33-САБАҚ
1.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
2.Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
3.2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
4.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
5.Бір айда 5 жексенбі бола ма?
6.Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
ТАПСЫРМАЛАР
1.Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде?
__________________________________________________________________
2. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін.
__________________________________________________________________
3.Абзал қызықты есеп шығарып, оны дәптерге көшірді.Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6·8+20:4-2=40. Абзалға ға жақшаларды қоюға көмектесіңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Он екі литрлік бөшкеде қымыз бар, соны сегіз литрлік және үш литрлік екіге тең қалай бөлуге болады?
__________________________________________________________________
5.Отбасыда төрт бала бар. Олардың жастары: 5, 8, 13, 15. Балалардың аттары: Жарас, Рымгүл, Сара, Манат. Қыздардың біреуі бала- бақшаға барады. Жарастан үлкен, Рымгулдің жасына Манаттың жасын қоссаң, үшке бөлінеді. Манат кім? Қыз ба, ұл ма?
____________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Асан тақтаға екі сан жазды. Мұратбек олардың қосындасын қасына жазды. Асан тақтадағы үш санын қосты. Егер Мұратбектің жазған саны бес болса, Асан тапқан қосынды нешеге тең?
____________________________________________________________________________________________________________________________________
7. 30 Айгул үш күнде жүз конверт сатып алды. Осы үш күннің бірінде ол кем дегенде отыз төрт конверт алғанын дәләлдеңдер.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |