ТАПСЫРМАЛАР
1. Еңілік кітап сатып алмақшы болды. Кітап алу үшін 1 теңгесі жетпей қалды. Айна та сол кітапты алмақшы болды. Бірақ оның 42 теңгесі жетпей қалды. Екеуі ақшаларын қосып сол кітапты сатып алмақшы болды.Бірақ тағы да ақшалары жетпей қалды. Кітап қанша тұрады? Еңілікте неше теңге бар? Айнада ше? _______________________________________________________
2. 4 бала екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипед теуіп жүр.Егер велосипедтердің барлық доңғалақтарының саны 9 болса,екі доңғалақты велосипед нешеу,үш доңғалақты велосипед нешеу?
__________________________________________________________________
3.Айым ішіне 4 шелек су сиятын аквариумды толтырмақшы. Ол краннан бір шелек су толтырып алып, аквариумға жеткізгенше шелектің төрттен екі бөлігі төгіліп қалып отырған. Аквариумды толтыру үшін Айым неше рет су тасу керек?
__________________________________________________________________
4.Үстелдің бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш болады?
__________________________________________________________________
5. Жанұяда 4 бала бар.Олардың жастары 5,8,13,15-те.
Олардың аттары Маржан,Гүлнар, Дина, Шынар. Бір қыз бала балабақшаға барады. Дина Гүлнардан үлкен. Гүлнар мен Дина жастарының қосындысы 3-ке бөлінеді.
__________________________________________________________________
6. Жол бойына терек мен арша ағаштары отырғызылды. Әрбір екі теректің ортасына екі арша ағаштары отырғызылған. Егер терек 30 болса, арша ағашы нешеу? __________________________________________________________________
7. «Әкең неше жаста?»-деп сұраған досына Бауыржан: «Мен әкемнен 5 есе жаспын, інімнен 5 жас үлкенмін, ал әкем мен інім екеуінің жасын бірге алғанда 61-ге тең»,-деп жауап берді. Бауыржан неше жеста?_____________________________________________________________
8. . Осыдан үш жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 15 жас болды. 9 жылдан соң жастарының қосындысы қанша болды?____________________________________________________________
9. Қазір Асан атаның жасы немересінің жасынан 6 есе үлкен. Ал 5 жыл бұрын ол немересінен 11 есе үлкен болған.Немересі неше жаста? Атасы ше?
Достарыңызбен бөлісу: |