102
6.
Шешендік
сөздерді оқып, құрылысына қарай қай түрі (термелі сөз,
пернелі сөз) екенін анықтаңдар.
Ԧɧɟɪ±ɪɢɡɵԕɧɟɫɿɛɟɬɚɭɫɵɥɦɚɣɬɵɧ
Бір үлкен жиында Шойынбеттің тапқырлығын сынамақ
болған Сыздық төре: «Дәулет артық па? Бақ артық па? Өнер
артық па? Тіл байлық артық па?» – деп сұрапты.
Сонда Шойынбет:
Дәулет –
қолдың кірі жусаң кететін,
Бақ – сел-көшкін уақытпен өлшенетін.
Өнер – ризық, несібе таусылмайтын,
Тіл байлық –
ізгілік мұрат,
Ұрпаққа сөз қалдыратын, –
деп жауап беріпті.
Шойынбет би Әулиеатадағы
ушыққан жесір дауына төбе
би болып, билікті былай аяқтаған екен:
Дау – берекенің іріткісі,
Рушылдық –
бөлінгеннің белгісі,
Бөлінгенді бөрі жейді…
Ашу – араз, ақыл – дос,
Ағайын ақылына ақыл қос…
Бірлік түбі – береке,
Біріккенді жау алмайды…
Мал дауы малмен бітер,
Жан дауы –
жегі құрт,
Жегі құрттан арылған ләзім.
Бұл – ел арасындағы даудың арты болсын!
(«Шешендік өнер» хрестоматиясынан)
7.
Екі тапсырманың бірін орындаңдар.
1. Электр шәйнек, электр пеш т.б. өнертабыстар ту
ра лы ақ па рат
жа зып ке лің дер.
2. «Өнер – ризық, несібе таусылмайтын
…
»
тақырыбында шығар-
ма жа зыңдар.