құралдарының 
арасында интерфейс орнату; 
2 Аппараттық қамсыздандыру мен программалық қамсыздандыру арасындағы 
интерфейс орнату;
3 Программалық қамсыздандырудың әр түрінің арасында интерфейс орнату.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет