3- сынып оқушыларына арналған таңдау курсы бойынша қызықты ойын есептер мен логикалық тапсырмалар жинағы. /жұмыс дәптері / Алғы сөз



бет25/37
Дата19.10.2022
өлшемі0.7 Mb.
#462989
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
matematika-aelemi-t

_________________________________________________________________


3 1 CАБАҚ
1.Ағаш үстінде 100 торғай отыр еді. Аңшы 10 торғайды атып алады, торғайдың қаншасы қалды?
2. 1т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма?
3. 4 қойдың неше аяғы бар?
4. 50 теңгелік балмұздақтан 1000 теңгеге неше балмұздақ сатып алуға болады?
5. 2 апта 5 тәулікте неше тәулік бар?
6. Мектепке дейін 3 км, мен 20 минут жүріп жеттім.Сонда неше км жүрдім?


ТАПСЫРМАЛАР

1. Қозы, лақ, бота, бұзау өзеннің арғы жағасына өтпекші болды. Қайық 60 кг-нан артық жүк көтермейді. Бота 35 кг, лақ 28 кг, қозы 29 кг, ал бұзау 30 кг тартады. Төлдер өзеннің арғы бетіне қалай өтеді?


____________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Үйретуші бірінші рет ысқырғанда маймылдар 6 қатарға сап түзеп орналасады. Әр қатарда 4 маймыл бар.Екінші ысқырықтан кейін маймылдар 8 қатарға орналасқан. Осы жағдайда әр қатарда неше маймыл болған?
____________________________________________________________________________________________________________________________________

Бала 600г тосапты 6 минутта жеп тауысады., ал Карлсон одан екі есе тез тауысады. Олар бірге тосапты неше минутта жеп тауысады?


____________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Тор ішінде қояндар мен қырғауылдар бар. Қояндар мен қырғауылдардың бастарының саны- 35, ал аяқтарының саны- 94, торда неше қоян және неше қырғауыл бар?


5. 35 жасар Бауыржанның 4 ұлы бірінен-бірі 2 жас кіші.Олардың ең үлкені 8 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлдарының жатарының қосындысына тең болады?
____________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны-24, ал аяқтары-66. Аулада неше қаз, неше қоян бар?


__________________________________________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет